Меню

Страницы

Статья

Білім саласының дамуы

2020 жылы білім саласына барлығы  - 314,1 млрд.теңге қаражат бөлінді, оның ішінде Мемлекеттік бағдарлама бойынша - 115,9 млрд.теңге.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбие мен білім берумен қамту – 98,4%, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 80,9%.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі – 1163 бірлік (мемлекеттік – 183, жеке меншік – 623 бірлік). Контингент - 85632 бала, оның ішінде 54% - ы жеке МДҰ-ға барады.

Мектептердің 468 немесе 61,6% - ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған.

Балабақшалардың 167 немесе 20,8% - да ҚББ бар балаларды оқыту үшін жағдай жасалған.

Қосымша білім беру ұйымдарының саны – 40, контингенті 18 538 бала.

Оқушылардың 32% жалпы білім беретін мектептердің спорт секцияларымен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорт турнирлерімен (оқушылар спартакиадасы және т.б.) қамтылған.

Облыстағы жалпы мектеп саны - 775 бірлік, оның ішінде мемлекеттік білім беру ұйымы - 760 (оның 66-бастауыш, 59- негізгі, 635 - орта мектеп), оның 667-сі немесе 87,8% ауыл мектептері. Оқушылар контингенті - 411074.

Жекеменшік мектептер саны – 15 бірлік (1,9%),  оқушылар контингенті - 2450.

Оқыту тілі бойынша: қазақ тілінде оқытатын мектептер – 428, аралас - 313, орыс -11, ұйғыр -8.

Жаңартылған білім беру мазмұнына 1-10 сынып оқушылары көшірілді, ол 96,3% құрайды.

Облыс бойынша 2019-2020 оқу жылында облыстың 574 мектебі асханамен, 85 мектебі буфетпен қамтамасыз етілді. Барлығы 365387 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, оның әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан шыққан 41152 оқушылар 100% тегін дәрумендік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

2019-2020 оқу жылында облыс бойынша мектебі жоқ 69 елді мекенде мектеп жасындағы балалар саны - 4262, оның 4253-сы (99,7%) күнделікті тасымалдаумен қамтамасыз етілген. 9 оқушы интернатқа орналастырылған. Оқушыларды 61 автобус тасымалдайды. 2020 жылы жергілікті бюджеттен 70 автобус сатып алуға  932,89 млн.теңге бөлініп, игерілді.

2019-2020 оқу жылында облыстың білім беру мекемелерінде 38796 мұғалім жұмыс жасайды, оның ішінде жас мамандар саны – 1946, бұл жалпы мұғалімдер санынан 5%) құрайды. Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі 54,4% пайызды құрайды (2019 жылға жоспар – 54%).

Мұғалімдерінің 63%-і жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беруіне байланысты үстемақы (30%) алуда.

Облыс бойынша ұлттық біліктілік тестін табысты тапсырған 2821 мұғалім 30%-тен 50%-ке дейін үстемақы алып отыр.

2020 жылы 32 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның 24-і жалпы білім беретін мектептер, 1 өнер мектебі,                                             4 студенттер жатақханасының құрылысы және 3 балабақшаға реконструкция жұмыстары жасалуда. 1 мектеп (Қарасай ауданы Әйтей ауылында МЖС-гі аясында 1200 орындық мектеп) және 1 жатақхана (Талдықорған қаласындағы ЖМУ студенттеріне арналған 288 орындық жатақхана) ағымдағы жылдың наурызында пайдалануға берілді.

Үшауысымды мектептерді жою мақсатында 17 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 10500 оқушы орынын құрайтын 10 мектеп құрылысы жыл аяғына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қалған 7 мектеп 2021 жылға өтпелі. Сонымен қатар, 16 мектеп құрылысының  ЖСҚ-ы дайындалуда.

Тозығы жеткен мектептер бойынша

  1. Қарасай ауданы Әйтей ауылында МЖС-гі аясында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталып, 2020 жылдың наурызында пайдалануға берілді. Бұл мақсатқа 3,4 млн.теңге қаржы бөлінді.
  2. Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында 80 орындық мектеп құрылысы 2020 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Бұл мақсатқа ЖБ-тен 657,5 млн.теңге бөлінді.
  3. Панфилов ауданы Аққұдық ауылындағы Байбатшаев атындағы 120 орындық мектеп құрылысына ЖБ-тен 831,1 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды (бейімделген ғимарат, 2019-2023 жылдарға арналған 5 жылдық қадамдық жоспарға сәйкес), 2021 жылға өтпелі.

Бейімделген ғимаратта орналасқан мектептер бойынша

Облыста 760 мектептің 614-і типті, 146-сы бейімделген ғимараттарда орналасқан. Бейімделген ғимаратта орналасқан мектептердің мәселесін шешу мақсатында 57 мектептің құрылысын салу үшін «2019-2023 жылдарға арналған  5 жылдық қадамдық жоспар» жасалған.

Жоспарға сәйкес 2019 жылы 3 мектептің құрылысы басталып,   2020 жылы аяқталады.

  1. Ескелді ауданы Абай ауылында 180 орындық;
  2. Көксу ауданы Қызылтоған ауылында 120 орындық;
  3. Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында 80 орындық;

Одан басқа 12 мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаттары дайындалуда  (Ақсу ауданында - 3, Еңбекшіқазақ - 1, Қаратал - 1, Көксу - 2, Панфилов - 2, Сарқан - 2), мектептердің құрылысы 2020-2023 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған.

2020 жылғы  білім беру мекемелеріндегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы

Облыс бойынша 55 білім беру нысанының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі (42 мектеп, 5 балабақша, 2 колледж, 1 УПК және 5 мектептің ауласын абаттандыру), бұл мақсатқа барлығы 23,9 млрд. теңге (РБ - 21,5 млрд.теңге, ЖБ - 2,4 млрд.теңге) қарастырылды.

ЖБ есебінен (1,9 млрд.т) 8 нысанға, яғни, 6 мектеп,                             2 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы жасалады, оның 4-і өткен жылдан өтпелі.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен 10 нысанға  (8 мектеп,  1 балабақша, 1 УПК) күрделі жөндеу жасалады. Оның 1-і (Кеген ауданы Шырғанақ ауылындағы Жұмағұлов атындағы о/м) 2020 жылдан өтпелі. Бұл мақсатқа 4,9 млрд.теңге (РБ – 4,5 млрд.теңге, ЖБ – 451, 842 млн. теңге) бөлінеді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 37 білім нысанының күрделі жөндеу жұмысына 16,9 млрд. теңге қаржы қарастырылған (2 бала бақша, 28 мектеп, 2 колледж, 5 мектептің территориясын абаттандыру).

Ағымдағы жөндеу

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 354 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл мақсатқа 1,4 млрд.теңге бөлінді (оның ішінде 348 мектептің әжетханасына ағымдағы жөндеу жүргізу).

Облыста 78 кәсіптік білім беретін мекеме бар, оның 44-і мемлекеттік мекемелер (жабық  мекемелерде 4 мемлекеттік колледж орналасқан), 34-і жекеменшік.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында ауылшаруашылық, қызмет көрсету, құрылыс, машина технологиясы және жабдықтау, техникалық, педагогикалық, заңгерлік, экономикалық, медициналық бағытта 2019-2020 оқу жылында 31621 студент оқиды, оның 19386-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, 12235-і ақылы негізінде (2840-ы сырттай бөлімінде).

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының аясында 2020-2021 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 7253 студент қабылдау жоспарлануда, оның 1535-і «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде. Мемлекеттік тапсырыс өткен жылмен салыстырғанда 171 адамға көбейді (7082 адам)

«Жас маман» жобасына облыстан 11 колледж енгізілген. 2020 жылы «Жас маман» жобасына енген 5 колледжге республикалық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қарастырылды. Облыстық бюджеттен жобаны  5% көлемінде қосымша қаржыландыру мақсатында 2020 жылға 80,8 млн.теңге қаражат бөлінді.

Ел басының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің үшінші бастамасын орындау мақстанды облыста (1718 орынға арналған 1 ЖОО және 8 колледжге 9 жатақхана салу белгіленді. Биылғы жылы 818 орындық 4 жатақхана салынуда. Оған  облыстық бюджеттен 4,4 млрд.теңге қаржы  бөлінді.

2021-2022 жылдары облыстың колледждеріне 900 орындық                              5 жатақхана салу жоспарланды. Облыстық бюджеттен жатақханалар салу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалуда, оған 16,0 млн.теңге бөлінді.

2019 жылы Ұлттық WorldSkils чемпионатында 4 колледждің студенттері 1 алтын, 2 қола, 1 күміс медальдермен және 3 медальонмен марапатталды.

Облыста 2800 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, оның ішіндегі 2440 бала қазақстандық азаматтардың отбасыларында тәрбиеленуде.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру жүйесіндегі 10 ұйымда 360 бала тәрбиеленуде.

Отбасылық орналастырудың баламалы нысандарын дамыту бойынша жүргізілген жұмыс балалар үйлері тәрбиеленушілерінің контингентін 2016 жылмен салыстырғанда 614-тен 357-ге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің санын қысқарту және отбасына тәрбиелеуге беру мақсатында соңғы жылдары 12 отбасы үлгісіндегі балалар үйі, 5 асырап алушы отбасы ашылды, патронаттық тәрбие дамуда (114 бала).

Дата публикации
28 мая 2020
Дата обновления
28 мая 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы