Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Сағымбаев Қуаныш Мұсаұлы Қарасай ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу жиналысын өткізді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарына бармау, қызметтік автокөлікті тек қызмет бабында пайдалану бойынша түсіндіру жүргізілді. Жиналыс соңында барлық жиналысқа қатысушыларға Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі халықтың мемлекеттік органдарға сеніммен қарайтын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне екені ескертті.