2022 жылғы 05 тамызда облыс әкімініңРайымбекауданы халқымен кездесуі барысында 8 проблемалық мәселе көтерілген.
Ол мәселелердісапалы және уақтылы орындау үшін арнайы іс-қимыл жоспары бекітіліп, жауапты лауазымды тұлғалар белгіленіп, тиісті мекемелерге жолданған. Жоспарда нақты мерзімдер көрсетілген.
Бүгінгі күнге, 8 тапсырманың:
4-і –орындалды (1,4,6,8 сұрақ);
3-і – орындалу үстінде (3, 5, 7, 8 сұрақтар);
1-і–орындалмады. (2-ші сұрақ).
ОРЫНДАЛДЫ: 1 сұрақ. Райымбек ауданындағы Сарыжаз, Тегістік, Шәлкөде ауылдарында орналасқан апатты жағдайдағы мәдениет үйлерінің ғимараттарын қайта салу туралы
Казіргі таңда, Алматы облысының Құрылыс басқармасына аталған ауылдардан жаңа мәдениет үйлері ғимараттарын салу үшін ЖСҚ жасатуға 60,0 млн.теңге(бір мәдениет үйіне20 млн.теңге) бөлініп, ашық конкурс арқылы «Су құрылыс жоба» ЖШС-мен 2022-2023 жылдарға келісім шарт жасалды. Бүгінгі таңда мәдениет үйлеріне ЖСҚ жасалуда. Жобалау жұмыстары 2023 жылдың І-жартыжылдығында аяқталады деп жоспарлануда.
ОРЫНДАЛДЫ: 4 сұрақ. Райымбек ауданындағы Көкбел, ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары туралы
Көкбел ауылының ауыз су жүйесін салуға жалпы – 476,0 млн қаражат бөлінді. Биылғы жылға 50,0 млн.теңге 2022 жылдың 9 қыркүйек күні облыстық мәслихаттың №34157 шешімімен қаржы бөлінді. Екі жылдық өтпелі нысан, құрылысы 2023 жылы қазан айында аяқталады.
ОРЫНДАЛУЫ МҮМКІН ЕМЕС: 2 сұрақ. Байынқол өзені аңғарына және каналдарға сүзгі, тоспа жасау туралы
Райымбек ауданы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес «Гидротехника Жоба» ЖШС-нің Байынқол өзенінің бойынан тоспа (отстойник) салуға іздестіру -зеттеу жұмыстарын жүргізді. Зеттеу нәтижесінде тау өзенінің қатты тасыған кезінде тау жыныстарын ағызып, қуатты гидросоққылар болатындықтан қандай да бір құрылыс нысанын салу мүмкінгі болмайтындығы анықталды.
ОРЫНДАЛУДА: 3 сұрақ. Жамбыл және Тегістік ауылдық округтерінде жер асты суларының көтеріліп кетуіне байланысты құрғату жұмыстарын жүргізу үшін дренаж қазып беру туралы
Қазіргі уақытта Жамбыл, Тегістік ауылдарындағы судың деңгейі көтерілуіне байланысты, судың деңгейін түсіру үшін жобалық сметалық құжаттамасын жасауға 16,4 млн. теңге керек. Алматы облысы «Энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық» басқармасына 11.11.2022 жылы №83-08-27/ 217 санды бюджеттік өтінім беріліп, 2023 жылы қаражат қарастырылды. ЖСҚ жасау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған бағыттағы жұмыстар облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрақты бақылауында.
ОРЫНДАЛУДА: 4 сұрақ. Райымбек ауданындағы Тұзкөл, ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарына көмек көрсету бойынша.
Қарасаз ауылдық округіне қарасты Тұзкөл ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғыртуына 2021 жылы жобалық сметалық құжаттамасы жасалынған. Жоба құны 465,0 млн теңге. Мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Сараптама №18-0193/21 30.11.2021жылы шықты. 2023 жылы Алматы облысының «Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» арқылы республикалық бюджетке өтінім жолданды. 2023 жылдың ақпан айында қаражат беріледі деп күтілуде
Аталған бағыттағы жұмыстар облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрақты бақылауында.
ОРЫНДАЛУДА: 4 сұрақ. Райымбек ауданындағы Қаратоған ауылының ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстарына көмек көрсету бойынша.
Қаратоған ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары 2016 жылы басталып аяқсыз қалған. 2021 жылы жұмыстарын аяқтауға жобалық сметалық құжаттамасы жасалынып сараптамаға жіберілген. Алайда жасалған жұмыстардың толық көлемі нақты болмағандықтан сараптамадан теріс қорытынды алынды. 2022 жылы жергілікті бюджет есебінен 3 млн.тг қарастырылып, техникалық-аудиторлық қортынды алынды. Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. 2023 жылдың ақпан айының 15 де сараптама қортындысы алынады деп күтілуде. (Жобаның сараптамаға дейінгі сметалық құны 310 млн.тг)
ОРЫНДАЛУДА: 5 сұрақ. Нарынқол ауылынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға коммуналдық 30 тұрғын үй салып беру туралы.
Нарынқол ауылында 2022 жылы 30 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаттамасын жасатуға, Аудан тарапынан облыстық құрылыс басқармасына 21.07.2022ж №189 санды хатпен бюджеттік өтінім беріліп 28,7 млн.теңгеге 2023 жылы қаңтар айында берілді. ЖСҚ жасау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған бағыттағы жұмыстар құрылыс басқармасының тұрақты бақылауында.
ОРЫНДАЛДЫ: 6 сұрақ. Сүмбе, Қызылшекара, Текес, Тегістік, Қайнар және Шалкөде ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу туралы
Бүгінгі таңда Текес, Қызылшекара, Қайнар, Шәлкөде дәрігерлік амбулатория ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ (16,1 млн.теңге) жасатуға және Сүмбе ауылдық ауруханасынның ЖСҚ қайта есептеуге және мемлекеттік сараптамадавн өткізуге (ЖСҚ-5,0 млн.теңге, МС-2,0 млн. теңге) ағымдағы жылдың 06 қаңтар күні облыстық денсаулық сақтау басқармасынан №32-01-10/12-И санды хатына сәйкес 23,1 млн. теңге қаражат бөлінгені хабарланды. Мемлекеттік сатып алу порталына ақпан айының басында хабарлама беру жоспарлануда
ОРЫНДАЛУДА: 7 сұрақ. «Талас» өзеніне тоспа салу мәселесі туралы
Тоспа құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасына 72,0 млн.тенге бөлу жөнінде Алматы облысы «Ауылшаруашылығы басқармасыны» ММ-не2022 жылдың 17 тамыз күні №83-29/7-Вн санды хаты жолданды.Бірақта қазіргі уақытта қаражат бөлінбеді.
Көмірші өзенінен шығатын 10 шақырым ұзындығы бар ирригациялық жүйесін (лоток) салу туралы
Көмірші өзенінен шығатын 10 шақырым ұзындығы бар ирригациялық жүйесін (лоток) салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 5,0 млн. тенге бөлу жөнінде «Ауылшаруашылығы басқармасыны» ММ-не 2022 жылдың 17 тамыз күні №83-29/7-Вн санды хаты жолданды.Бірақта қазіргі уақытта қаражат бөлінбеді. Аудан көлемінде 6 тоспаның құрылысы жүруде Жалпы құны 10349 млрд.теңг. бюджет қаражаты шектеулі болғандықтан, Талас, Көмірші өзенінің арнасын жасау жұмыстарын кезең кезеңімен атқаруға жоспарланып отыр.
ОРЫНДАЛДЫ: 8 сұрақ. Жазғы және қысқы спорт түрлерін дамыту туралы
Сарыжаз ауылында қысқы спорт түрлері бойынша «Шаңғы базасы» орнын арнайы мамандар келіп белгіледі.Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиевтің Райымбек ауданының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес Райымбек ауданы Сарыжаз ауылында салуы жоспарланған «Шаңғы базасы» жер теліміне мемлекеттік акт шығару жұмыстарын бастау үшін Алматы облысының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-не 01.12.2022 жылы №83-08-10/871-И санды хаты жолданды. Қазіргі таңда жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстарымен ауданның «жер қатынастары» бөлімі мемлекеттік мекемесі айналысуда.