Жұмыспен қамту мәселелері бойынша
2022 жылы Алматы облысы бойынша 28 507 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде 17676 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған болатын.
2023 жылғы 1 қаңтарға 37198 жұмыс орны құрылды (жоспарға 130,5%), оның ішінде 26316 тұрақты жұмыс орны (жоспарға 148,9%).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2021 жылғы 12 қазанда кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бекітілді. Ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық белсенді шаралары көзделген.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру үшін 11,9 мың адамды қамти отырып, 5,6 млрд.теңге (РБ – 1067,8 млн. теңге, ҰҚ – 4199,0 млн. теңге, ЖБ 381,6 млн. теңге) көзделген.Ағымдағы жылдың1 қаңтарына 18,7 мың адамды қамтумен 5609,2 млн. теңгесі игерілді немесе 99,3% құрады.
2022 жылы жоспар бойынша 854 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 873 адам жіберілді, оның ішінде 831 адам оқуды аяқтады, 800 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды немесе аяқтағандардың 96,3%.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша 1660 адамды оқыту жоспарланған, нақты оқуға 6110 адам жіберілді.
Облыс бойынша жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгеге 903 адам грант берілді.
Жастар практикасына - 912 адам жіберілді (жоспар 718) немесе жоспар 127% орындалды.Әлеуметтік жұмыс орындарына 621 адам жіберілді(жоспар 544) немесе жоспар 114,1% орындалды.Қоғамдық жұмыстарға 6617 адам жіберілді, (жоспар 4810) немесе жоспар 137,6% орындалды.Бірінші жұмыс орнына 166 адам жіберілді(жоспар 127) немесе жоспар 130,7% орындалды.Ұрпақтар келісімшарты жобасына 36 адам жіберілді(жоспар 36) немесе жоспар 100% орындалды.Күміс жас жобасына 342 адам жіберілді(жоспар 320) немесе жоспар 106,9% орындалды."Еnbek.kz" порталына - 2147 адам жолданды, (жоспар1908).
Еңбекақыны субсидиялауға (мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы әлеуметтік жұмыс орындары) 2,5 млн. теңге бөлінді, 7 адам қамтылды.
2023 жылғы 1 қаңтарға облыс бойынша жалпы 37 509 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 20929 - тұрақты жұмыс орындарына.
Мүгедектер бойынша
294 жұмыс орны квотасы 19479 жұмысшыдан тұратын 142 кәсіпорында белгіленді. 2023 жылдың 1 қаңтарына квота бойынша 209 адам жұмысқа орналастырылды.
2022 жылғы 1 қаңтарға мүгедектігі бар 1341 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту органдарына жүгінді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 1411 мүгедек адам қамтылды, оның ішінде 529 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 334, жастар практикасына - 13, әлеуметтік жұмыс орындарына – 21, гранттар алды -93, қысқа мерзімді оқытуға-19, "Бастау Бизнес"жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 372, бірінші жұмыс орнына 4, күміс жасқа -26.
Бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған және пробация қызметі есебіндегі азаматтар бойынша
Алматы облысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 27-бабына сәйкес аудандардың (қалалардың) әкімдіктері" 2-ден 5% - ға дейін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы қаулы қабылдады.
99 жұмыс орны көлемінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін квота жалпы саны 8494 жұмыскері бар 64 кәсіпорында белгіленді.
2023 жылғы 1 қаңтарға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 58 адам квота бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін 138 жұмыс орны мөлшерінде квота жалпы саны 9989 қызметкер болатын 78 кәсіпорында белгіленді.
Пробация қызметінің есебінде тұрған 105 адам квота бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
2023 жылғы 1 қаңтарға жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 411 адам (оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 103 тұлға, пробация қызметінде есепте тұрған 306 адам) жүгінді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 355 адам қамтылды, оның ішінде: 333 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды (оның ішінде 163 адам квота шеңберінде жұмысқа орналастырылды), 33 адам қоғамдық жұмыстарға, 1 адам қысқа мерзімді курстарға, жастар практикасына - 1 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 6 адам, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша - 1оқытылды.
Жетім балалар бойынша
Алматы облысында білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе кәмелетке толғанға дейін қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы саны 287 жұмысшысы бар 12 кәсіпорында 7 жұмыс орны квотасы белгіленді. 2023 жылғы 1 қаңтарға 4 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 1 адам жастар практикасына жіберілді.
Жастар бойынша.
2023 жылғы 1 қаңтарға облыстың жұмыспен қамту органдарына 29 жасқа дейінгі жастар арасынан 11750 адам жұмыспен қамту органдарына жүгінді, олар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 11502 белсенді шаралары көрсетілді. 8165 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 5671 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Қоғамдық жұмыстарға 29 жасқа дейінгі жастар арасынан 1306 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 78 адам, 912 адам - жастар практикасына жіберілді, ұрпақтар келісімшартына - 36, алғашқы жұмыс орнына - 166, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға-219, 382 адам грант алды, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға "Бастау Бизнес" жобасы бойынша - 2735.
Жастардың жұмыссыздық деңгейі 2022 жылдың 3 тоқсанында-3,5% құрады.
Әйелдер бойынша
2023 жылғы 1 қаңтарға жұмыспен қамту органдарына 20586 адам жүгініп, 18462 адамға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары көрсетілді. 15517 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 10439 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.
Қоғамдық жұмыстарға 3884 әйел, әлеуметтік жұмыс орындарына 341 адам жіберілді. Жастар практикасына 561 түлек, әйелдер қатарынан, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 698 түлек жіберілді, 595 адам грант алды.
Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 2022 жылдың 3 тоқсанында 5,6% құрады.
Қоныс аудару
2023 жылғы 1 қаңтарға Алматы облысының солтүстік-шығыс өңірлеріне жалпы саны 207 адамнан тұратын 738 отбасы өз бетінше көшіп келді. Оның ішінде:
- Павлодар облысына-95 отбасы (322 адам);
- Қостанай облысына-19 отбасы (67 адам);
- Шығыс Қазақстан облысына-18 отбасы (64 адам);
- Солтүстік Қазақстан облысына-51 отбасы (208 адам);
- Абай облысына - 24 отбасы (77 адам).
Еңбек нарығындағы жағдай туралы
Алматы облысы бойынша 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 1497,0 мың адамды құрады (республика бойынша – 19 691,9 мың адам).
2022 жылдың 3 тоқсанында экономикалық белсенді халық саны 671,4 мың адамды(республика бойынша 9275,7 мың адам), жұмыспен қамтылған халық саны 639,6 мың адамды(республика бойынша 8825,4 мың адам) құрады.
2022 жылдың 3 тоқсанында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 195,6 мың адамды құрады (республика бойынша 2112,0 мың адам). Жұмыспен қамтылған халық санындағы өзін – өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 30,6% (республика бойынша-23,9%).
Нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 18,4 мың адамды құрады (республика бойынша 176,9 мың адам). Өнімсіз жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 9,4% -. құрады (республика бойынша 8,4%).
Жұмыссыз халықтың саны 31,8 мың адамды құрады (республика бойынша 450,3 мың адам).
Көрсетілген кезеңде жұмыссыздық деңгейі - 4,7 (республика бойынша – 4,9%), әйелдер жұмыссыздығы деңгейі – 5,6%, (республика бойынша – 5,2%),жастар жұмыссыздығы деңгейі – 3,5% (республика бойынша-3,8%) құрады.
2022 жылғы 3 тоқсандағы орташа айлық жалақы 257 430 теңгені құрады (республика бойынша – 299 404 теңге).
Қандас мертебесін беру немесе ұзарту
Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 22 шілдесіндегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бекітілген бұйрығымен шетелден келген этникалық қазақ ұлт өкілдеріне «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және "кандас мәртебесін беру немесе ұзарту" бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
2022 жылы қандас мәртебесі 4834 этникалық қазаққа (3205 отбасы) берілді және 825 этникалық қазаққа қандас мәртебесі ұзартылды.
Шетелдік жұмыс күшін тарту
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік қызмет www.egov.kz, www.elіcense "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат облысқа бөлінген квота шегінде беріледі.
2022 жылға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 420 бұйрығымен Алматы облысына бөлінген квота мөлшері – 960 бірлікті құрайды.
Алматы облысы бойынша ұзартылған рұсаттардың саны - 784, оның ішінде: І санат бойынша -14, ІІ санат бойынша – 114, ІІІ санат бойынша - 150, IV санат бойынша -8, маусымдық жұмыстарға – 234.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде -259 рұқсатберілді.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 85 мекеме мен кәсіпорында 733 шетелдік азамат еңбек етуде.
Еңбек мигранттары бойынша
Алматы облысына жеке тұлғадағы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушіге 47200 –бірлік квота белгіленіп, 45 993 рұқсат берілді.
Босқындар туралы
2022 жылдың шілдесінде облыстық ІІД-ден актіге сәйкес 45 іс қабылданды("Босқын" мәртебесін алған 29 шетелдік азаматтың және "Баспана іздеген адам" мәртебесі бар 16 азаматтың ісі)
Олардың нақты санын нақтылау және "Босқын" ақпараттық жүйесіне енгізілген мәліметтерді өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Басқарма іс қабылданған сәттен бастап 41 шетелдік азаматқа пана іздеуші мәртебесін берді (ІІД-нің мәліметі бойынша пана іздеген белсенді 57адам).
2022 жылғы 28 желтоқсанда комиссия отырысы өткізіліп 6 шетелдік азаматтың босқын мәртебесі ұзартылды.
Әлеуметтік көмек
2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 5,1 млрд.теңге бөлінді (РБ – 3,9 млрд. теңге, ЖБ-1,2 млрд. теңге).
2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша АӘК 10618 отбасына (57414 адам) 5,1 млрд.теңгеге төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 927,4 млн. теңге бөлінді (РБ – 921,4 млн.теңге, ЖБ – 6,0 млн. теңге).
2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі 15759 бала 162 217 кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.
Еңбекке қабілетті АӘК алушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2604 адам қатысты (2318 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 157 адам жұмыспен қамтудың уақытша шараларына жіберілді, 33 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, 41 адам оқуға жіберілді, 11 адам жастар практикасына жіберілді, 44 адам кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдем көрсетті).
Мүгедектігі бар азаматтарды оңалту
2022 жылы мүгедектігі бар азаматтарды оңалтуға 4,9 млрд. теңге бөлінді, (ЖБ – 4,1 млрд. теңге, РБ – 0,8 млрд. теңге).
Облыс бойынша 2023 жылдың 1қаңтарына барлығы 42270 мүгедектігі бар азаматтар тіркелген:
I топ мүгедектері-4023;
II топ мүгедектері – 16933;
III топтағы мүгедектер – 14994;
18 жасқа дейінгі мүгедек балалар - 6320 адам.
Облыста әлеуметтік қызметтер порталында реестрге техникалық оңалту құралдарының 12 жеткізушісі, санаторий-курорттық емдеудің 4 жеткізушісі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 28 жеткізуші, 2525 жеке көмекші, 36 ымдау тілі маманы енгізілген.
2023 жылғы 1 қаңтарға техникалық оңалту құралдарына мұқтаж мүгедектігі бар адамдардың саны 20338 құрайды, 21257 тапсырыс берілді, бұл 95,7 %- ды құрайды (орташа республикалық көрсеткіш 90,8% - ды құрайды).
Оның ішінде көмек түрлері бойынша:
- санаторлық-курорттықемдеумен3897 адамнемесе 93,3 % ;
- арнайықозғалысқұралдарымен879 арба немесе97,5 % ;
- протездік-ортопедиялықбұйымдармен3908 бұйым немесе91,0 %;
- тифлотехникалыққұралдармен938 бұйым немесе97,7 % ;
- сурдотехникалыққұралдармен807бұйым немесе97,0 % ;
- міндетті гигиеналыққұралдармен7440 бұйым немесе97,9 % ;
- жекекөмекшініңқызметтерімен2117 адамнемесе 99,2 %;
- ымдаутілімамандары352 адамнемесе100,0 %;
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 943 орынға арналған 4 мекеме жұмыс істейді. АӘҚ көрсету орталықтарын ұстауға 2022 жылға 2 583,0 млн. теңге бөлініп, 2 582 млн. теңге игерілді.
Оның ішінде: Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 220 орындық бір арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетуде («Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, оның ішінде 50 орын – оңалту бөлімшесі). 2022 жылы 197 адам қызметпен қамтылды. 2023 жылдың 1 қаңтарына 128 адам қызмет алуда.
18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге қызмет көрсететін 613 орынға арналған екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар («Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 505 орындық, «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 108 орындық). 2022 жылы 631 адам қызмет алды. 2023 жылдың 1 қаңтарына 609 адам қызмет алуда.
2023 жылдың 1 қаңтарына 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған мекемелерде АӘҚ алуға 19 адам (оның 6-уы «Аяла» Талғар АӘҚКО қызмет алушысы) кезекте тұр.
Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі балаларға арналған 110 орындық бір арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар («Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, оның ішінде 40 орын – оңалту бөлімшесі). 2022 жылы мүгедектігі бар 76 бала қызметпен қамтылды. Аталған мекемеде 2023 жылдың 1 қаңтарына 62 бала (оның ішінде 11 адам – 18 жастан асқандар) қызмет алуда.
Облыста үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 22 бөлімше жұмыс істейді. 2023 жылдың 1 қаңтарына 2 347 адам қызметпен камтылды. Оның ішінде: 10 бөлімшеде 958 балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғаларға және 10 бөлімшеде 1165 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге, сонымен қатар, аралас контингент үшін 2 бөлімшеде 224 қызмет алушыға қызмет көрсетілді.
Облыста үкіметтік емес ұйымдармен де жұмыстар жүргізілуде.
Үкіметтік емес ұйымдар арқылы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 2 ҮЕҰ- мен келісім-шарт жасалды. 2023 жылдың 1 қаңтарына 63 адам қызметпен қамтылды.
Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 12 ҮЕҰ- мен келісім-шарт жасалды. 2023 жылдың 1 қаңтарына 516 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.