20 желтоқсан 2022 жылы Облыс әкімі М. Сұлтанғазиевтің Қарасай ауданы халқымен кездесуінде 23 адамнан 45 мәселе көтеріліп, аталған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.
1) «Ұмтыл-Пок» саяжайының тұрғындары сотты жеңіп шыққан, 2016 жылғы №4-408 қаулыға сәйкес, кварталдық код пен мемлекеттік акт шығарып беру мәселесі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес аталған сұрақтар бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылдансын. (Ұмтыл а/о тұрғыны Раисов Қайрат, Нурдинов Совет Нурдиновичтің сұрағына байланысты) орындалу барысында
«Ұмтыл-Пок» саяжайына кварталдық код беру туралы сұрақ жер комиссиясының отырысында қаралып, 2022 жылдың 8 қараша айында №460 бас тарту туралы қаулысы қабылданды. Қазіргі таңда аталған мәселе Қарасай аудандық сотында қаралуда.
2) Бекболат ауылындағы жеке меншікке өткен мәдениет үйінің ғимаратын қайта мемлекет меншігіне сатып алу үшін 2023 жылдың бюджеттік жоспарына енгізілсін. (Сауыншы ауылының тұрғыны Құралбаева Сайлаукуль Жақсылыққызының сұрағына байланысты) орындалу барысында
Бекболат ауылындағы жеке меншікке өткен мәдениет үйінің ғимаратын қайта мемлекет меншігіне сатып алу мәселесі бойынша техникалық қорытынды жасалынып, 61 млн. тг. бағаланды. Ағымдағы жылы өтетін 2023 жылдың бюджетін нақтылау бойынша облыстық маслихатқа бюджеттік өтінім тапсырылды.
3) Ауылда ауыз су мәселесін зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. орындалу барысында
Қызмет көрсетуші мекеме «Таусамалы қызмет» МКК-мен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша су құбырына су қақпаларын орнатуға ағымдағы жылдың ақпан айында сметалық есебі беріледі. Сметалық есебі анықталғаннан кейін бюджеттік өтінім берілетін болады.
4) Ауыл шаруашылығы Министрлігіне спорт кешенін орналастыру көлемі 0,5500 га жер телімін бөліп беру туралы хат жолдансын. орындалу барысында
Бекболат ауылындағы Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ Қайнар өңірлік филиалы меншігіндегі 55 соток жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы Алматы облысының жер қатынастары басқармасы ММ-не 2023 жылдың қаңтарында сұраныс хат жолданды.
5) Құрылыс жұмысы жүріп жатқан дүкен, фитнес орталығының (эскизді жобалау) құжаттарын заңға сәйкес рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шара қабылдау. (Алмалыбақ ауылының тұрғыны Джумамуратова Шолпанның сұрағына байланысты) орындалу барысында
Жер учаскесінің меншік иесі 2020 жылғы 11 мамырдағы сатып алу-сату шарты негізінде жеке кәсіпкер Ш.С. Джумамуратова болып табылады, жер учаскесінің ауданы 0,0622 га, жер учаскесінің нысаналы мақсаты: дүкен-объектіге қызмет көрсету үшін. Бүгінгі күні заңға сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
6) Тастақ, Әл-Фараби, Шапағат көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі. Қала көшесінің жөндеу мәселесі зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. (Қаскелең қаласының тұрғыны Қыдырбаев Асхаттың сұрағына байланысты) орындалу барысында
Ағымдағы жылға Қаскелең қаласының Тастақ, Әл-Фараби көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 54,5 млн.теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары 2023 жылдың екінші тоқсанында жүргізіледі.
Шапағат тұйық көшесі (переулок) ҚР ережелер жиынтығы 3.01-101-2013 сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сай болмауы, яғни көшенің тарлығына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.
7) Жоспарға енгізілген жаңа емхананың толыққанды салынып бітуі қадағалансын. (Қаскелең қаласының тұрғыны Джумабаева Меруерт Дуйсенгалиевнаның сұрағына байланысты) орындалу барысында
Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана салу үшін ЖСҚ әзірлеуге 2022 жылға 63 170 млн.тенге қаражат бөлініп, Капремстройпроект ЖШС-мен келісім шарт әзірленді. Орындалу мерзімі 2023 жылдың наурыз айы. Тапсырыс беруші «Алматы облыстық құрылыс басқармасы»ММ.
8) Қаскелең қаласына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру. (Қаскелең қаласының тұрғыны Вазимиллер Екатерина Владимировнаның сұрағына байланысты) орындалды
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы заңының 3 бап, 2 тармағына сәйкес -Облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар елдi мекендер жататындықтан Қаскелең қаласына облыстық маңызы бар қала мәртебесін беру мүмкіндігі жоқ.
9) Аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері жан-жақты зерделеніп, Заң нормаларына сәйкес тиісті шаралар қабылдансын. орындалды
МӘС департаменттері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілсін. Нәтижелері туралы баяндансын. орындалу барысында
Жоғарыда көрсетілген кадастрлық №03-056-002-971 жер телімі Әкімдіктің 2004 жылғы 12 маусымдағы №6-110 қаулысы және 2008 жылғы 30 қазандағы №705399 жеке меншік құқығы актісі бойынша тіркелген.
Құрылысқа тапсырыс беруші тарапынан Қазақстан Республикасының «Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68 бабында белгіленген құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар сақталған.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда техникалық қадағалау талаптарына сәйкес аталған нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылды.
11) Жалпақсай ауылындағы Мәдениет үйінің ғимаратын қайта мемлекет меншігіне сатып алу үшін 2023 жылдың бюджеттік жоспарына енгізілсін. (Ұмтыл а/о тұрғыны Хасенов Елтай Хамзиевичтің сұрағына байланысты) орындалу барысында
Жалпақсай ауылындағы жеке меншік иелігіндегі бұрынғы мәдениет үйін, мемлекет меншігіне сатып алу мәселесі бойынша техникалық қорытынды жасалынып, 130 млн. тг. бағаланды. Ағымдағы жылы өтетін 2023 жылдың бюджетін нақтылау бойынша облыстық маслихатқа бюджеттік өтінім тапсырылды.
12) Өнеркәсіп базасы үшін жауып тастаған Әзербаев көшесін ашып беру мәселесі. Әкімшілік сотқа жүгінген, алайда соттың шешімі орындалған жоқ. Сот шешімінің орындалуы қадағалансын. (Райымбек ауылының тұрғыны Мадияр Аймырзаұлының сұрағына байланысты) орындалу барысында
Абай ауылының егжей-тегжейлі бас жоспарына сәйкес өнеркәсіп базасын Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 84 бабы бойынша жер телімін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы қаулы дайындалуда.
Қаулы қабылданған кейін жер телімнің нарықтық құнын анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.
13) Балаларға арналған ойын алаңын салу мәселесі; (Қошмамбет ауылының тұрғыны Джумабекова Макпал Қуанышқызының сұрағына байланысты) орындалу барысында
Жамбыл ауылдық округі бойынша балаларға арналған ойын алаңдарын салу кезең-кезеңімен жүзеге асуда. 2023 жылы Қошмамбет ауылында ойын алаңын салуға жергілікті бюджеттен 9 млн. тг. бөлінді. Жер мәселесі шешілгеннен кейін құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың қыркүйек айы.
14) Елді мекен шегінен тыс орналасқан жер телімдерін елді мекен аймағына кіргізу мәселесі; орындалу барысында
Қазіргі уақытта Алматы облысының прокуратурасының 2022 жылғы 12 қазандағы №2-04-22-15686 хатына сәйкес, елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы актілерді қарауды туралы хатына сәйкес, елді мекендердің шекараларын ұлғайту бойынша жұмыстары уақытша тоқтатылған.
15) Жаңа мектеп салу мәселесі; орындалу барысында
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023-2024 жылдары Кошмамбет ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы жоспарлануда. Мектеп салуға жалпы ауданы 3,0 га жер учаскесі бөлінді.
16) Алматы-Астана трассасына көше жарығын жүргізу, жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесі; орындалу барысында
2023 жылдың 10-шы қаңтарында «Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің тарапынан «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Алматы облыстық филиалына Қошмамбет ауылының ішімен өтетін Республикалық маңызы бар Алматы – Астана тас жолының бойына түңгі жарық бағаналарын орнату бойынша өтінім берілді. Аталған мекемеден нақты жауабы келген сәтте қосымша хабарланады.
2023 жылдың 6-шы қаңтарында «Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің тарапынан Алматы облысының ӘПБ ДП Оңтүстік өңіріне Қошмамбет ауылының ішімен өтетін Республикалық маңызы бар Алматы – Астана тас жолының 42 шақырымының 300 метр қашықтығына жаяу жүргіншілер жолағын орнатуға нұсқама беру бойынша өтінім хат жіберілді. Аталған мекемеден нақты жауабы келген сәтте қосымша хабарланады.
17) Қаңғыбас иттерді аулау мәселесі. орындалды
"Алматы облысы ветеринария басқармасы ММ "Ветеринариялық пункттері бар Қарасай ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ коммуналдық кәсіпорны, Жамбыл ауылдық округіне әр ай сайын әкімшіліктен келіп түскен өтінімдер бойынша ит аулау жұмыстары жүргізіледі.
18) Реабилитация, коррекция орталықтарын салудың қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. (Жамбыл а/о тұрғыны Алмабаева Аида Бауыржанқызының сұрағына байланысты) орындалу барысында
Қарасай ауданында 52 мектеп бойынша қазіргі таңда арнайы білімді қажет ететін бала саны – 324. Ерекше балалар үшін облыстық психологиялық-медициналық комиссиясы және екі коррекциялық кабинет қарастырылған. Ем-шаралар жүргізу мақсатындағы реабилитация, коррекциялық кабинет ауданда жаңадан салынатын мектептердің базасында ашу жоспарлануда.
19) Ақсай көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. (Қаскелең қаласының тұрғыны Мақашева Назым Шарапатдиновна сұрағына байланысты) орындалу барысында
2021 жылы Қарасай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен Қаскелең қаласының Балқаш, Ақши, Суықбұлақ, Қаратал, Қасқасу, Ақсай, Үлкен саз, Бесқарағай, Көктерек, Базой, Тұлпарсаз, Мамыр, Қарасу, Қарағайлы көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау – сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді. Жалпы ұзындығы 7,8 км. Сметалық құны 712,5 млн.теңге 2023 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім 2022 жылдың желтоқсанында берілді.
20) Электр жарығы жеке-меншікте, жарық жиі өшуі мәселесі. орындалу барысында
Трансформаторлық қосалқы станциясы жекенің меншігіндегі аймақтардың иелеріне ескерту жасалып, қазіргі таңда жеке меншіктегі трансформаторлық қосалқы станциялар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.
«Қаскелең қаласы бойынша электр желілерін қайта құру» нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеуге Алматы облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ-не 2023 жылдың қаңтар айында бюджеттік өтінім берілген. Бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда жобалау бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
21) Тұрар ауылындағы жеке жер телімін анықтап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, жер телімін қайтару бойынша шаралар қабылдансын. орындалу барысында
Азаматша Мақашеваның Тұрар ауылындағы жер телімін анықтау жұмыстыр жүргізілуде.
22) Өмірұзақ тұрғын-үй кешенінде берілген үйлерді тексеріп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі;
Өмірұзақ тұрғын-үй кешенінде берілген үйлерді тексеріп, күрделі жөндеу жұмыстары «Айза» ЖШС мекемесімен бірге кемшіліктер толық жою жұмыстары жүргізілді. орындалды
23) Мектеп, балабақша, балаларға арналған алаңдар салудың қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. орындалу барысында
Әйтей ауылдық округіндегі Өмірұзақ тұрғын үй кешенінде 900 орындық мектеп құрылысына 100 млн. тенге қаражат бөлініп, бас мердігер "Корпорация АҚ Ордасы" ЖШС-мен келісім шарт әзірленді. Жалпы құны 2 млрд. 677 млн. теңге. Орындалу мерзімі 2023 жылдың маусым айы.
Өмірұзақ тұрғын үй кешенінде балабақша салу қарастырылмаған.
Өмірұзақ тұрғын үй кешені аумағында саябақты абаттандыру 1 кезеңі жұмыс жобасы бойынша ведомстволық емес сараптама қорытындысы №ТРС-0010/22, 27.12.2022 жылы және 2 кезеңі жұмыс жобасы бойынша ведомстволық емес сараптама қорытындысы №ТРС-0011/22, 27.12.2022 жылы шықты. Бүгінгі күні 1-2 кезеңге облыстық бюджеттен 200 млн. тг. бөлінді. Конкурс жариялануда.
24) Өмірұзақ тұрғын-үй кешеніне баратын жолдарды жарықтандыру мәселесі. орындалу барысында
Өмірұзақ тұрғын-үй кешеніне баратын жолдарды жарықтандыру жұмыстары "КазГер" ЖШС-мен жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың маусымы.
25) Қоғамдық көлікті жүргізу бойынша шаралар қабылдансын. Нәтижелері туралы баяндалсын. (Әйтей а/о тұрғыны Қоянбаева Эльмираның сұрағына байланысты) орындалу барысында
Қазіргі уақытта «Айтей-Каскелен» бағытында №3 маршрут тасымалдау қызметін көрсетеді. Тасымалдау сапасын жақсарту мақсатында, аталған маршрутты субсидиялауға ағымдағы жылға жергілікті бюджеттен 22 млн.679 мың тг. қаражат қарастырылды. Қазіргі уақытта электронды төлем жүйесін енгізу және келісім-шарт әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарлануда.
26) Қасқасу көшесіне жарық орнату, кәріз құбырын жүргізу, асфальт төсеу мәселесі. (Қаскелең қаласының тұрғыны Жолдас Сайлаубек Құдайбердіұлының сұрағына байланысты) орындалу барысында
Қазіргі таңда «Қаскелең қаласы бойынша көше жарығын орнату» нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеуге Алматы облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына 2022 жылдың желтоқсанында бюджеттік өтінім берілген. Бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда жобалау бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Кәріз құбырын жүргізу бойынша қазіргі таңда қаражат қарасытырылмаған. Қаскелең қаласы бойынша кәріз жүйесін жүргізу қызмет көрсету бойынша «Ж Каскелен» ЖШС айналысады. Аталған мекемеден техникалық шарт алу арқылы тұрғындар кәріз құбырына қосыла алады.
2021 жылы Қарасай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен Қаскелең қаласының Қасқасу 2023 жылға құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу үшін Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2022 жылдың желтоқсанында бюджеттік өтінім берілді.
27) Көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. (Қаскелең қаласының тұрғыны Қажаева Ляззат Таженовнаның сұрағына байланысты) орындалу барысында
ХҚКО маңайындағы Қойтас көшесімен түйісетін 13 көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен ағымдағы жылға ішінара 30,4 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялауға дайындық жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 2023 жылдың екінші тоқсанында жүргізіледі.
28) Көше аттарын қою бойынша материалдарды облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізсін. орындалу барысында
2021 жылдың 29 желтоқсаны Алматы облысының ономастикалық комиссиясының оң қорытындысы беріліп, бүгінгі күні «Қаскелең қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» бірлескен Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысы және Қарасай аудандық мәслихатының шешім жобасы облыстық Әділет басқармасының қарауында.
29) Көп балалы аналарды тегін оқытуға арналып ашылған қорға көмек көрсету мәселесі қарастырылсын. (Жамбыл а/о тұрғыны Даниярова Алия Базарбекқызы сұрағына байланысты) орындалу барысында
«Қарасай ана жүрегі» қорының «Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-ға заңды түрде 2022 жылы 1 сәуір күні тіркелгендіктен, аталған жобаға қатысу мүмкіндігі жоқ. Себебі, Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтап және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы 15 бұйрығы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі туралы 2-тарауының, 8-тармағына сәйкес; Қоғамдық жұмыстар барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және 1 жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі. Осы орайда, «Қарасай ана жүрегі» қоры Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына заңды түрде тіркелуі 1 жылданасқаннан кейін ғана, сұранысына сәйкес, қажетті жәрдемді көрсетуге ықпал ететіндігін хабарлайды.
30) Жедел-жәрдем көліктерінің санын көбейту бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс енгізсін.
2023 жылдың қаңтарында Алматы облыстық Денсаулық сақтау Басқармасына аудан бойынша 10 автокөлікке (УАЗ-452) сұраныс берілді. Жаңадан автокөліктер келген жағдайда осы мәселенің шешілуі қарастырылады. орындалу барысында
31) Жамбыл ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру мәселесі; орындалу барысында
«Жамбыл орта мектебіне» 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әр жыл сайын мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2019 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы ішкі жылы дәретхана орнатылды. 2024 жылы бюджеттік өтінім арқылы тағы да жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
32) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген Семей палигонына қатысқан адамарға қандай жеңілдік бар? Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес тиісті жауап берілсін. орындалды
Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін жеңілдектер туралы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңiнде радиациялық қатер аймақтарында және жеңiлдетiлген әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұратын және тұрған азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудi қамтамасыз етеді, сонымен қатар, бұл азаматтар Заңда белгіленген шеңберде: жеңілдікті шарттармен зейнетақы; стажды есептеу бойынша жеңілдіктер; қосымша еңбекақы, зейнетақы төлемі, стипендия мен жәрдемақы; жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын алуға құқылы.
Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №286 қаулысына сәйкес аталған санаттағы азаматтар жыл сайын санаторлық-курорттық жолдамамен қамтамасыз етіледі.
33) М. Ғабдуллин атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі. (Абай ауылының тұрғыны Оймауыт Бауыржан Темірбекұлы сұрағына байланысты) орындалу барысында
«Компания Стройтекс» ЖШС жасаған жобалы-сметалық құжаттамаға сәйкес Облыстық білім басқармасына 2023 жылға 1 389 186 мың теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді.
34) Алматы облысы бойынша монополияға қарсы комитетіне ұсыныс енгізілсін. (Шамалған ауылының тұрғыны Зауре Алдабекеваның сұрағына байланысты) орындалу барысында
Коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме «Сигма ГАЗ» ЖШС қазіргі таңда облыс деңгейінде комиссия құрылып тексеру жұмыстары жүргізілуде.
35) Алматы қаласының мобильділік басқармасымен келіссөздер жүргізу. Маршруттық автобустарға «Оңай» орнату бойынша шаралар қабылдансын. орындалу барысында
ҚР "Автомобиль көлігі туралы" заңына сәйкес Алматы қаласымен Қарасай ауданының елді-мекендерін жалғайтын маршруттарды ұйымдастыру Алматы қаласының "Мобильдік басқармасы" ММ-нің құзырында. Аталған мекемеге 2022 жылдың 30 желтоқсанында Алматы облысының "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ-мен Шамалған ауылын қамтитын Алматы-Қарғалы бағытында "Оңай" жүйесі бар жаңа маршрут ашуға ұсыныс берілді. Сондай-ақ Алматы-Шамалған бағытында №212, «Онай» картасын қабылдайтын маршрут тасымалдау қызметін көрсетеді.
36) Асыл-Арман тұрғын-үй кешеніне «Тәуекел-Н Алғабас» ЖШС газ жүргізген, алайда сол жерде орналасқан кіші орта бизнестер газ балондарын қолдануда, заңдылығын тексеру мәселесі. (Іргелі а/о тұрғыны Тимурова Мөлдірдің сұрағына байланысты) орындалу барысында
Асыл-Арман тұрғын үй кешенінің кіре берісінде орналасқан кіші орта сауда саттық орындарына Жергілікті әкімдіктік пен Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп шығу барысында газ балондарын қолданатын орындар жоқ екендігі анықталды.
37) Іргелі ауылында орналасқан Тоймарт дүкенінің алды жауып тасталынды, Жаныспаев Жеңістің ісін заңға сәйкес тексеріске алу. орындалу барысында
Асыл арман ықшам ауданындағы Ж.Жанысбаевтың меншігіндегі жер телімін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу Қарасай аудандық сотының шешіміне сәйкес 165 311 000 теңгеге бағаланды. Қазіргі таңда Алматы облысының жер қатынастары басқармасына қаражат бөліп беру туралы бюджеттік өтінім 2022 жылдың қыркүйегінде жолданды. Алайда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2023 жылғы 23 жылдың №244 хатына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алу жұмыстарын тоқтату туралы наразылық түсті.
38) Жандосов ауылының құрылыс бас жоспары бекітілсін. (Шамалған ауылының тұрғыны Апышева Султан Ниязовнаның сұрағына байланысты) орындалу барысында
Аталған жер учаскесінің орналасқан жері Қаскелең қаласының әкімшілік аумағына кіреді. Қазіргі уақытта Алматы облысының прокуратурасының 2022 жылғы 12 қазандағы №2-04-22-15686 хатына сәйкес, елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы актілерді қарауды туралы хатына сәйкес, елді мекендердің шекараларын ұлғайту бойынша жұмыстары уақытша тоқтатылған.
39) Мектеп мұғалімі қазіргі таңда жүктілігіне байланысты демалысқа шыққан Ортаева Айгерім Камашевнаның заңға қайшы әрекеттеріне қарамастан мектепте жұмыс істеуі қаншалықты дұрыс? Заңға сәйкес шара қолдану. (Қаскелең қаласының тұрғыны Омарова Гаухар Зейнуллаевна сұрағына байланысты) орындалу барысында
«Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп» КММ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ортаева Айгерим Камашовна 2022 жылдың 30 қарашасынан 2025 жылдың 30 қарашасына дейін бала күтіміне арналған декреттік демалыста болуына байланысты, аталған педагог қызметкеріне шара қолдану мүмкіндігі жоқ.
40) «Сигма-Газ» ЖШС коммуналдық қызметтердің тарифін арзандату мәселесі; (Құмарал ауылының тұрғыны Нурманбетова Салтанаттың сұрағына байланысты) орындалу барысында
Коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме «Сигма ГАЗ» ЖШС қазіргі таңда облыс деңгейінде комиссия құрылып тексеру жұмыстары жүргізілуде.
41) «Оңай» орнатылған маршрут жүргізу мәселесі; орындалу барысында
ҚР "Автомобиль көлігі туралы" заңына сәйкес Алматы қаласымен Қарасай ауданының елді-мекендерін жалғайтын маршруттарды ұйымдастыру Алматы қаласының "Мобильдік басқармасы" ММ-нің құзырында. Аталған мекемеге 2022 жылдың 30 желтоқсанында Алматы облысының "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ-мен Құмарал ауылын қамтитын Алматы-Мыңбаев бағытында "Оңай" жүйесі бар жаңа маршрут ашуға ұсыныс берілді.
42) Алматы облысы бойынша монополияға қарсы комитетіне ұсыныс енгізілсін. орындалу барысында
Әйтей ауылында ауыз су жүйесімен «БейАж Транс» ЖШС қызмет көрсетеді. Тарифтің бағасы 1м3 - 106,3 теңге. Тарифтер монополияға қарсы департаментімен бекітілген.
43) Ауылда электр қуаты төмен, қатты желден өшіп қалады. Жарық мәселесі. (Елтай ауылының тұрғыны Жармұхамбетова Сандуғаш Сансызбаевнаның сұрағына байланысты) орындалу барысында
Қазіргі таңда «Елтай ауылының электр желілерін қайта құру» нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеуге Алматы облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ-не 2022 жылдың желтоқсанында бюджеттік өтінім берілген. Бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда жобалау бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
44) Сейфолла, Жанаділ көшелеріне жарық орнату, асфальт төсеу мәселелері. орындалу барысында
Сейфолла, Жанаділ көшелеріне жарық орнату 2023 жылға қарастырылмаған. Жергілікті әкімдік тарапынан ЖІЖ жүргізіліп, ағымдағы жылы бюджеттік өтінім берілетін болады.
45) Ауданда орналасқан ірі кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылсын. (Қаскелең қаласының тұрғыны Аязбаев Амангелді Жапаровичтың сұрағына байланысты) орындалу барысында
2022 жылдың 14 желтоқсанында Алматы қаласында Алматы облысының ірі кәсіпорындары басшыларының қатысуымен «Туған жерге тағзым» өңірлік форумы өтті. 2023 жылы Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтың қатысуымен ірі кәсіпкерлермен кездесу өткізу жоспарланған жағдайда қосымша хабар беріледі.
Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтангазиевтің тапсырмалары.
46) Бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағдарланған жаңа кәсіпорындарды ашу және жұмыс істеп тұрғындарын кеңейту жолымен өндірісті одан әрі ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау. орындалу барысында
Ағымдағы жылда Қарасай ауданында орналасқан «RG Brands Kazakhstan» ЖШС-де дайын өнімді сақтауға арналған қойма салу жұмыстары, «АзияАгроФуд» АҚ кеңейту жұмыстары, «RuMa Farm» ЖШС-де фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру және «Kelun-Kazpharm» ЖШС-де жаңа қойма салу жоспарлануда.
47) Жылыжай шаруашылықтарының, бордақыпау алаңдарының қызметін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауды;
Ауданның әлеуетін ескере отырып, жаңа қайта өңдеу өндірістерін ашу үшін инвесторларды тарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуді;
Сыртқы нарықтарға бағдарлана отырып, сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ушін жаңа технологияларды белсендірек енгізу. орындалу барысында
Жылыжай шаруашылығы және мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына»
1) жоба - жылыжай кешенін ашу, аудан халқын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету;
2) жоба – Алматы қаласындағы елді мекендерді және қала халқы ауыл шаруашылығы |азық-түліктерімен қамтамасыз ету мақсатында қайта өңдеу технологиясы арқылы сүт-тауарлы фермасын салу жобасын қаржыландыру Облыстық басқармаға жіберіліп, өтінімі қарастырылуда;
3) «2022 – 2026 жылдарға арналған Ірі қара және ұсақ қара мал шаруашылығын дамыту» жоспарлы бағдарламасы жобасы шеңберінде «Қонаев» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпарациясы» АҚ-мы арқылы асыл тұқымды мал басын сатып алуға берілетін қаржыландыруға, аудандағы шаруа қожалықтар тарапынан өтінімдерін қаржыландыруға арналған жобалардың тізбесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Қарасай ауданының кәсіпкелік бөлімі Алматы облысының өңірлік дамыту орталығымен бірлесе отырып, жаңа қайта өңдеу өндірістерін ашу үшін инвесторларды тарту бойынша жұмыстар атқарылуда.
Аудан бойынша жаңа технологияларды енгізу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде, атап айтсақ жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу (2022 жыл-74 дана жаңа техника алынды), тамшылатып суару технологияларын енгізу, мал шаруашылығы өндірістерін, жайылымдарды суландыру, қарқынды алма бағын салу және күннен бұршақтан қорғау сеткалары орнатылды. Аталған технологиялар ауыл шаруашылығы саласына оң әсерін беруде.
48) Пайдаланылмаған жерлерді қайтару және оны ұтымды пайдалану жөніңдегі жұмысты жалғастыру, нысаналы мақсатының негізсіз өзгеруіне жол бермеуді;
Қолданыстағы заннаманың барлық нормаларын сақтай отырып, жер деректерін цифрландыру жене дайындалған жер учаскелерін жеке-тұрғын үй құрылысына беру жөнінде қажетті шараларды қабылдау. орындалу барысында
Қарасай ауданы бойынша мақсатты бағыты бойынша пайдаланылмай жатқан 27 жер телімдері (көлемі 6500 га) анықталып отыр. Осыған орай Қарасай ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімімен 18 жер пайдаланушылар бойынша Қарасай аудандық сотына «Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын бұзу туралы» талап арыз жолданды. Қарасай аудандық әкімі аппаратымен қалған 9 жер пайдаланушылар бойынша талап арыз ағымдағы аптада жолданады.
49) Тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтуды және жеке тұрғын үй құрылысына қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар дайын алаңдарды қамтамасыз ету. орындалу барысында
2023 жылы Қарасай ауданы, Жандосов ауылында 84 пәтерлі 42 үйдің құрылысы мен инженерлік инфрақұрылым желілеріне ЖСҚ әзірленуде.
50) Халықты орталықтандырылған сумен және газбен жабдықтаумен қамтамасыз ету маселелерін ерекше бақылауға алуды:
Көпбалалы отбасыларды және халықтын әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешу жөнінде шаралар қабылдауды;
Белгіленген мерзімде автомобиль жолдарын, оның ішінде кентішілік жолдарды жөндеуді аяқтау, олардың сапасын қамтамасыз етуді;
Қала маңындағы автобус маршруттарымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды тапсырамын. орындалу барысында
Аудан тұрғындарын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту мақсатында Қаскеле топтық су құбыры жобасы іске асырылуда. Сонымен қатар, бұл жобаға кірмейтін елді-мекендерге ЖСҚ әзірленуде.
Аудан бойынша газбен қамтылуы 93 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта Сауыншы ауылының газдандыру мәселесі облыстық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен қарастырылуда.
Әлеуметтік осал топтарды түрғын үймен қамту мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырылуда. Өмірзақ тұрғын үй кешенінде құрылыстың аяқталуына байланысты жұмыс жүргізілетін болады.
Аудан бойынша 2023 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін аудандық маңызы бар көше жолдарын жөндеуді аяқтау бойынша тиісті шаралар қабылдануда, олардың сапасын қамтамасыз ету бойынша Алматы облысының филиалы «Жол Активтерінің Ұлттық Сапа Орталығы» мекемесімен келісім шарт жасалады.
Қарасай ауданы мен Алматы қаласын жалғайтын қала маңы маршрутары бойынша толық сараптама жасалып, аса маңызды, қажет ететін маршрут ашу бойынша Алматы қаласына ұсыныс берілді. Ағымдағы жылы 2-маршрут ашылуы жоспарлануда.
51) Білім беру жане денсаулық сақтау объектілерін салу және күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың белгіленген мерзімдерде аяқталуын қамтамасыз етуді;
Мектептерде білім беру сапасын арттыру және балаларды мектептен тыс секциялар мен үйірмелермен қамтуды ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау, жасөспірімдер арасында суицидтер мен қылмыстардың алдын алу бойынша психологтардың жұмысын күшейту.
Денсаулық сақтау обьектілері желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес ауданның медициналық ұйымдарын салу бойынша ұсыныстар енгізу.
Әлеуметтік маңызы бар ауруларды азайту үшін халықты кеңінен қамти отырып, тұрақты скринингтер жүргізу, ана мен бала өліміне жол бермеу. орындалу барысында
Білім беру жане денсаулық сақтау объектілерін салу және күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстары үнемі бақылауда.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында білім беру стандартына сәйкес үйірмелер барлық мектептерде жүргізілуде, сонымен қатар оқушылар арасында суицид пен қылмыстың алдын алу мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні мектеп писхологтары “Жанұя” қоры мен Қазақстан психологтар одағымен бірігіп жұмыс жүргізуде. Іс-тәжірибе алмасу арқылы жұмыстар жандандырылуда.
Қарасай ауданы бойынша ауылдық округтерде денсаулық сақтау обьектілерінің желісін мемлекеттіе нормативіне сәйкестендіру үшін жаңа құрылысты қажет ететін және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін емдеу нысандарының тізімі жасалынды. Жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.
2023 жылы Кемертоған және Тұрар ауылдарына дәрігерлік амбулатория салу үшін жер телімі бөлініп берілді.
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына және облыстық құрылыс басқармасына аталған емдеу мекемелерінің құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттар дайындауға қаржы бөлуге сұраныс берілді.
Әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау мақсатында диспансерлік есепте тұрмайтын аудан тұрғындарын скринингтік тексеру жұмысымен қамту жалғасуда.
Ана өлімін болдырмау және нәресте өлімі деңгейін төмендету мақсатында жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.
2022 жылы Қарасай ауданы бойынша ана өлімі жағдайы тіркелмеді.
Нәресте өлімі деңгейі 8,12 промильді құрады.