«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабы 6-тармағының 4) тармақшасының негізінде (декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда) Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 01 наурыздан келесі партиялық тізімдердегі Алматы облысы мәслихатына депутаттыққа тіркелген кандидаттарды:
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалынан Муслимбек Турсинбекович Ахмахановты;
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалынан Сабит Муханды;
«Respublika» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалынан Талгат Аскарбекович Жайлаубековты партиялық тізімдерден шығарылып тасталғандығы туралы хабарлайды.