Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті асыл әжелер, аяулы аналар!
Ардақты арулар!

Сіздерді көктемнің жан жадыратар жылы шуағымен бірге келіп жеткен төл мерекелеріңіз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел - ана, әйел - асыл жар, әйел - нәзіктік пен ізгіліктің, әлемдегі барлық сұлулық пен сымбаттың символы. Әйелдер қауымы - отбасының ырыс-құт, берекесі, ізгілік пен мейірімнің алтын діңгегі. Әйелдер тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен бірге, Отанымыздың бет-бейнесі, түрлі салада ерлермен иық тірестіре еңбек етіп жүрген білікті маман иелері.

Бабаларымыз қыз баласын елдің көркі деп ерекше қадірлеп, төрін ұсынған, шексіз құрмет көрсеткен. Бүгін де бұл үрдістің алтын жібі үзілген емес. Халқымыз әйелдер қауымына ілтипат білдіріп, қай салада болсын қамқорлықпен, сыйластықпен қарайды.

Алматы облысында еңбекпен есімі әйгіленген нәзік жандар өте көп. Олар отбасында да, қызметте де білім-білігімен, өнегелі істерімен танылған жауапкершілігі зор жандар. Өңірде жүрген нәзік иықтылар білім мен медицинада, мәдениет пен ғылымда, экономика мен құрылыста, кәсіпкерлік пен құқық саласында, басқа да түрлі мекемелерде абыроймен қызмет атқаруда.

"Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі", - деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, нәзік жандарға қолдау көрсету, қамқорлық таныту ісі қашанда жалғасын таба береді.

Құрметті арулар! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, отбасында мол бақыт, табыс, амандық тілеймін. Әр шаңырақта құт-береке орнасын!

Дата публикации
08 марта 2023
Дата обновления
08 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы