Облыста арнаулы әлеуметтік қызмет (бұдан әрі - АӘҚ) көрсететін 943 орынға арналған 4 мекеме жұмыс істейді. Бекітілген штаттық бірлік саны 753,25 бірлікті құрайды. АӘҚ көрсету орталықтарын ұстауға 2022 жылға 2 583,0 млн. теңге бөлініп, игерілді.
2023 жылға 5 Орталыққа(Қарақыстақ АӘҚКО қосқанда) 5 792,0 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде: Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 220 орындық «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (170 орын – стационар, 50 орын – оңалту бөлімшесі)қызмет көрсетуде,. 2022 жылы 197 адам қызметпен қамтылды. 2023 жылдың 1 қаңтарына 128 адам қызмет алуда.
18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге қызмет көрсететін 613 орынға арналған екі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар («Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 505 орындық, «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 108 орындық). 2022 жылы631адам қызмет алды. 2023 жылдың 1 қаңтарына 609 адам қызмет алуда.
2023 жылдың 1 қаңтарына 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған мекемелерде АӘҚ алуға 24 адам (оның 11-і «Аяла» Талғар АӘҚКО қызмет алушысы) кезекте тұр.
Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі балаларға арналған110 орындық «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММбар (70 орын – стационар, 40 орын – оңалту бөлімшесі).2022 жылы мүгедектігі бар 76 бала қызметпен қамтылды. Аталған мекемеде 2023 жылдың 1 қаңтарына 62 бала (оның ішінде 11 адам – 18 жастан асқандар)қызмет алуда.
Облыста үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 22 бөлімше жұмыс істейді. 2023 жылдың 1 қаңтарына2 347 адам қызметпен камтылды. Оның ішінде: 10 бөлімшеде 958 балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғаларға және 10 бөлімшеде 1165 жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге, сонымен қатар, аралас контингент үшін 2 бөлімшеде 224 қызмет алушыға қызмет көрсетілді.
Облыста үкіметтік емес ұйымдармен де жұмыстар жүргізілуде.
Үкіметтік емес ұйымдар арқылы үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 2 ҮЕҰ- мен келісім-шарт жасалып, 2023 жылдың 1 қаңтарына 63 адам қызметпен қамтылды.
Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 12 ҮЕҰ- мен келісім-шарт жасалып, 2022 жылы516 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.
Облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылғандар саны 3830-ды құрап, қамту деңгейі 99,5 пайызды құрап отыр.
Жаңа Жетісу облысының құрылуына және Алматы облысының әкімшілік орталығының Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына ауысуына байланысты жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған әлеуметтік нысандардың басым бөлігі Жетісу облысының аумағында қалды.
Осыған байланысты, облыста арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдар желісін дамыту – маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Бүгінгі күнге облыста «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ, «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ, мүгедектігі бар балаларға арналған 90 орындық «Қонаев қаласындағы күндізгі болу орталығы» КММ, сонымен қатар, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ құрылды.
Сонымен қатар, Аутизм және басқа да ментальді бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық 2 оңалту орталығын, шағын үйлерді ашу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылы мүгедектерді оңалтуға 5,0 млрд. теңге бөлінді, (ЖБ –5.0 млрд. теңге.
Облыс бойынша 2023 жылдың 1ақпанына барлығы 42 353 мүгедектігі бар азаматтар тіркелген:
I топ мүгедектері- 4 063;
II топ мүгедектері – 16 930;
III топтағы мүгедектер – 14 982;
18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 6 378 адам.
Облыста әлеуметтік қызметтер порталында реестрге техникалық оңалту құралдарының 12 жеткізушісі, санаторий-курорттық емдеудің 4 жеткізушісі, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 28 жеткізуші, 1660 жеке көмекші, 41 ымдау тілі маманы енгізілген.
2023 жылғы 1 ақпанға техникалық оңалту құралдарына мұқтаж мүгедек адамдардың саны 7362 құрайды, 2903 тапсырыс берілді, бұл 39,4 %- ды құрайды (орташа республикалық көрсеткіш 29,4 % - ды құрайды).
Оның ішінде көмек түрлері бойынша:
- санаторлық-курорттық емдеумен 16 адам немесе 0,9 % ;
- арнайы қозғалыс құралдарымен 52 арба немесе 29,1 % ;
- протездік-ортопедиялық бұйымдармен 143 бұйым немесе 13,9 %;
- тифлотехникалық құралдармен 68 бұйым немесе 30,2 % ;
- сурдотехникалық құралдармен 28 бұйым немесе 14,8 % ;
- міндетті гигиеналық құралдармен 657 бұйым немесе 34,5 % ;
- жеке көмекшінің қызметтерімен 1660 адам немесе 94,6 %;
- ымдау тілі мамандары 279 адам немесе 81,0 %;