Қазіргі уақытта елімізде карантиннің әсеріне, сондай-ақ балықтардың уылдырық шашу кезеңіне қарамастан балықшылардың су қоймаларында болуы байқалады.
Осыған байланысты, сондай-ақ судағы балықшылардың қаза болуын болдырмау мақсатында Алматы облысы ТЖД Алакөл ауданының ТЖБ қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп Алакөл көлінде рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Ағымдағы жылдың 19 мамырында №1 «Қамысқала» учаскесіндегі кезекті рейд барысында заңсыз балық аулаған балықшылар табылды. Балықшылардан табылған желілер өртеу арқылы жойылды. Ал балықшылардың өздеріне қатысты уәкілетті органдар шаралар қабылдады.
Сонымен қатар, Алматы облысы ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
- суға шығар алдында алдағы тәуліктегі ауа-райы болжамын нақтылаңыз;
- міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз;
- өзімен бірге дәрі қобдишасы, фонарик, жергілікті жердің картасы, өзінің орналасқан жері туралы хабарлау құралдары болуы қажет;
- балық аулау алдында өзеннің жыртылған және жуылған жағалауларында ауланған жерлерді мұқият қарап шығыңыз;
- алкоголь ішпеңіз, өйткені ол реакция бәсеңдетеді, көңіл босаңсытады, нақты қауіптілік сезімін оятады;
- су айдынына түнгі уақытта шығуға болмайды;
- үрлемелі қайықтан балық аулау кезінде сақ болыңыз. Мұндай құралдарда байланған жерлерге жүзуге болмайды.
Абай болыңыз, өзіңіздің қауіпсіздігіңіз туралы естен шығармаңыз! Қауіпті жағдай туындаған жағдайда "112"телефонына қоңырау шалыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі