2013 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде жалпы Алматы облысында «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикалық маңызды автокөлік жолдарының 559 км қайта жаңғыртылды (жалпы желісінің 20%), (Алматы-Талдықорған 255 км, Алматы-Қорғас 304 км).
Алматы облысындағы республикалық маңыздағы автокөлік жолдарының жалпы желісі 2822 км, жолдардың 72% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысында ұзындығы 813 км республикалық маңыздағы автожолдардың құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде (Талдықорған-Өскемен 313 км, Күрті-Бурылбайтал 166 км, Ұзынағаш-Отар 80 км, Күрті-Қапшағай 67 км, Үшарал-Достық 180 км, Шамалған ст. айналма жол 7 км).
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға 2050 бірлік жол-құрылыс тхникасы мен 3524 адам тартылған.
Жыл қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 579 км болатын автожол учаскесіндегі жол қозғалысын ашу (Талдықорған-Өскемен (313 км) – 313 км; Күрті-Бурылбайтал (166 км) - 166 км; Үшарал-Достық (180 км) - 60 км; Ұзынағаш-Отар (80 км) – 40 км).