Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Кеген ауданы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы (27.05.2022)

27 мая 2022 года акимом области в Енбекшиказахском районе в ходе встречи с населением подняты 19 проблемных вопросов.

Для качественного и своевременного исполнения этих вопросов утвержден специальный план действий, определены ответственные должностные лица и направлены в соответствующие учреждения. В плане указаны конкретные сроки.

19 задач на сегодняшний день:

7-выполнено (1, 3, 4, 13, 16, 17, 18 вопросы)

10-в процессе выполнения (2, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 19 вопросы)

2-есть сроки (вопросы 7, 14)

Орындалған:

  1. Бәйтерек ауылының асфальтталмаған көшелерін асфальттау туралы. Бәйтерек ауылының Советская, Мельничный, Молодежная, Қонаев, Сатпаев, Жамбыл көшелеріне ағымды (ямочный), Садовая және Қойшыбек ауылының Болашақ көшесіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы – 1,4 км, сомасы – 33 млн 500 мың теңге. (1 сұрақ).

  2. Қаратұрық ауылдық округіне жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі туралы. Қазіргі уақытта Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппаратына жергілікті тұрғындардың малын бағу үшін көлемі 9420,0 га жайылымдық жер бекітіліп берілген (3 сұрақ).

  3. Еңбекшіқазақ ауданының ескі мектептерін күрделі жөндеу мәселесі. 24 мектептің ЖСҚ-на ақшалай қаражат бөлуге 22.07.2022 № 75-15-75/1230 бюджеттік өтінім жіберілді (4 сұрақ).

  4. Балтабай ауылдық округіндегі карьерлердің жұмысын тоқтату туралы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, материалдар сотқа берілді. Сот шешімімен айыппұл салынды (13 сұрақ).

  5. Алмалы ауылындағы мектепті, Жолдарды күрделі жөндеу мәселелері, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі туралы. Алмалы ауылында жергілікті халықтың малдарын бағу үшін 33,0 га жайылымдық жер бекітіліп берілген.

Облыстық маңызы бар Алмалы ауылына кіреберіс жолына ағымды (ямочный) жөндеу жұмыстары жүргізілді, орташа жөндеу үшін ЖІЖ (ПИР) саналуда.

Қолданыстағы мектептердің орнына жаңа ғимарат салуға ақшалай қаражат бөлу туралы 20.09.2021 жылғы №75-15-75/2821 хат пен бюджеттік өтінім жіберілді. Мектеп салу үшін құрылыс басқармасына тапсыруға құжаттар дайындалуда                 (16 сұрақ).

  1. Суармалы су берудегі іркілістер туралы. 2022 жылы белгіленген өтінімдер мен кестеге сәйкес суармалы суды беру бойынша іркілістер болған жоқ (17 сұрақ).

  2. Есік қаласын газдандыру, газға қосылу тарифін төмендету туралы. «Жетісу Газ» ЖШС-мен бірлесіп газбен қамту жүйелеріне қосылу бағасын төмендету (арзандату) бойынша келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік жағынан төмен отбасыларға 50% жеңілдік қарастырылған (рассрочка) (18 сұрақ).

  

Орындалу үстінде: 

  1. Қаратұрық ауылдық округіне газ тарту мәселесі. Қаратұрық ауылдық округін газдандыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды (2 сұрақ).

  2. Көктөбе ауылының көшелерінде жарықтың болмауы туралы. Көктөбе ауылындағы көшелерді 2023 жылы жарықтандыруға бюджеттік өтінім әзрілеу үшін ақаулы актісі әзірленіп, шығындар сметасын есептеу жұмыстары жүргізілуде. (5 сұрақ).

  3. Ашыбұлақ, Қазақстан ауылдық округтеріндегі су құбырларын ауыстыру туралы. Ащыбұлақ ауылының сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және салудың мемлекеттік сараптамадан теріс қорытындысы шығып, қазіргі уақытта жоба  кемшіліктері түзетіліп мемлекеттік сараптамаға қайта ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде кіру жоспарлануда (6 сұрақ).

  4. Рахат ауылдық округіндегі 4 кірпіш зауытының жұмысын тоқтату туралы. «Құрылыс Көмек-ХХІ» ЖШС-нің жер қойнауын пайдалану келісім-шартының күші жойылды, кірпіш зауыты бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы заңсыз құрылыс туралы материалдарды сотқа жіберді. «Қайназар» ЖШС-нің карьері бойынша материалдар сотқа жолданды. Кірпіш зауыты қатысты заңсыз құрылысты бұзу туралы сот шешімі шығарылды (8 сұрақ).

  5. Саяжайларға елді мекен мәртебесін беру; саяжай алқаптарын жол инфрақұрылымымен, газбен, электрмен, сумен қамтамасыз ету туралы. қала құрылысы құжаттамасын ескере отырып, саяжай алқаптарының аумағын қоса отырып, Есік қаласының шекарасын кеңейту туралы мәселе пысықталды (8 сұрақ).

  6. Қызылшарық ауылындағы жаңа мектеп ғимаратының құрылысы туралы. Мектеп құрылысы мақсаттылығын анықтап құзіретті басқармалармен келісу қажет (10 сұрақ).

  7. Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарының жоқтығы туралы. Жер телімдерді орналастыру жобасы дайын болған кезде, жер пайдалану құқығын табыстау жөнінде іс-шаралар атқарылады (11 сұрақ).

  8. Рахат ауылдық округінде орналасқан 18 саяжай қоғамдастығын Талғар ауданының құрамына енгізу туралы. Талғар ауданына қосу туралы, техникалық-экономикалық негіздемені дайындау үшін 41 млн.теңге сомасында қаражат бөлу туралы сұраныс хат жіберілді, алайда, бюджеттен қаражат бөлінбеген (12 сұрақ).

  9. Ауған соғысының жауынгерлеріне ескерткіш орнату туралы. Ауған соғысына қатысқан азаматтарға ескерткіш орнатуға 24 млн.теңге сомасына бюджеттік өтінім берілген (15 сұрақ).

  10. Жеке тұрғын ұй құрылысы үшін алып қоюға жататын жер учаскесі үшін өтемақы төлемінің төленбеуі туралы. Жер учаскесін алып қою кезінде өтемақы төлеу үшін Махмудова Ф., сондай-ақ басқа да мүшелері жер учаскесіне заң бойынша мұрагерлік құқығы туралы сұралған куәлікті және басқа меншік иелерінен нотариалды куәландырылған куәлікті ұсынбаған. Ақши ауылында орналасқан, мемлекеттік мұқтажы үшін иеліктен мәжбүрлеп алып қоюға жататын жер учаскелерін немесе басқа өзгеде жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруды тоқтатылды, яғни дау болып отырған жер учаскесі бүгінгі таңда мәжбүрлеп иеліктен шығарылмайды (19 сұрақ).

 

Мерзімдері бар:

  1. Еңбекшіқазақ ауданының ескі мектептерін күрделі жөндеу мәселесі туралы. Аудан бойынша білім бөліміне қарасты 84 мектеп бар, оның 29 мектебі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Аудан бойынша 12 мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан, тозығы жеткен, жаңа типті мектеп ғимарат қажет етеді. Олар: Лавар, Базаркелді, Қызылқазақ, Өрнек бастауыш мектептері, Таутүрген, Баяндай, Азат, Қайрат, Құрөзек, Казатком, Дихан негізгі орталау және Қойшыбек орта мектебі.

  1. Шелек ауылындағы Абай о.м. ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылғы сәуір айында басталды.

          Есік қаласындағы Абылайхан Н.Бубенцов, Т.Рысқұлов, Қ.Сатпаев атындағы,  орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылының аяғында басталады.

  1. Нұрлы о.м, Масақ о.м ғимараттарына күрделі жөндеу өткізуге байланысты ЖСҚ және сараптама дайындау үшін 2022 жылдың маусым айындағы мәслихаттан 17 477, 0 (он жеті миллион төрт жүз жетпіс жеті мың теңге) қаражат бөлініп, құжаттары ЖСҚ дайындауға жіберілді.

Бүгінгі күнде  3 мектеп үш аусымда оқиды:

-Есік қ. Терешкова ОМ  (640 орындық) –2020;

-Рахат округі Рахат №1 ОМ (600 орындық) – 1669;

-Бәйтерек  ОМ ( 600 орындық)  – 1593 білім алушы;

2022-2023 оқу жылында 8 мектеп үш ауысымда оқуға өту  қаупі бар. Олар:

-Есік қаласы,  Р.Тоқатаев ОМ 340 орындық – 900 бала оқиды;

-Достық ауылы,  Бертаева ОМ 300 орындық – 580 бала оқиды;

-Тескенсу ауылы, Жамбыл ОМ 640 орындық – 1105 бала оқиды;

-Каракемер а., Орымбетов ОМ 640 орындық – 1485 бала оқиды;

-Қайназар а., Уалиханов ОМ 420 орындық – 902 бала оқиды;

-Бәйдібек би Н.Островского ОМ 640 орындық – 1484 бала оқиды;

-Түрген а. Қонаев ОМ 640 орындық – 1136 бала оқиды;

-Бәйтерек а. Әл-Фараби ОМ 960 орындық мектепте – 1513 білім алушы оқиды.

Шешу жолы:

Үш ауысымда оқу мәселені шешу мақсатында Есік қаласында 1500 орынды мектептің құрылысы жүргізілуде.

 Ташкенсаз және Қазақстан ауылында 300 орындық жапсаржайлардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жер телімдері анықталған 9 мектептің (Рахат округінде саяжай аумағында 1500 орынға; Бәйдібек би, Достық, Алмалы, Қызылшарық, Қорам ауылынан   900 орынды 5 мектептің; Сатай, Тескенсу, Түрген ауылынан 600 орынды 3 мектептің) құрылысы «Жайлы мектеп» бағдарламасына енгізілді.

Сонымен қатар, бейімделген ғимаратта орналасқан 18 мектептің орнына заманауи типтегі мектеп салу қажеттілігі туындауда. Осы қордаланған мәселені шешу үшін бүгінгі күнде Төле би ауылында 450 орынды мектептің құрылысы бой көтеріп, Ақтоған ауылындағы 180 орындық, Азат ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысына жобалық іздестіру жұмысын әзірлеуге бюджеттік өтінім берілді (7 сұрақ).

  1. Жаңашар ауылдық округіндегі «Құмарал» бөгетіне ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерін суару үшін ағымдағы жөндеу жүргізу туралы. 169 млн. теңге сомасына ЖСҚ дайындауға бюджеттік өтінім дайындалды. Аталған мәселе қаржыландырудан кейін орындалатын болады (14 сұрақ).

 

Орындалмаған тапсырмалар жок.

Іс-қимыл жоспарындағы тапсырмалардың орындалуын қорытындылай келе, аудан әкімдігі және белгіленген жауапты мемлекеттік органдар басшылары тарапынан жұмысты жалғастырып мерзімдеріне сәйкес орындау қажет.

Анықтама ақпарат ретінде енгізіледі.

Дата публикации
27 июня 2022
Дата обновления
27 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы