Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Райымбек ауданы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы (21.05.2022)

2022 жылғы 21 мамырда облыс әкімінің Райымбек ауданы халқымен кездесуі барысында 19 проблемалық мәселе көтерілген.

Ол мәселелердісапалы және уақтылы орындау үшін арнайы іс-қимыл жоспары бекітіліп, жауапты лауазымды тұлғалар белгіленіп, тиісті мекемелерге жолданған. Жоспарда нақты мерзімдер көрсетілген.

Бүгінгі күнге, 19 тапсырманың:

14-і –орындалды (1,2,3,4,5,6,8 сұрақ);

3-і – орындалу үстінде (7,10,11 сұрақтар);

2-і–мерзімі бар. (1, 4-ші тапсырма).

 

 ОРЫНДАЛДЫ: 1 сұрақ. Райымбек ауданындағы 3 тоспаға күрделі жөндеу жұмыстарының мәселесі. 13 ішкі шаруашылық, 8 магистральді каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу мәселесі.Республикадан – 1,0 млрд.тенге бөлінді. 2020 жылы облыстық бюджет есебінен «Алматы облысы Райымбек ауданының суару желілерін реконструкциялау» жұмыс жобасы әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың 21.05.2020 жылғы №18-0073/20 қорытындысы болып өткен. ҚР Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігіне 48,9 млрд.теңгеге  бюджеттік өтінім беріліп,мақұлданды. Оның ішінде Райымбек ауданына 8,428 млрд. теңге (2022 жылға – 1,0 млрд.теңге бөлінді).

 

ОРЫНДАЛДЫ: 2 сұрақ. Көлсайирригация су шаруашылығына бір экскаватор-погрузчик сатып алуға ықпал ету.

Техника сатып алуға  облыстық бюджеттен 778,0 млн.тенге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылы сәуір айында өткен мәслихат отырысында облыстық бюджеттен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және қажетті жөндеу жұмыстарын жедел жүргізу мақсатында 27 дана арнайы техника сатып алуға 778,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде «Көлсайирригация» МКК-на 1 экскаватор, 1 погрузчик, 1 жүк машинасын сатып алу қарастырылған. Қазіргі уақытта экскаватор-погрузчик сатып алынды.

 

ОРЫНДАЛДЫ: 3 сұрақ. Ауданда дәнді-дақылмен айналысатын шаруашылыққа бесінші сервистік дайындау орталығын құру, қажетті техника сатып алу туралы.

«Жетісу» ӘКК АҚ арқылы – 300 млн.тенге техника сатып алуға бөлінді. «Жетісу» ӘКК Алматы облысының өңірлік даму иституты АҚ-на сервистік дайындау орталығын құру бойынша 02.06.2022 №83-29-01-21/376-И хаты жолданды. СДО орталығы құрылып құжаттары толық қабылданды. 24 мамыр күні облыстық сессияда «Жетісу» ӨДИ300 млн.теңге қажетті техника сатып алуға бөлініп, техникалар сатып  алынды.

ОРЫНДАЛДЫ: 4.1. сұрақ. Жер учаскесін беруге ауданда конкурс ұйымдастыру мәселесі.

30 шілдеде хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарына хабараландырулар берілді . 2022 жылдың III тоқсанында 120 лот 560 га жер учаскесіне конкурс арқылы жер кодексінің 48-бабына сәйкес аудан көлемінен жеке және заңды тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру үшін, 9186179,20 мың теңге қарастырылып оның 400,0 мың теңгесі бұқаралық ақпарат құралдарына хабараландырулар беруге, 8789179,20 мың теңге жер учаскесін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын дайындау жұмыстарына жұмсалды. 

 

ОРЫНДАЛДЫ: 4.2. сұрақ. Ауданда пайдаланбай жатқан жерлерге ревизия жүргізіп, мемлекеттік меншігіне қайтару.

Ауданның жер қорына қайтарылған жерлер туралы:                                                            Аудан жер қорына 7696 гектар  жер қайтарылды атап айытқанда  «Өсімдік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2000 га жайылымдық жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды. «NAC Product» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 535 га егістік жер учаскесі аудан жер қайтарылып пайдалану құқығы тоқтатылды. «Ажарагро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 959 га жері аудан жер қорына қайтарып алынды. "ADEM - СНиП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 3000 га жайылымдық жері Алматы облысының  мамандандырылған ауданаралық эканомикалық 31.05.2022 жылғы №1912-22-00-2/928 санды сот шешімі негізінде жер пайдалану құқығы тоқтатылып жер қорына қайтарылды,  Инвест групп СО жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 1200 га жайылымдық жер учаскесі Алматы облысының  мамандандырылған ауданаралық эканомикалық 02.06.2022 жылғы №1912-22-00-2/651 санды сот шешімі негізінде жер пайдалану құқығы тоқтатылып жер қорына қайтарылды.

ОРЫНДАЛДЫ: 4.3. сұрақ. Ауданның барлық аумағында жергілікті тұрғындардың малын жаятын жайылымдар, сондай-ақ егістік жерлердің жетіспеушілігі  туралы.

«Рахат тур» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз еркімен 20 мын.га мал жаятын жайылымдық жер беріліп, аудан тұрғындарын қанағаттандырылды.

Жайымдылық алқаптардың шекараларын анықтау және белгілеу жұмыстары жүргізілді нәтижесінде 11 ауылдық округ бойынша тұрақты жер пайдаланушы жер құқығы берілді.

«Рахат тур» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен биылғы жылға келісімшарт жасалып 44043 гектар жерінен 20 мың.га аудан тұрғындарына мал жаятын жайылымдық жер беріліп, аудан тұрғындары қанағаттандырылды.

 

ОРЫНДАЛДЫ: 5 сұрақ. Нарынқол ауылының аймағынан мал сою алаңын салу туралы.

Жеке кәсіпкерге 2021 жылғы 25 қаңтарда 15 сотық жер телімі берілді.

Жеке кәсіпкерге Нарынқол ауылының аймағынан мал сою алаңын салуға 2021 жылғы 25 қаңтарда 15 сотық жер телімі берілді, бірақ кәсіпкер, тұрғын емес объек орналастрыру үшін, кадасторлық құның мемелекетке төлеп алуы тиіс, қазіргі таңда ол мал сою алаңының жұмыстарымен айналысуда.

 

ОРЫНДАЛДЫ: 6 сұрақ. Сарыжаз,Тегістік, Шәлкөде ауылдарына жаңа мәдениет  үйлерін салу.

Райымбек ауданына қарасты Сарыжаз, Тегістік, Шәлкөде ауылдарындағы мәдениет үйлері  2014 жылдың қазан айында Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен апатты жағдайда деп танылып жабылған. 2019 жылы техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған мәдениет ошақтарының пайдалануға жарамсыздығы және бұзуға жататындығы туралы техникалық қорытындылар алынды. Бүгінгі таңда аталған ауылдардан жаңа мәдениет үйлері ғимараттарын салу ЖСҚ жасатуға Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына 18.07.2022 жылғы №83-08-10/16-И санды сұраныс хаты жолданды.

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ:  7 сұрақ. Нарынқол ауылында «Балалар шығармашылық орталығын» ашу туралы.

Жекеменшіктен бюджеттік қаржы есебінен ғимаратты сатып алу тиімсіз деп саналғандықтан, білім басқармасы тарапынан мәслихатқа қаржы бөлуге ұсыныс енгізілген жоқ.

Балалардың шығармашылықпен    айналысуына 700 балаға арналған Балалар шығармашылық орталығын ашуға Нарынқол ауылы  Ұзақ  көшесінде   орналасқан, көлемі 1 500 шаршы метр болатын бос тұрған ғимаратты сатып алуға қаржылай көмек сұрап, білім басқармасына хат жолдаған.

Жекеменшіктен бюджеттік қаржы есебінен ғимаратты сатып алу тиімсіз деп саналғандықтан, білім басқармасы тарапынан мәслихатқа қаржы бөлуге ұсыныс енгізілген жоқ.

Бүгінгі күні Нарынқол ауылындағы жекеменшік ғимаратта орналасқан балалар шығармашылық орталығында 3 бағыт бойынша 17 үйірмеге (музыка, өнер, кәсіби бағдар) 700 бала қамтылған.

ОРЫНДАЛДЫ: 8 сұрақ. Туризмді дамыту үшін Жамбыл-Қаратоған ауылдарына баратын жол мәселесіне көмектесу туралы.

Бүгінгі күнде жолдың жай - күйі қанағаттанарлық.

Райымбек ауданы Қаратоған Жамбыл ауылдарына баратын Кеген-Нарынқол-Қаратоған-Байынқол жол облыстық маңызы бар жол болып табылады. Ұзындығы 28 шақырымды құрайды, 2019-2020 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген (1,9 млрд. теңге). Бүгінгі күнде жолдың жай - күйі қанағаттанарлық. Ақау табылған жағдайда кепілдік аясында мердігер мекемемен (ДСУ-13 АҚ) жөндеу жұмыстары жүргізіледі (кепілдік мерзімі 2023 жылдың қазан айы).

 

МЕРЗІМІ БАР: 9 сұрақ. Ауданымыз картоп өсірумен айналысуда, картоп кластерін дамыту қажет.

Картоп кластерін жылдан жылға көбейтіп аудан көлемінде  20 га дейн ұлғайту жоспарлануда.

Райымбек ауданы, Текес ауылдық округінен «Ретай» шаруа қожалығы Нидерландиялық репродукциясы элиталық  «Аризона» картоп тұқымын 6 га жерде өсіруде. Тұқымды жылдан жылға көбейтіп аудан көлемінде  20 га дейн ұлғайту жоспарлануда.

 

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ:  10 сұрақ. Қызылшекара ауылынаң атауын Б.Соқпақбаевқа ауыстыру туралы ұсыныс.

Ауданға қарасты Қызылшекара ауылының атауын Б. Соқпақбаевқа ауыстыру туралы ұсынысқа сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 13-тармағына сәйкес Қызылшекара ауылының тұрғындарымен, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен жиын өткізілді. Өткізілген жиналыстың хаттамасына сәйкес тиісті жұмыстар ұйымдастырылатын болады.

 

ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ: 11 сұрақ. Сарыжаз ауылы Ақбейіт елді мекеніндегі «Ақбейіт» бастауыш мектептерінің ескіруіне байланысты, орнына жаңадан салу.

«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  қарасты Сарыжаз ауылындағы Ақбейіт елді мекеніндегі сыйымдылығы 50 орындық «Ақбейіт» бейімделген бастауыш мектебінде 28 оқушы оқиды. Мектеп ғимаратының тозуына байланысты жаңа мектеп ғимаратын салу қажеттілігі көтерілген болатын. Алайда,  облыста 54 үшауысымды мектептер жұмыс істеуіне байланысты бірінші кезекте осы мәселені шешу үшін  52 мектеп салу қажеттілігі туындап отыр. 2022-2025 жылдарға мектеп құрылысын салу жоспары дайындалды.

Білім басқармасы Ақбейіт бастауыш мектебінің оқушыларын тасымалдаумен 640 орындық Сарыжаз орта мектебіне оқытуды ұсынады. Сарыжаз ауылы 4 шақырым жерде орналасқан.

 

ОРЫНДАЛДЫ: 8 сұрақ. Нарынқол ауылына жаңа аудандық емхана қажет.

Аудандық емхана салуға жер және бетон жұмыстары жасалуда.

Мердігер «Умирзак» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «TN Stroy» ЖШС.  Жобалаушы «ЭлМ» ЖШС Жоба құны 2400.0 млрд теңге. Қазіргі таңда жер және бетон жұмыстары жасалуда.

 

МЕРЗІМІ БАР: 1 тапсырма. Ауданда жаңа өңдеу өндірістерін, сүт-тауар фермаларын, жылыжайлар мен көкөніс қоймаларын ашу үшін инвесторлар тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырамын. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді қайтару бойынша жұмысты күшейтсін.

Қарасаз ауылынан «SNB Biz & Group» ЖШС-гі сүт қабылдайтын және  2023 жылы 200 басқа арналған сүт – қабылдау пункті және 2023 жылы 200 басқа арналған  сүт-тауарлы фермасын іске қосуды жоспарлауда. Сүт қабылдап және өңдейтін заводтың құрал жабдықтары толығымен алынып, орнатылды. 2 сүт таситын автокөліктер сатып алынады.Тәулігіне -10 мың литр сүт,құрт, түрік айраны. Кеген ауданының кәсіпкерлерімен келісім-шарт жүргізілуде. Қақпақ ауылдық округінен күніне 500 литр сүт өткізу жоспарлануда. Алдағы уақытта Қайнар ауылдық округі бойынша сүт өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Мақсаты: сүт, қаймақ, құрт, айран өндіру.

 

ОРЫНДАЛДЫ: 2 тапсырма. 224 (екі жүз жиырма төрт) мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбай жатқан жерлер анықталды. Оның ішінде егістік - 14 (он төрт) мың гектар, жайылым - 210 (екі жүз он) мың гектар. Осыған байланысты ірі шаруашылықтар орналасқан және шекара манындағы ауылдық округтерінің тұрғындары жайылым және егістік жердің жетіспеуі мәселесін жиі көтеруде (Сүмбе, Жамбыл, Нарыңқол, Ұзақбатыр, Қақпақ ауылдық округтері). Ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді қайтару бойынша жұмысты күшейтсін.

Аудан жер қорына 7696 гектар жер қайтарылды атап айытқанда «Өсімдік» ЖШС-нің 2000 га жайылымдық жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды. «NAC Product» ЖШС-нің 535 га егістік жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды. «Ажарагро» ЖШС-нің 959 га жер аудан жер қорына аударылды. «ADEM-CНиП» ЖШС-нің 3000 га жайылымдық жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды. «Инвест групп Со» ЖШС-нің 1200 га жайылымдық жері ауданның жер қорына қайтарылды. «Рахат тур» ЖШС-мен биылғы жылға келісімшарт жасалып 44043 га жеріне аудан тұрғындары мал жаятын жайылымдық жер беріліп, аудан тұрғындары жайлауға көшіп, малдарын орналастырды. Қақпақ, Жамбыл, Нарынқол ауылдық округтері «Рахат тур» ЖШС-інің жеріне жайлауға шықты. Ұзақ батыр ауылдық округі бойынша халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін аудан жер қорына сот арқылы қайытқан 4200 га жайылымдық жер Шәлкөде жайлауынан бекітіліп берілді.

 

ОРЫНДАЛДЫ: 3 тапсырма. Ауданда өнеркәсіп өнімінің өндіру, инвестициялар тарту, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту. Әкімдік Ұлттық жоба мен Бизнестің жол картасы шеңберінде кәсіпкерлерге жәрдем көрсетуі қажет.

2022 жылы тартылған инвестиция көлемі 2 млрд. 145,91 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 113,9%. (2021 жылы 1 млрд. 804,9 млн. теңге). 2022 жылы «Конаев и Компания» ЖШС-гі қуаттылығы 2,2 МВт болатын Қақпақ су электр станциясының құрылыс жұмыстары басталуда. Қазіргі уақытта Чехия мемлекетімен қажетті агрегаттар сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобалық құны 1,2 млрд. теңге. 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. 2023-2024 жылдары «КазГидроКаскад» ЖШС-гі Байынқол, Текес өзендерінің бойынан қуаттылығы 32,8 МВт және 24,8 МВт болатын су электр станцияларының құрылыс жұмыстарын жоспарлауда. 2021 жылдың қазан айында «Энергия Семиречья» ЖШС-мен өзара ынтымақтастық және жобаларды іске асыру туралы Меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалуда. 2022 жылы жобалау жұмыстары басталады. Тартылатын инвестиция көлемі 32,6 млрд. теңге. Қарасаз ауылынан «SNB Biz & Group» ЖШС-гі сүт қабылдайтын және және 2023 жылы 200 басқа арналған сүт – қабылдау пункті және 2023 жылы 200 басқа арналған  сүт-тауарлы фермасын іске қосуды жоспарлауда.Сүт қабылдап және өңдейтін заводтың құрал жабдықтары толығымен алынып, орнатылды. 2 сүт таситын автокөліктер сатып алынады.Тәулігіне -10 мың литр сүт,құрт, түрік айраны. 2021 жылы қыркүйек айынан «Карасаз Агро» ЖШС-гі Қарасаз ауылдық округінен балық шаруашылығымен айналысуға ниет білдірген. 2021 жылдың аяғында  балық бассейндерін салу үшін – 10 га жерді алып, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап балық шабақтарын бассейнге жіберу жұмыстарын бастады.

 

ОРЫНДАЛУДА: 4 тапсырма. Көкбел және Тұзкөл ауылдарын сумен қамтамасыз ету, аудан әкіміне жеке бақылауға алып, жұмысын пысықтау.

Қақпақ ауылдық округіне қарасты Көкбел ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғыртуына 2021 жылы ЖСҚ жасалынған. Жоба құны 620 млн теңге. Мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Сараптама №18-0226/21 29.12.2021жылы шықты. Тапсырыс беруші Тапсырыс беруші «Райымбек ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Жоба бойынша 7,8 шақырым сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және салу қарастырылған.

Жобаны іске асыруға 2023 жылға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

Қарасаз ауылдық округіне қарасты Тұзкөл ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғыртуына 2021 жылы ЖСҚ жасалынған. Жоба құны 465 млн теңге. Мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Сараптама №18-0193/21 30.11.2021жылы шықты. «Райымбек ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Жоба бойынша 4,5 шақырым сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және салу қарастырылған.

Жобаны іске асыруға 2023 жылға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

МЕРЗІМІ БАР: 4 тапсырма. Автомобиль жолдарының, оның ішінде кентішілік жолдардың құрылысы мен жөндеуін аяқтауды, сапасын қамтамасыз етуді тапсырамын.

Райымбек ауданы аумағында 11 ауылдық округ, 20 елді мекен бар.

Жалпы аудандағы автокөлік жолының ұзындығы - 664,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде  - 66 шқ республикалық, 238,6 шқ – облыстық, 359,6 шқ жергілікті маңызы бар автокөлік жолы.

Қазіргі уақытта 171,5 шақырым (47,7%) жергілікті маңызы бар автокөлік жолына қатты жабын (асфальт) төселінген.

Қатты жабын (асфальт) төселмеген  жолдар үлесі 187,7 шақырымды (52,2%)  құрайды.

Соңғы 3 жыл мерзімінде жалпы 64,7 шқ жол жөнделген.

2019 ж. қанағаттанарлық жол үлесі – 25,2 %,

2020 ж. қанағаттанарлық жол үлесі – 32,6%,

2021 ж. қанағаттанарлық жол үлесі – 47,7 % құрады.

2022 жылы Райымбек ауданы аумағында жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарынан Нарынқол, Қызылшекара, Жамбыл, Қақпақ, Сарыжаз, Талас Сүмбе ауылдарының жалпы ұзындығы 29,6 шақырым болатын көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жоба құны 906,4 млн теңге. Жыл соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жол үлесі 58,2 % болады деп күтілуде.

Облыс әкімінің тапсырмасы аясында Аудан әкімдігі аудандағы елді мекендердегі ішкі жолдардың сапасын зерделеу тапсырмасына сәйкес  Қызылшекара ауылының көшелеріне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының сапасын негіздеме тығыздығын, қалыңдығын, негіздеме материалының техникалық құжаттарға сәйкестігін Алматы облысы ұлттық жол сапа активтері орталығының мамандарымен бірге тексеріс жүргізілді. Аудан бойынша барлық жол жөндеу жұмыстарына үнемі тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады.

 

Дата публикации
21 июня 2022
Дата обновления
21 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы