Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын тиімді жүзеге асыру шеңберінде, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні ұйымдастырылды.
Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1948 жылы құрылған күні аталады. Сол тарихи сәттен бері өткен уақыт ішінде әлемнің 194 елі ДДҰ-на мүше болды.
Іс-шараның мақсаты – халықты адам денсаулығын сақтау және нығайту үшін қажетті іс-әрекеттерге ынталандыру, әл-ауқаты мен салауатты өмір салтына бағытталған денсаулықты сақтайтын мінез-құлықты қалыптастыру.
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында еңбек ұжымдарында, жалпы білім беру және медициналық ұйымдарда, жұмыс орындарында 600-ден астам іс-шара, оның ішінде дене шынықтыру, таңертеңгілік өндірістік гимнастика, «Сөзден іске/От слов к делу/Walk the talk» кең ауқымды акциялары, «СУ ТАҢДАҢЫЗ!» қантты газдалған сусындар мен энергетикалық сусындарды, тұз тұтынуды шектеуге бағытталған шаралар, «Салауатты сандарға жет!» ұранымен дәрігер-мамандардың кеңесімен ашық есік күндері ұйымдастырылып, Алматы облысының 38 мыңнан астам тұрғындары қамтылды.