Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Талғар ауданы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы (21.12.2022)

 

Сұрақтарын қойған  19 тұрғын жалпы 32  сұрақ көтерді. Жоспарға сәйкес көтерілген мәселелер бойынша ауданымызда тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні жалпы көтерілген сұрақтардың 7 орындалды, 8 орындалуда, 15 жұмыс барысында.

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА : 1 сұрақ.  Бесағаш ауылына жаңа мектеп салу бойынша

Бесағаш ауылында 3 орта мектеп жұмыс істейді (№ 28,№29,№45).

Бала санының артуына байланысты жаңа мектеп құрылысын салу үшін зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа мектеп салу қажеттілігі туындаған жағдайда тиісті құжаттар рәсімделіп, қаржы бөлу мәселесі бойынша ұсыныстар беріледі.

 

ОРЫНДАЛДЫ:  2 сұрақ.  Газ мәселесі

Панфилов ауылының газ жүйесіне «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС қызмет көрсетеді. 1/м3 газдың құны 33,23 теңге. Газ жүйесіне қосылу құны 399 000 теңге.

 

ОРЫНДАЛДЫ:  3 сұрақ. Ауданға қосымша инва такси бөлу

Ауданда барлығы 4 Инватакси автокөлігі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеткілікті мөлшерде қызмет көрсетуде. Қосымша Иватакси автокөлігін сатып алу сұрақтары Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құзырында.

       

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА : 4 сұрақ.  Құлжа тас жолың жөндеу бойынша           «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» а/ж республикалық маңызы бар жол екендігін хабарлаймыз. Тиісінше, осы жолды күтіп ұстаумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ айналысады.

Алматы – Талғар бағыты бойынша күнделікті оқушылар, студенттер, жұмысқа баратын адам көптігі салдарынан таңғы-кешкі уақыттарда ұзын сонар кептеліс пайда болып халық наразылығын тудыруда. Бүгінгі таңда Алматы-Талғар-Бәйдібек би жолы 2 жолақтыдан 4 жолақтыға өтуді қажет етеді. Әр жолаққа 3.75,  яғни, 15 метрді қажет етеді. Талғар ауданы әкімінің атынан №86-14-11/72-и хаты 25.01.2023ж. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ АОФ директорына жолданды.

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА: 5 сұрақ. Табиғи газға бюджеттік бағдарламалармен қосу бойынша

2018 жылдан бастап Дәулет ауылын газбен жабдықтау мақсатында ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалаушы «Алстрой Проект» ЖШС, шарт бойынша сома 27,1 млн.теңге, құрылыс жұмыстарының құны шамамен 342,2 млн. теңге. Жобалау жұмыстарын 2023 жылдың шілде айына аяқтау жоспарланып отыр. Жобалау жұмыстарына тапсырыс беруші Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. Құрылыс жұмыстарын бюджет есебінен жүргізу жоспарланып отыр.

 

ОРЫНДАЛУДА: 6 сұрақ.  Бесағаш ауылындағы мәдениет үй мәселесі бойынша

          Газ қосылған соң Бесағаш ауылдық мәдениет үйі ашылады.

 

ОРЫНДАЛДЫ: 7 сұрақ.  Жер мәселесі (паи) (ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА)

 

ОРЫНДАЛДЫ: 8 сұрақ. Жер учаскесін бөліп беру.   Осы мәселе бойынша қарастыру және тиісті шаралар қабылдау үшін ауданның апта сайынғы жер комиссиясына жүгіну қажет.

 

ОРЫНДАЛУДА: 9 сұрақ. Инватакси Алматы қаласына апару бойынша                                                                                                              Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша «Инабат» Үкіметтік емес қоғамдық бірлестігімен 03.02.2023 жылы №2 келісім шарты жасалды. Келісім шарттың техникалық сипаттамаларына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда  (Талғар ауданы, Алматы қаласы) жеткізу.

 

ОРЫНДАЛДЫ:  10 сұрақ. Алма-Тау, Нурия тұрғын үй кешендеріне мектеп және аурухана салу бойынша.                                                        

Нұрия тұрғын үй кешенінен 2 км қашықтықта Бесағаш дәрігерлік амбулаториясы орналасқан, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы, Жұмабаев көшесі, 74 мекен-жайы бойынша 5 минуттық жерде, РПН бойынша тіркелген 14 591 тұрғынға қызмет көрсетеді, штатпен жалпы практиканың 10 дәрігері, хирург, акушер-гинеколог, отоларинголог, невропатолог, сәулелік диагностика дәрігері және медбикелер жұмыс істейді. Күндізгі стационар төсектерінің саны-8. Амбулаторияның ауданы-326,5 м2, келу саны-ауысымда 250 келу, салынған жылы-1990 жыл, соңғы күрделі жөндеу жүргізілді-2021 жыл.

Сондай-ақ, осы ауданда Промедика медициналық орталығы (Бесағаш (Талғар ауданы, Алматы облысы), Момышұлы көшесі, 45А үй) және №2 емхана(Шухов көшесі, 37б, Медеу ауданы, Алматы) бар

Алматау, Нурия, Аспан сити тұрғын үй кешендері мен саяжайларда тұратын мектеп жасындағы балаларға мектепке тасымалдау ұйымдастырылған.

Тұрғын үй кешендері мен саяжайлардан №28 орта мектепке - 390 бала, №45 орта мектепке -374, №29 орта мектепке -25 бала тасымалданады.

 

ОРЫНДАЛДЫ:  12 сұрақ . Нурия тұрғын үй кешенінде мектеп салу бойынша.

Нурия  тұрғын үй кешенінен 20 балаға Бесағаш ауылындағы №28 мектепке тасымалдау ұйымдастырылған.

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА: 13 сұрақ. Кіші Байсерке №40 орта мектептің жылу мәселесі                                                                                                                   Кіші Байсерке №40 орта мектеп 2017 жылы пайдалануға берілген. Мектептің төбесі жылу ұстамайды және мектеп ғимаратының көлеміне жылу батареялары аз қойылған.

Қосымша жылу батареяларын қою және төбесін жылытуға қажетті қаражат бөлуге  облыстық маслихатқа сұраныс берілді. 

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА : 14 сұрақ. Кіші-Бәйсерке аулының газ мәселесі.

Кіші Байсерке ауылын газдандыру мақсатында 2021 жылдан бастап алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалау құны 12,4 млн. теңге. Жобалаушы - «Ұлмад» ЖШС. Жобалау жұмыстарын 2023 жылдың шілде айына аяқтау жоспарланып отыр.

 

ОРЫНДАЛДЫ:  15 сұрақ. Гүлдала ауылында әуежай шекарасына жақын орналасақан үйлерді заңдастыру бойынша.

Гүлдала ауылының нақты жоспарлау жобасына сәйкес Алматы қаласының халықаралық әуежайының ұшып қону жолағынан 500 метр санитарлық қорғау аумағы бекітілген. 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 58 бабына сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағында оның параметрлерi мен кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, тұрғын үйлердi, бiлiм беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерiн, спорт-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға бау-бақшаға арналған жер учаскелерiн орналастыруды қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерiн өндіруге жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасының Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 6-шы және 7-ші тармақшасына сәйкес «Елдiмекендердiң аумақтарын дамыту және оларға қала құрылысының бекiтiлген жобалары негiзiнде жүзеге асырылады» және жер учаскелері құрылыс жүргізу үшін берілген кезде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу, қала құрылысы аймақтарына бөлу жобаларының, сондай-ақ Қағидалардың негізінде белгіленеді.

Аталған заң талаптарына сәйкес санитарлық қорғау аумағында орналасқан жер учаскелеріне сәулет жоспарлау тапсырмасын беруге тыйым салынады.                                                                       

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА:  16   сұрақ .  Талғар-Алматы тас жолының кептеліс мәселесі.    «Алматы-Талғар-Байдибек би» а/ж республикалық маңызы бар жол екендігін хабарлаймыз. Тиісінше, осы жолды күтіп ұстаумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ айналысады.    Алматы – Талғар бағыты бойынша күнделікті оқушылар, студенттер, жұмысқа баратын адам көптігі салдарынан таңғы-кешкі уақыттарда ұзын сонар кептеліс пайда болып халық наразылығын тудыруда. Бүгінгі таңда Алматы-Талғар-Бәйдібек би жолы 2 жолақтыдан 4 жолақтыға өтуді қажет етеді. Әр жолаққа 3.75,  яғни, 15 метрді қажет етеді. Талғар ауданы әкімінің атынан №86-14-11/72-и хаты 25.01.2023ж. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ АОФ директорына жолданды.

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА: 17 сұрақ. Талғар-Алматы бағытында электр пойызын жүргізу

Талғар-Алматы бағытында электр пойызын жүргізу бойынша инвесторлар қарастырылуда.

 

ОРЫНДАЛУДА: 18 сұрақ. Жайлым жерлердің мәселесін шешу. Тапшылық

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі – 163,2 мың  га, оның  127,3 мың га жайылымдық алқап. Ауданның 127,4 мың гектар жайылымдық алқабы шалғайда болуына орай ауыл тұрғындарының жануарларын жайылыммен қамтамасыз ете алмауда. Осыған орай, ауыл тұрығындарының малдарына 68,1 мың гектар  жайылымға деген қажеттілік туындауда. Бүгінгі күнге қажетті деп саналған 68,1 мың гектар жайылымдық алқаптың 7,0 мың гектары меморандум арқылы қамтамасыз етілді (6,4 га ауыл шаруашылығы құрылымдарымен, 200 га Іле-алатау Ұлттық паркі арқылы, 400 га ауылдық әкімдіктер арқылы) немесе 10,3 %.  

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА: 19 сұрақ. Қарабұлақ ауылының мәдениет үйі бойынша

Қарабұлақ ауылдық клубы жекешелендірудің алғашқы толқыны кезінде сол жылдардағы ережелерге сәйкес сатылып кеткен.  Ауыл тұрғындары Қарабұлақ ауылдық клубын сату- сатып алу шартын жарамсыз деп тану, күшін жою және оны мемлекеттік меншікке қайтару туралы сотқа талап арызбен жүгінген болатын. Талғар аудандық сотының  11.10.2017 жылғы № 2-3509/2017 шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалды. Қазіргі таңда соттың бұл шешіміне ешкім наразылық білдірмеді және заңды күшіне енді.   2019 жылдың 27 желтоқсанында Талғар ауданының әкімдігі Талғар аудандық сотына мәдениет үйін мемлекеттік меншікке қайтару туралы талап арыз берді.   Дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталмауына байланысты талап арыз қайтарылды. Сот отырысына Колесникова және Панфилов ауылдық округінің басқа да белсенділері қатысты. Сот процесінде Б.Нұрқалиева клубқа құқықтар шарт негізінде пайда болғанын, ал сатушы Алматы облысы әкімдігінің коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру Департаменті (бұдан әрі – Департамент) болғандықтан, Шартта Тараптар өтініш беруші немесе Шарт жасасушы болуы тиіс екенін түсіндірді.   Бүгінгі күні аталған департаменттің жұмысының тоқтатылуына байланысты 23.01.2020 жылы Алматы облысы қаржы басқармасының (бұдан әрі – басқарма) басшысына  2.2.1-тармаққа сәйкес сатып алу – сату шарты және ғимараттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмауына байланысты Б.Нұрқалиевамен келіссөздер жүргізу жолымен немесе сот тәртібімен жергілікті халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін клубтың жұмысына көмек көрсету туралы өтініш хат жолданды.   2020 жылғы 17 ақпанда басқарма жоғарыда көрсетілген хатқа Департамент пен Б.Нұрқалиева аукциондық сауда – саттық арқылы сатылған 2003 жылғы 6 мамырдағы №46 сатып алу-сату шартын жасаған осы Шарт бойынша ешқандай нақты талаптар көзделмегендіктен, басқарманың оны мемлекет меншігіне қайтаруға мүмкіндігі жоқ деп жауап берді.  Қарабұлақ ауылында 5000-ға жуық халық тұрады. Сондықтан ол жерге норматив бойынша мәдениет үйі қажет. Оған қазіргі таңда жер телімі жоқ. Жер телімі қарастырылғаннан кейін мәдениет үйі салынады.                        

 

ОРЫНДАЛДЫ: 20 сұрақ. Зират мәселесі                                                           Қарабұлақ ауылындағы мұсылман зираты іс жүзінде Тонкерис автожолының бойында орналасқан. Бұл зираттың аумағы елді мекеннің шегіне және Қарабаулақ ауылының  жоспарлау жобасының шекарасына кірмейді. Бүгінгі күні осы зиратқа аумағы 4,0000 га жерге, округ әкімінің 19 сәуір 2022 жылғы  № 198 өкімі шыққан,  нысаналы мақсаты «зиратқа қызмет көрсету»  және кадастрлық нөмірі 03-051-200-2413 жер учаскесіне акт дайындалды, аталған жер учаскесі жергілікті атқарушы органның балансында.

ОРЫНДАЛУДА: 21 сұрақ. Қоғамдық көлік

Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, Алматы қаласынан 50 км радиустағы жолаушылар тасымалы Алматы қаласы қалалық мобильдік басқармасының құзыретіне кіреді.

          Алматы қаласынан Талғар ауданының ауылдарына 12 автобус маршруты халықты тасмалдайды. Алайда, бүгінгі күнге дейін шешілмеген кейбір мәселелер бар.

          Алматы қаласы әкімінің орынбасарына келесі бағыттардың ашылуын сұрап хат жолданды:

  1. Алматы қ. – с. Даулет;

  2. Алматы қ. – Көктал ауылы;

  3. Алматы қ. - Қайнар-Тереңқара-Төңкеріс-Жалқамыс-Еламан;

  4. Алматы қ.-Нұра ауылы - Туғанбай ауылы - Өстемір ауылы.

  5. Алматы – Қарабұлақ 203 маршрутты ұзарту.

          Алайда жылжымалы құрамның жоқтығына сілтеме жасап, нәтиже шықпады.

Сол себепті ауданаралық автобус маршруттарын ашу үшін Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 21.12.22 жылы №86-14-10/1449-и хаты жолданды.

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА: 22 сұрақ. Көшелерді жөндеу

2022 жылы жылы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту ауылы Жастар  көшесіне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстарына 55,9 млн.т. бөлінді, 2,1 км. жол жөнделді.

2023 жылы Панфилов а/о Қарабұлақ ауылы Школьная көшесіне орташа жөндеу жұмысы жоспарланып отыр.

Жайлау көшесі(450 м), Волков(700 м) Аркабай ауылы Л. Хамиди көшесі(580 м), Жетісу (840 м) Панфилов ауылы Мәметов көшесі (560 м), Молдағұлов(440 м)Каменное үстірті ауылы 6 көшені жөндеу жұмыстары жоспарға енгізілді.

 

ОРЫНДАЛУДА: 23 сұрақ. Көлік жуу бекеттерінің жұмысы бойынша. Суларды қайта сумен жабдықтау.

Көлік жуу бекеттерінің жұмысы бойынша ШЖҚ «Талғар су» МКК-ны тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Пайдаланылған суды қайта өңдеп, қолдану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА: 24 сұрақ. Пәтер заңдастыру мәселесі.

  1. Бүгінгі таңда пәтердің қалдық құны 5 402 878,65 (бес миллион төрт жүз екі мың сегіз жүз жетпіс сегіз теңге алпыс бес тиын) теңгені құрайды. Қалдық құны ғимараттың (тұрғын үйдің) амортизациясына байланысты жылдар бойынша азаяды.

Бұдан басқа, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру қағидаларының 23-бабына сәйкес-тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үй құнын он жылға дейінгі мерзімге бөліп төлей алады. Бастапқы жарна сомасы 1 929 599,52 (бір миллион тоғыз жүз жиырма тоғыз мың бес жүз тоқсан тоғыз теңге елу екі тиын)құрайды

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА: 25 сұрақ. Көп балалы аналарға қоғамдық көлікке жеңілдіктер беру

Көп балалы аналарға қоғамдық көлікке жеңілдіктер қарастыру бойынша аудан әкімі атына Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша қызметтік хат жолданды. 

Қоғамдық көлікке жеңілдіктер беру бойынша Республикалық деңгейде заң жобасы қарастырылуда.

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА: 26 сұрақ. Көп балалы аналарға демалуға жолдама беру

Ауданда 2022 жылдың 20 желтоқсандағы № 12-650 қаулысына сәйкес «Жанұя» отбасын қолдау коммуналдық мемлекеттік мекемесін ашылу жоспарлануда.

 

ОРЫНДАЛДЫ:  27  сұрақ   Көп балалы аналарға көмек

           «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы   2015 жылдың 28 қарашасындағы №369-V» Заңына және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы  «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес тағайындалып төленеді.  2023 жылдың I – тоқсанына кедейлік шегі 32099 теңгені құрайды. А.Дерімсалиеваға ағымдағы жылдың 1 тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек 242895 теңге (ай сайын 80965 теңге) тағайындалды.

 

28 сұрақ. Жергілікті атқарушы органдардың сот шешімін орындамауы (54 га земли Мукушев А.) (ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА)

 

 

ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА: 29 сұрақ. Мектептерде мүгедектер үшін ерекше жағдайлар жасау.

Аудан бойынша 43 орта мектеп жұмыс жасайды. Мүмкіндігі шектеул азаматтар үшін 38 мектепте пандустар орнатылған. 2022 жылы 4 орта мектепке 4 мектепке 5 пандус (№23-1, 35 -2,17 -1,33-1) жасалды.                  ТОО «Строй групп ВSS» - 4 млн 435 мың, ИП «Дамир» -  1 млн 485 мыңға пандус жасау жұмыстарын жүргізді. 2023 жылға 25 мектепке тактильді жолақтар, 10 мектепке Брайл шрифтін орнатуға облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

 

30 сұрақ. «Хайат» құрылыс салушы тұрғын үй құрылысында нормаларын сақтамайды(ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА)

 

ОРЫНДАЛДЫ: 31 сұрақ. Талғар ауданы блогерлерінің құқықтық өрісі шеңберінде жазалау мәселесі (Kris_p_talgar).

Kris_p_talgar_ блогерлерін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жергілікті атқарушы органның құзыретіне кірмейді. 

Аудан әкімдігінің құзыреті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"ҚР Заңымен айқындалған.                                                                             Ж. Третьяк бұзылған құқықтарды қорғау үшін ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабына сәйкес сот органдарына жүгінуге құқылы.

32 сұрақ  Талғар ауданының саяжай массивтерінің мәртебесі. (ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА)

 

Дата публикации
23 января 2023
Дата обновления
23 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы