Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Қарасай ауданы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы (18.06.2022)

18 маусым 2022 жылы Облыс әкімі М. Сұлтанғазиевтің Қарасай ауданы халқымен кездесуінде 26 адамнан 47 мәселе көтеріліп, аталған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.

1) Өнер мектебін салудың қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. Бұрынғы "ДОСААФ" ғимаратын пайдалану мәселесін пысықтап, ұсыныстар енгізілсін. (Қаскелең қаласының тұрғыны А. Абдраманованың сұрағына байланысты) орындалды

Қаскелең қаласындағы ескі ДОСААФ ғимаратын «Өнер мектебі» ретінде ашу мақсатында ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 17,0 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, «Redline» ЖШС тарапынан құжаттама әзірленуде.

 

2)  Қошмамбет ауылында мектеп салудың қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. (Қошмамбет ауылының тұрғыны С. Тасырбаевтың сұрағына байланысты) орындалды

Қошмамбет ауылында 2000 орындық мектеп салу үшін ауданы 3,4 га жер учаскесі бөлінді, «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 2023 жылы салыну жоспарлануда.

 

3) Айтпаев көшесі республикалық маңызы бар жол болғандықтан, «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не Қарасай ауданы әкімдігімен бірлесіп осы мәселе бойынша республикалық бюджетке ұсыныс берсін. Ауыл көшесінің жарықтандыру мәселесі зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. орындалды

Қошмамбет ауылы Айтбаев көшесі –орталық көшесі (аудандық маңыз бар) болып табылады және Алматы-Астана тасжолына қосылады. Бұл көшеде жарықтандыру жүйесі 2012 жылы орнатылған.

Ал, Қошмамбет ауылының ортасымен өтетін Алматы-Астана тасжолы бойында жарықтандыру жүйесін «ҚазАвтоЖол» мекемесінің техникалық-шарт келісімімен ЖСҚ әзірлеп, жүргізуге  мүмкіндігі бар. Қошмамбет ауылының көшелерін жарықтандыру үшін жобалық іздестіру жұмыстары жүргізілген. 2023 жылдың бірінші тоқсанында ауданның бюджетінен ЖСҚ-ны әзірлеуге қажетті 9,5 млн. теңге бөлуге бюджеттік өтінім жолданды.

 

4) Ауыл көшесінің жөндеу мәселесі зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. Орындалды

Қошмамбет ауылында жалпы 45 көше бар, бүгінгі күні Байқоныр және Жандосов көшелерінің ЖСҚ әзірленген, 2023 жылдың бірінші тоқсанында аудандық бюджеттен құрылыс-монтаж жұмыстарына 116,751 млн. теңге бөлу жоспарға енгізілді.

 

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, қосылу құнын төмендету бойынша шаралар қабылдау. Орындалды

Ауыз су немесе электр жүйесімен қамтамасыз етуші мекемелердің жеке меншік теңгеріміндегі мүлікті заңнамаға сәйкес сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Коммуналдық қызметтерді көрсетуші мекемелердің тарифтік құны сәйкесінші табиғи монополоияларға қарсы комитетімен бекітіледі және әр мекеменің өзінің тұрақты тарифі болады.

"Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 және "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына сәйкес бұрын жекешелендірілген объектілерді коммуналдық меншікке қайтару туралы мәселе ҚР Үкіметінің деңгейінде қаралады.

 

6) Қайнар ауылы көшесінің жөндеу мәселесі зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. (Қайнар ауылының тұрғыны В. Әбділдаевтың сұрағына байланысты) орындалды

Қайнар ауылындағы мектепке баратын Бобров көшесінде асфальт  төселінген, ал Бейбітшілік көшесіне мемлекеттік сатып алу конкурсі бойынша «Строй-Оазис» ЖШС-мен 26.10.2022ж №80 келісімшарт жасалды. Бөлінгені 10,0 млн. теңге, жалпы қажетті қаржы 35,8 млн. теңге. Келісімшарт бойынша жөндеу жұмыстарын аяқтау 2023 жылдың 01 шілдесіне жоспарланған.

 

7) Бекболат ауылында мәдениет үйін салудың қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. Орындалу барысында

Бүгінгі күні Бекболат ауылында Мәдениет үй салу үшін бос жер учаскесі жоқ. Ауыл аумағындағы бос жер учаскелері Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының теңгерімінде.

Осыған орай, Қарасай ауданы әкімдігі тарапынан 2022 жылдың 8 қыркүйегінде №76-3-10/807-И «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына» «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрамындағы «Қайнар» аумақтық филиалына тиесілі, Бекболат ауылының ішінде орналасқан көлемі 0,5 га жер учаскесін Қарасай ауданының жер қорына мемлекеттік қажеттілікке беру туралы өтініш хат жолданды. Алайда, институт тарапынан Қарасай ауданының жер қорына «Қайнар» аумақтық филиалына тиесілі жер учаскелерінен жер телімін беру мүмкіндігі жоқ екенін хабарлады. Алайда, Бекболат ауылында ескі мәдениет үйінің ғимараты бар, бірақ ол жеке меншікке өтіп кеткен. Бүгінгі күні ғимарат иесімен келіссөздер жүргізіліп, сатып алу мүмкіншілігі туындауда. Қажетті қаражат 70 млн. теңге.

8) Көлді ауылы көшесінің жөндеу және жарықтандыру мәселесі зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. (Мерей ауылының тұрғыны Л. Зерилованың сұрағына байланысты) орындалды

Алмалыбақ-Көлді-Мерей елді мекедерін қосатын автомобиль жолы (68 км) облыстық маңызы бар жол болып табылады. Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу үшін ЖСҚ әзірленуде, аяқталу мерзімі - 31.12.2022ж.  Бөлінген қаражат 21,4 млн. теңге.

Сондай-ақ, Жалпақсай ауылының Сұлусай көшесінің 2,1 шақырымын жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 28,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсінің қорытындысы бойынша «Leader Құрылыс» ЖШС-і жеңімпаз ретінде анықталынды. 07.11.2022 ж. күні келісім-шарт келісуге жіберіледі

Келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 2023 жылдың шілде айына дейін.

 

9) Қырғауылды ауылы көшесінің жөндеу мәселесі зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. (Қарғауылды ауылының тұрғыны Д.Мейрбекованың сұрағына байланысты) орындалды

Қырғауылды ауылында Іңкәрбеков көшесіне «ДРСУ-8» ЖШС-мен 69,7 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары 20.10.2022 жылы аяқталды, ал Өркен көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды және 28.10.2022 жылғы қорытынды бойынша қайта жарияланды. Алайда, мемлекеттік сатып алу сайтының техникалық ақауына байланысты конкурс қайта жарияланып, 07.12.2022ж күніне дейін өтінімдерді қабылдау кезеңі.

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес Қырғауылды ауылында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан зауыттың заңға сәйкестігін тексеру. Орындалды

Қырғауылды ауылында құрылысы жүргізіліп жатқан зауыттың құжаттары тиісті мемлекеттік мекемелерге тіркеліп, рәсімделген. 2-ші зауыт Райымбек ауылдық округі, Қырғауылды ауылы, Жетісу көшесі, № 57 А жер телімі, кадастрлық нөмірі 03-047-292-005 мекен-жайында рұқсат құжаттарсыз заңсыз салынып жатқан құрылыс нысанына қатысты Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ 24 маусым 2022 жылы сотқа берілді. 2022 жылдың 9 тамызындағы сот қаулысы №1954-22-00-3/3743 шығарылды. Қаулыға сәйкес 53 603 тенге әкімшілік айыппұл салынды.

 Соттың шешіміне сәйкес аталған мекеме салынған айппұлды төлеп, заңдастыру жұмыстарын жүргізуде.

 

11) Қырғауылды ауылындағы ауыз су мәселесін зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. Орындалды

Қырғауылды ауылының ауыз су көлемін көбейту мақсатында 2023 жылдың шілде-тамыз айларында «БейАжТранс» ЖШС-і өз қаражаты есебінен Райымбек ауылы, Сүйінбай көшесіндегі су торабына қосымша 18 метр кубтық су мұнарасы орнатуды жоспарлауда.

 

12) Бекітілген кестеге сәйкес қабылдауға жазылсын. Орындалды

Д.Мейрбекова облыс әкімінің жеке қабылдау тізіміне енгізілген, кезегіне сәйкес қабылдау жүргізіледі.

 

13) Абай ауылындағы ауыз су, кәріз, жолдарды жөндеу мәселелерін зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытындылары дайындалсын. (Абай ауылының тұрғыны Т.Қалмұратованың сұрағына байланысты) орындалды

Абай ауылындағы жаңа мектепке барар жолдың жөндеу жұмыстарын «ДРСУ-8» ЖШС-мен жүргізілді, бөлінген қаржы 31,0 млн. теңге, ал Қарасай батыр көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 51,0 млн. теңгені құрайтын техникалық құжаттамасы әзірленіп, бюджеттік өтінім Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 13.10.2022 жылы №79-03-10/1141-И жолданды.

Су мәселесі бойынша су құбырларын жаңартуға және су резервуарларын салуға жер телімін табу бойынша ЖІЖ (ПИР) жүргізілуде. Су ұңғымасы мен су резервуарларын орнатуға жер телімі іздестірілуде. Жер мәселесі шешілгеннен кейін ЖІЖ есептелінеді.

Абай ауылында кәріз жүйесі жүргізілген, ауылды толық қамту 2 кезеңмен қарастырылатын болады. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары «ГражданПроектЗИ» ЖШС-мен жүргізілуде. Бөлінген қаржы 6,8 млн. теңге. 2023 жылдың 1 мамырына аяқтау жоспарлануда.

 

14) Абай ауылында дәрігерлік амбулатория салудың қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау. орындалды

Абай ауылындағы 50 адамда қабылдауға арналған дәрігергерлік амбулатория құрылысына 30 соток (№03-047-273-1019) жер учаскесі бөлініп, жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 5,0 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінді, конкурс жарияланды, аяқталу мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы. Аталған амбулатория құрылысы Алматы облысының құрылыс басқармасының бақылауында.

01.01.2022 - 31.10.2022 жыл аралығында ШЖҚ "Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы" КМК-де жұмыс істейтін 39 дәрігер маманының, 112 орта медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру үшін оқуға жіберілді. Оның ішінде 6 дәрігер маманы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы қолдауымен Ресей мемлекетінің Казан қаласында біліктілігін арттырды.

 

15) Қажеттілікке талдау жүргізіп, балалар үйірмелерін ашу бойынша нақты ұсыныстар енгізілсін. орындалды

Аудан бойынша 5 мәдениет үйі 1 клуб жұмыс істейді. Бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес 55 тегін үйірме қызмет атқарады. Абай ауылында 4 тегін үйірме жұмыс істейді. 

 

16) Заңнамаға сәйкес тұрмыстық қалдықтарды полигонға үздіксіз шығару бойынша шаралар қабылдансын, нәтижелері туралы баяндалсын. (Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары Н.Пактың, З.Акунованың сұрақтарынп байланысты) орындалды

Қазан айынан бастап «Тазалық» ЖШС-гі Жаңатұрмыс ауылың тұрмыстық қалдықтарын шығаруды толығымен тоқтатты, белсенді топтың ұсынған «Витмар» ЖШС-гі тарапынан  тұрғындармен келісімшарт жасау 2022 жылдың қараша айынан бастап жыл соңына дейін жалғасады. Аталған мәселе Қарасай аудандық ТҮКШ, АЖ және ЖК, ТҮИ бөлімі және Райымбек ауылдық округі әкімінің тұрақты бақылауында.

 

17) Ауылда ауыз су мәселесін зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. орындалды

Қазіргі таңда ауылдың ауыз су тапшылығын шешу мәселесі бойынша «Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту (2 кезеңі)» құрылыс монтаж жұмыстары «КазЕвро Строй» ЖШС жүргізілуде және аудан әкімінің қатаң бақылауында (монтаждау жұмыстарын 2022 жылыдң шілде айында басталды және келісім шарт бойынша 31.12.2023 жылы аяқтау қарастырылған.) 2022 жылға республикалық бюджеттен  400,0 млн.теңге қаражат бөлінген

18) Жаңатұрмыс ауылы, Нұрпеисов көшесінің жөндеу мәселесі зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. орындалмады

  2020 жылы Жаңатұрмыс ауылының Нүрпейсова көшесінің 1,5 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, жолдың оңтүстік жағындағы 150 метр жер телімі жеке меншікте, ал елді-мекен көше желілерін жайластыру үшін мемлекеттік меншікте болуы тиіс. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жер телімі мемлекеттік балансқа қайтарылуы қажет. Жер иесімен келісіп, жер телімі мемлекеттік меншікке қайтарылған жағдайда 2023 жылға арналған «Өңірлерді дамыту» бағадрламасына енгізіліп жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.

 

19) Алматы қаласының жедел-жәрдем орталығымен келіссөз жүргізілсін. (Абай ауылының тұрғыны Б. Андрееваның сұрағына байланысты) орындалды

Қарасай ауданы тұрғындарына  жедел медициналық көмек  Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Облыстық жедел және шұғыл көмек станциясы" МКК медицина қызметкерлерімен көрсетіледі.

 

20) Алматы қаласының мобильділік басқармасымен келіссөздер жүргізу. Маршруттық автобустардың жұмыс уақытын ұлғайту бойынша шаралар қабылдансын. Орындалды

Қарасай ауданындағы қоғамдық көлік мәселесіне байланысты Алматы қаласының мобильді басқармасына ұсыныстар 11.10.2022 жылы беріліп, кездесулер 12.10.2022 жылы ұйымдастырылды. Жоғарыда аталған ұсыныста кешкі уақыттағы қоғамдық көліктердің тасымалдау уақытын 23.00-ге дейін ұзарту бойынша ұсынысы енгізілді. Қосымша 3 бағытта жаңа маршрут ашу ұсынылды.

 

  21) Аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаттардың мәселелері жан-жақты зерделеніп, Заң нормаларына сәйкес тиісті шаралар қабылдансын. (Қаскелең қаласының тұрғындары Г. Бекенова, Е. Вазимиллердің сұрағына байланысты) орындалды

Қазіргі уақытта аудан бойынша 141 әлеуметтік маңызы бар объектілер паспорттаудан өтті, оның ішінде 38 объектіге облыстық бюджеттен қаражат бөлініп  (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет  бөлімдері)  және 22 объект өз қаражаты есебінен, барлығы 60  объект бейімделуден өтті. Бұл аудан бөлінісінде паспортталған объектілердің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету үлесінің 42,5% құрайды.

Сондай-ақ Қаскелең қаласында дыбыстық сигналы бар 2 бағдаршам орнатылды. Ауданда мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 19 жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылған.

2022 жылға Жол картасының 84, 85-тармақтарына сәйкес, мүгедектердің инфроқұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданаралық  көпсалалы емханаға  бейімдеу жұмыстарын жүргізу үшін 7112,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Бегенова Глафира Сергеевнаға №2 Қарасай аудандық медициналық әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімімен 24.11.2021 жылы, мерзімі 1 жылға мүгедектіктің 2 тобы белгіленген, оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленіп,  26.11.2021 жылы бөлмелі кресло-арбамен және міндетті гигиеналық құралдармен (жөргек бір жылға 730 дана, ваннаға, әжетханаға арналған тұтқа)  қамтылды. Ағымдағы жылдың 17 қазан айынан бастап  медициналық әлеуметтік сараптамасына сәйкес (МӘС) 1 топ мүгедектігі берілді. Оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша санитариялық құрылғысы бар кресло-орындық және әмбебап кресло-арбасына өтініштері қабылданып, әлеуметтік порталына жіберілді.

Г.Бегенованың 4 баласы бар, оның 3-уі кәмелетке толмаған мүмкіндігі шектеулі бала.

1) Бегенов Марлен Бауржанович, ЖСН 011221550223.

2) Бортай Мади Бауржанулы, ЖСН 041125550475, 2 топтағы мүгедек бала, оңалтудың жеке бағдарламасы үйде әлеуметтік қызмет көрсету түріне әзірленген, бірақ қызмет алуға жүгінбеген. 

3) Бегенов Мухаммед Сергеевич, ЖСН 090521555396, 3 топтағы мүгедек бала, үйде оқиды,  мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге  тоқсан сайын  жәрдемақы төленуде, қыркүйек айында 8296 теңге тағайындалып төленді.

4) Пириев Зубайр Эйваз Оглы, ЖСН 160822500424, бала жасынан мүгедек, оңалтудың жеке бағдарламасы 27.08.2022-22.08.2023 жылға дейін әзірленген, 08.09.2022 жылы міндетті гигиеналық құралмен (жөргек бір жылға 730 дана, тері тазартқыш 12 дана) қамтылды. Сонымен қатар медициналық-педагогтік консультация қорытындысы бойынша, мүгедек қатарындағы кемтар балаларды үйден оқыту бойынша құжаттарын 08.09.2022 жылы өткізіп, қыркүйек айына 6361 теңге тағайындалып, төленді.

Е. Ваземиллердің ұлы Плюснин Владислав Владимировичке МӘС бөлімімен  08.12.2021 жылы  мерзімі 2 жылға мүгедектіктің 3 тобы белгіленген, оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленбеген.

Е.Ваземиллер ұлы Плюснин Владиславқа психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысы бойынша, мүгедек қатарындағы кемтар балаларды үйден оқыту бойынша құжаттарын 06.09.2022 жылы өткізіп, қыркүйек айына 6914 теңге тағайындалып төленгенін хабарлайды.

 

22) Алмалыбақ ауылындағы саябақ аумағында мәдениет саябақты сақтап, көгалдандыру жұмыстары жүргізілсін. (Алмалыбақ ауылының тұрғыны З. Мухамедиеваның сұрағына байланысты) орындалды

Алмалыбақ  ауылындағы саябақта мәдениет үйін салу жоспарынан бас тартылды. 

Алмалыбақ аулынының саябағында балалар ойын алаңы мен баскетбол алаңы ағымдағы жылдың 15 қазанында құрылыс абаттандыру жұмыстары басталды. Мердігер компания  «КазСтройКЗ» ЖШС-гі. Қолданысқа 2022 жылдың 31 қазанында берілді. Жалпы бөлінген қаражат 14,5 млн. теңгені құрайды.

23) Ауылда ауыз су мәселесін зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. орындалды

Ұмтыл ауылдық округінің елді мекендерін сумен қамтамасыз ету сұрағы "Қаскелең топтық су құбыры" жобасы іске асырылғаннан кейін шешіледі. Аяқтау мерзімі 2023-2024 жылдарға қарастырылуда.

Бүгінгі күні жобаның 1-ші кезектің 3-ші іске қосу кешенінің құрылыс монтаждау жұмыстарына 100,0 млн. теңге бөлініп, Су ресурстары комитеті мен «Фирма Еламан» ЖШС-і арасында № 319 келісімшарт 25.08.2022 жылы жасалды. Бұл жерде 25,1 км магистральдық су құбырын салу көзделген.

Алмалыбақ ауылының тұрмыстық қатты қалдықтарын бекітілген кестеге сәйкес аптасына 2 рет «ЖАДЕ» ЖШС-гі шығарады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару ауылдық округі әкімінің тұрақты бақлауда.

 

24) Провайдерлермен келіссөздер жүргізіп, Жаңатұрмыс ауыл тұрғындарды интернетпен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдаңсын. Нәтижелері туралы баяндалсын. (Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Г. Ибраеваның сұрағына байланысты) орындалды

"Алматытелеком" ӨТД-дан сымды байланыс желілерін қосу бойынша техникалық шарт алынатынын және құрылыс-монтаждау жұмыстарын мамандандырылған мердігер өтініш берушілердің қаражаты есебінен мердігерлік шарт жасасу арқылы жүргізетінін хабарлаймыз. Бүгінгі күні, «Казнетком», «Кар-Тел», «Кселл» мекемелерімен дінгекті-мачталық қондырғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

 

25) Қаскелең қаласында ауыз су, көшелерін жөндеу және жарықтандыру мәселелері зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. (Қаскелең қаласының тұрғыны Ж. Бағданұлының сұрағына байланысты) орындалды

М. Маметов көшесінің ауыз су мәселесі кәзіргі таңда «Ж-Каскелен» ЖШС–і ұзындығы 600 метр су құбырын тартып, ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Түнгі жарық бағаналарын орнату бойынша 2023 жылдың бюджетінде қарастырылатын болады. 

Қарасай ауданының Қаскелең қаласының көше-жол желісінің жалпы ұзындығы – 204,6 км, оның ішінде: - асфальтбетон жабыны бар-97,4 км, - 47% асфальтбетон жабыны бар және жақсы жағдайда 107,2 км, қиыршық тас жабыны бар, 53% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Қаскелең қаласы бойынша бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде 2017 жылдан 2022 жылға дейін жалпы ұзындығы 43 км 58 көше жөнделді.

Жалпы жаңақұрылыс аумақтардағы көшелерді ескере 324 көше, оның 152 көшесінде асфальтобетон жабындысы бар, қалған 172 көшеге жөндеу жұмыстары қажет.

Бүгінгі күнге, Қаскелең қаласының 31км, 24 көше-жол желісін жөндеуге сметалық құжаттамалары әзірленіп 1,7 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім 13.10.2022 жылы Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобил жолдары басқармасына жолданды. Жөндеу жұмыстары қажетті қаражаттың бөлуіне байланысты жүргізіледі. 

26) Қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуі бойынша шаралар қабылдансын. Нәтижелері туралы баяндалсын. орындалды

Қарасай ауданындағы қоғамдық көліктің сапасын арттыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:

Алматы қаласының мобильді басқарма басшылығымен кездесу өткізіліп, нәтижесінде Қаскелең қаласының орталығымен, «Сулейман Демерел» университетін қамтитын жаңа маршруттың ашылуы, ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланды.

Қазіргі уақытта ауданішілік 13 маршрутың конкурстық құжаттамалары әзірленді, конкурс қараша айында өткізілетін болады.

 

27) Жалпақсай ауылындағы жарықтандыру мәселесі зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. (Жалпақсай ауылының тұрғыны Ж. Жанажанованың сұрағына байланысты) орындалды

Қазіргі таңда Жалпақсай ауылына жарықтандыру жүйелерін орнатуға жобалық іздестіру жұмыстары дайын, 2023 жылы ауданның бюджетінен ЖСҚ-на 9,55 млн. теңге бөлу жоспарға енгізілді.

Сонымен қатар, Жалпақсай ауылы Сұлусай көшесіне 2,1 км жарық жүйесін жүргізуге бастапқы 8,0 млн. теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсінің қорытындысы бойынша «Leader Құрылыс» ЖШС-і жеңімпаз ретінде анықталып, келісім-шартқа қол қойылды. Нысан 2023 жылға ауыспалы болып табылады.

 

28) Қолданыстағы Заң нормалары бойынша мектептердегі асхана жұмысы зерделеніп, жаңа жүйе қарастырылсын. Нәтижелері туралы баяндансын. (Көксай ауылының тұрғыны А. Оналбаевтың сұрағына байланысты) орындалды

2022-2023 оқу жылында барлық асханалар жұмыстарына мониторингтік топ құрылып, зерделенеді. Нәтижесі бойынша асхананы жалға алушы «Айгул» ЖШС-не тыйым салынған тамақтарды сату және тамақтың сапасын жақсарту туралы ескерту берілді. Мектеп тарапынан құрылған брокираж комиссиясы тарапынан тамақтың сапасы мен ас мәзіріне сәйкестігі күнделікті қадағалануда.

 

29) Қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес бос жатқан жер учаскелері бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тиісті ақпарат берілсін. Орындалды

Бүгінгі күні Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне ауыл шаруашылығы бойынша жалпы көлемі 2744 га жер телімдерін қайтару туралы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде шығыс №76-3-10/888-И хат жолданды.

     Өз еркімен ауданның жер қорына қайтарылған жер телімдерінің көлемі 147 га.

 

30) Заңға сәйкес Қарасай ауданында орналасқан медициналық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысы зерделеніп, тиісті ақпарат берілсін. Орындалды

Қарасай ауданында барлығы 10 жеке медициналық мекемелер орналасқан.  Олар бойынша 2022 жылы 143 арыз-шағым түскен. Ол шағымдарды Алматы облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті жүзеге асырады. Бүгінгі күнге шағымдар жоқ.

 

31) Білім бөлімдерін аудандар мен қалалар әкімдерінің қарамағына беру туралы Білім министрлігіне хат дайындалсын. (Қаскелең қаласының тұрғыны С. Мәсімақыновтың сұрағына байланысты) орындалды

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №545 қаулысының негізінде аудандық білім бөлімі, облыстық білім басқармасының қарамағына өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне білім беру ұйымдарының ғимараттарын бірыңғай әкімшілік кешен ретінде аудандық әкімдіктердің теңгеріміне беру немесе аутсорсинг мәселесін қарастыру, олар білім беру мекемелерінің ғимараттарын күтіп ұстау, ағымдағы және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету, мектептер салу, төтенше жағдайлар кезінде проблемаларды жедел шешу және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жауапты болатыны, аталған шара білім беру ұйымдарының алдында тұрған білім беру, балаларды оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді одан әрі тиімді іске асыруға мүмкіндік беретіні бойынша 2022 жылғы 16 наурызда №06-42/Д-2136 хат жолданды.

Бүгінгі күнге Министрліктен жауап келмеген.

 

32) Іргелі ауылындағы көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын, Заң нормалары бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қабылдансын. (Іргелі ауылының тұрғыны С. Мустафинаның сұрағына байланысты) орындалды

Қазіргі уақытта Іргелі ауылындағы Алматы-Бішкек трассасы, 7093 мекен-жайында орналасқан өрт болған көпқабатты тұрғын үйдің шатырын «Оспанбеков» ЖК-мен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үйдің құжаттарын ретке келтіру жұмыстары «Оспанбеков» ЖК-мен жүргізілуде және ММИБ  (ОСИ) құрылуда. 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау көзделуде.

 

 

33) Қаскелең қаласы, «Сәукеле» шағын ауданында салынған кірпіш зауыты құрылысының заңдылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілсін. Нәтижелері туралы баяндансын. (Қаскелең қаласының тұрғыны Д. Әбдіразақовтың сұрағына байланысты) орындалды

Өтініште көрсетілген зауыт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, экология, құрылыс бақылау, сәулет және т.б. органдарының өкілдерінің қатысуымен кешенді тексеру жүргізілді. Жер мәселелері жөніндегі комиссияның 29.05.2012 ж. № 307 қорытындысы негізінде Қарасай ауданы әкімдігінің 25.06.2012 ж. № 6-795 қаулысымен шаруа қожалығынан кірпіш зауытын орналастыру үшін жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілді. Жер учаскесіне мемлекеттік актінің кадастрлық нөмірі 03-056-020-549. Кейіннен, 2020 жылдың 03 наурызында сыйға тарту шарты жасалды. Қазіргі уақытта "Сапалы Кесек" ЖШС құрылтайшысы болып Пардабай Оразұлы Төлғанбаев табылады.

Жалғызтөбе учаскесіндегі саздақтарды егжей-тегжейлі барлау жобасы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" ММ жанындағы 2012 жылғы 04 сәуірдегі №МК 40/12 барлау және әзірлеу жөніндегі өңіраралық комиссия отырысының хаттамасы негізінде "Оңтүстік қазжерқойнауы" МД бекітуге ұсынылды.

№Kz28vcz0063494 үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің "Алматы облысы бойынша экология департаменті" РММ уәкілетті органы берді, онда 1-тармақта 2030 жылға дейін жыл сайын 20,134 тоннадан аспайтын ластаушы заттар шығарындыларының көлемін өндіру жөніндегі нормалар көрсетілген. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мемлекеттік орган берген шекті жол берілетін шығарындыларды бекіту туралы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы бар.

"Асау Барақ" жекеменшік мектебінің мәселесі бойынша меншік иесі "ТКШ Кенже" ЖШС, Қаскелең қ., "Ленинский" АКХ, 2218/1 учаскесі, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 03-056-020-597 болып табылатынын хабарлаймыз. Қаскелең қаласын дамытудың бекітілген Бас жоспарына сәйкес бұл жер учаскесі санитарлық-қорғау аймағында (зиратта) орналасқан. Мектеп ғимараты сәулет саласындағы уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттамасынсыз қала құрылысы нормаларын бұза отырып салынған, пайдалануға қабылдау актісі жоқ.

Осыған қарамастан, "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ уәкілетті органы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 10.09.2021 жылғы № В.08.Х. KZ40VWF00047647 Бастауыш мектептің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан берді.

«Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, №2218/1 жер телімі, кадастрлық нөмірі 03-056-020-597  мекен-жайында рұқсат құжаттарсыз салынып жатқан құрылыс нысанына қатысты хат келіп түсті.

 «ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің» 802 бабына сәйкес, нысан иесі Кенжеғали Т.Б. Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-2 бабының 2 тармағы, 1,2,3 тармақшаларын және 68 бабының 12 тармағының талаптарын бұза отырып, коммерциялық нысан (мектеп) құрылысын тиісті жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізілмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша, құрылысты техникалық және авторлық қадағауларды қатар жүргізбей және нысанның құрылыс-жинақтау жұмыстарын уәкілетті мекеменің хабарламасынсыз жүргізгені анықталды.

Жоғарыда аталған Заң талаптарын сақтамағаны үшін, Кенжеғали Т.Б. «ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 316 бабы 1 тармағы, 321 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған және 463 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып Қарасай аудандық сотының қарастыруына 27 маусым 2022 жылы жолданғанын хабарлаймыз.

2022 жылдың 19 шілдесінде сот қаулысы №1954-22-00-3/3251 шығарылды. Қаулыға сәйкес 32162 тенге әкімшілік айыппұл салынды.

Соттың шешіміне сәйкес аталған мекеме салынған айппұлды төлеп, заңдастыру бойынша құжаттар рәсімдеуде.

 

34) Шамалған ауылында мәдениет үйін салудың қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. (Шамалган ауылының тұрғыны Ю. Щюкинның сұрағына байланысты) орындалды

Шамалған ауылында 200 орындық жатақханасы бар 600 орындық спорт  интернатының құрылысының ЖСҚ-сын «Строй Тех» ЖШС әзірлеуде, бастапқы жұмыстарына 10,0 млн.теңге бөлінді, аяқталу мерзімі 2023 жылдың мамыр айы.

 

35) Райымбек ауылында ойын алаңдарын салудың қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. (Райымбек ауылының тұрғыны П.Халикованың сұрағына байланысты) орындалды

Райымбек ауылына Диірмен көшесінің бойына жеке кәсіпкерлердің көмегімен ойын алаңы 2020 жылдың шілде айында қолданысқа берілді. 2022 жылдың II-жарты жылдығында Райымбек ауылының Сүйінбай көшесінде балалар ойын алаңының құрылысы басталды, 15 желтоқсан айында қолданысқа берілу жоспарланып отыр. Бөлінген қаржы 9,0 млн. теңге.

 

36) Заң талаптарына сәйкес Қаскелең қаласының трансформатор орнатуға жерді бөлу немесе сатып алу мәселесін қарастырып, мәселе шешілсін. (Қаскелең қаласының тұрғыны С. Айғанованың сұрағына байланысты) орындалды

Трансформатор орнатуға жер телімін бөлу мәселесі Қаскелең қаласының егжей-тегжейлі бас жоспары бойынша жер телімі бөлінеді.

 

37) Іргелі ауылы көшесінің жөндеу мәселесі зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. (Іргелі ауылының тұрғыны Ж. Иманбекованың сұрағына байланысты) орындалды

Іргелі ауылының Жетісу көшесін жөндеу жұмыстарына  18,0 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта мемлекеттік  сатып алу рәсімдерін 25.12.2022 жылы аяқтау жоспарлануда.

38) ArtSport бағдарламасын қайтадан жандандыру мәселесі бойынша, мәдениет және спорт министрлігімен мәселені пысықтау, нәтижелері туралы баяндалсын. орындалды

Қарасай ауданы бойынша 56 үйірме жұмыс істейді, қатысушылар саны – 1275 адам; Artsport  бойынша үйірмелердің қаржыландыруы тоқтатылды, осыған сәйкес үйірмелер жұмыс атқармайды. (26 – орталық, үйірме саны – 243, бала саны – 7181)

 

39) Ұлан ауылында дәрігерлік амбулатория салудың қажеттілігі туралы талдау жүргізіп, қорытынды дайындалсын. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау. (Ұлан ауылының тұрғыны Н.Агибаеваның сұрағына байланысты) орындалды

Ұлан ауылындағы Достық көшесінен дәрігерлік амбулатория құрылысына 0,3000 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік  актісі алынды. Қазіргі уақытта дәрігерлік амбулаторияның ЖСҚ әзірленуде, бөлінген қаражат 13 млн 429 мың теңге. ЖСҚ әзірлеу жұмыстары 2022 жылдың 30 қазанында аяқталады. ЖСҚ әзірлеуші мекеме «Су Құрылыс Проект»ЖШС.

 

40) Тұрғындарды жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін ауданның коммуналдық меншігіне заңсыз берілген жерлерді қайтару бойынша шаралар қабылдансын. орындалды

Бүгінгі күні Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне ауыл шаруашылығы бойынша жалпы көлемі 2744 га жер телімдерін қайтару туралы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде шығыс №76-3-10/888-И хат жолданды.

     Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан жер телімдерін қайтару жұмыстары жүргізілуде.

     Өз еркімен ауданның жер қорына қайтарылған жер телімдерінің көлемі 147 га.

 

41) Заңсыз жерді иелену мәселесі бойынша Заңға сәйкес анықтау жұмыстары жүргізіліп, тиісті шара қабылдансын. (Қаскелең қаласының тұрғыны А. Акишевтың сұрағына байланысты) орындалды

Аталған мәселе бойынша заңға сәйкес қарастырылып, бүгінгі күні сот шешімінің орындалуы Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментімен қадағалануда.

 

42) Жер теліміне қатысты сот шешімінің орындалмауы бойынша Заңға сәйкес анықтау жұмыстары жүргізіліп, тиісті шара қабылдансын. (Қаскелең қаласының тұрғыны Н.Тимошенконың сұрағына байланысты) орындалды

"Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ және "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімінің қорытындысы негізінде Қаскелең қаласының әкімі және Осеров Б.А. Қарасай аудандық сотына келесідей талап арыз жолданды:

А. Е.Антоненконы, Н. А. Тимошенконы Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесі, 75в/32 үй мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,0708 га, сондай-ақ мемлекет меншігіндегі жалпыға ортақ пайдаланылатын жолды өз бетінше басып алған жер учаскесін босатуға міндеттеу.

Антоненко А. Е., Тимошенко Н. А. олардың есебінен өз бетінше басып алынған жер учаскесінде өз бетінше салынған құрылыстарды бұзуға міндеттелсін.

"Алматы облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" ММ-нің мемлекеттік меншіктегі жауапкерлердің өз бетінше басып алған жер учаскелерін босатуға жәрдемдесуден бас тарту әрекеттерін (әрекетсіздігі) заңсыз деп танылып, оларға жеке анықтама берілсін.

Жоғарыда көрсетілген талап арызды Қарасай аудындық соты қанағаттандырусыз қалдыруына байланысты Антоненко А. Е., Тимошенко Н. А. жер учаскесін босатуға міндеттелген жоқ.

 

43) Қалада көшелерің жөндеу және жарықтандыру мәселелері зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. орындалды

2022 жылы Қаскелең қаласы бойынша ұзындығы Саукеле, Жангозина, Сарқырама көшелерінің 6,5 шақырымына асфальт төселді. 

Аудан бойынша түнгі жарықтандыру жүйесі кезең-кезең жүргізілдуе. Қаскелең қаласында 2020 жылы  239 млн теңгеге  Бурабай, Үмбетәлі, Гоголь, Аймауытов, Таусамалы, Ақжол, Қонаев, Наурызбай батыр, Карасай Батыр, Макашев, Абылайхан көшелерінде жарықтандыру жүйелері жүргізілді.

 

44) Бекболат ауылында ауыз су, газ мәселері зерттеп, жұмыстың қажеттілігі мен мерзімі туралы қорытынды дайындалсын. (Бекболат ауылының тұрғыны С. Туралбаеваның сұрағына байланысты) орындалды

Бірінші май ауылдық округінде газ жүйесімен «Алматыгазсервисхолдинг» ЖШС-і қамтамасыз етуде, ауылдың жаңа құрылыстарына инвесторлық есеппен жүргізілуде. Жаңа тұтынушылар газ шаруашылығына өтінімдерін  білдіру арқылы қосылады.

 Бекболат ауылының электр жүйелерін жаңғырту және қайту салуға ЖСҚ әзірлеуге 5,635 млн.тг. қаражат бөлуге бюджетік өтінім жоспар бойынша қараша айында Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммунаналдық шаруашылық басқармасына тапсырылады.

     Жер мәселесі бойынша Бекболат ауылында балалар ойын алаңын, мәдениет үйін орналастыру үшін 2022 жылдың 11 тамызында №76-3-10/807-И хатымен Қарасай ауданының әкімдігі «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының төрағасы Д.С.Балпановқа сұраныс хат жолдаған.  Сұраныс хатта «Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Қайнар» аймақтық филиалына тиесілі 5 (бес) га жер телімін мемлекеттік қажеттілікке байланысты беру туралы көрсетілген. Сонымен қатар, Қарасай ауданының әкімдігі «Қайнар» аймақтық филиалына Бірінші Май ауылдық округінде орналасқан тең дәрежедегі басқа 5 (бес) га жер телімінің берілуіне кепілдік берген. Жер кодексінің 39 бабының 5 тармақшасына сәйкес жер учаскесі қызметтік жер телімі тәртібімен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беруіне жол берілмейтінін тағы да атап көрсеткен. Жер  кодексінде оларға қатысты  тұрақты жер пайдалану құқығының режимімен қарастырылған жер учаскелерін иеліктен шығаруға, жалға беру немесе сенімгерлік басқаруға беру мәселелері реттелмеген. Осыған байланысты, Бірінші Май ауылдық округіне қарасты «Қайнар» өңірлік филиалы меншігіндегі жер учаскелерінен жер телімін беру ҚР Жер кодексінің жоғарыда көрсетілген нормалары мен жер  заңнамасының  міндеттері мүмкіндік бермейді.

 

45) Резервуарды қосу мәселесі қарастырылсын. орындалды

Қайнар ауылын ауыз сумен қамтамасыз ететін су резервуары қазіргі таңда қосылды, су жинақталуда және тұрғындарға су берілуде.

 

46) Саяжайларға елді мекен мәртебесін беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заң нормаларына сәйкес аталған сұрақтар бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылдансын. Қаскелең қаласының тұрғыны С.Бикитееваның сұрағына байланысты) орындалмады

ҚР Жер кодексінің 108-бабын басшылыққа ала отырып, Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Қарасай ауданының елді мекендерінің шекараларын, жалпы алаңы 2000 гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді кеңейту (өзгерту) схемаларын, саяжай алқаптарын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде орналасқан, жақын маңдағы елді мекендермен іргелес жатқан жер учаскелерін кейіннен біріктіру (қосу) үшін ҚР Әділет министрлігіне 2022 жылдың маусым айында келісуге ұсынды. Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі қала құрылысы құжаттамасын әзірлеуге бюджеттік өтінім жасалды.

ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 26-бабы шеңберінде Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде салынып жатқан және салынуы белгіленген объектілерге жүйелі түрде мониторинг жүргізеді.

 

47) Коммуналдық қызметтердің жұмысын қамтамасыз етсін. орындалу барысында

Қазіргі таңда «Алтын ауыл» ықшам ауданында коммуналдық қызмет көрсетуші мекемесі «BeyAzh Trans» ЖШС болып табылады және кондоминиум нысанының ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу құқығы қарастырылмаған.

 Тұрғындарға, «Меншік иелерінің бірлестігін» құру қажеттігі және кондоминиум объектілерін күтіп ұстауға, жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы түсіндіру жұмыстары ЖАО тарапынан жүргізілді. Бұл ретте, ММИБ-і қызмет көрсетуші мекемені тандайды, ал «BeyAzh Trans» ЖШС-і коммуналдық қызметтерді беруші ретінде жұмыс жүргізеді.

 

48) Бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағдарланған жаңа кәсіпорындар ашу және қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту жолымен өндірісті одан әрі ұлғайту жөнінде шаралар қабылдасын. Іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларды ерекше бақылауға алсын және олардың іске қосылуын қамтамасыз етсін. Орындалды

2022 жылға жоспарланған инвестиция жобалары: Алтын Орда базарының модернизациялық құрылыс жұмыстары жүргізілуде,  1,4 млрд. теңге инвестиция тартылды.

      Елтай ауылдық округінің өндірістік аумағын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеңберінде «Көкөзек» электр қосалқы станциясының құрылыс жұмысы 2021 жылы басталды 1 млрд. 300 млн. теңге инвестиция тартылды, 2022 жылы 1 млрд. 800 млн. теңге инвестиция тартуы жоспарда, жалпы 3 млрд. 100 млн. теңге.

          Елтай ауылдық округінде «Шах Экофуд» шаруашылық қожалығының жалпы көлемі 10,6 га қамтитын, оның ішінде 4,7 га жерге қазіргі уақытта жұмыс істелінуде, ал қалған 5,9 га. аумаққа жылыжайдың металл конструкциясын құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Жылыжай кешенінде жабық топырақта қызанақ және қияр көкөністері өсірілетін болады. Қазіргі уақытта 55 адам жұмыс істейді. Нысан іске қосылғаннан кейін жылына 1500 тонна көкөніспен қамтамасыз етіліп, 150 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Аталған жоба 2022 жылдың екінші жарты жылдығында ашылады,  инвестиция көлемі 2021 жылы 3,5 млрд тартылды, 2022 жылға 1,6 млрд жоспарда.

          Елтай ауылдық округінде жұмыс істеп тұрған «RG Brands Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайын өнімдерді сақтауға арналған қойма құрылысын, жаңа құрал жабдықтар сатып алуға және қосымша өндірістік желісіне 10 млрд. теңге инвестиция тарту көздеп отыр.

          Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған "Алматы Стекло" ЖШС кеңейту жұмыстары және қосымша зауытты салу жоспарланып отыр, жалпы соммасы 6 млрд. теңгені құрайтын инвестиция тарту көзделіп отыр, қосымша 40 жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.

Ашылатын кәсіпорын: 2022 жылы Елтай ауылдық округінде трансформаторлық қосалқы станциялар, және электр қалқан жабдығын өндіретін "Каз энерго пауер" ЖШС ашылуы күтілуде, тартылатын инвестиция соммасы 750 млн. тенге, жаңа 55 жұмыс орнымен.

          Елтай ауылыдқ округінде «Агрофинанс» көкөніс қоймасының ашылуы жоспарланып отыр тартылатын инвестиция соммасы 350 млн. тенге, жаңа 25 жұмыс орнымен.

          Елтай ауылыдқ округінде 1 га. жер теліміне тамаққа қосылатын дәмдеуіштер зауытының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 700 млн. теңге инвестиция тартылуы күтілуде, жаңа 50-80 жұмыс орнымен.                     

     Қарасай ауданында негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша инвестиция көлемі 23 млрд теңге күтілуде. Нақты көлем индексі 100% құрайды .  Наурыз айында 8,9 млрд инвестиция тартылу күтілуде. Оның ішінде  БАКАД 2,2 млрд теңге; Олимпиадалық дайындық базасы 500 млн теңге; Елтай ауылдық округінде жұмыс істеп тұрған «RG Brands Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайын өнімдерді сақтауға арналған қойма құрылысын, жаңа құрал жабдықтар сатып алуға және қосымша өндірістік желісіне 700 млн теңге және тағыда басқа инвестиция 2022 жылдың желтоқан айында тарту көзделіп отыр.

 

49) Жылыжай шаруашылықтары мен сүт-тауар фермаларын іске қосу, жұмысын жандандыру  жөнінде шаралар қабылдансын. Ауданның әлеуетін ескере отырып, жаңа қайта өңдеу өндірістерін ашу үшін инвесторларды тарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілсін. Сыртқы нарықтарға бағдарлана отырып, сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жаңа технологияларды белсенді енгізсін. Орындалды

Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жылыжай шаруашылықтары мен сүт-тауарлы фермаларын іске қосу бойынша және мемлекеттік тарапынан берілетін қолдаулар жайлы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі күнге ауданның  Елтай ауылдық огругі, Исаев ауылында орналасқан аумағы 5,9 га  құрайтын жер теліміне «Shakhecofood» ЖК-гі  қосымша  жылыжай  кешені   құрылысының жұмыстары жүргізілуде.  Жаңадан ашылынатын жұмыс орны 50 адамға жоспарлануда. Инвистиция көлемі 5 млрд. теңгені құрайды.

 

50) Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару және оларды ұтымды пайдалану бойынша жұмысты жандандырсын, жердің нысаналы мақсатын негізсіз өзгертуге жол бермесін. Орындалды

«Қарасай ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтың 2022 жылғы маусымында Қарасай ауданына жасаған іссапары мен аудан халқымен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары бойынша төмендегідей хабарлайды:

Қарасай ауданы аумағында ауылшаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың жайылымдық алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында, Қарасай ауданы бойынша көлемі 3637,0000 га мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың, соның ішінде залалардың орнын толтыру жолымен басталуы туралы 2022 жылы 15 шілде айында №310 аудан әкімінің қаулысы қабылданды.

Қазіргі таңда, осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Алматы облысы бойынша филиялының Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінде мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны мемлекеттік тіркеуден өткізу, меншік иесіне және мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға мемлекеттік мұқтаждығы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны пошталық жөнелтімді алу туралы хабарламаны міндетті алумен пошта арқылы жіберу жұмыстары жүргізілді.

Жоғарыда аталған аудан әкімінің қаулысы негізінде, мал жаюға арналған жайылым жерлерді мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қарасай ауданы бойынша Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Ұзын Қарғалы адгондық жер теліміне 500 га жайылымдық жер пайдаланбағандықтан мемлекетке қайтару бойынша «Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы» А.Жолдағұтовқа 2022 жылдың 1 қыркүйегінде шығыс №76-3-10/888-И хат жолданды.     Бүгінгі күні, аудан бойынша мемлекет мұқтажы үшін жайылым жерлерді өз еркімен қайтарған меншік иелері жоқ екенін хабарлаймыз.

Жер телімдерінің нысаналы мақсаты Жер кодексінің 49-1 бабына сәйкес, өзгертіледі.

 

51) Қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын сақтай отырып, жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерін беру және жер деректерін цифрлау бойынша қажетті шараларды қабылдасын.. Орындалды

Қарасай ауданы бойынша Елтай ауылдық округіне қарасты Елтай ауылында 7.0 га жер телімі жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген. Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленуде.

 

52) Халықты орталықтандырылған сумен, кәріз жүйесімен және газбен қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауға алсын.

Көпбалалы отбасыларын және әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін шара қабылдасын.. Орындалды

     Аудан бойынша тұрғындарды орталықтандырылған ауыз су және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленуде, жобалардың мемлекеттік сараптамадан өтуіне байланысты құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Орталықтандырылған газ жүйесімен қамту үлесі аудан бойынша 95 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта аудан аумағындағы жаңа құрылыстарда газ жүйесін жүргізу инвесторлық есептен жүргізілуде.

Тұрғындарды инфрақұрылымдармен қамту аудан әкімідігінің ерекше бақылауында.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» №1054 қаулысын орындау мақсатында:

  1. Әйтей а/о, «Өмірзақ» ы/ауданында 520 тұрғын үй салуға республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат бөлініп, 200 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды.

Бүгінгі күні, құрылыс жұмыстары аяқталған 200 тұрғын үйдің:

  • 80 (сексен) жалдамалы тұрғын үй болып саналады. Оның, желтоқсан айында 32 (отыз екі) тұрғын үй көпбалалы отбасыларға сатып алу құқығынсыз жалға берілді. Қалған, 48 (қырық сегіз) тұрғын үй газ мәселесі шешілгеннен кейін беріледі. 
  • 120 (бір жүз жиырма) кредиттік тұрғын үй болып саналады. Оның, «Отбасы банк» арқылы «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өз төлем қабілеттілігін дәлелдеген 18 үміткермен сатып алу-сату келісім-шарт жасалынды. Қалған, 102 тұрғын үйлер үміткерлердің банк арқылы өтуіне қарай сатылады.

320 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары 2022 жылдың маусын-шілде айларында аяқталуы жоспарлануда. Оның:

  • 120 (бір жүз жиырма) жалдамалы тұрғын үй болып саналады;
  • 200 (екі жүз) кредиттік тұрғын үй болып саналады.

 Яғни, жалпы 2022 жылы:

  • 173 (бір жүз жетпіс үш) тұрғын үй - көпбалалы отбасыларға

сатып алу құқығынсыз жалға беру;

  • 302 (үш жүз екі) тұрғын үй - кредиттік тұрғын үй ретінде беру жоспарлануда.

 

53) Автомобиль жолдардың, соның ішінде аудандағы ішкі жолдардың жөндеуін мерзімінде аяқтауды, жұмыстардың сапалы орындалуын  қамтамасыз етсін. Орындалды

Қарасай ауданының  аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 1115 км (көше) оның 386- шақырымы жақсы жағдайда,36%(асфальтобетон)302- шақырымы қанағаттанарлық жағдайда, 27% (қиыршық тас)427- шақырымы қанағаттанарлықсызжағдайда,37% (топырақ)

Ағымдағы жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жергілікті жылдық бюджеттен 977млн. 568 мың теңге бөлінді, оның ішінде:

-         Күрделі жөндеу жұмыстарына 345 млн. 868 мың теңге.

-         Орташа жөндеужұмыстарына 40 млн. 299 мың теңге.

-         Ағымды және маршруттық әдіспенжөндеу жұмыстарына 590млн. 564 мың теңге.

Жөндеу жұмыстарымен қамтылған:

-         9 елді мекен.

-         14 көше.

-         22 шақырым.

Күрделі жөндеу:

  1. Қаскелең қаласының Қарылғаш ықшам ауданына барар жол.
  2. Қаскелең қаласының электр торабына барар жол.
  3. Айтей ауылының Өмірзақықшам ауданына барар жол.
  4. Шамалған ауылының дене-шынықтыру сауықтыру кшкнінебарар жол.
  5. Жармұхамбет ауылының жаңа мектебіне барар жол.

Орташа жөндеу:

  1. Кемертоған ауылының Егемендік көшесі.

Ағымды және маршруттық әдіспенжөндеу:

  1. Қасклкең қаласының Жангозин көшесі.
  2. Қасклкең қаласының Сарқырама көшесі.
  3. Қасклкең қаласының Сәукеле көшесі.
  4. Қаратөбе ауылының көшелері.
  5. Жалпақсай ауылының Т.Тегіс көшесі.
  6. Райымбек ауылының Байтұрсынов көшесі.
  7. Айтей ауылының Жүнісбай көшесі.
  8. Исаев ауылының Маметов көшесі.

 

54) Білім беру объектілерінің құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етсін. Орындалды

     - Батан ауылындағы 450 орындық орта мектеп құрылысы "СП "NEFT" ЖШС- мен жүргізілуде. Жалпы құны 1 млрд. 289 млн. 986 мың теңге. Жаңа 2021-2022 оқу жылына қолданысқа берілді.

- Үштерек ауылындағы 600 орындық орта мектеп құрылысы "Корпорация АҚ Ордасы" ЖШС-мен келісім шарт әзірленді. Орындалу мерзімі 2021 жылдың желтоқсан айы жоспарлануда. (мемлекеттік сараптама қорытындысы бойынша 19 ай 2022 жылдың мамыр айы)

- Алмалыбақ ауылындағы орта мектепке 600 орындық жапсаржай құрылысына 2021 жылға 500 млн. теңге бөлініп, 2021 жылдың сәуір айында  "Капстройгрупп-Т" ЖШС-мен келісім шартқа отырылды. Орындалу мерзімі 2022 жылдың қараша айы.(19 ай)

- Іргелі ауылындағы Л.Толстой атындағы орта мектепке 600 орындық жапсаржай құрылысына  2021 жылға 500 млн. теңге бөлініп, 2021 жылдың сәуір айында "Құрылысшы -ТБС" ЖШС-мен келісім шартқа отырылды. Орындалу мерзімі 2022 жылдың қараша айы.(19 ай)

-Жібек жолы ауылындағы А.Байтұрсынұлы ат орта мектепке 600 орындық жапсаржай құрылысына  2021 жылға 500 млн. теңге бөлініп, 2021 жылдың сәуір айында "Еламан" ЖШС-мен келісім шартқа отырылды. Орындалу мерзімі 2022 жылдың қараша айы.(19 ай)

-Қаскелең қаласындағы 1500 орындық орта мектеп құрылысын жүргізуге 2021 жылдың 12 наурыз айында "BiGlobal" ЖШС-мен келісім шарт тұжырымдалды.Орындалу мерзімі 2023 жылдың наурыз айы. (24 ай)

-Жармұхамбет ауылына 600 орындық орта мектеп құрылысна жобалау-сметалық құжаттамасы "ЭлМ" ЖШС-мен әзірленді. 16.03.2021 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы оңтайлы шықты.

-Әйтей ауылдық округіндегі Өмірұзақ тұрғын үй кешенінде 900 орындық мектеп құрылысы нысанының жобалау-сметалық құжаттамасы   "TEVA" ЖШС-мен әзірленді .11.05.2021 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы оңтайлы шықты.

-Долан ауылына 600 орындық орта мектеп құрылысына жобалау сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2020 жылдың 14 сәуір күні "Капремпроект" ЖШС-мен келісім шарт тұжырымдалды. Жобалау сметалық құжаттамасының соммасы 46,7 млн. тенге.11 маусым күні мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға өткізілді.

 

55) Нәрестелер мен ана өлімінің өсуін болдырмау, әлеуметтік маңызы бар ауруларды азайту бойынша шаралар қабылдасын.

Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу, көтерме ақы төлеу және тұрғын үй сатып алуға несие беру арқылы әлеуметтік қолдау арқылы қажетті кадрларды тарту бойынша жұмыстар жандандырылсын. Орындалды

     ШЖҚ «Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК емдеу мекемесінде дәрігерлік амбулатория меңгерушілері, акушер-гинеколог, жалпы тәжібиелік дәрігерлері қатысуымен ана өлімі жағдайын болдырмау, сәби өлімі мен онкологиялық аурулардың көрсеткіштерін төмендету шаралары туралы мәселе жөнінде апта сайын кеңес өткізілуде.

2021 жылдың 11 айының қортындысы бойынша АХАТ бөлімінің мәліметі бойынша 8251 нәресте (2020 жылдың 11 айында – 7319 нәресте) дүниеге келген. 2020 жылы 60 нәресте өлімі, 2021 жылдың 12 айының қортындысы бойынша 63 нәресте өлімі тіркелген. 1000 тірі туылған нәрестелер санына шаққанда көрсеткіш – 8,0 промильді құрады (2020 жылы 8,64).

2022 жылы шілде айына дейін Қарасай ауданы бойынша 38 нәрестенің шетінеуі жағдайы тіркелген. Оның ішінде:

-қаңтар айы бойынша 5, -ақпан айында 6, -наурыз айында 5, -сәуір айында 7 нәресте, -мамыр айында -8 нәресте, -маусым айында – 5, -шілде айында - 3 өлімі тіркелген.  

2021 жылдың осы кезеңінде – 40 нәресте өлімі тіркелген. 

Оның ішінде 38 нәресте Қарасай ауданында тіркелген, 1 бала басқа аймақтан келген балалар.

Шетінеген орны бойынша:

-Перзентхана бөлімінде – 26;

-Балалар бөлімінде – 5;

-Үйінде -1 бала.

-Басқа стационарларда – 5.

Нәрестелердің туылған кездегі салмақ категориялары бойынша: (По весовой категории):

500-999 гр –54,75%  (18нәресте);

1000-1499 гр -24,5%  (8 нәресте);

1500-2499 грам – 12,5 %  (4 нәресте);

2500 грамнан жоғары –4,25 %  (4 нәресте).

Өлім-жітімнің негізгі пайызы салмағы 500-999 грамм аралығындағы нәрестелер арасында байқалады, бұл әйелдер денсаулығының төмен индексін, халықтың әлеуметтік жағдайының қолайсыздығын және карантин кезінде жүкті әйелдерде «COVID-19» инфекциясының симптомсыз өтуіне байланысты болып отыр.

Нәресте өлімі жағдайларына жасалған талдау бойынша 60% жағдай жүкті әйелдердің мерзімінен ерте босанумен және нәрестелердің өте аз салмақпен туылуымен байланысты болған. Бүгінгі күні Алдын алу, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

 

   

Дата публикации
18 июля 2022
Дата обновления
18 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы