Сұрақтарын қойған 28 тұрғын жалпы 43 сұрақ көтерді. Жоспарға сәйкес көтерілген мәселелер бойынша ауданымызда тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні жалпы көтерілген сұрақтардың 18 орындалды,
22 жұмыс барысында.
Бүгінгі күнге, 40 тапсырманың:
17-і –орындалды 2 (1,3), 3,8,9,10 (1,2),12, 13, 15,18,19 (1,2),22(1),26,29,30сұрақ
26-і – орындалуда 1,2(2,4),3,4,5,6,7,11,13 (2,3),14 (1,2,3,4),16, 17,20 (1,2),21,22 (2), 23,24,25,27,28, сұрақтар);
ОРЫНДАЛДЫ: 2 сұрақ. 1.Қеңдала ауылыңдағы медпункт бойынша
2022 жылғы ақпан айынан Ақдала медпункті ең жақын орналаскан Қызыл Кайрат ауылдық емханасына көшірілді, халыққа медициналық қызмет көрсету толығымен атқарылып жатыр: скрининг, медициналық қарау, шұғыл көмек көрсету, екпе жоспарлары орындалуда. 2023 жылы медпункт модульдік блоктік кешен түрінде орнатылады.
Қеңдала ауылыңдағы жол бойынша
Қеңдала ауылдық округінде 91 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 38,11 км., оның: 12,66 км. - асфальт қабатымен, 25,45 км. - тас құм қабатымен. Ағымдағы жылы Кеңдала ауылынан Алматы көшесіне орташа жөндеу жұмыстары, Отырар, Райымбек, Береке көшелеріне маршруттық әдіспен ағымды жөндеу жұмыстарына 151 млн.теңге бөлініп, 3,3 км жол жөнделді. Сонымен қатар, Еңбекші, Ақдала, Кеңдала ауылдарының жаңақұрлыс көшелеріне ағымды жөндеу жүргізуге 173 млн. теңгеге 14.10.2022ж. шығыс 86-14-11/1185-и хатымен Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджетік өтінім берілді.
ОРЫНДАЛДЫ: 3 сұрақ. 12 ауылдық елдімекенді автобуспен қамтамасыз етуі
Аудан бойынша барлығы 11 дана ауданішілік автобус маршруты бар. Тасымалдау қызметін «Тұлпар Экспресс» ЖК жүргізеді. Автобустардың саны 38 дананы құрайды, автопаркті жаңарту 2005 жылы жүргізілген. 28.07.2021 жылы Алматы облысы Мәслихатының №7-46 шешімімен Талғар ауданының ауылішілік, ауданішілік автобус маршрутты әлеуметтік маңызы бар деп танылды. Ауылішілік, ауданішілік автобус маршруттары субсидияны қажет етеді. Бүгінгі таңда 100 млн. теңге бөлінді. Тамыз айында Талғар ауданы әкімдігінің «Кентішілік және ауданішілік автобус қатынастарына деференциалдық тарифті орнату туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді. Бүгінгі күні 1, 2, 4, 7, 8, 215, 218 автобус бағыттары кестеге сәйкес жұмыс істейді.
ОРЫНДАЛДЫ: 8 сұрақ. Гүлдала ауылында әуежай шекарасына жақын орналасқан үйлерді заңдастыру бойынша
Гүлдала ауылының нақты жоспарлау жобасына сәйкес Алматы қаласының халықаралық әуежайының ұшып қону жолағынан 500 метр санитарлық қорғау аумағы бекітілген. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 58 бабына сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағында оның параметрлерi мен кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, тұрғын үйлердi, бiлiм беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерiн, спорт-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға бау-бақшаға арналған жер учаскелерiн орналастыруды қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерiн өндіруге жол берiлмейдi.Қазақстан Республикасының Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 6-шы және 7-ші тармақшасына сәйкес «Елдi мекендердiң аумақтарын дамыту және оларға қала құрылысының бекiтiлген жобалары негiзiнде жүзеге асырылады» және «Жер учаскелері құрылыс жүргізу үшін берілген кезде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу, қала құрылысы аймақтарына бөлу жобаларының, сондай-ақ Қағидалардың негізінде белгіленеді.Аталған заң талаптарына сәйкес санитарлық қорғау аумағында орналасқан жер учаскелеріне сәулет жоспарлау тапсырмасын беруге тыйым салынады.
ОРЫНДАЛДЫ: 9 сұрақ. Дәрі-дәрмек жетіспейді. Аурухананы жекешелендіру дұрыс емес. Дәрігерлер дұрыс көмек көрсетпейді.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ДСМ бекітілген нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.Бірақ кез-келген жұмыс сияқты, белгілі логистика мәселесі де бар. ИСЛО бойынша науқастар келип дәрі-дәрмектерді алып жатыр. Р. Мусаров қант диабеті бойынша есепте тұр, сондай-ақ оның ұлы Р.Р. Курванжанов есепте тұр.Қажетті дәрілері алды.
ОРЫНДАЛДЫ: 10 сұрақ. Балалар ойнайтын алаң жоқ. Жол нашар. Жолдың жоқтығынан балаларымыздың аяқтары балшыққа батып, мектепке әрең барады?
1.Қайнар ауылдық округі әкімдігімен Еламан, Көктал, Қайнар, Жалғамыс, Айғаным ауылдарына балалар алаңын салуға 26 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.
2022 жылы Қайнар ауылдық округі бойынша барлығы 9,1 км жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 230,3 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жасалды.
Айғаным ықшамауданы Маметова көшесінің 1,6 км жолының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 58,6 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жасалды.
ОРЫНДАЛДЫ: 12 сұрақ. Бейітке жер бөліп беруді сұрады
Белбұлақ ауылдық округіне қарасты Белбұлақ ауылында 05.03.2019 жылы Талғар ауданының әкімдігімен қаулымен Белбұлақ ауылында көлемі 24,2200 га «Бейітке қызмет көрсету үшін» жер телімі берілген. 2019 жылы кадастрлық мемлекеттік актісі алынған. Зиратта жерлеуге арналған орындар әлі де жеткілікті.
ОРЫНДАЛДЫ: 13 сұрақ . Адрестік түзету, мемлекеттік акт, үй заңдастыру кезінде құжаттар ұзақ қаралады
Сәулет жоспарлау тапсырмасы және эскиздік жобаны келісуден өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген тәртіппен қаралады. Сәулет жоспарлау тапсырмасын қарау мерзімі 6 жұмыс күні, эскиздік жобаны келісуден өткізу мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес қаралады және жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру қарау мерзімі 6 жұмыс күнін құрайды.
ОРЫНДАЛДЫ: 15 сұрақ. Тұрғын үй мәселесі
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-1-бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен қоса берілген кезден бастап, тіркеу тәртібімен белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. Азамат С.Бижановқа түсіндірілді.
ОРЫНДАЛДЫ: 18 сұрақ Талғар қаласы Садовая көшесіндегі заңсыз құрылыс мәселесі
Т.В. Шевченконың Алматы облысы әкімінің сайтына 12.11.2019 жылы келіп түскен шағымы бойынша Талғар ауданы, Талғар қаласы, Тұяқбаев көшесі 3 (бұрынғы Садовая) мекен-жайы бойынша орналасқан «Халыққа қызмет көрсетуге арналған көпфункционалды ғимарат» объектісіне қатысты, нысаналы мақсаты – объектіге (ғимаратқа) қызмет көрсету және салу үшін, кадастрлық нөмірі: 03-057-015-1694 «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-сі, (бұдан әрі - Басқарма) 21.11.2019 жылы жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында объектінің меншік иесі Е.С. Чендева аталған жер учаскесін 2007 жылғы 15 мамырдағы сатып алу-сату шарты негізінде ауданы 0,0810 га жер учаскесімен тұрғын үйді сатып алғандығы анықталған.
Талғар қаласы әкімінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі №4-181ө өкімімен жер учаскесінің нысаналы мақсаты «тұрғын үйге қызмет көрсетуден» «объектіге (ғимаратқа) қызмет көрсету және салу үшін» ауданы 0,0400 га болып өзгертілген. Сонымен қатар, "Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-мен Е.С. Чендеваға 27.03.2019 жылғы №KZ50VUA00068631 "Халыққа қызмет көрсетуге арналған көпфункционалды ғимарат" объектісін жобалауға сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) беріліп, эскиздік жобасы келісілген.
Сондай-ақ, объектідегі құрылыс-монтаждау жұмыстары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-2-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы, 3-тармақшасы және 68-бабы 12-тармағы нормаларының талаптарын бұза отырып, уәкілетті органға тиісті хабарлануынсыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз және жобалау-сметалық құжаттамасыз жүргізілгендігі анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнама нормаларының талаптарын сақтамағаны үшін Е. С. Чендева Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 316 бабының 1-тармағы (белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізілмеген жобалау-сметалық құжаттамасыз объектілерді салу) 321-бап (құрылысты техникалық және авторлық қадағалаусыз жүзеге асыру), 463-бабының 1-тармағы (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ іс-әрекеттерді тиісті тіркеусіз, хабарлама жіберусіз жүзеге асыру,) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған бұзушылықтарды жою үшін сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының 25.12.2019 ж. №208 жобаға сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажеттілігі авторлық және техникалық қадағалау мамандарын тарту және мердігерлік ұйыммен шарт жасасу және хабарлама жіберу туралы ұйғарымы берілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабының 1-бөлігі, 321-бабы бойынша әкімшілік хаттаманы қарау барысында Е.С. Чендева кінәсін мойындап, айыппұл түріндегі салынған әкімшілік жазаны қысқартылған өндіріс тәртібімен төледі.
Сонымен қатар, Алматы облысы Талғар аудандық сотының 26.12.2019 жылғы қаулысымен жауапкер ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Бұдан әрі объектінің меншік иесі Е.С. Чендевамен ұйғарымда көрсетілген бұзушылықтардың жойылмауына байланысты МСҚБ басқармасымен ҚР ӘҚБК 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Талғар ауданының сотына жолданды.
Талғар аудандық соты судьясының 2020 жылғы 30 наурыздағы №3-751/2020 қаулысымен Е.С. Чендеваны Кәсіпкерлік қызметін тоқтатпай 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен кінәлі деп таныды.
Сондай-ақ, Алматы облысының әкіміне Т.В. Шевченконың 2021 жылғы 14 қаңтардағы құрылыс салу шекарасын бұзғаны туралы шағымы бөлігінде Басқармасымен Талғар аудандық сотына Е. С. Чендеваға қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 244-бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес өз еркімен салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы 2021 жылғы 03 ақпандағы талап-арызға бастама жасалды.
Талғар аудандық сотының 2021 жылғы 23 маусымдағы № 2-642/21 шешімімен Басқарманың өз еркімен салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы талап арызынан бас тартылды.
Осыған байланысты Басқармамен Талғар аудандық сотының 2021 жылғы 23 маусымдағы № 2-642/21 шешіміне 2021 жылғы 19 шілдеде апелляциялық шағым берілді.
Алматы облыстық сотының 2021 жылғы 14 қазандағы ұйғарымымен Талғар аудандық сотының ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылып, аппеляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.
Кезінде Е.С. Чендевамен 11.06.2021 жылғы жұмыс өндірісінің басталғаны туралы №KZ84REA00226531 хабарлама берілген, алайда МСҚБ басқармасымен ЖСҚ, жобаның сараптамасы, авторлық және техникалық қадағалаумен және мердігерлік ұйыммен шарттардың болмауына байланысты хабарламаны қабылдаудан бас тартылды.
«Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен даулы жер учаскелеріне топотүсірілім жүргізілді, Е. С. Чендееваның құрылысынан Т. В. Шевченко жер учаскесінің межелік шекарасына дейінгі арақашықтық – 4,98 м құрайды, бұл ҚР ҚЖ 3.01-101-2013 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу» нормаларына сәйкес келеді, Т. В. Шевченко үйінен салынып жатқан Е. С. Чендеева ғимаратына дейінгі қашықтық 31,94 м құрайды.
Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімімен Сәулет-жоспарлау тапсырмасы беріліп, Е. С. Чендеваның эскиздік жобасы келісілді.
Басқарма тарапына Е.С. Чендевадан 13.04.2022 жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы №KZ56REA00270006 хабарлама келіп түсті.
ОРЫНДАЛДЫ: 19 сұрақ 1. №8 мектепке 5 класстан бастап қабылдамайды.
Артспорт қаражат бөлу мәселесі
1.Талғар қаласындағы орналасқан №8 мектеп облыстық білім басқармасына қарасты. Гимназия оқушыларды арнайы емтихан негізінде қабылдап, 5-11 сыныптардағы дарынды балаларды оқытуы тиіс. Алайда оқушы орны жетіспеушілігі салдарынан 2022-2023 оқу жылына дейін бастауыш сынып оқушыларын да оқытып келді. Талғар қаласында 1200 орындық жаңа мектеп салынғандықтан, ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап Талғар қаласында Облыстық Ю.Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №8 арнаулы гимназиясы бастауыш сыныптарды қабылдамайды. Гимназия оқушыларды арнайы емтихан негізінде 5-11 сыныптардағы дарынды балаларды қабылдайды.
2022 жылға бекітілген бюджетте шығармашылық үйірмелерге 2 млрд. 400 мл. теңге бөлінді. Кәсіпкерлер санының күрт көбеюі салдарынан аталған қаражат «Артспорт» бағдарламасы арқылы жұмыс жасаған жеке кәсіпкерлердің қаңтар және ақпан айларының төлемдеріне ғана жетті. Мамыр айының мәслихаты өткенге дейін кәсіпкерлерге ақша төлеу уақытша тоқтап қалды. Мамыр айында өткен облыстық мәслихат шешімі негізінде жергілікті бюджеттен қосымша 4 млрд. 500 млн. тг. бөлінді, ол қаражат кәсіпкерлерге наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларына төленді. Тамыз айында өткен облыстық мәслихат шешімі негізінде 1 млрд. 140 млн. тг. бөлініп, барлық 149 кәсіпкерлердің шілде, тамыз айларының жалақылары төленді. 2022 жылдың соңына дейін берешекті өтеу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне 1 млрд. 596 млн. 461 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Сондай-ақ облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жергілікті бюджеттен 1 млрд. 596 млн. 461 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Қаржы бөлінген бетте кәсіпкерлерге жыл аяғына дейінгі жалақылары толық төленеді.
ОРЫНДАЛДЫ: 22 сұрақ Көшелерді асфальттау
Алатау ауылдық округінде 151 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы-69,3 км, оның ішінде: 33 км - асфальт, 36,2 км. - қиыршық тас жолы.
2021 жылы Алатау ауылдық округінің Қызылқайрат ауылындағы Астана көшесін ағымдағы жөндеуге (қиыршық тас төсеу) 22,4 млн.теңге бөлініп, 2 км жол жөнделді.
2022 жылы Алатау ауылдық округінің Рысқұлов ауылындағы Бокин көшесі мен Қызылқайрат ауылындағы Теміров көшесіне орташа жөндеуге 99,3 млн.теңге бөлініп, 2,6 км жол жөнделді.
Қызыл-қайрат ауылының Жаханова, Розыбакиева, Жандосова, Хасанова және Рысқұлов ауылы Пушкина, Тауке хан көшелерін маршруттық тәсілмен ағымдағы жөндеу, Овражная көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Қосымша: Алатау ауылдық округі Рысқұлов ауылы Гагарина, Береке ауылы Жандосова, Қызыл-қайрат ауылы Момышұлы, Алмалық ауылы Набережная көшелеріне орташа жөндеуге 253 млн.теңге, Қызылқайрат ауылы, Жандосов, Аманжолова, Сатбаева және Қожабеков көшелерін маршруттық тәсілмен ағымдағы жөндеуге 3 шақырым жолға 78 млн. теңге, Рысқұлов, Алмалық, Қызыл-қайрат ауылдарының көшелеріне қиыршық тас төсеуге 286,9 млн. теңгеге 14.10.2022ж. шығыс 86-14-11/1185-и хатымен «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына» бюджеттік өтінім берілді.
ОРЫНДАЛДЫ: 26 сұрақ 1 Жол және электр бағаналын ауыстыру.
Талғар қаласында 407 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 172,08 км., оның: 112,63 км.- асфальт қабатымен 59,45 км - тас құм қабатымен. Талғар қаласы Пушкина көшесіне орташа жөндеу, Әл-Фараби, Жубанова, Леонова, Шакарим, Абылай хан, Шолохова, Весеняя, Суворова, Бакинский, Ашхабадский, Парковая көшелеріне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді және жаңақұрлыс №4,5,5/1,6,7, Иссыкская көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстарымен қоса барлығы 291,6 млн.т. қарастырылып, 15,4 км жол жөнделді.
ОРЫНДАЛДЫ: 29 сұрақ. Тар көшелер мәселесі
Талғар қаласында 407 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 172,08 км., оның: 112,63 км.- асфальт қабатымен 59,45 км - тас құм қабатымен. 2022 ж. Талғар қаласы Пушкина көшесіне орташа жөндеу, Әл-Фараби, Жубанова, Леонова, Шакарим, Абылай хан, Шолохова, Весеняя, Суворова, Бакинский, Ашхабадский, Парковая көшелеріне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді және жаңақұрлыс №4,5,5/1,6,7, Иссыкская көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстарымен қоса барлығы 291,6 млн.т. қарастырылып, 15,4 км жол жөнделді. Көшелердің жөндеу жұмыстары техникалық құжаттамаларға сәйкес жолдың кең немесе тар болуына қарай ескеріліп стандартты жасалынады. Жолдардың жөндеу жұмыстары жіті тексеріліп, бақылауда ұсталынады.
ОРЫНДАЛДЫ: 30 сұрақ Гүлдала ауылында әуежай шекарасына жақын орналасақан үйлерді заңдастыру бойынша.
Гүлдала ауылының нақты жоспарлау жобасына сәйкес Алматы қаласының халықаралық әуежайының ұшып қону жолағынан 500 метр санитарлық қорғау аумағы бекітілген.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 58 бабына сәйкес санитариялық-қорғаныш аймағында оның параметрлерi мен кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан, тұрғын үйлердi, бiлiм беру ұйымдарын, денсаулық сақтау және демалыс мекемелерiн, спорт-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға бау-бақшаға арналған жер учаскелерiн орналастыруды қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерiн өндіруге жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 6-шы және 7-ші тармақшасына сәйкес «Елдiмекендердiң аумақтарын дамыту және оларға қала құрылысының бекiтiлген жобалары негiзiнде жүзеге асырылады» және жер учаскелері құрылыс жүргізу үшін берілген кезде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу, қала құрылысы аймақтарына бөлу жобаларының, сондай-ақ Қағидалардың негізінде белгіленеді.
Аталған заң талаптарына сәйкес санитарлық қорғау аумағында орналасқан жер учаскелеріне сәулет жоспарлау тапсырмасын беруге тыйым салынады.
ОРЫНДАЛУДА: 1 сұрақ. 1. Тұздыбастау ауылында жаңа шағын аудандардың пайда болуына байланысты мектеп жасындағы балалардың саны жыл сайын өсіп келеді, жаңа мектеп салу қажет.
Тұздыбастау ауылында жазғы уақытта судың қысымы және сапасы төмен.
Талғар ауданының саяжай массивтерінің мәртебесі
1.Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында 2000 орындық жаңа мектеп құрылысын салу «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2024 жылдарға жоспарланды.
Талғар топтық су ағарына 6 іске қосу кешені Бесағаш ауылының (шығыс бөлігі), Тұздыбастау ауылының (Айсұлу, Тұздыбастау ы/а) сумен жабдықтау жүйесін қосу жобасы іске асырылуда. Магистральдық желінің ұзындығы – 3,8 км. құбырлардың диаметрі – 200 мм, кентішілік желілер – 10,7 км. диаметрі -110 мм. Нысан аяқталу сатысында. Пайдалануға берілген мерзімі 2022 жылдың 29 желтоқсаны. Жоба құны 428,6 млн. теңге. Мердігер ұйым – «Көлсайстрой» ЖШС.Осыған қосымша 2022 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, Тұздыбастау ауылының 127 шақырым су желісін жаңғыртуға және салуға жоба әзірлеуге бюджеттік өтінім берілді. 2023 жылға ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу жүйесінде конкурс жарияланды.
Алматы облысы әкімінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша Талғар ауданының саяжай алаптары үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу туралы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында «Талғар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бау-бақша алқаптарын дамыту бойынша жоспар әзірленіп, бастапқы материалдар жиналды, Талғар ауданының саяжай алқаптарын елді мекен шегіне қосу мақсатында қала құрылысы құжатын кезең-кезеңмен әзірлеу үшін «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ талдау жүргізіліп, өтінім жіберілді.
Талғар ауданы аумағында 152 саяжай қоғамдастығы бар. Саяжай қоғамдастықтарының аумағында 9642 үй салынған, онда шамамен 29,1 мың адам тұрады (тұрақты тұратындар - 3212, уақытша тұратындар-25888 адам).
152 саяжай алаптарының ішінде: 12 саяжай алаптарының қала құрылысы құжаттамасы әзірленген және бекітілген Елді мекен шегінде орналасқан, елдімекенге 113 қоғамдастықты қосу мүмкіндігі бар, қалған 27 саяжай алаптарының елді мекен шекарасынан алыс орналасуына байланысты елді мекенге қосу мүмкіндігі жоқ.
Елдімекендерге қосылуы керек саяжай массивтері.
1 кезең бойынша:
Елдімекендердің бас жоспарына кіретін саяжай алқаптарын аумақтарды дамыту және ауылдық елді мекенге құқықтық мәртебе беру бағдарламасына енгізу мәселесін қарау қажет. Елді мекен шегінде орналасқан 12 саяжай алабының жалпы ауданы 98,6 га құрайды.
2 кезең бойынша:
113 саяжай алабы бойынша іргелес саяжай массивтерін кейіннен елді мекендерге қосу үшін жұмыстар жүргізу қажет. Қосылатын саяжай алаптарының жалпы ауданы 951,19 га құрайды.
Саяжай алқаптарымен шектес елді мекендердің шекарасын кеңейтуді ескере отырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге буджеттік ақша қаражатын бөлу қажет.
3 кезең бойынша:
Жалпы ауданы 340,34 га болатын шалғай саяжай алаптарын түгендеу жоспарланған.
ОРЫНДАЛУДА: 2 сұрақ Қеңдала ауылы ауыз су, жарық жоқ.
2.2022 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, Ақдала ауылының 15 шақырым су желісін жаңғыртуға және салуға жоба әзірлеуге бюджеттік өтінім берілді. Жұмыстардың құны 17,5 млн. теңге.
Ағымдағы жылы «Талғар ауданы Кеңдала ауылының жаңа құрылыстарының электр беру желілерінің құрылысы» жобасы әзірленуде. Жобалау-сметалық құжатты әзірлеу сомасы 10 млн.теңге. Жобалаушы ұйым ұйым «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-і. Сонымен қатар ағымдағы жылы Ақдала ауылын электр қуатымен қамтамасыз етіп тұрған қуаты 250 кВа болатын трансформаторлық қосалқы станцияны қуаты 400 кВа болатын трансформаторға ауыстыру қарастырылған. Жұмыстарын 2022 жылдың 13 желтоқсанына аяқтау жоспарланып отыр. Тапсырыс беруші «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі. Мердігер ұйым – «Аламан-Н» ЖШС.
ОРЫНДАЛУДА: 3 сұрақ. Талғар қаласындағы ауыз судың сапасы нашар
Қазіргі уақытта Талғар қаласын сумен жабдықтау мәселесі өткір тұр. Қолданыстағы сумен жабдықтау желілері 1960-1970 жылдары салынған, содан кейін су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізілген жоқ. Осыған байланысты, осы мәселені шешу үшін ағымдағы жылы «Талғар қаласының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу» жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу бойынша жұмыстар басталатын болады. Осы мақсатқа ағымдағы жылы бюджеттен 25 млн.теңге бөлінді. Жобамен 235 км қалаішілік су құбыры желісін қайта жаңарту және салу көзделген.Тапсырыс беруші «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі. Жобалаушы мекеме «Ж.Р. Жәнекенов атындағы жобалау институты». Жобалау жұмыстарын 2023 жылдың желтоқсан айына аяқтау жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары ЖСҚ әзірлеу аяқталғаннан кейін және қаражаттың бөлінуіне қарай жүргізілетін болады.
ОРЫНДАЛУДА: 4 сұрақ Барлық жекешелендіріліп кеткен мекемелер мемлекет меншігіне қайта берілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларына сәйкес Талғар ауданында 4 кәсіпорынды сауда-саттық арқылы сатылды.
"Kaztal Saulet" ЖШС 08.11.2016 ж. №2 сатып алу шартына сәйкес жеке тұлға Уали Азат Аубакирұлы электрондық сауда арқылы іске асырылды. Сату құны 240 мың теңге.
"Таза-Талғар" ЖШС жеке тұлға Бегиимов Өміртай Тұрғанұлына электрондық сауда арқылы 30.12.2016 ж. №1 сатып алу шартына сәйкес жүзеге асырылды. Сату құны 51 мың теңге.
"Сәулет" МКҚК жеке тұлға Бурабаев Тұрсынбек Белсариевичке электрондық сауда арқылы 14.07.2017 ж. №1 сатып алу шартына сәйкес жүзеге асырылды. Сату құны 10 500 мың теңге
"Талғар газеті" ЖШС жеке тұлға Сыдықов Тұрлыбек Мұсабекұлы электрондық сауда арқылы 23.07.2021 ж. №28167-ЭСА сатып алу шартына сәйкес жүзеге асырылды. Сату құны 4000 мың теңге
Бүгінгі күні, Алматы облысының прокуратурасы объектілерді жекешелендіруді жүргізудің заңдылығы мәселесі бойынша 1990 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысы бойынша жекешелендірілген объектілерге талдау жүргізуде.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментіне соңғы 10 жыл ішінде жеке қолға және сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша мәліметтер жолданды.
ОРЫНДАЛУДА: 5 сұрақ Суару каналдарын жөндеу қажет.
2020-2021 жылдары Алматы облысы құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша облыстық бюджеттен 93,8 млн.теңге бөлініп «Талғар ауданының суару жүйелерін қайта жаңғырту» жобасы әзірленді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сомасы - 11,8 млрд.теңге. Мемлекеттік сараптама қорытындысы 26.02.2021 жылы алынған. Барлық реконструкцияланатын арналардың ұзындығы 403,8 км құрайды. Нәтижесінде пайдаланылмайтын 5961 гектар суармалы жерлер қалпына келтіріледі. Ағымдағы жылы 4 қарашада ҚР ЭГТРМ № 06-43/3327-И хатпен аталған жобаны 2023-2025 жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыруға өтінім жолданды.
ОРЫНДАЛУДА: 6 сұрақ Алмалық ауылындағы №18 мектеп апаттық жағдайда? Қашан жаңа мектеп салынады?
Мектепке тасымалдау ұйымдастырылған. Алмалық ауылында 320 орындық, бейімделген ғимаратта орналасқан, №18 орта мектеп жұмыс істейді. Онда 344 оқушы оқиды. Алмалық ауылында жер телімінің болмауына байланысты , 2-3 шақырым жерде орналасқан Байбұлақ ауылында 1200 орындық жаңа мектеп құрылысын салу «Жайлы мектеп» жобасымен 2024-2025 жылдарға жоспарланды. Байбұлақ ауылынан 56 оқушы Алмалық ауылындағы №18 мектепке тасымалданады.
ОРЫНДАЛУДА: 7 сұрақ Жарық жиі өшеді.
Ағымдағы жылы «Талғар ауданы Кеңдала ауылының жаңа құрылыстарының электр беру желілерінің құрылысы» жобасы әзірленуде. Жобалау-сметалық құжатты әзірлеу сомасы 10 млн.теңге. Тапсырыс беруші «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі. Жобалаушы ұйым ұйым «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-і. Жобаны аяқтау 2022 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.
ОРЫНДАЛУДА: 11 сұрақ Гулдала ауылында жаңа мектеп құрылысы қашан басталады.
Гүлдала ауылында 1176 орындық №21 орта мектеп жұмыс істейді. Онда 2190 оқушы 2 ауысымда оқиды. Гүлдала ауылында 900 орындық жаңа мектеп құрылысын салу «Жайлы мектеп» жобасымен 2024-2025 жылдарға жоспарланды.
ОРЫНДАЛУДА: 13 сұрақ 2. Айғаным ы/а мектеп жоқ
Орталық жолды сапалы жасау қажет
Талғар ауданы Қайнар ауылдық округіне қарасты «Айғаным» шағын ауданы және Жалқамыс ауылдарына әр қайсысы 600 орындық 2 жаңа мектеп құрылысын салу 2023-2024 жылдарға «Жайлы мектеп» жобасымен салуға жоспарланды.
«Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі орталық көшеге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізген. Кепіл бойынша мердігер мекеме ой шұңқырды жөндеу (ямочный ремонт) жұмыстарын жүргізеді.
Ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжат (ЖСҚ) жасалынады. ЖСҚ дайын болғаннан кейін 2023 жылға бюджеттік өтінім беріледі. Жөндеу жұмыстары аяқталғанан кейін «Ұлттық сапа орталығы жол активтері» мекемесімен жолдың сапасы толық тексерілетін болады.
ОРЫНДАЛУДА: 14 сұрақ Қайнар ауылдық округ
Мектеп жоқ
Алматы қаласына қатынайтын автобус қажет
Газдандыру
Жайылым жер жоқ.
Талғар ауданы Қайнар ауылдық округіне қарасты «Айғаным» шағын ауданы және Жалқамыс ауылдарына әр қайсысы 600 орындық 2 жаңа мектеп құрылысын салу 2023-2024 жылдарға «Жайлы мектеп» жобасымен салуға жоспарланды.
Қалалық автобустарға қатысты «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес елді мекенді 50 шақырымға дейінгі ұзақтықпен қала маңы аймағымен қосатын маршруттар бойынша тасымалдау Алматы қалалық мобильдік басқармасы құзіретінде. «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізеді.
18.01.2022 ж. № 86-52-15/25 автобус бағыттарының мәселесін шешуде Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Құсайыновқа келесі бағыттардың ашылуын сұрап хат жолданды: Алматы қ.–с. Даулет; Алматы–Көктал ауылы; Алматы қ.-Қайнар-Тереңқара-Төңкеріс-Жалқамыс-Еламан; Алматы қ.-Нұра ауылы-Туғанбай ауылы-Өстемір ауылы. Мәселе оң шешімін таппады, қала маңына қатынайтын жоғарыда көрсетілген 4 маршруттарды ашудан бас тартылды.
Алайда, қоғам белсендісі Оразбаев Ахмет Алматы қаласынан келетін Нұра –Туғанбай бағыты ашу бойынша сотқа шағым берді. Сот талап арызды қанағаттандырды 1 айдың ішінде Алматы қаласынан маршрут кіргізуге Алматы қаласының мобилді басқармасын міндеттеді. Қазіргі уақытта Алматы қаласының мобилді басқармасы автобус бағытын ашу үшін конкурс жариялады. Қазіргі уақытта, конкурс нәтижесі анықталмады.
Ағымдағы жылы «Қайнар ауылының жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы» жобасы, «ТеплоЭнергоСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымымен іске асырылуда. Тапсырыс беруші Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. Шарт 2022 жылғы 29 шілдеде жасалды. Жұмыс құны 112,8 млн.теңге. Нысанды 2022 жылғы қарашаның соңында іске қосу күтілуде.
Халықтың жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлерге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында
5 856,6 га меморандум жасалды, қосымша қажетті алаң 10 000,8 га құрайды. Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағына қосымша 200 га жайылымдық жерлер бөлінді. Талғар ауданы әкімдігімен аудан тұрғындарына қажетті жайылымдық жерлер бойынша бүгінгі күні 400 га жер қамтамасыз етілді. Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне ауданның пайдаланылмаған жайылымдық жерлері бойынша 15,4 мың га жерге түзету енгізу үшін материалдар берілді. Сондай-ақ, Талғар ауданының ауылдық округтерінің Әкімдіктерімен халықпен қоғамдық тыңдаулар өткізілді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю схемалары әзірленді. Бұдан әрі бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю схемасына сәйкес, әкімдік Талғар ауданының жер кадастры бөліміне ауыл округтері бойынша экспликация әзірлеуге, одан әрі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару бойынша әкімдіктің қаулысын қабылдауға өтінім береді.
ОРЫНДАЛУДА: 16 сұрақ №9 мектепке жөндеу жұмыстары, мектепте спорт зал жоқ, асхана жоқ, кітапхана жоқ.
№9 орта мектеп ғимараттың жобалық – сметалық құжаттарын даярлауға 13 млн 791 мың теңгеге «ДиасПроект» ЖШС –мен келісім шарт жасалды. ЖСҚ жасау барысында кітапхана, арнайы буфет қарастыру үшін ұсыныс жасалды. Жұмыстар жүргізілуде, аяқталу мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы. 2023 ж. мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 2,300 мың тг. қаражатқа Алматы облыстық білім басқармасына сұраныс жасалды.
ОРЫНДАЛУДА: 17 сұрақ Аудандық ХҚКО артындағы Мұратбаев көшесіне жөндеу жұмыстары қажет
Талғар қаласында 407 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 172,08 км., оның: 112,63 км.- асфальт қабатымен 59,45 км - тас құм қабатымен.Ағымдағы жылы Талғар қаласы Пушкина көшесіне орташа жөндеу, Әл-Фараби, Жубанова, Леонова, Шакарим, Абылай хан, Шолохова, Весеняя, Суворова, Бакинский, Ашхабадский, Парковая көшелеріне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді және жаңақұрлыс №4,5,5/1,6,7, Иссыкская көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстарымен қоса барлығы 291,6 млн.т. қарастырылып, 15,4 км жол жөнделді. Мұратбаева көшесіне тексеру жұмыстарын жүргізіп, ақаулы акті мен сметалық құнын есептеп, 2023 жылға жобалық-сметалық құжаттар даярлауға бюджеттік өтінім беріледі.
ОРЫНДАЛУДА: 20 сұрақ Тұздыбастауда 3 ауысымды мектеп бар, ЖСҚ-ға ақша бөлуіңізді сұраймыз. Электрэнергиясы жетіспейді,трансформаторларды жаңарту.
Тұздыбастау ауылында екі №13, №31 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. Мектептердің үшауысымда оқытылуына байланысты, 2000 орындық жаңа мектеп құрылысын салу «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2024 жылдарға жоспарланды.
2.Тұздыбастау ауылының электрмен жабдықтау желілерін қайта құру және салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім дайындалуда. Өтінім 2023 жылдың бекітілген бюджетіне 2022 жылдың 30 қарашасына дейін берілетін болады.
ОРЫНДАЛУДА: 21 сұрақ. Тұздыбастау ауылдық округінде су мәселесі, судың қысымы аз.
Талғар топтық суағарына 6 іске қосу кешені Бесағаш ауылының (шығыс бөлігі), Тұздыбастау ауылының (Айсұлу, Тұздыбастау ы/а) сумен жабдықтау жүйесін қосу жобасы іске асырылуда. Магистральдық желінің ұзындығы – 3,8 км. құбырлардың диаметрі – 200 мм, кентішілік желілер – 10,7 км. диаметрі-110 мм. Нысан аяқталу сатысында. Пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі - 2022 жылдың тамыз айы. Байқау 2021 жылдың шілдесінде жарияланды. Жоба құны 428,6 млн. теңге. Тапсырыс беруші «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі. Мердігер ұйым – «Көлсайстрой» ЖШС-і.
Осыған қосымша 2022 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысының
ОРЫНДАЛУДА: 22 сұрақ Көшелерде жарық жоқ, жарық бағаналарын ауыстыру
2019 жылдан бастап «Талғар ауданы бойынша көше жарығының құрылысы» жобасы жүзеге асырылуда. Тапсырыс беруші «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі. Мердігер ұйым – «Энергосервис» ЖШС. Жобаның құны-782 млн.теңге. Алатау ауылдық округінде келесі көшелерді жарықтандыру қарастырылған:
1) Алмалық ауылының Набережная көшесі, «Алматы-Талғар-Евгеньевка» а/ж Алмалық ауылына дейін.
2) Алтын Дән ауылы, Сәтпаев көшесі.
3) Береке ауылы, Мира көшесі.
4) Қызыл Қайрат ауылы, Жаханов көшесі.
5) Амангелді ауылы, Центральная көшесі.
6) Рысқұлов ауылы, Бокин көшесі.
7) Шымбұлақ ауылы, Центральная көшесі.
ОРЫНДАЛУДА: 23 сұрақ. Г.Асқарова Талғар қ. 1978 жылдан бері жер теліміне кезекте тұр
Талғар қаласы бойынша тұрғын үй салу үшін жер учаскесінің тізімінде болып 11.06.1998 жылдан бері № 59 болып тіркелген. Талғар қаласының Бас жоспарына сай тұрғын үй құрылысын салуға арналған дайын алаңдар бөлініп жатқан жоқ.
ОРЫНДАЛУДА: 24 сұрақ Артспортқа қаражат бөлу мәселесі.
2022 жылға бекітілген бюджетте шығармашылық үйірмелерге 2 млрд. 400 мл. теңге бөлінді. Кәсіпкерлер санының күрт көбеюі салдарынан аталған қаражат «Артспорт» бағдарламасы арқылы жұмыс жасаған жеке кәсіпкерлердің қаңтар және ақпан айларының төлемдеріне ғана жетті. Мамыр айының мәслихаты өткенге дейін кәсіпкерлерге ақша төлеу уақытша тоқтап қалды. Мамыр айында өткен облыстық мәслихат шешімі негізінде жергілікті бюджеттен қосымша 4 млрд. 500 млн. тг. бөлінді, ол қаражат кәсіпкерлерге наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларына төленді. Тамыз айында өткен облыстық мәслихат шешімі негізінде 1 млрд. 140 млн. тг. бөлініп, барлық 149 кәсіпкерлердің шілде, тамыз айларының жалақылары төленді.
2022 жылдың соңына дейін берешекті өтеу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне 1 млрд. 596 млн. 461 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Сондай-ақ облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жергілікті бюджеттен 1 млрд. 596 млн. 461 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Қаржы бөлінген бетте кәсіпкерлерге жыл аяғына дейінгі жалақылары толық төленеді
ОРЫНДАЛУДА: 25 сұрақ Панфилов ауылында бес жылдан бері ауыз су, жол және қураған ағаштарды кесу мәселесі
Панфилов ауылының сумен жабдықтау және су бұру жүйесі 1970-1975 жылдары салынған. Бүгінгі күні су құбыры желілерінің тозуы авариялық жағдайлардың және судың болмауының басты себебі болып табылады. Сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелері пайдалануға берілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін Панфилов ауылында (ХКК) жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Панфилов ауылының СНК учаскесінің сумен жабдықтау жүйесіне «Талғар су» ШЖҚ МКК қызмет көрсетеді. Суды үздіксіз беру Талғар ауданының ЭТА тарапынан электр энергиясымен қамтамасыз етуге де байланысты. СНК учаскесінің халқы электр сорғыларының көмегімен терең ұңғымалардан ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Электрмен жабдықтау қызметтерінің электр қуатын өшіруіне байланысты суды соратын сорғылар жұмыс істемейді, бұл сумен жабдықтауда үзілістер тудырады. Панфилов ауылын сумен жабдықтау мәселесін шешу үшін «Талғар ауданы Панфилов ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу» нысанына ЖСҚ әзірлеуге 35 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді. Жобалық ұйым «Aksu Building» ЖШС-і. Алайда, жобалаушы ұйым 2018 жылы ұйымды банкрот деп тану туралы сотқа талап арыз берді. Банкроттық рәсімін тоқтата тұру туралы сот шешімі бар. Жобаны іске асыру үшін жобалау жұмыстарын қайта бастау үшін 2022 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, Панфилов ауылының 75 шақырым су желісін жаңғыртуға және салуға жоба әзірлеуге бюджеттік өтінім берілді. Жұмыстардың құны 52,6 млн. теңге.2022 жылы жылы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту ауылы Жастар көшесіне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстарына 55,9 млн.теңге бөлініп, 2,1 км. жол жөнделді.
Қосымша: Панфилов а/о, Қарабұлақ ауылы Школьная көшесіне ораташа жөндеу жұмыстарына 145 млн.т., Арқабай ауылы Жайлау мен Волкова, Панфилов ауылынан Л.Хамиди,Жетису, Төңкеріс ауылы Титова, Отеген батыр көшелеріне маршруттық тәсілмен ағымды жөндеу жұмыстарына 43,5 млн.т., жаңақұрлыс көшелеріне қиыршық тас төсеуге жалпы ұзындығы 4,8 шақырым жолға 103,3 млн. теңгеге 14.10.2022ж. шығыс 86-14-11/1185-и хатымен «Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына» бюджеттік өтінім берілді.
ОРЫНДАЛУДА: 27 сұрақ. Талғар қаласыңда электр бағаналарын ауыстыру.
Талғар қаласы «Ауэзов» шағын ауданының электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі уақытта ЖСҚ бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде, қорытындысын алу 2022 жылдың 15 желтоқсанына жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 198 млн теңге. Электр желілірінің ұзындығы 10,4 км.
ОРЫНДАЛУДА: 28 сұрақ. Талғар қаласыңда газдандыру, жылу мәселесі
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шеңберінде Алматы облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы Талғар ауданында 30 блокты-модульді қазандықтың (бұдан әрі – БМҚ) құрылысы бойынша жоба әзірледі. Қазіргі уақытта МЖӘ бойынша барлық жобалар тоқтатылды және жобаларды қайта бастау мерзімдері анықталмаған. Осыған байланысты, бюджет қаражаты есебінен қазандықтарды орнату бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 2022 жылғы 23 мамырда және 2022 жылғы 21 шілдеде Алматы облысы мәслихатының кезекті сессиясына Талғар ауданының БМК 30 қондырғысының жобасын әзірлеуге бюджеттік өтінім ұсынылды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстарын бастауға 1,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жобалаушы мекеме «ПСКАльфа» ЖШС. Жобалау жұмыстарын маусым айына дейін жүргізу жоспарланып отыр.