Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің
2022 жылы Іле ауданының халқымен кездесуі барысында көтерілген мәселелер туралы
АНЫҚТАМА
2022 жылы Облыс әкімі М. Сұлтанғазиевтің Іле ауданы халқымен кездесуі 2 мәрте өтті (17 маусым, 15 желтоқсан 2022 жыл). Жалпы саны 15 мәселе көтеріліп, аталған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді, берілген тапсырмалар толықтай орындалып, бүгінгі таңда шешімін тапты.
17.06.2022 жылы өткізілген кездесуде 8 өзекті мәселе көтерілді, оның ішінде 1 сұрақ орындалды (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынға4106 орынға 186,4 млн. теңге бөлінді), 2 мәселе (автобус маршруты, елді-мекендердің атауларын жаңарту) бойынша жұмыстар жыл соңына дейн аяқталады,4 мәселені іске асыру 2023 жылғы бюджетке енгізілді (Жетіген ауылында жаңа емхана салу,халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратың жөндеу, халықты жұмыспен қамту орталығына жаңа ғимарат салу, аудандық саяжайларға елді-мекен статусын беру), бюджеттік өтінім беріледі, 1 сұрақ (елді-мекендердегі жағымсыз иістің пайда болуы,) Алматы қаласының құзыретіне жіберілді, тиісті хаттар жолданды сонымен қатар, оларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізілді.
1) Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу. (Ғ.Садықов, Өтеген батыр ауылының тұрғыны) (орындалу барысында)
Бүгінге нысанның сейсмикалық тұрақтылығын анықтау үшін сметалық есептеулер жүргізілді. ХҚКО-ның күрделі жөндеу жұмыстары және жапсаржай салуға жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін бюджеттік өтінім беруге дайындалуда.
2) Аудандық саяжайларға елді-мекен статусын беру мәселесі. (И.Ағаділов, Батыр саяжайының тұрғыны тың сұрағы) (орындалу барысында)
Бүгінгі күні 1-кезең бойынша 4 ауылдық округтің саяжай массивтерінің сызбасы әзірленді (Ашыбұлақ а/о, Байсерке а/о, КазЦИК а/о, Энергетический а/о) және 11 елді мекен анықталды (М.Түймебаева, Жапек батыр, Қоянқұс, Жаңадәуір, Жаңаталап, Комсомол, КазЦИК, Өтеген батыр, Покровка, Қарасу) - жалпы ауданы 1531,8 га болатын 75 саяжай алаптарын қосу үшін қолданыстағы шекараларды кеңейтуге мүмкіндік бар.
3) Алматы қаласына қатынайтын жолаушылар көлігі тасымалы ашылса және автобустарда электронды «Оңай» төлем жүйесі қолжетімді болу. (Е.Батырбаев, Шабыт ықшам ауданының тұрғыны) (орындалу барысында)
Аудан тұрғындарын қала тұрғыдарымен қоса алғанда ортақ пайдаланымдағы Алматы қаласының қалалық мобильдік басқармасы құзырындағы қоғамдық көліктерінде, қаламен іргелес жатқан аудан тұрғындарына «Оңай» электронды төлем жүйесінің жеңілдіктерін пайдалану, барлығы 37032 жекелеген санаттарына жататын азаматтарды жол жүру жеңілдіктерімен қамтуға айына 266 млн.теңге қажет.
Аталған мәселе бойынша Алматы қаласының мобилдік басқармасына, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ басқармасына, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіруді және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хат жолданды.
4) Жетіген ауылына жаңа аурухана салу. (А.Мельник, Жетіген ауылының тұрғыны) (орындалу барысында)
Жетіген ауылы ауруханасын салуға жобалық-сметалық құжаттардың мерзімі өткендіктен түзетуге 5 млн.теңге қаражат бөлініп, түзетулер жүргізілді. Мемлкеттік сараптамаға жолдау үшін облыстық бюджеттік комиссиясының үзіндісі берілмеген. Тапсырыс беруші «Құрылыс басқармасы» ММ. Облыстық бюджеттік комиссиясының үзіндісін алу үшін құжаттар дайындалып жатыр (129 бұйрық Ұлттық Министрлік Экономикасы).
5) Елді-мекендердің атауларын жаңарту. (Б.Топарова, КазЦИК ауылының тұрғын) (орындалу барысында)
Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес, Чапаев ауылын- Байкент, Энергетический ауылдық округін –Өтеген батыр ауылдық округі, Покровка ауылы - Кенен Әзірбаев, Междуреченск ауылын - Ақсай, Комсомол ауылын - Жайнақ ауылы деп ауыстыру жоспарлануда.
Бүгінде тиісті құжаттарды заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр және облыстық мәслихаттың қарауына енгізіледі. Облыстық мәслихат сессиясының отырысында қаралып, бірлескен шешім шыққан соң әділет органдарында тіркелуге жолданады.
6) Халықты жұмыспен қамту орталығына жаңа ғимарат салу. (А. Мұқанғали, Өтеген батыр ауылының тұрғыны) (орындалу барысында)
Халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратының құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы жасауға бюджеттік өтінім дайындалуда. Бюджеттік өтінім соммасы 31 млн.теңге. Жер учаскесі Іле ауданы әкімі аппаратының меншігінде. Бүгінгі күні жер учаскесі екі жер учаскесіне бөлініп, қажетті жер учаскесі Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне берілді.
7) Іле аудандық білім бөлімінде жеке меншік балабақшаларға мемлекеттік тапсырысқа конкурс жарияланбайды. (Г.Құсманова, М.Түймебаев ауылының тұрғыны) (орындалды)
Жеке меншік балабақшаларға мемлекеттік тапсырысқа конкурстар 2022 жылдың тамыз айында жариялау жоспарланған, конкурсты ұйымдастыруды Алматы облыстық білім басқармасы жүзеге асырады.
8) Елді-мекендердегі жағымсыз иістің пайда болуы. (Г. Адильбаева, М.Түймебаев ауылының тұрғыны) (жұмыс барысында)
Аталған мәселе бойынша Алматы қаласы әкіміне, «Алматы Су» ШМҚ МКК басшылығына хаттар жолданды. Аудан әкімдігінің хаттары негізінде облыстық экология департаментімен 2 рет тексеру жүргізіліп, әкімшілік айыппұл салынды (26.08.2021 жылы 8,0 млн.теңге, 28.06.2022 жылы 11,8 млн.теңге).
Сонымен қатар, мәселені шешу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді:
17.06.2022 ж. Алматы облысының әкімі М. Е. Сұлтанғазиевтің қатысуымен халықпен кездесу барысында 8 мәселе қаралды, оның ішінде: орындау барысында - 6 сұрақ, орындалды - 1 сұрақ, 1 мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде, өйткені бұл мәселе "Алматы Су" ШЖҚ МКК құзыретінде.