2022 жылғы 29 мамырда облыс әкімінің Ұйғыр ауданы халқымен кездесуі барысында 21 проблемалық мәселе көтерілген, сондай ақ облыс әкімі 7 жеке тапсырма берген.
Ол мәселелерді сапалы және уақтылы орындау үшін арнайы іс-қимыл жоспары бекітіліп, жауапты лауазымды тұлғалар белгіленіп, тиісті мекемелерге жолданған. Жоспарда нақты мерзімдер көрсетілген.
Бүгінгі күнге 21 проблемалық мәселенің:
9 - орындалған, 1 - орындалмаған, 11 - орындалу үстінде.
Атап айтсақ:
Жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығын салу мәселесі.
Жұмыста. Жаңа салынатын ҚХКО-ның ЖСҚ 2020 жылы рәсімделген,құрылыс жұмыстарына бүгінгі күнде 50 млн тенге қаражат бөлініп, Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына өтінім жолданды.
30 жылдан астам уақыт бойы суару желілері жөнделмеген, суару арналары бітеліп, толықтай жөндеуді қажет етеді.
Жұмыста. 2020 жыл 28 сәуірдегі Алматы облысы әкімінің №184 қаулысы негізінде 331,7 шақырым суару жүйелері қайта қалпына келтіру «КазСушар» ШЖҚ РМК Алматы филиалының теңгерімінен «Алматы облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді. Бүгінгі күнде жобаға түзету жұмыстарын 274 млн қаражат беріліп 2022 жылы 54,0 млн теңгесі игеріліп 2023 жылы 216,0 млн теңгесі екінші жарты игерілетін болады.
Қарадала массивіндегі мәселелер
Жұмыста. Аудан бойынша Қарадала массивіндегі ұңғыманы бұрғылау үшін жобалау-іздестіру жұмыстарының есебі әзірленуде, аталған есептер дайын болғаннан кейін аудан әкімдігі тарапынан бюджеттік өтінім беріледі.
Жайылым жерлер мәселесі
Жұмыста. Облыс әкімінің 14.06.2022 ж. №53-1-Ө Н/Қ өкімі негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді алып қою жөніндегі ведмоствоаралық кіші топ құрылды. Аудан әкімінің 20 қаңтар 2022 жылғы №11 қаулысы негізінде аудан бойынша өз мақсатында пайдалынылмаған және игерілмеген жер участкеліріне анықтау бойынша комиссия құрылып Аудан бойынша 2022 жылы нысаналы мақсаты бойынша игерілмей жатқан жер иелері жер пайдалану құқықтарынан бас тартуына және жер пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты жалпы жері 7948,0958 га оның ішінде 72,5043 га суармалы егістік, 0,0500 га бақ (көп жылдық екпелер), 3,0 га шабындық, 7803,2033 га жайылымдық және 69,3382 га басқадай жерлер ауданның мемлекеттік босалқы жер есебіне қайтарылды. 2021 жылы аудан әкімдігі қолда бар 38963 мың га қоғамдық жайылымдарға мемлекеттік меншіктен 49784 мың га жайылымдар ауыл тұрғындарының малдарын жаю үшін қосымша резервке бекітілді. 2022 жылы Үлкен Ақсу ауылдық округіне қосымша 3172 га жайылымдық жерлер резервке алынды. Барлығы 91919 га жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарының малдарын жаюға резервке алынды. Бүгінгі күні аталған жер учаскелерін нақты шекарасын анықтау бойынша жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін конкурс жүргізілуде.
Ұйғыр ауданының атын ауыстыру мәселесі
Жұмыста. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі тарапынан аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмысы жүргізілуде.
Кепебұлақ ауылына интернет желісін тарту
Жұмыста. «Н.Исахметов атындағы орта мектебі» КММ-не 2021 жылы жоғарғы жылдамдықтағы оптика-волокно интернетін тартуға 11 млн теңге қаржы бөлініп, 2 рет мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру беріліп, мердігерлердің қатыспауына байланысты жеңімпаз анықталмады. Сол себепті желтоқсан айында бөлінген қаржы бюджетке қайтарылды. 2022 жылы облыстық білім басқармасына 16 млн теңге бөлінді, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс 27 қыркүйекте, 20 қазанда және 16 қарашада жарияланған. Жеңімпаздар анықталған жоқ. Бөлінген қаржы бюджетке қайтарылды. 2023 жылы оптика-волокно интернетін тартуға 16 млн теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарлануда.
Абай атындағы орта мектеп ішінен өнер мектебі ашылуда, мектеп ішінен қосымша білім беру орталығын ашу қаншалықты дұрыс?
Орындалды. Абай атындағы орта мектеп жанынан «Ұйғыр ауданының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» ашылуы бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстары қайта жүргізіліп орталықпен таныстырылды. Бүгінгі күнде ата-аналар тарапынан қарсылық жоқ. Орталық қазіргі таңда ашылып өз жұмысын жасауда. Орталық 9 бағыт бойынша 2 ауысымда жұмыс істеуде.
Бахар ауылында республикалық маңызы жолға жаяу жүргіншілер өтетін жол (пешеход) салу
Мәселе қаралды. «ҰК» ҚазАвтоЖол» АҚ Алматы облысы филиалы директорына республикалық маңызы бар автомобиль жолына Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Хоргос жаяу жүргіншілер өтетін жол (пешеход) қойып беру туралы хат жолданды (20.06. 2022 ж., №130 хат). Аталған участок «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» Республикалық жолының көтерілуінің алдында орналасқандығына байланысты жаяу жүргіншілер өтпесін орнату мүмкіндігі жоқ (жол жүру қауіпсездігін қамтамасыз ету мақсатында), сондай-ақ осы учаскеде 100 метр қашықтықта жаяу жүргіншілер өткелі бар.
Ауылға мешіт салу мәселесі
Орындалды. Аталған мәселе бойынша жергілікті шағын аудан аймақ тұрғындарынан жергілікті әкімшілікке 2022 жылдың 14 маусым күні өтініш хат жазылды. 2022 жылдың 27 маусым күні өтінішке жауап қайтарылды. Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылдық округіне қарасты Қалғантам ауылына мешіт салу мәселесі бойынша арнайы жиын өткізіліп, ауыл тұрғындарымен мешіттің қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізді. Шонжы ауылдық округінің әкімінің орынбасары Р.Суджековтың қатысуымен өткен жиын барысында, ауыл тұрғындары 40-қа жуық отбасы тұратыны мен көрші ауылда (2 км жерде орналасқан) мешіттің бар болуына байланысты, Қалғантам ауылына мешіттің қажеттілігі жоқ деген шешімге келді.
Ауданның елді мекендерін газбен қамтамасыз ету мәселесі
Жұмыста. Бүгінгі таңда Тасқарасу, Бахар ауылдарының жобалық сметалық құжаттамалар әзірленді. Құрылыс монтаж жұмыстарын өткізуге мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берілді. Шарын ауылы бойынша мемлекеттік сатып алуға құрылыс монтаж жұмыстарына 1,6 млрд. теңге қаражат бөлініп. Конкурс нәтижесі бойынша «МБК Курылыс» ЖШС мердігер болып жұмыстарды жүргізіп жатыр. Сонымен қатар Қалжат, Кетпен, Кіші Дехан және Үлкен Дехан ауылдарын газ жүйесімен қамту үшін жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаражат қарастырылып мердігер анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Сырт жайлау мәселесі
Мәселе қаралды, бірақ толық шешімін таппады
Аңшаруашылық меншігінде екендігі анықталды.
Көп балалы, аз қамтылған отбасыларын тұрғын үймен қамту.
Жұмыста. Шонжы ауылында салынып жатқан бірінші көп қабатты үйнің құрылыс- монтаждау жұмыстарының сапасы жақсы, екінші 60-пәтерлі тұрғын үй салуға облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылыс- монтаждау жұмыстарының конкурсын (тендер) ұйымдастырып, 15.06.2022 ж. конкурсқа берілді.
Көп балалы ана ретінде тұрғын үй кезегінде тұрмын, баспана мәселесі шешімін таба ма? (Г. Сатымбекова, Шонжы ауылының тұрғыны)
Орындалды. Көп балалы отбасы 15.08.2019 кезекке турған. Бүгінгі күнге кезегі № 90 кезектілік тәртібімен беріледі.Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудандық ауруханы күрделі жөндеу мәселесі
Орындалды. ЖСҚ-ны 09.07.2020 жылғы №154 шартына сәйкес ЖШС «Компания «СТРОЙТЕКС» 57,1 млн теңгеге дайындады. Мемлекеттік сараптаманы жүргізу үшін ШЖҚ «Госэкспертиза» РМК-мен 15.07.2022 жылғы №18-0229/22 1-кезең 2,5 теңгеге және 17.08.2022 жылғы №18-0268/22 2-кезең 2,8 теңгеге келісім-шарт жасалды. 2023 жылға арналған құрылыс монтаждау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 4 041 млн теңге мөлшерінде сұратылды.
Жоғары вольтті электр желілерін басқа жерге көшіру
Жұмыста. Бүгінгі таңда Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы жоғары вольтті электр желілерін басқа жерге көшіру бойынша 2022 жылы жергілікті «АЖК» АҚ-мен бірлесе отырып техникалық экономикалық негіздеме дайындау бойынша құжаттары әзірленуде. Ағымдағы жылдың 25 тамызында Ұйғыр ауданы әкімдігі «АлатауЖарықКомпаниясы» өкілдерімен жоғарыда аталған жоба бойынша кездесу жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 31 тамызында Ұйғыр ауданының әкімдігімен «АЖК» АҚ-ға техникалық шарттарды алуға өтінім беріледі. Техникалық шарт алынғаннан кейін жобанын техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге бюджеттік өтінім жолданады.
№97617-Е радиолокациялық әскери бөлімін Шонжы ауылынан сырт жерге шығару.
Жұмыста.
Жергілікті әкімшілік тарапынан ҚР қорғаныс істер министрлігіне осы аталған мекемені ауылдың сыртына шығару бойынша хат 2021 жылы мамыр айында жазылған. Жауап ретінде аталған нысанды ауыстырылатын алаңға инфрақұрылым толығымен жасалыну керектігі жазылған. Бүгінгі күнде көшірілген жағдайда қажетті нысандар тізімдерін және орналасу жерлері бойынша сызбасын №97617-Е радиолокациялық әскери бөлімі даярлап берді. Аудан әкімдігінің 15.09.2022 жылғы №252 қаулысы негізінде Өңірлік гарнизоны Алматы аудандық пайдалану бөліміне Үлкен Ақсу ауылдық округіне қарасты Қарадала учаскесі мемлекеттік босалқы жер санатынан 48,0 га жер учаскесін тұрақты жер пайдалану құқығымен беруге келісу үшін Алматы облысы әкімдігіне жолданды.
Ұңғымаға қатысты даулы мәселе
Мәселе қарастырылды. Сот шешімімен жұмыс жалғастырылуда. Аталған мәселе сот арқылы жүзеге асырылады. Сот шешімі бар, алайда шешімге аппеляцияға берілуде.
Ауған соғысы ардагерлерін жұмыспен қамту, тұрғын үйге газ қосуда жеңілдіктер қарастыру мәселесі
Мәселе қарастырылды.
Ұйғыр ауданы бойынша 22 Ауған соғысының ардагері бар. 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай ауданда тіркелген Ауған соғысының 22 ардагеріне 100 (бір жүз) мың теңгеден жалпы 2200000 (Екі миллион екі жүз) теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Санаториялық-курорттық емделу бойынша 9 ардагер «Жаркент-Арасан» шипажайына жолдама алып емделіп келді. Жұмыспен қамтылуы бойынша: 22 ардагер ішінде
- зейнеткерлер мен мүгедектер 9 ардагер;
- тұрақты жұмыс істейтіндер 8 ардагер;
- өз бетінше жұмыс істейтіндер 4 ардагер;
- жұмыссыз 1 ардагер.
Жұмыссыз ардагер Ават ауылдық округінің тұрғыны Ганиев Аршидин Ризванович Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелмеген және қоғамдық жұмыстан бас тартқан.
Қосымша үйірмелерді, арт спортын бюджеттен қаржыландыру мәселесі
Орындалды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Artsport» бағдарламасы аясында 2 жеке кәсіпкерде 69 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушы балалар саны 783. 2022 жылда үйірмелердің қаржыландыру мәселесі толық шешілді. Бүгінгі күнде жұмыстары жалғасуда.
Ұзындығы 332,7 км төменгі аймақтың құрғату-дренаждық желілерін қайта жаңарту мәселесі
Жұмыста. Аудандағы 332,7 шақырым құрғату жобалық-сметалық құжаттамасының құны 123,8 млн теңге болды. Бүгінгі күнге 123,0 млн теңгелек құрғату каналдарын механикалық тазалауға сметалық есептері жасалынып облыстық ауылшаруашылығы басқармасына жіберілді. Ағымдағы жылдың 10-15 ақпан күні тендерге берілетін болады.
Сүмбе ауылының ауызсу мәселесі
Орындалды. Бүгінге Мердігер СМУ «Шығыс» ЖШС болып анықталды құрылыс монтаждық жұмыстарына 2022 жылы 40 млн.теңге қаражат бөлініп жұмыстар жүргізілді. 2023 жылға науырыз айында жалғастыру жұмыстары жоспарлануда. (жалпы сомасы – 1,152 млрд.теңге). Келісім шарт бойынша нысандың аяқталуы 2023 жылдың қараша айында
Алматы облысы әкімінің Ұйғыр ауданы бойынша берген 7 жеке тапсырманың:
2 - орындалған, 2 - жұмыста, 3 – тұрақты жұмыста.
Ауданда ауыл шаруашылығы саласында өндіріс орындарын ашу мәселесі
Мәселе қаралды. Ауданда ауыл шаруашылығы саласында өндіріс орындарын ашу бойынша инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге «ПримаҚұс» ЖШС тауық өндіретін қуаттылығы 36000 тонна ет өндіретін кәсіпорын 500 адамға тұрақты жұмыс орын ашыуға дайын тұр. «KS Genetics» ЖШС шошқа етін қайта өңдеуге, бүгінгі күнге жерлерін анықтау үстінде. Жерлері анықталғанан кейін кәсіп орынын ашуға дайын.
Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін ашу мәселесі
Орындалды. Ауданда «Агропроцессинг» ЖШС жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу цехы бар. Оның қуаттылығы 1400 тонна жылына жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейді, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі уақытта 15 тоннадан астам өрік шырын өнімін қайта өңдеп шығарды. Ауданда қазіргі кезде жеміс-көкөніс өңдейтін кәсіпорын ашылу жоспарда жоқ.
Бордақылау алаңдарын, сүт-тауар фермаларын және көкөніс қоймаларын салу бойынша
Мәселе қаралды, тұрақты бақылауда. Ауданда 2 мал бордақылау алаңы жұмыс істеуде. 1 - Шарын ауылдық округінде «Вин» шаруа қожалығында 100 бас ірі қара малға арналған мал бордықылау алаңы бар. Қәзіргі кезде ол жерде 80 бас ірі қара малы бордақылануда. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін тірідей салмақта 90 тонна ет облыс көлемінде ішкі базарларға өткізілген. 2 - Дардамты ауылдық округіне қарасты «Қазмалы» ЖШС –де 750 басқа арналған мал бордақылау алаңы ұйымдастырылып, бүгінгі күнде 20 бас ірі қара малы бордақылануда. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін тірідей салмақта 5 тонна ет облыс көлемінде және Алматы қаласына өткізілуде. Ауданда 1 тауарлы сүт фермалары жұмыс істейді. Олар: Тасқарасу ауылдық округінде «Тасқарасу» ӨК-де 200 ірі қара ана басқа арналған тауарлы сүт фермасы ұйымдастырылып, бүгінгі күнде 50 бас сауынды сиырлар сауылып, 62 тонна сүт өндіріліп, ішкі тұтыну базарларына халыққа сатылуда. Көкөніс қоймаларын салу үшін қажетті ғимараттар бар. Иелерімен көкөніс қоймаларын салу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Көкөніс қоймаларын пайдалануға беруді субсидиялау бойынша ереже бекітілген жоқ.
Туризмді дамыту мәселесі бойынша
Тұрақты жұмыста. 2021 жылы Шарын МҰТП аумағында экологиялық туризмді дамыту және бас жоспарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына сәйкес жер телімдерін беруге тендр өткізілді. «2021 жылғы 04 наурызда No1 лот бойынша жалғыз қатысушы және тендердің жеңімпазы болып «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі танылып, келісім шарт жасалынып әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Келісімшарт негізінде туристерге қызмет көрсетуге арналған обектілер салынатын болады. Атап айтқанда екі визит-орталығы, қонақ үй, мейрамхана, тамақтану пункттері, глампинг, кемпинг, қазақ ауылы, балалар алаңы, автокеруен, жатақхана тағы басқада демалушыларға арналған жалпы 13 нысан бой көтеретін болады. Сонымен қатар Шарын өзені арқылы өтетін көпір және жылжымалы тамақтану орны сияқты нысандарды салу жоспарлануда. Инфрақұрылым нысандарын салуды қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалаудың қоғамдық тыңдау отырыстың оң нәтижелерінен кейін аталған құрылыс жұмыстарын басталды. Кәзіргі таңда визит –орталығының қаңқасы құралып глэмпингтер орнатылды.
Құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын коммуникацияны жүргізу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты "Шарын шатқалы қамалдар мен аңғарлар" туристік маршрутына электор желілері жүргізілді және инвестор мен ұлттық парк арасында келісім шартқа қол қойылды. Сондай-ақ, сумен жабдықтау бойынша ЖСҚ дайындалды, қазіргі уақытта ЖСҚ "Жетысу Фольфрам" ЖШС және Ұлттық Паркпен келісуде.
Халықты орталықтандырылған сумен және газбен қамтамасыз ету мәселесі бойынша
Жұмыста
Ауданның 25 елді мекенінің 23 ауылы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Калған Рахат ауылын орталықтандырылған су жүйесімен қамттуға (207,6 млн.т.) қарастырылды, Ұзынтам (226,4 млн.т.) ауылдарына жобалау сметалық құжатамалары әзірленіп, құрылыс монтаждық жұмыстарын жүргізу үшін 16.01.23 жылы №19 бюджеттік өтінім берілді.
Орталықтандырылған газ жүйесімен Шонжы ауылы қамтылған. Бүгінгі таңда Тасқарасу, Бахар ауылдарының жобалық сметалық құжаттамалар әзірленді. Құрылыс монтаж жұмыстарын өткізуге мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берілді. Шарын ауылы бойынша мемлекеттік сатып алуға құрылыс монтаж жұмыстарына 1,6 млрд. теңге қаражат бөлініп. Конкурс нәтижесі бойынша «МБК Курылыс» ЖШС мердігер болып жұмыстарды жүргізіп жатыр 2023 жылға 600 млн теңге қарастырылды. Сонымен қатар Қалжат, Кетпен, Кіші Дехан және Үлкен Дехан ауылдарын газ жүйесімен қамту үшін жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаражат қарастырылып мердігер анықтау жұмыстары жүргізілуде
Автомобиль жолдары, соның ішінде кентішілік жолдарды жөндеу мәселесі бойынша
Жұмыста. Бүгінгі күнде кентішілік жолдар юойынша Шарын ауылына 150 млн теңге, Тасқарасу ауылына 230 млн теңге қаражат бөлініп көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан аумағындағы облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 1,1 млрд.теңге бөлініп, «Шонжы – Тигермен - Ұзунтам» - Шонжы – Көктал», автомобиль жолының 0-23 шақырым аралағына орташа жөндеу және «Үлкен Ақсу-Сүмбе-Кеген-Шонжы», автомобиль жолының 0-31,034 (локольдық участкесі 19-31) аралығын маршруттық әдіспен жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру, денсаулық сақтау салаларында жоспарланған объектілердің құрылысы бойынша
Мәселе қаралды, бақылауда
2022 жылы 4 медициналық пунктке блоктық-модульдік кешен орнату жоспарланды (Шошонай, Ұзынтам, Кепебұлақ, Ардолайты ауылдарындағы медициналық пунктері). 2022 жылдың аяғына дейін 4 БМК орнатылды.
Тасқарасу дәрігерлік амбулаториясы бойынша 8,3 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжат әзірлеу жұмыстары жүргізілді.
Шарын ауылдық ауруханасы бойынша 14,8 млн. теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуді.
Дардамты ауылының медициналық пунктіндегі пандустарды орнату бойынша 1,4 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары аяқталды. Үлкен Дехан ауылының медициналық пунктіндегі пандустарды орнату бойынша 2,5 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары аяқталды.
Орталық аудандық аурухананы 4 млн. теңгеге газдандыруға мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуді.