Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Кеген ауданы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы (04.08.2022)

 

2023 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 13 тапсырмадан: орындалғаны – 2, орындалу үстінде – 8, орындалмағаны – 3.

 

№ п/п

Сұрақ

Проблемалық мәселелерді

шешу шаралары

 

 

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалу барысы

1

Аудан орталығындағы Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп пен Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп лицейіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Екі мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат бөлу бойынша облыстық мәслихатқа ұсыныс енгізу

2022 жыл

10 қыркүйек

Т.Е.Байедилов

Б.А.Төлебекова

С.Д.Беспаева

Орындалды

2023 жылғы бюджетті бекіту кезінде К.Нұрпейісұлы атындағы ОМ күрделі жөндеу жұмыстарына 967,5 млн. теңге, Ө.Жаңабаев атындағы ОМ күрделі жөндеу жұмыстарына 1 122,1 млн. теңге бөлінді

2

Шырғанақ ауылында мәдениет үйін салу туралы

Мәдениет үйін салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 20 млн. теңге бөлу жөнінде облыстық мәслихатқа ұсыныс енгізілсін

2022 жыл

25 тамыз

 

Т.Е.Байедилов

Б.А.Төлебекова

Д.Б.Ешенов

Орындалу үстінде

Шырғанақ ауылына жаңа мәдениет үйінің құрылысына қажетті 40 сотық жер анықталып, мемлекеттік АКТ жасалуда.

Құрылыс жұмыстарына жобалық іздестіру жұмыстары жүргізіліп, ЖСҚ әзірлеуге 20 млн. теңге қаржы сұрап облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына 17.11.2022 жылы №01-11/197 санды хаты жолданды. 

3

Ауданға «Шелек-Кеген» табиғи магистралдық газ құбырын салу

«Шелек-Кеген» табиғи магистралдық газ құбырын салу мәселесін жан-жақты зерттеп, есептер жүргізіп, сонымен қатар энергияның балама көздерін пайдаланудың басқа түрлері қарастырылып, тиісті есептер жүргізіліп, ұсыныстар енгізілсін

2022 жыл

15 қазан

 

Т.Е.Байедилов

 

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Орындалу үстінде

Қазіргі уақытта «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбырын тартуға 332,0 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) жасалуда. Мердігер «КАТЭК» ЖШС-сі.  Жобалау жұмыстарын 2022 жылдың аяғына дейін аяқтап, құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдары бастау жоспарлануда.

Табиғи газ құбырының ұзындығы 230,2 км. Газ құбырының ішкі диаметрі 263 мм. Газ құбырының қалыңдығы 5 мм.

 

4

Мойнақ су электр станциясының қуатын ауданға арзандатылған бағамен беру мәселесін қарастыру

Мәселені жан-жақты қарастырып, Қазақстан Республикасының энергетика министрлігіне ұсыныс әзірленіп, жолдансын

2022 жыл

15 қыркүйек

 

Т.Е.Байедилов

 

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Орындалмады

Кеген ауданында орналасқан Мойнақ су электр станциясы 2011 жылы пайдалануға берілді.

Су электр станциясы жылына 300 МВт электр энергиясын өндіреді. Мойнақ су электр станциясы өндірілген                         энергияны «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-не 12,47 тенгеден сатады.

 Ауданда электр энергиясының орташа тарифы - 17,53 тг.

"Мойнақ ГЭС" АҚ-ы тікелей тұтынушыларға сатуға құқығы жоқ, тек қана энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін "электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен белгіленген тариф бойынша өткізеді.

5

Бөлексаз ауылының ауыз су жүйесін толығымен іске қосу туралы

Сот шешімі күшіне енген сәттен бастап тиісті шаралар қабылдансын

2022 жыл

15 қыркүйек

 

Т.Е.Байедилов

 

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Орындалу үстінде

07.07.2020 жылы "Кеген ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциялары бөлімі" ММ мен «ДАНЕКЕР» ЖШС-гі арасында Болексаз ауылының сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша жалпы сомасы 334,6 млн. теңгеге №57 шарт жасалды.

Орындау мерзімі құрылысқа рұқсат алған сәттен бастап 7 ай ішінде.

Мердігер шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағанына байланысты, 03.11.2021 жылы Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мердігерге қатысты мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану, тұрақсыздық айыбы сомасын өндіріп алу және жұмыстарды аяқтауға міндеттеме беру туралы талап арыз берілді.

08.02.2022 ж. сот мердігерге 2022 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде объектіні пайдалануға беруді міндеттеді. Алайда, қазіргі уақытта объектіде жұмыс аяқталмауына байланысты Экономикалық соттың шешімі негізінде мемлекеттік сот орындаушыларымен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.

6

Аудан көлемінде пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлерді мемлекетке қайтару туралы

Пайдаланалмай жатқан жер алқаптарын мемлекет меншігіне қайтару бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеп, заң шеңберінде жұмыстар ұйымдастырылсын. Атқарылып жатқан жұмыстың нәтижелері жөнінде ақпарат әр жұма сайын жолданып отырсын.

2022 жыл

Әр жұма сайын

 

Т.Е.Байедилов

С.Қ.Сәдуақасов

Орындалу үстінде

Аудан бойынша 2022 жылы пайдаланылмай жатқан 11 783 га.  жер учаскелері анықталып (егістік-6000 га, шабындық-257 га жайылымдық-5526 га),  Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 2022 жылғы       18 шілде № 01-11/351 хатпен шара  қолдану үшін жолданды.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі пайдаланылмай жатқан жер пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу нәтижесінде 3 812 га. жер учаскелері өз еркімен қайтарылып аудандық арнайы жер қорына енгізілді (Кеген ауылдық округі «Өсімдік» ЖШС-2078 га жайылым, аудан әкімдігінің қаулысы 17.03.2022 ж №38, Алғабас ауылдық округі «Кеген-Агро» ЖШС – 819 га, оның ішінде 419 га жайылым, 400 га егістік 25.05.2022 ж №72 қаулы).

7

Аудан бойынша барлық ауылшаруашылығы жерлеріне түгендеу жұмыстарын жүргізіп, нысаналы мақсаттарын анықтау туралы

Заң шеңберінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерін түгендеп, олардың нысаналы мақсаттарын анықтап, ұсыныс енгізілсін.

2022 жыл

1 қараша

 

Т.Е.Байедилов

С.Қ.Сәдуақасов

Орындалу үстінде

2022 жылдың шілде айынан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге инвентаризация жұмыстарын жүргізуге Аудан әкімінің 2022 жылғы 17 маусымдағы № 50-ө өкімімен жұмысшы тобы құрылды. Қазіргі уақытта 6500 га. жер анықталып ҚР «Жер кодексі» талаптарына сай ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша картографиялық материалдары дайындалуда.

 

8

Ауданда су шаруашылығы кәсіпорнын ашу

Мәселені жан-жақты зерттеп, ұсыныс енгізілсін.

2022 жыл

15 қазан

Т.Е.Байедилов

Д.С.Құдабаев

А.М.Ақшолақова

Орындалу үстінде

2022 жылдың 29 желтоқсанында жаңадан «Алматыоблсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорнының құрылуына байланысты аудандық су шаруашылығы мекемесін құру жұмыстары 2023 жылы жүргізіледі. 

 

9

Кеген ауылынан орталықтандырылған кәріз жүйесін салу

Кеген ауылында орталықтандырылған кәріз жүйесін салудың қажеттілігі жөнінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, ұсынылсын.

2022 жыл

15 қыркүйек

 

Т.Е.Байедилов

 

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

Орындалмады

14.12.2022 жылы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына Кеген ауылына қалдық суларының сүзгі алаңының (поляфильтрация) құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге 30,0 млн. теңге сұрап бюджеттік өтінім жолданады. Бюджет қаражаты бөлінген жоқ.

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы 2023 жылдың бюджетін нақтылау барысында қаражат бөлуді жоспарлауда.

10

Жамал Ермегияев атындағы орта мектебінде бос алаңның көп болуына байланысты, мектепте қосымша физика-математика бағытындағы лицейін ашу.

Мәселені жан-жақты қарастырып, мектептің бос алаңдарын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында ұсыныс енгізілсін.

2022 жыл

1 қыркүйек

 

Т.Е.Байедилов

С.Д.Беспаева

Н.М.Теңізбаев

Орындалу үстінде

Қазіргі уақытта мектепте математика пәнінен 3, физика пәнінен 1 мұғалім бар. Гимназия сыныбын ашу үшін мұғалімдердің санаттарын жоғарылату, біліктіліктерін арттыру мақсатында  жұмыстар жүргізілуде. Аталған мұғалімдердің екеуі 2022 жылы біліктілікті арттыру курстарына барды. Мектепте педагог-зерттеуші санатында – 5 мұғалім, педагог-сарапшы санатында – 13 мұғалім, педагог-модератор санатында – 4 мұғалім бар. Олардың көпшілігі гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері болып табылады.

Қазіргі уақытта мектепке физика-математикалық бағыттағы білікті мұғалімдерді тарту жұмыстары жүргізілуде.

11

Кеген өнер мектебіндегі оқушылар санын 98 ден 200 ге дейін көбейту.

 

 

 

Орындалу үстінде

2021-2022 оқу жылында 6 мамандық бойынша 98 бала білім алған. Биылғы жаңа оқу жылында бала саны 120 оқушыға дейін жетті.

 

12

Аудандық спорт мектебінің филиалын ашу туралы

 

 

 

Орындалды

Жалаңаш ауылынан қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалы ашылды. Спорт мектебінде  25 штаттық бірілік қарастырылған.

13

Республикалық маңызы бар «Көкпек-Кеген-Түп» автомобиль жолының 41-53, 88-99 шақырымы учаскелеріне

(23 км.) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облысы бойынша филиалы жаңа мердігер мекеменің жолды жөндеу жұмыстарын көрсетілген мерзімде орындалуын қамтамасыз етсін.

2022 жыл

30 қазан

 

Т.Е.Байедилов

Қ.А.Шарапиев

Ө.М.Ерембаев

(келісім бойынша)

Орындалмады

Республикалық маңызы бар «Көкпек-Кеген-Тюп» автокөлік жолының 41-53 шақырым аралығы және 88-99 шақырым аралығына 2017 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Тапсырыс беруші: «КазАвтоЖол» АҚ ҰК. Мердігер мекеме: «Ивето Со» ЖШС.

Қазіргі таңда мердігердің міндеттемелерін толық орындамауына байланысты күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталмай, тоқтап тұр. Сот процесі жүргізілуде.

 

 

Дата публикации
08 сентября 2022
Дата обновления
08 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы