2022 жылғы 12 қазанда облыс әкімінің Ұйғыр ауданы халқымен кездесуі барысында 15 проблемалық мәселе көтерілген, сондай ақ облыс әкімі 12 жеке тапсырма берген.
Ол мәселелерді сапалы және уақтылы орындау үшін арнайы іс-қимыл жоспары бекітіліп, жауапты лауазымды тұлғалар белгіленіп, тиісті мекемелерге жолданған. Жоспарда нақты мерзімдер көрсетілген.
Бүгінгі күнге 15 проблемалық мәселенің:
2 - орындалған, 13 - орындалу үстінде.
Атап айтсақ:
Жұмыста. Бүгінгі күнде жаңа құрылыс салу үшін Қырғызсай ауылдық округі әкімінің Мәдениет үйі орнына қызмет көрсету үшін тұрақты жер телімін беру туралы шешім қабылданып, жер телімі бөлінген.
Облыстық құрлыс басқармасына бюджеттік ұсыным жолданған.
Орындалды. Сумбе, Шошанай, Қырғызсай, Ават ауылдық округтеріндегі тоспа салуға бүгінгі күнге техникалық экономикалық негіздеме жасатуға 82,9 млн теңге Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы арқылы қаражат бөлінді.
Жұмыста. Канал учаскесіне ауыл мәртебесін беру туралы Облыс әкімдігінің және облыс мәслихатының бірлескен шешімінің жобасы облыс әкімі аппаратына келісуге жолданды. Облыс әкімдігінен оң қортынды алынған жағдайда шешімнің жобасы облыстық «Алатау арайы» және «Огни Алатау» газеттеріне жариялауға жолданады.
Жұмыста. Бүгінгі күнге Шонжы ауылынан Қалжат ауылына дейін магистральдық газ құбырын салу үшін, сонымен қатар Кетпен, Кіші Дехан және Үлкен Дехан ауылдарын газ жүйесімен қамтуға жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлініп мердігер анықтау жұмыстары жүргізілуде. Келесі кезекте осы магистральдық газ құбырынан қалған ауылдарға газ құбырын тартуға, ЖСҚ әзірлеуге жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жұмыста. Бүгінгі күнге ЖСҚ әзірленуде. Жобалаушы «Талдыкорган Геодезия кварц» жұмыстар 2023 жылдың 3 тоқсанына жоспарланды.
Жұмыста. Аудан бойынша Шонжы ауылында 30 көп қабатты тұрғын үй тіркелген, олардың екеуі - бес қабатты, біреуі - төрт қабатты, сегізі - үш қабатты, 19-ы екі қабатты.
Барлық көпқабатты тұрғын үйлерге техникалық төлқұжаттары бүгінгі күні алынған. Бүгінгі күні 29 тұрғындар жиыны өткізіліп жай серіктестік құру келісілді. 13 жай серіктестік құрылып «Easyprojekt» бағдарламасына енгізілді. Үстіміздегі жылы 23 көпқабатты тұрғын үйлерге 6 Блокты-модульдық қазандықтар орнатылады. Сметалық құжаттар дайын, ГЧП – (Мемлекеттік жекешілік әріптестік) арқылы орнатылады.
Жұмыста. ЖСҚ-ны 09.07.2020 жылғы №154 шартына сәйкес ЖШС «Компания «СТРОЙТЕКС» 57,1 млн теңгеге дайындады. Мемлекеттік сараптаманы жүргізу үшін ШЖҚ «Госэкспертиза» РМК-мен 15.07.2022 жылғы №18-0229/22 1-кезең 2,5 теңгеге және 17.08.2022 жылғы №18-0268/22 2-кезең 2,8 теңгеге келісім-шарт жасалды. 2023 жылға арналған құрылыс монтаждау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 4 041 млн теңге мөлшерінде сұратылды.
Жұмыста. 2020 жыл 28 сәуірдегі Алматы облысы әкімінің №184 қаулысы негізінде 331,7 шақырым суару жүйелері қайта қалпына келтіру «КазСушар» ШЖҚ РМК Алматы филиалының теңгерімінен «Алматы облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді. Бүгінгі күнде жобаға түзету жұмыстарын 274 млн қаражат бөлініп 2022 жылы 54,0 млн теңгесі игеріліп 2023 жылы 216,0 млн теңгені екінші жарты жылдықта игерілетін болады.
Жұмыста. Шонжы ауылындағы жер асты суларына арналған дренаж жүйесіне әр жыл сайын қаражат бөлініп тазарту жұмыстары жүргізіледі. Барлығы Шонжы ауылында 12 шақырымға жуық жабық және 800 метр ашық дренаж жүйесі істеуде. 2022 жылы аталған жүйелерді тазалау және күтіп ұстауға 3 млн қаражат бөлініп, мердігер мекеме арқылы жұмыстар атқарылды. Ағымдағы жылы жоғарыда аталған мәселеге қаржы қарастырылған. Мемлекеттік тапсырыс беру жұмыстары ақпан айында жүргізілетін болады.
Жұмыста. «Прогрес KZ» ЖШС-мен 580,0 млн. теңгеге келісім шарт түзілген. 2022 жылы 220,0 млн.теңге бөлініп қаражат толығымен игерілді, 2023 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді, жұмыстар наурыз айында басталады тағы қалған 160,0 млн.теңге қаражат қажет.
Жұмыста. ДСУ-13 ЖШС-мен Келісім шарт 457,0 млн. теңгеге түзілген. 2022 жылы 19,0 млн.теңге бөлінді, 2023 жылға 200,0 млн. теңге бөлінді, тағы 238,0 млн.теңге қаражат қажет.
12.1. Дардамты ауылдық округінде су қоймасын салу мәселесі.
Жұмыста. Суңқар ауылдарға су қоймасына салу үшін 23.12.2021 жылы №18-0217/21 техникалық экономикалық негіздеме «Гидротехника Жоба» ЖШС тарапынан жасалынып, экономикалық сарапатаманың жұмыстары аяқталып оң қортындысы алынды. Бүгінгі күнге жобалық сметалық құжаттамасына жобалаушылар 65178,62 мың теңге есептеп берілді. Облыстық «ауылшаруашылығы басқармасы» алдағы уақытта болатын мәслихат отырысында қаражат сұратылатын болады.
12.2. Шалкөде жайлауына мал айдауға қажетті жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі.
Жұмыста. Бүгінгі күнге ЖСҚ әзірленуде. Жобалаушы «Костанай Дор Проект». Жұмыстар 2023 жылдың 3 тоқсанына дейін аяқталады деп жоспарланды.
Мәселе қаралды. Облыс әкімінің төрағалығымен облыстық жұмыс тобымен қаралды.
Жұмыста. 2021 жылы Шарын МҰТП аумағында экологиялық туризмді дамыту және бас жоспарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына сәйкес жер телімдерін беруге тендр өткізілді. «2021 жылғы 04 наурызда No1 лот бойынша жалғыз қатысушы және тендердің жеңімпазы болып «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі танылып, келісім шарт жасалынып әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Келісімшарт негізінде туристерге қызмет көрсетуге арналған обектілер салынатын болады. Атап айтқанда екі визит-орталығы, қонақ үй, мейрамхана, тамақтану пункттері, глампинг, кемпинг, қазақ ауылы, балалар алаңы, автокеруен, жатақхана тағы басқада демалушыларға арналған жалпы 13 нысан бой көтеретін болады. Сонымен қатар Шарын өзені арқылы өтетін көпір және жылжымалы тамақтану орны сияқты нысандарды салу жоспарлануда. Инфрақұрылым нысандарын салуды қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалаудың қоғамдық тыңдау отырыстың оң нәтижелерінен кейін аталған құрылыс жұмыстарын басталды. Кәзіргі таңда визит –орталығының қаңқасы құралып глэмпингтер орнатылды.
Құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын коммуникацияны жүргізу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты "Шарын шатқалы қамалдар мен аңғарлар" туристік маршрутына электор желілері жүргізілді және инвестор мен ұлттық парк арасында келісім шартқа қол қойылды.
Сондай-ақ, сумен жабдықтау бойынша ЖСҚ дайындалды, қазіргі уақытта ЖСҚ "Жетысу Фольфрам" ЖШС және Ұлттық Паркпен келісуде.
Алматы облысы әкімінің Ұйғыр ауданы бойынша берген 12 жеке тапсырманың:
10 - тұрақты жұмыста, 2 - орындалу үстінде.
1.1. Озық технологияларды қолдану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру шараларын әзірлеу.
Тұрақты жұмыста. Ауданымызда озық технологиямен 5 ірі шаруа құрылымдары айланысып келеді, Атап айтқанда ЖШС «Шабдалы» 200 га, ЖШС «Тиірмен Агро» 126 га, ЖШС «Чунджа фруктс» 70 га, ЖШС «Алма Продекс» 18 га, ЖШС «Көк Тұмар» 36 га барлығы 450 га тамшылатып суғару әдісімен жұмыс жасап келеді. Бүгінгі күнге аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бақылауында тұр.
1.2. Ават, Ақтам. Кетмен, Қалжат, Қырғызсай, Кіші Дихан, Сүмбе ауылдық округтеріндегі су қоймаларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді, сондай-ақ Сұнқар және Тиірмен таулы өзендерінде су қоймаларын салу жобаларын одан әрі іске асыру мәселесін сапалы зерделеу.
Тұрақты жұмыста. Сумбе, Шошанай, Қырғызсай, Ават ауылдық округтеріндегі тоспа салуға бүгінгі күнге техникалық экономикалық негіздеме жасатуға 82,9 млн теңге Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы арқылы қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бақылауында тұр.
1.3. Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндіріс орындарын ашуға инвесторларды тарту бойынша жұмысты жандандыру.
Тұрақты жұмыста. Ауданда жеміс-көкөніс қоймасын ашу үшін, құрал жабдықтарын сатып алуға «Атилла Аль Фараби» ЖШС Алматы облысының АӨК «Қонаев» және Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасына 50 млн теңгелік төмен пайызмен несие алуға өтінім (05.01.2022 жылы) жіберілді.
1.4. Бордақылау алаңдарын, сүт фермаларын, жылыжайлар мен көкөніс қоймаларын құру бойынша шаралар қабылдау.
Тұрақты жұмыста. Бордақылау алаңдары, сүт фермалары, көкөніс қоймаларының құру бойынша аудан тұрғындарымен үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Ұсыныс түскен жағдайда іске асыру үшін іс шараларын ұйымдастырылады. Бүгінгі күнге аудандық ауыл шаруашылығы және жер бөлімінің бақылауында тұр.
1.5. «Прима Құс» фабрикасын уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету.
Тұрақты жұмыста. «Прима құс» фабрикасы бүгінгі күнге 240 мың балапанды екі алаңға отырғызылды. Бүгінгі күнге жұмыстар жалғасуда. «Прима Құс»-тың нақты ашылу ағымдағы жылдың 10 ақпан күніне жоспарлануда. Бүгінгі күнге аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бақылауында тұр.
Тұрақты жұмыста. Алматы облысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде өткен инвестициялық форумына ауданнан 6 жоба ұсынылып, аудан әкімімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі күнде, меморандумға қол қойылғаннан кейін жалпы құны 6,5 млрд.теңгелік құрайтын инвестициялық жоба «ASSU NS» ЖШС сауықтыру кешенін салу үшін 45 га. жер телімін алуға Өңірлік үйлестіру кеңесіне құжаттарын дайындауда.
«Прима Кус» ЖШС жылына 35 мың. тонна бройллер етін өңдейтін жабық циклді құс кешеніне 5 км кірме жолдың құрылыс жұмыстарына 410 млн.тенге Алматы облыстық автомобиль жолдары басқармасымен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына бюджеттік өтінім жіберілді.
«RIZAR Energy» ЖШС жанар-жағармай станциясын салуға 2 га жер телімін алу үшін коммерциялық жер учаскелерін сату бойынша аукционға қатысып, жеңімпаз болып атанып, кәзіргі уақытта қаражаттарын төлеп, құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүруде.
«Rancho Hempshire» ЖШС ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу және Гемпшир Ағылшын үсақ-түйек малды өсіруге Кіші Дихан ауылдық округкке қатысыты 797 га жер аудандық ауыл шаруашылы және жер қатынастар бөлімі ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған конкурсын жариялады. Аталған конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін құжаттарын дайындауда.
«QAZAG TASS» ЖШС табиғи тасты өңдеу цехің өңдірген шикізаттың өткізуге Алматы облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, аудан тарапынан Алматы облыстық құрылыс басқармасына өндірген табиғи тасты өткізіп, Қонаев қаласында жаңадан салынатын объектілеріне құрылыс материалдар тізіліміне еңгізуге ұсынылды. 2023 жылға арналған жаңадан салынатын объектілеріне құрылыс материалдар тізіліміне еңгізуге ұсынылды.
«Карамель Hot Springs» ЖШС ойын-сауық орталығын салуға төмен пайызбен несие алу үшін екінші деңгейлі банктерге құжаттарын өткізіп, нәтижесін қүтуде.
Ауданға инвесторларды тарту жұмыстары бойынша жұмыстар бақылауда.
Тұрақты жұмыста. Ауданда туризм саласында 54 демалыс орындары тіркеліп, 2022 жылы 2 демалыс орыны іске қосылды, 15 жаңа жұмыс орындары ашылды.
2022 жылы ақылы туристік-сауықтыру көлем түсімі 506 млн 801 мың теңге құрап, 75487 адамға қызмет көрсетті.
4.1. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және инженерлік-коммуникациялық желілер салу.
Жұмыста. Жеке тұрғын үй құрылысына аудан бойынша Тасқарасу-90 га Шарын-60 га Үлкен Ақсу-35 га жер телімдері бөлініп бүгінгі күнде ЖСҚ Тасқарасу ауылында толығымен бітіп мем.сараптамадан өтті.
Үлкен Ақсу және Шарын ЖСҚ бітіріп мем сараптамадан өтүде. Шонжы аулының 100-га, Ават ауылының - 26 га жер телімдерің ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөліну үшін бюджеттік өтінім берілді.
4.2. Тұрғындарды орталықтандырылған сумен және газбен қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауға алу.
Тұрақты жұмыста. Ауданның 25 елді мекенінің 23 ауылы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Калған Рахат ауылын орталықтандырылған су жүйесімен қамттуға (207,6 млн.т.) қарастырылды, Ұзынтам (226,4 млн.т.) ауылдарына жобалау сметалық құжатамалары әзірленіп, құрылыс монтаждық жұмыстарын жүргізу үшін 16.01.23 жылы №19 бюджеттік өтінім берілді.
Орталықтандырылған газ жүйесімен Шонжы ауылы қамтылған. Бүгінгі таңда Тасқарасу, Бахар ауылдарының жобалық сметалық құжаттамалар әзірленді. Құрылыс монтаж жұмыстарын өткізуге мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берілді. Шарын ауылы бойынша мемлекеттік сатып алуға құрылыс монтаж жұмыстарына 1,6 млрд. теңге қаражат бөлініп. Конкурс нәтижесі бойынша «МБК Курылыс» ЖШС мердігер болып жұмыстарды жүргізіп жатыр 2023 жылға 600 млн теңге қарастырылды. Сонымен қатар Қалжат, Кетпен, Кіші Дехан және Үлкен Дехан ауылдарын газ жүйесімен қамту үшін жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаражат қарастырылып мердігер анықтау жұмыстары жүргізілуде
4.3. Белгіленген мерзімде автомобиль жолдарын, соның ішінде ауылшілік жолдарды жөндеуді аяқтауды, сапасын қамтамасыз ету.
Жұмыста. 2023 жылда Шонжы, Қырғызсай, Кіші Диқан ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 589,0 млн.теңге қаражат қарастырылды. Сонымен қатар 2022 жылдан 2023 жылға өтетін Шарын, Тасқарасу және Бахар ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 450,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
5.1. Аудандағы әлеуметтік нысандарының құрылысын және күрделі жөндеуді белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету.
Тұрақты жұмыста. Белгіленген мерзімде әлеуметтік объектілердің құрылысын аяқтау бақылауда тұр.
5.2. Тұрғын үйді жалға алу, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, көтерме ақы төлеу және тұрғын үй сатып алу үшін кредит беру есебінен әлеуметтік қолдау жолымен кадрларды тарту жөнінде шаралар қабылдау.
Тұрақты жұмыста. 2023 жылға аудандағы дәрігерлерге қызметтік 3 үй сатып алу үшін 45,0 млн. теңге қаражат бөлінді.