2023 жылғы 12 сәуірде Алматы облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2023 жылғы алғашқы отырысы өтті.
Отырыста жоспарланған үш мәселе қарастырылды:
Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасында аяқталған суицидтің 8 фактісі (2022 ж. – 4, -50,0%) және суицидтің 3 әрекеті (2022 ж. – 2, -2,0 есе) тіркелген. Аяқталған суицидтер Қарасай-4, Талғар-2, Жамбыл және Іле аудандарында 1 фактілерден тіркелген. Суицид әрекеті - 3 (Ұйғыр, Талғар, Балқаш аудандарында-1). Қарасай ауданында бір мектепте кәмелетке толмағандар арасында суицидтің 2 фактісі тіркелді. Коммисия барысында осы фактілердің себебін анықтап, құзырлы органдарға тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылды. Талғар, Іле, Жамбыл аудандарының әкімдеріне алдағы уақытта суицид фактілері қайталанбас үшін алдын алу шараларын барынша күшейтуді тапсырылды.
Сонымен қатар, облыстық білім басқармасына, полиция департаментіне аудандар мен Қонаев қаласының әкімдеріне бірнеше тапсырмалар берілді:
- кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын-алу бойынша ата-аналар мен сынып жетекшілерінің жұмыстарын белсенді түрде жүргізуді;
- психологтардың, тәуекел тобындағы балалармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігі мен дайындық деңгейін арттыруды;
- аудандық, қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысын бір айдың ішінде толықтай талаптарға сәйкестендіруді;
- профилактикалық және оңалту жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу үшін бар мүмкіндіктерді пайдаланып, жан-жақты көмек көрсетуді;
- жоспарға сәйкес түнгі рейдтік іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастыруды;
- ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық білім деңгейін арттыру мақсатында кездесулер ұйымдастыруды.