Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы қаңтар - ақпан айларында өткізілген бос орындар жәрмеңкелері бойынша ақпарат

Балхаш ауданы

         Ағымдағы жылдың 27 қаңтары күні «Балқаш ауданы  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге жеке сот орындаушылар, аудандық прокуратурасы, пробация қызметі және  Балқаш ауданындағы   жұмыс берушілері мен жұмыссыз азаматтар қатысты.

           Жәрмеңкеге  барлығы 12  жеке кәсәпкерлер  мен мекемелер қатысып

( «Десерт» ИП «Нұрлыбекова», «Алматы облысы балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»  мемлекеттік мекемесі, Жастар ресурстық орталығы, Балқаш аудандық орталық аурухана,«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Балқаш филиалы, «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің , Бақанас аграралы-индустриалдық колледжі, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) 20-дан аса жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 30-дан астам адам, сонымен қатар пробация қызметі есебінде- 13 адам, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан-4,  алимент бойынша борышкерлер қатарынан-8 ,  29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -15 адам қатысты.

Жәрмеңке барысында  ИП «Десерт»- 1,  Жастар ресурстық орталығына -1 адам, Бақанас аграрлы-индустриалдық  колледжі – 1 адам, пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың ішінен қоғамдық жұмыстарға – 2 адамға, әлеуметік жұмыс орнына -2 адамға жолдама берілді.

 

Енбекшіқазақ ауданы

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2023 жылдың 15 ақпаны күні жұмыссыз, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеде аудан бойынша 9-тен астам мекемелер қатысты, олар ЖШС «Будан, ЖШС «Экоагропродукт», ӨК «Альтаир», Кафэ «Али Баба», Әскері бөлімі №6654. Жұмыс берушілерден 72 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 103 азамат ат салысып, қатысқан жұмыссыз азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 9 азаматқа тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама берілді,  15  азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алды.    

 

Жамбыл ауданы

 

Жамбыл ауданы бойынша ағымдағы жылдың 31 қаңтарында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

          Жамбыл ауданы бойынша  42 жұмыс беруші өкілдері атап айтқанда кәсіпорындар, медециналық орталықтар, шаруа қожалықтар, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер   қатысып, 209 тұрақты  бос жұмыс орындары ұсынылды.                                                                                                                      Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, алимент борышкерлері  мен пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.   Сонымен қатар 75 азаматқа кеңес беріліп,  15 азамат тұрақты жұмысқа жіберілді.  

 

Іле ауданы

 

 «Іле ауданы  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 26 қаңтар  күні бос жұмыс орындары жәрменкесі өтті.

Жірменкеге 6 жұмыс  беруші  өкілдері,  атап айтқанда  «GALANZ Bootlers» АҚ, «Первомайские пруды» ЖШС-гі, «Медиатекс-Н» ЖШС-гі, «Шин-лайн» ЖШС-гі, «Қайсар» ЖК және жастар ресурстық орталығы  қатысып, барлығы 445  бос жұмыс орындарын ұсынылды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз, пробация қызметінің тіркеуінде тұрған, бас бостандығы орындарынан босап келген азаматтар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және алимент борышкерлері  қатысты.

Өткізілген жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 45 адамға  кеңес  берілді. Оның ішінде  18 ізденуші тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама берілді, 1 адам жастар практикасына, 8 адам қоғамдық жұмыстарға  және 5 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыстарға жіберілді.

 

Райымбек ауданы

Райымбек ауданы әкімдігінің «Халықты  жұмыспен қамту орталығы» және «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен   жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айының 13-і күні  бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесі  өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты: ауданымыздағы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз  азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

Бос жұмыс  орындары  жәрмеңкесіне ауданымыздың  мекемелері, ауылдық округтер  және әр округтің шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерелері  қатысты.

Жұмыс берушілердің  саны - 195 .

Ауданымыздан жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар арасында  жұмыс іздеушілер саны -115  азамат .

        Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша тұрақты жұмысқа – 59 адам, жастар тәжірибесіне – 6 адам, әлеуметтік жұмыс орнына -30 адам, қоғамдық жұмысқа-84 адам, ұрпақтар келісім шартына-1 адам, күміс жас жобасына- 29 азаматқа  жолдама берілді.

 

Қонаев қаласы

«Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың 20 қаңтарында  Қонаев қаласы «Сити Плюс» сауда орталығында жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету мақсатында, жұмыссыз азаматтарға (29 жасқа дейінгі жастар,мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бос бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар, алимент берешегі бойынша қарызы бар азаматтар) арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

           Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 12- ден астам әр саладан жұмыс берушілер : «Tornado»,«Makao» казинолары ,»Шарапат» қарттар үйі, Тоймарт, Кари, Технодом» сауда үйлері , «Ақдидар» балабақшасы  және т.б. қатысты. Олар 26 бос жұмыс орындарын жәрмеңкеге ұсынды.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 1 адам тұрақты жұмысқа, сонымен, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -2 адам жастар тәжіриебесіне №2 орта мектеп-гимназияға, 1- Қонаев қаласының әкім аппаратына жұмысқа жіберілді. «Қалжанова» жеке кәсіпкерге әлеуметтік жұмыс орнына – 4 адам жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға  – 5 адам жіберілді,  48 адамға бос жұмыс орындары ұсынылып,  3 адамға жолдама берілді.

Дата публикации
21 февраля 2023
Дата обновления
21 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Paryz.kz
Ақпарат
21 октября 2026
AstanaTV+OrdaFM
Ақпарат
21 октября 2026
Adaladam.kz

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы