Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Іле ауданы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелерді шешу барысы туралы (15.12.2022)

15 желтоқсан 2022 жылы Облыс әкімі М. Сұлтанғазиевтің Іле ауданы халқымен кездесуі 7 мәселе көтеріліп, аталған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.

1) Көктерек ауылында ФАП құрылысына құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыстар аяқталсын. Даму жоспарына енгізіп, ЖСҚ әзірлеуге бюджетттік өтінім берілсін. (Көктерек ауылының тұрғыны Р.Утепованың сұрағына байланысты) орындалу барысында

Көктерек ауылында 0,7 га жер телімінің құжаттары толықтай рәсімделіп, ФАП құрылысы 2023 жылға жоспарланған (тәулігіне 25 пациентті қабылдайды). Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 10 млн теңге көлемінде қаражат бөлу қажет. Тапсырыс беруші – Алматы облысының құрылыс басқармасы.

2)  Байсерке ауылында 2 блоктық-модульдік қазандық құрылысына және Жетіген ауылында 6 блоктық-модульдік қазандық құрылысына мемлекеттік сараптама алғаннан кейін жеделдету құрылыс жұмыстарын жүргізілсін. (Байсерке ауылының тұрғыны Ж.Жарасованың сұарғына байланысты) орындалу барысында

Автономды блокты-модульдік қазандық құрылысына тапсырыс беруші – Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. МЖӘ бағдарламасы аясында жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттарға мемлекеттік сараптама жасалып жатыр. Мемлекет сараптама қорытындысы дайын болған соң, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат бөлу қажет.

3) "Жайлы мектеп" бағдарламасы бойынша, Еңбек ауылында 600 оқушы орындық орта мектеп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджетттік өтінім берілсін. (Еңбек ауылының тұрғыны К.Нұранованың сұрағына байланысты) орындалу барысында

Еңбек ауылында 600 орындық мектептің құрылысы 2023-2024 жылдарға жоспарланып, 3,0 га жер теліміне мемлекеттік сертификаты бар, кадастрлық нөмірі 03-046-210-015, мекенжайы:Еңбек ауылы, Сарысу к/сі 41. Еңбек ауылындағы орта мектеп құрылысына 3 млрд.теңге сомасында қаражат бөлу қажет.

4) Аудан аумағында орналасқан елді мекендерде газға қосылу бағасын  төмендету бойынша және газ жүргізуші мердігерлерге шара қабылданып жұмыстар жүргізілсін. (Чапаев ауылының тұрғыны М.Іргебаевтың сұрағына байланысты) орындалу барысында

Бүгінгі таңда Іле ауданында газдандыру деңгейі 92,3 пайызды құрап, 25 елді мекен газдандырылды (барлығы – 30 елді-мекен), 214 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді.

Магистральдық газ құбыры мен аула аумақтарының ұзындығы 800 шақырымды құрайды.

Газдандыруға жататын 40 мың жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлердің 32,5 мыңы газдандырылды. (81,5%).  

Ауданда жеке тұрғын үйлерді газға қосу құны 380 мыңнан 650 мың теңгеге дейін сомасында (құжаттаманы әзірлеуге, оны мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге, газ құбырын тартуға және есептегіш құралының құнына жұмсалатын шығындар). Қазіргі таңда ауданда газ жүргізуші 26 мердігер компания жұмыс атқарады. Әкімдік қадағалау органдарымен бірлесе отырып, газ қосу құнын төмендету бойынша келіссөздер жүргізді.

 

5) Мұғалімдер арасында барлық орта оқу орындарын жоғары білім туралы құжаттар тексеріліп және жетіспейтін пән мұғалімдерінің тізімі ұсынылсын. (Боралдай кенті округінің тұрғыны А.Куланбаеваның сұрағына байланысты) орындалу барысында

2023 жылға қажетті пән мұғалімдері: математика (орыс сыныбына) - 5,  орыс тілі (орыс сыныбына) -2, бастауыш пән мұғалімі (орыс  сыныбына) -23 орын.

 

6) Оқушыларды тегін тамақтандыру мәселесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы шешу қарастырылсын.

Аудан бойынша  білім бөлімдерімен  «Ақша жинамау туралы» бұйрық бойынша түсіндірме жұмыстар өткізілсін. (Алматы қаласының тұрғыны, блогер Ж. Кусаинованың сұрағына байланысты) орындалды

Білім беру мекемелерінде бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына сәйкес "жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудан бойынша 49 мектеп асханасы жұмыс істейді, оның ішінде 8 мектеп мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жұмыс жүргізеді, жоспарда тағы  6 мектепті ауыстыру. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы конкурстық шараны Алматы облыстық білім басқармасы жүргізеді.

Білім беру мекемелерінде қаражат жинауға тиым салынған,ол туралы бөлім басшысының 04.01.2023 жылғы "Аудандық білім беру мекемелерінде ақша жинауға тиым салу туралы" №24 бұйрығы бар және білім беру мекеме басшылары толықтай танысқан.

 

7) Сорбұлақ көлінен су алу мәселесі МКК «Алматы су» және Алматы облысы бойынша экология департаментімен бірлесіп тазартылған кәріз суы және дезинфекциялау құрылғысын орнату мәселесін қарастырылсын. («ALFALFA.KZ» ЖШС басшысының сұрағына байланысты) жұмыс барысында

Алматы облысы экология департаментінің басшысы Қ. Е. Байеділовке Сорбұлақ алқабында суармалы егіншілікті дамыту перспективасында суару және көлдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, "Сорбұлақ" жемшөп және техникалық дақылдарды суаруға тазартылған сарқынды суды пайдалану бойынша туындаған проблемаларды шешу бойынша көмек көрсетуге:

        1) Қазақстан Республикасы деңгейінде азықтық және техникалық дақылдарды суаруға сарқынды суды экологиялық пайдаланудың нормативтік-құқықтық актісі және әдістемесі әзірлеу;

        2) "Сорбұлақ" көлін НПУ белгісіне-620,5 суармалы жерлерге пайдалану үшін көлемі 900 млн.м3.толтыру қажеттілігі бойынша хат жіберілді.

     2022 жылдың 2 жартыжылдығында облыс әкімінің М. Е. Сұлтанғазиевтің қатысуымен халықпен кездесулердің барысында 7 сұрақ қарастырылды, оның ішінде: 5 сұрақ орындалу барысында, 1 сұрақ орындалды (оқушыларды тегін тамақтандыру мәселесі және ақша жинамау туралы бойынша түсіндірме жұмыстар өткізілсін), 1 сұрақ жұмыс жүргізілуде, себебі бұл мәселе экология және табиғи ресурстар министрлігінің құзыретінде.

 

 

 

 

   

Дата публикации
16 января 2023
Дата обновления
16 января 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы