Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы ақпанда өткізілген бос орындар жәрмеңкелері бойынша ақпарат

Райымбек ауданы

Райымбек ауданы әкімдігінің «Халықты  жұмыспен қамту орталығы» және «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен   жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айының 13-і күні  бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесі  өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты: ауданымыздағы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз  азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

Бос жұмыс  орындары  жәрмеңкесіне ауданымыздың  мекемелері, ауылдық округтер  және әр округтің шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерелері  қатысты.

Жұмыс берушілердің  саны - 195 .

Ауданымыздан жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар арасында  жұмыс іздеушілер саны -115  азамат .

        Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша тұрақты жұмысқа – 59 адам, жастар тәжірибесіне – 6 адам, әлеуметтік жұмыс орнына -30 адам, қоғамдық жұмысқа-84 адам, ұрпақтар келісім шартына-1 адам, күміс жас жобасына- 29 азаматқа  жолдама берілді.

 

Енбекшіқазақ ауданы

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2023 жылдың 15 ақпаны күні жұмыссыз, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеде аудан бойынша 9-тен астам мекемелер қатысты, олар ЖШС «Будан, ЖШС «Экоагропродукт», ӨК «Альтаир», Кафэ «Али Баба», Әскері бөлімі №6654. Жұмыс берушілерден 72 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 103 азамат ат салысып, қатысқан жұмыссыз азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 9 азаматқа тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама берілді,  15  азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алды.    

 Қонаев қаласы

«Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың 24    ақпанында Қонаев қаласында 1 шағынаудан 41 ғимаратта  жұмыссыз  азаматтар мен жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне:  Балабақшалар («Наурыз Агро» ЖШС-ы, «Ақдидар», «Нұр Бөбек», «Балдаурен»,  «Green Land Alatau», «LST Market», «Fish Prodex», «Tornado» казиносы, №1 Алтынсарин атындағы мектеп, № 2 гимназия, «Патифуд» пиццериясы, 3 спортмектебі, Төтенше жағдай бойынша Департаменті, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті, «Шапағат» қарттар үйі және т.б. қатысты.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 100 ден астам адам, сонымен, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -42 адам қатысып, 53 адамға бос жұмыс орындары ұсынылып,  28 адамға жолдама берілді.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде жұмыс берушілерге  жұмыспен қамтудың белсенді шаралары  (оқу курстары, жастар тәжірибесі,  қоғамдық және әлеуметтік жұмыстар) туралы өтінім беру туралы ақпарат берілді.

 

 

Қарасай ауданы

 Қарасай аудандық мәдениет үйінде ағымдағы жылдың 23 ақпан күні, сағат 11:00-де «Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді. Ауданымыздың 22 ірі кәсіпорындары мен Жеке шаруашылық серіктестіктері қатысып, 150-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Аталған шараға барлығы 130-ге жуық жұмыссыз азамат қатысты. Оның ішінде, 50 жұмыссыз азамат, 10 мүгедектігі бар азаматтар,      20 жас азаматтар, 50 пробация есебінде тұрған азамат.

Жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін түрде сұхбат жүргізді. 130 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасуға ниетті екендігін айтып, 40 жолдама алды. Оның 10 азаматы жас мамандар.

Ай сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңкеге жастарымыз бүгінде қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға септесті. Жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысқан шара барысында келушілермен «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы»  аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді.

Казпочта Акционерлік Қоғамы, «ТОО Тазалық» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Маолин» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «LAKE FARM» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "RG Brands Kazakhstan" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "KazEcoFood " жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты ауданымыздағы ең ірі жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысты.

 

Балхаш ауданы

Ағымдағы жылдың 24 ақпанда «Балқаш ауданы  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге жеке сот орындаушылар, аудандық прокуратурасы, пробация қызметі және  Балқаш ауданындағы   жұмыс берушілері мен жұмыссыз азаматтар қатысты.

           Жәрмеңкеге  барлығы 8 жеке кәсәпкерлер  мен мекемелер қатысып

(МДШО бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп, ИП «Десерт», ИП «Айсұлтан»,Жастар ресурстық орталығы, Балқаш аудандық орталық аурухана,«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Балқаш филиалы, «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі», Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) 20-дан аса жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 25 -дан астам адам, сонымен қатар пробация қызметі есебінде- 8 адам, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан-2, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -16 адам қатысты.

Жәрмеңке барысында  ИП «Айсұлтан»- 1,  Жастар ресурстық орталығына -1 адам,  Спорт мектебіне– 1 адам, пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың ішінен қоғамдық жұмыстарға – 2 адамға, әлеуметік жұмыс орнына -2 адамға жолдама берілді.

 

 

Жамбыл ауданы

2023 жылдың 27 ақпан айында Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Жамбыл ауданы бойынша  40 жұмыс беруші өкілдері атап айтқанда кәсіпорындар, медициналық орталықтар, шаруа қожалықтар, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер   қатысып, 97 тұрақты  бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, алимент борышкерлері  мен пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.   Сонымен қатар 95 азаматқа кеңес беріліп,  10 азамат тұрақты жұмысқа, 12 азамат қоғамдық жұмысқа  жіберілді.  

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы