Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Кеген ауданы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы (20.05.2022)

 

2023 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 29 тапсырмадан: орындалғаны – 12, орындалу үстінде – 12, орындалмағаны – 5.

 

№ п/п

Сұрақ

Проблемалық мәселелерді

шешу шаралары

 

 

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалу барысы

1

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге инвентаризация жүргізіп, жерлердің нақты категорияларын анықтап беру.

Аталған жерлерге инвентаризация жүргізіп,  категорияларын белгіленген тәртіппен нақтылау.

01.07.2022ж.

 

Ә.Ә. Жақанбаев

С.Қ. Садуақасов

Қ.Б. Есболатов

Т.Е. Байедилов

Орындалу үстінде

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, Облыстық жер қатынастары басқармасы мен Жер инспекциясы арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге инвентаризация жұмыстарын жүргізуге Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 17 маусымдағы № 50-ө өкімімен жұмысшы тобы құрылды. Қазіргі уақытта 6500 га. жер анықталып ҚР «Жер кодексі» талаптарына сай ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша картографиялық материалдары дайындалуда.

2

Ауданда әр түрлі дақылдарды өсіру мәселесі.

Қажетті тұқымдардың түрін анықтап, ауыл шаруашылығы басқармасына сұраныс берілсін.

01.12.2022ж.

 

Т.Е. Байедилов

Қ.Б. Есболатов

 

Орындалды

Көктемгі дала жұмыстары басталмай тұрып наурыз-сәуір айларында аудан шаруашылықтарынан 5 тонна көп жылдық шөптерге сұраныс түсті,  шаруашылықтарға сәуір айнда тұқым көлемі толығымен жеткізіліп берілді.

Сонымен қатар «Қарқара Өнімдері» ЖШС-гі Ресей федерациясы Томбов облысы ОО Камо бірлестігінен 36 тонна эспарцет және 6,5 тонна көп жылдық астық тұқымдас шөптер тұқымын алып келді.

Қазіргі уақытқа дейін шаруашылықтар тарапынан жаңа сорттарға сұраныстар түспеген.

3

Тасашы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу туралы.

Жобалық-сметалық құжаттар дайындауға бюджеттік өтінім берілсін.

20.06.2022ж.

Б.Б. Байжұманов

Ж.М. Сүлейменова

 

Орындалды

Тасашы орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 26,0 млн. теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды

4

Кеген ауылындағы К.Нұрпейісұлы және Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептерге күрделі жөндеуден өткізуге қаражат бөлу туралы.

2023 жылы облыстық бюджетті бекіту кезінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлу мәселесі енгізілсін.

01.11.2022ж.

Б.Б. Байжұманов

Ж.М. Сүлейменова

Ж.А. Әмірханов

 

Орындалды

2023 жылғы бюджетті бекіту кезінде К.Нұрпейісұлы атындағы ОМ күрделі жөндеу жұмыстарына 967,5 млн. теңге, Ө.Жаңабаев атындағы ОМ күрделі жөндеу жұмыстарына 1 122,1 млн. теңге бөлінді

5

Кеген аудандық оқу-өндірістік комбинатын «Техникалық шығармашылық орталық» деп қайта құру туралы.

Қазақстан Республикасындағы білім саласы бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарастырып, бюджеттік өтінім берілсін.

01.07.2022ж.

Б.Б. Байжұманов

Ж.М. Сүлейменова

 

Орындалды

Алматы облысы әкімдігінің 17.08.2022ж №253 қаулысы бойынша бұрынғы Жалаңаш мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығы» болып қайта құрылды. Мұғалімдер саны жалпы 42, штаттық режімде 20 мұғалім және қосалқы режімде 22 мұғалім бар

6

2022 жылдың көктем айларында қуаңшылықтың кесірінен, біршама жылқы, мүйізді ірі қара, қой шығыны орын алды. Осы шығынға ұшыраған шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан көмек көрсету туралы.

Арнайы комиссия құрылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мал шығынын өтеу мәселесін қарастырсын.

20.06.2022ж.

Ә.Ә. Жақанбаев

Н.Т. Қиялбеков

Орындалмады

ҚР заң нормаларына сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты жеке тұлғалардың мал шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу көзделмеген.

7

Ауданда орналасқан «КазМясо» ЖШС-нің жерлеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, мақсатсыз пайдаланып жатқан жерлерін қайтару мәселесі.

Облыстық жұмыс комиссиясы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарап, ұсыныс енгізсін.

20.09.2022ж.

Ә.Ә. Жақанбаев

С.Қ. Садуақасов

Қ.Б. Есболатов

Орындалу үстінде

2023 жылдың сәуір айынан бастап «КазМясо» ЖШС-не берілген жер учаскелеріне ауданда құрылған жұмысшы топ тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.

8

Малды асылдандыру үшін ұрық сатып беру туралы.

Малды асылдандыру орталықтарына қажетті сұраныстарды ұсыну бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырсын.

15.06.2022ж.

 

Т.Е. Байедилов

 

Орындалды

06.06.2022 жылы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

9

Пайдаланбай жатқан жерлерді анықтап, жер қорына қайтарып алу туралы.

Облыстық жұмыс комиссиясы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарап, ұсыныс енгізсін.

20.09.2022ж.

Ә.Ә. Жақанбаев

С.Қ. Садуақасов

Қ.Б. Есболатов

Орындалу үстінде

Аудан бойынша ағымдағы жылы пайдаланылмай жатқан 11 783 га.  жер учаскелері анықталып (егістік-6000 га, шабындық-257 га жайылымдық-5526 га),  Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 2022 жылғы       18 шілде № 01-11/351 хатпен шара  қолдану үшін жолданды.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі пайдаланылмай жатқан жер пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу нәтижесінде 3 812 га. жер учаскелері өз еркімен қайтарылып аудандық арнайы жер қорына енгізілді (Кеген ауылдық округі «Өсімдік» ЖШС-2078 га жайылым, аудан әкімдігінің қаулысы 17.03.2022 ж №38, Алғабас ауылдық округі «Кеген-Агро» ЖШС – 819 га, оның ішінде 419 га жайылым, 400 га егістік 25.05.2022 ж №72 қаулы).

10

Ауданда ауыл шаруашылығына қатысты жалған ақпарат берілуі туралы

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу

10.06.2022ж.

Т.Е. Байедилов

Орындалды

Әр шаруа қожалығы өндірген өнім көлемі туралы статистика басқармасына электрондық түрде есеп тапсыратындығы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан түсіндірме жүргізілді.

11

2019-2021 жылдары аралығында іске асуы керек болған инвестициялық жобалар туралы

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу

10.06.2022ж.

Т.Е. Байедилов

Орындалды

2019  жылы Кеген ауданының аумағында 20-дан астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 1884,0 млн.теңгеге                       1 инвестициялық жоба іске асырылды. 2019 жылы «Meat Processing and Service» ЖШС - "ет өңдеу кешенінің құрылысы" ірі жобасы іске асырылды (инвестиция сомасы              1 884,0 млн.теңге, 20 жұмыс орны).

2021 жылы 3 ірі жоба іске қосылып, 380 млн теңге инвестиция тартылды, 37 жаңа жұмыс орыны ашылды.

Қарқара ауылынан жалпы құны 420 млн теңге болатын, қуаттылығы жылына 300 тонна сүт өндіретін «Талас» тауарлы сүт фермасы іске қосылып, бүгінгі күнге  280 млн теңгеге инвестиция тартылды. Чехия мемлекетінен 100 бас Сименталь тұқымды сүтті сиырлар әкелінді.  12 адам жұмыспен қамтылды. (Төленген салық-2,2 млн теңге, Орташа еңбекақысының көлемі 150 мың теңге.)

Көлсай көлінің маңынан «Kolsay Grand»                50 орынды қонақ үйі іске қосылды.   93 млн теңге инвестиция тартылып, 15 адам жұмыспен қамтылды. (Төленген салық-500 мың теңге)

Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағынан «Kolsay Nomads»  қонақ үйі іске қосылды.  50 млн теңге инвестиция тартылып, 10 адам жұмыспен қамтылды. (Төленген салық-522 мың теңге)

Бүгінгі күні іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың мониторингіне сәйкес ауданда   10 инвестициялық жоба іске асырылу сатысында:

Бұл жобалар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

12

Қарабұлақ ауылындағы бұрынғы балалар лагерінің жері «PG Solution» ЖШС-не берілген, сол жерді қайтарып алу туралы.

Облыстық жұмыс комиссиясы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарап, ұсыныс енгізсін.

01.08.2022ж.

Ә.Ә. Жақанбаев

С.Қ. Садуақасов

Орындалды

Қарабұлақ ауылдық округіндегі бұрынғы балалар лагері орналасқан 7,0 га жер учаскесі аудан әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы №173 қаулысымен ауданның жер қорына қайтарылды. Қазіргі уақытта аудандық білім бөлімінің теңгеріміне қабылдап алу жұмыстары жүргізілуде.

13

«Көкпек-Кеген-Түп» республикалық маңызы бар автокөлік жолының жұмыстарын биыл аяқтауға көмек көрсету туралы.

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облысы бойынша филиалы жаңа мердігер мекеменің жолды жөндеу жұмыстарын көрсетілген мерзімде орындалуын бақылауға алсын.

01.10.2022ж.

 

Ж.Т. Тұяқов

Е.Б. Жасыбаев

Ғ.Т. Дәрібаев

Орындалды

Республикалық маңызы «Көкпек-Кеген-Түп» автожолының (53-68 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді.

14

Аудандағы елді мекендердің ішкі жолдарының сапасы туралы.

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы                 Ғ.Т. Дәрібаевқа аудандағы елді мекендердегі ішкі жолдардың  сапасын зерделеп, баяндасын.

10.06.2022ж.

 

Ғ.Т. Дәрібаев

Т.Е. Байедилов

 

Орындалды

Аудан бойынша 2021 жылы «Ауыл ел бесігі» және «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 6 елді мекеннің 61 шақырым болатын көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Барлық жөндеу жұмыстарына жол активтері сапасы орталығы арқылы сынамалар алынып, зертханалардан өткізілген. Жөндеу жұмыстары барысында қолданылған құрылыс материалдарынан және асфальт жабындысынан алынған керндерден теріс қортынды шыққан учаскілері қазіргі таңда қалпына келтірілді.

15

Кеген ауданындағы Қазақстан-Қырғызстан шекараларын дамытып, сауда-саттық жасауға көмек көрсету туралы.

Жағдайды құзырлы органдармен келісіп, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұсыныс енгізсін.

01.07.2022ж.

 

 

 

Ж.Т. Тұяқов

Д.С. Серіков

Орындалу үстінде

Жұмыс жүргізетін жеке кәсіпкерлер анықталып, көктем айларында 2 қазақ үй, әжетхана салу жұмыстары жоспарлануда. Бүгінгі күні «КазАвтоЖол» АҚ ҰК-нан республикалық маңызы бар жол бойына сауда объектілерін орналастыруға рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде.

 

16

Ауданды газдандыру мәселесі

«Шелек-Кеген» магистралдық газ құбырын салудың кестесіне сәйкес жұмыс ұйымдастырылсын.

2024 жылға дейін

Ж.Т. Тұяқов

Б.Ә. Әбілқасымов

 

Орындалу үстінде

Қазіргі уақытта «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбырын тартуға 332,0 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) жасалуда. Мердігер «КАТЭК» ЖШС-сі.  Жобалау жұмыстарын 2022 жылдың аяғына дейін аяқтап, құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдары бастау жоспарлануда.

Табиғи газ құбырының ұзындығы 230,2 км. Газ құбырының ішкі диаметрі 263 мм. Газ құбырының қалыңдығы 5 мм.

 

17

Ауданда ұлттық спорт федерациясын ашу мәселесі

Қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қарастырсын

01.07.2022ж.

А.М. Дәндібаев

Н.М. Теңізбаев

Орындалу үстінде

Алматы облыстық ат (бәйге) спорты федерациясына қажетті құжаттары тапсырылып, жұмыстар ұйымдастырылуда.

 

18

Аудандағы суармалы каналдарды реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге ықпал ету

Облыстық бюджетті нақтылау кезінде суармалы каналдарды реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге қалған қаражатты бөлу мәселесі енгізілсін.

01.07.2022ж.

Ә.Ә. Жақанбаев

Б.Қ. Есболатов

Т.Е. Байедилов

Орындалу үстінде

Кеген ауданындағы                       1 шаруашылықаралық және 9 ішкі шаруашылық каналдарын күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өткен. Жобалық құны 5 034,0 млн.теңге. 2022 жылы республикалық бюджеттен       1366,4 млн. теңге бөлініп, бірінші кезекте Құмтекей, Қарқара және Мөңкебай каналдарының  күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 2023 жылға күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді.

19

Ауданда 20-дан астам қандас бауырларға жер берілген. Осыған орай, қалған  қандастарға да 5 га жер учаскесін беру туралы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскелерін беру тәртібі түсіндірілсін.

10.06.2022ж.

Т.Е. Байедилов

Орындалды

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексінің 43-1 бабы- Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктеріне сәйкес, ауданның жер қорындағы босалқы жерлер уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен осы заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда конкурс негізінде берілетіндігі түсіндірілді.

Бүгінде аудан бойынша 36 қандас бауырларға көлемі 1308 га жер учаскелері берілді.

Оның ішінде: 1102 га жайылымдық, 106 га егістік, 100 га шабындық.

20

Жалаңаш ауылына спорт кешенін салу туралы

Жалаңаш ауылынан жер учаскесін бөлу мәселесін қарастырсын

20.06.2022ж.

Т.Е. Байедилов

Орындалу үстінде

Жалаңаш ауылынан спорт кешенін салу үшін Кеген ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»  ММ-сі арқылы Жалаңаш ауылы, Қ. Байғабылұлы №1 А көшесінің бойынан 3,2 га жер теліміне жер таңдау актісі сызылып берілді, мемлекеттік акті алуға жұмыстар жүргізілуде.

21

А.Нүсіпбеков ауылындағы бұрынғы бала-бақша ғимаратын қазір шекара қызметі пайдаланып отыр. Осы ғимаратты қайтарып алып, күрделі жөндеуден өткізіп, бала-бақша ашуға көмектесу туралы.

Құзырлы органдармен бірлесіп қарастырып, ұсыныс енгізсін.

01.07.2022ж.

 

Л.М. Тұрлашов

Б.Б. Байжұманов Ж.Т. Естенов

Ж.М. Сүлейменова

Т.Е. Байедилов

Орындалмады

А.Нүсіпбеков ауылындағы бұрынғы бала бақша ғимараты 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің теңгеріміне өткізіліп берілгендіктен аудан әкімінің құзырына жатпайды.

22

Ұзынбұлақ ауылдық округіне қарасты Ұзынбұлақ, Ақсай жазығындағы кұдықтарды қайта қалпына келтіру мәселесі.

Аудан бойынша 90 құдық қазылып, су құбырлары жаңартылады, қаражат қарастырылған. Аталған мәселе бойынша жұмысты мерзімінде ұйымдастырсын.

01.10.2022ж.

 

 

 

Ә.Ә. Жақанбаев

Қ.Б. Есболатов

Т.Е. Байедилов

 

Орындалу үстінде

Аудан бойынша Жалаңаш, Қарабұлақ, Ұзынбұлақ, Жылысай ауылдық округтерінде жалпы құрылысы 214,4 шақырым болатын 90 құдық, 13 бассейн бар. Жалпы астындағы жер көлемі-17 350 га. Құдықтардың құрылысы 1986-1988 жылдар аралында салынған. Жайылымдық жерлерді суару жүйелерін құжаттандыруға 2019 жылы 27,0 млн. теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары толығымен дайындалды. Жайылымдық жерледі суландыру үшін құдықтар мен құбырларды қайта жаңғыртуға   2022 жылға республикалық бюджеттен 555,9 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. (Ұзынбұлақ а/о тоспаның құрылысына 34,4 млн. теңге,  Ұзынбұлақ, Кату, Ақсай учаскесіне 22 құдыққа 177,6 млн. теңге, Торайғыр, Жазық, Қапалы учаскесіне 12 құдық 200 млн. теңге, Торайғыр учаскесіне 21 құдыққа және 13 бассейнге 86,4 млн. теңге, Жылысай учаскесіне 35 құдыққа 50,5 млн. теңге) Жеңімпаз мердігерлер ПК «СК Гранд канал», «ТУНАС» ЖШС. Тапсырыс беруші: Алматы облысының құрылыс басқармасы

23

Ұзынбұлақ ауылына аурухана салып беру туралы.

Ұзынбұлақ ауылының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын аурухана деңгейінде арттыру және төсек қорын ұтымды пайдалануды қарастырып, ұсыныс енгізілсін.

01.07.2022ж.

 

 

 

Б.Б. Байжұманов Ө.Ә. Ниязбеков

 

 

 

Орындалу үстінде

Амбулатория ғимараты 1 қабатты, 1989 жылы салынған, типтік. Жалпы  алаңы – 363,7  шаршы метр.

Ұзынбұлақ  ауылында 3036 тұрғын бар. Оның ішінде ересектер – 2218, туыт жасындағы әйелдер саны – 311, 14 жасқа дейінгі балалар – 734, жасөспірімдер саны – 84. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар саны – 14. РПН базасы бойынша барлығы  1599 тұрғын тіркелген.

Ғимарат 1989 жылы салынған, типтік болғандықтан күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасатуға облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім берілді.

24

Кеген ауылындағы 2020 жылы салынған арық жүйесінің  сапасыздығы туралы.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а.               Б.Ә. Әбілқасымовқа Кеген ауылындағы арық жүйесіне жасалған жөндеу жұмысының сапасын зерделеп, ұсыныс берсін.

01.07.2022ж.

 

 

 

Ж.Т. Тұяқов

Б.Ә. Әбілқасымов

Т.Е. Байедилов

Орындалды

17.04.2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы–2020» бағдарламасы аясында 55,0 млн. теңгеге Кеген ауылының арық жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталына беріліп, «Балдаурен-Құрылыс» ЖШС-і жеңімпаз болып 05.05.2020 жылы №49 келісім шарт жасалған. Смета бойынша арықтың жалпы ұзындығы 4340 метр. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тұрғындардың сұранысымен үйлеріне кіретін өтпелер ауыстырылып қойылған. Қосымша артық жұмыстардың қосылуына байланысты сметаға өзгерту енгізілген, арықтың жалпы ұзындығы 3400 метрді құрады.

Қазіргі уақытта арық жүйелерінің құрылысында жіберілген кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: Арық жүйелеріне су жіберетін орын (шлюз) қалпына келтірілді, арық науаларының (латок) ашық жерлері жабылып, тегістелді. Жетіспейтін арық науалары (латок) қойылды.

25

Саты ауылына кәріз жүйесін салуға ықпал ету туралы.

Жобалық-сметалық құжаттарға қажетті қаржыны толық бөлу мәселесін заңнамада белгіленген тәртіп бойынша қарастырсын.

01.06.2022ж.

Ж.Т. Тұяқов

Б.Ә. Әбілқасымов

Т.Е. Байедилов

Орындалмады

14.12.2022 жылы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына Саты ауылына қалдық суларының сүзгі алаңының (поляфильтрация) құрылысын жүргізуге жобалық сметалық құжаттарын жасатуға 30,0 млн теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Алайда қаражат бөлінген жоқ.

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы 2023 жылдың бюджетін нақтылау барысында қаражат бөлуді жоспарлауда.

26

«Шарын» табиғи ұлттық паркінің жері негізінен Кеген ауданына қарасты, ғимараты Ұйғыр ауданында орналасқан. Ғимаратты Кеген ауданына ауыстыру мәселесі.

Қарастырып, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсыныс енгізсін.

20.06.2022ж.

Ә.Ә. Жақанбаев

Қ.А. Нүсіпбаев

Орындалмады

Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында орналасқан «Шарын» табиғи ұлттық паркі заң талаптарына сай штаттық режимде жұмыс атқаруда. Ұлттық парктың ғимаратын Кеген ауданына көшіру экономикалық тұрғыдан негізсіз болып табылады және ол мәселе тек министірлік құзыретінде.

27

Кеген ауданындағы тарихи өлкелерді сақтауға, қорғауға көмек көрсету туралы.

Қарастырып, нақты шара қабылдасын.

01.07.2022ж.

 

 

 

Т.Е. Байедилов

 

 

 

Орындалу үстінде

Кеген ауданы бойынша тарихи өлкелердің сақталуы мен қорғалуы жөнінде арнайы жұмысшы тобы жұмыс істеуде. Қазіргі таңда бүлінген тарихи орындар жоқ. Алдағы уақытта тарихи орындарды қорғау мақсатында қоршау жұмыстары қолға алынады.

28

Кеген ауданында Мойнақ су электр станциясы жұмыс жасайды. Осыған орай, Кеген, Райымбек аудандарының халқына электр энергиясын пайдалануда жеңілдіктер қарастыру, түнгі тарифке қосып беру мәселесі.

Мұқият қарастырып, Қазақстан Республикасының энергетика министрлігіне ұсыныс енгізсін.

01.07.2022ж.

 

 

 

Ж.Т. Тұяқов

Б.Ә. Әбілқасымов

 

Орындалмады

Кеген ауданында орналасқан Мойнақ су электр станциясы 2011 жылы пайдалануға берілді.

Су электр станциясы жылына 300 МВт электр энергиясын өндіреді. Мойнақ су электр станциясы өндірілген                         энергияны «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-не 12,47 тенгеден сатады.

 Ауданда электр энергиясының орташа тарифы - 17,53 тг.

"Мойнақ ГЭС" АҚ-ы тікелей тұтынушыларға сатуға құқығы жоқ, тек қана энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін "электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы" ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен белгіленген тариф бойынша өткізеді.

29

Кеген ауданында шикізат көп, осы шикізатты өндіретін жүн, тері өңдейтін цех ашу мәселесін қарастыру туралы.

Инвесторларды тарту жұмысын күшейтіп, ауданда қайта өңдеу өндірістерін ашу мәселесін ұйымдастырсын.

01.10.2022ж.

 

 

Т.Е. Байедилов

 

Орындалу үстінде

Бизнестің жол картасы 2020-2025 бағдарламасы бойынша биылғы жылы  2 кәсіпкер тері илеу цехін ашу бойынша бизнес жоспар жасап Алматы облысында тамыз айында өткізілетін грантқа құжаттарын өткізеді.

 

Дата публикации
20 июня 2022
Дата обновления
20 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы