Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің
2022 жылы Жамбыл ауданының халқымен тұрақты кездесуі барысында көтерілген мәселелер туралы
АНЫҚТАМА
2022 жылғы 14 желтоқсанда облыс әкімінің Жамбыл ауданы халқымен кездесуі барысында 5 проблемалық мәселе көтерілген.
Ол мәселелерді сапалы және уақтылы орындау үшін арнайы іс-қимыл жоспары бекітіліп, жауапты лауазымды тұлғалар белгіленіп, тиісті мекемелерге жолданған.
Сарыбай би ауылының мәдениет үйі 1961 жылы салынған, ғимараттың тозығы жеткен, күрделі жөндеу жұмыстарына ықпал ету туралы. Орындалу барысында.
Сарыбай би ауылындағы 200 орындық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге 22,9 млн. тг бөлініп, құрылыс жұмыстарының жалпы құны 278 млн. теңгеге сараптама қорытындысы алынды.
Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге 08.11.2022 жылы №244 хатпен бюджеттік өтінім берілді. Орындалуы 2023 ж.
Қарғалы ауылында халық көп шоғырланған, алайда жастар мен ересектер уақытын тиімді өткізетін мәдениет үйі, абаттандыру, спорттық кешен ғимараты жоқ. Сонымен бірге жаңа тұрғын үй массивтеріне ауыз су жүйесі мен электрлендіру жұмыстарын жүргізу қажет. Қарғалы ауылының дамуы үшін осы жобалардың жүзеге асуына ықпал ету туралы. Орындалу барысында.
Мәдениет үйі бойынша - Қарғалы ауылының 350 орындық мәдениет үйінің құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 49,7 млн.тг бөлінді. Мемлекеттік сараптама мерзімі 30.12.2022 ж. Жобалаушы ұйым «Диас проект» ЖШС. Жер телімі шешілген. Орындалуы 2023 -2024 ж.ж.
Демалыс орны бойынша - Қарғалы ауылының Ұзын Қарғалы өзені жағалауын абаттандыруға жоба-сметалық құжат даярлауға 65,4 млн.тг бөлінді. Мемлекеттік сараптама мерзімі 15.03.2023 ж. Жобалаушы ұйым «АПС инжиниринг» ЖШС. Жер телімі шешілген. Орындалуы 2023-2025 ж.ж.
Қарғалы ауылында дене шықтыру сауықтыру кешенін салуға - Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан Алматы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау және құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім 2022 жылдың 13 қазан күні №36-04-05/1435-И хаты жіберілді. Жер телімінің актісі бар (03-045-210-1393). Орындалуы 2023 - 2025 ж.ж.
Қарғалы ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту мен құрылысына - жоба-сметалық құжат даярлауға 77,9 млн.тг бөлінді, мемлекеттік сараптама мерзімі 30.05.2023 ж. Жобалаушы ұйым «Гидротехник Жоба» ЖШС. Орындалуы 2023 - 2025 ж.ж.
Қарғалы ауылының жаңа тұрғын массивін электрлендіруге - жоба-сметалық құжат даярлауға 5,0 млн. тг бөлінді, аяқталу мерзімі 01.03.2023 ж. кейіннен мемлекеттік сараптамаға өткізіледі.
Аудан орталығы Ұзынағаш ауылы – ауданымыздың бет бейнесі. Ұзынағаш ауылына кіреберісте көпқабатты тұрғын кешендері құрылысы жүруде. Осы ықшам ауданды ары қарай дамытуға ықпал ету туралы. Орындалу барысында.
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында үш 5-қабатты 60-пәтерлік көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2021 жылы басталып, қазіргі уақытта жалғасуда.
Құрылыс құны – 1 млрд. 856,1 млн. теңге.
Сонымен қатар екі 5-қабатты 40-пәтерлік және екі 5-қабатты 20-пәтерлік көпқабатты тұрғын үйлерінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстарға қаражат бөлініп қазіргі уақытта жобалау жүргізілуде. Жобалау құны – 1 669,6 млн. теңге.
Жамбыл ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 3286 адам кезекте тұр. Тұрғын үй алудың 6 санаты бойынша кезектелген адамдарды аз уақыт ішінде үймен қамтамасыз ету үшін:
Ұзынағаш ауылының кіре беріс аумағына – жеке құрылыс бас жоспарын бекіту қажет.
Көп-қабатты тұрғын үйлер санын арттыру мен әлеуметті нысандар салу керектігі туындауда.
Мыңбаев ауылының халық санының қарқынды өсуіне байланысты жеке меншіктегі тұрғын үйлер құрылысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды жүзеге асыру үшін және ауыз су жүйесінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарына ықпал ету туралы. Орындалу барысында.
Мыңбаев ауылының жеке меншіктегі тұрғын үйлер құрылысының инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруды жүзеге асыру үшін ЖСҚ әзірлеуге 54,7 млн. тг бөлініп, жалпы құны 2 439,2 млн.теңгеге сараптама қорытындысы алынды.
Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге 08.11.2022 жылы №244 хатпен бюджеттік өтінім берілді. Орындалуы 2023-2024 ж.ж.
Ұзынағаш ауылында жаңа тұрғын үй массивтерінде ауыз су жүйесі құрылысы мен қайта жаңғыртуға және ауылдағы канализация жүйесінің ескіруіне байланысты құрылысы мен қайта жаңғырту туралы. Орындалу барысында.
1 - Ұзынағаш ауылының ауыз су жүйесі - қайта жаңғырту мен құрылысының жалпы құны 5 911,0 млн.тг құрайтын ЖСҚ әзірленді. 2023 жылға Алматы облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім берілді Орындалуы 2023 -2025 ж.
2 - Ұзынағаш ауылының кәріз жүйесі - Ұзынағаш ауылының кәріз жүйелері 1970 жылдары салынған, желілердің ұзындығы 21,8 км, желілердің тозуы 85%, сүзу алаңдарының ауданы 14 га, тозуы 85%. Жүйеге 730 аула, 68 бюджеттік және әкімшілік ғимараттар қосылған.
Ұзынағаш ауылының тұрғындарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының кәріз желілерін реконструкциялау және салу» жұмыс жобасы әзірленді (сараптаманың оң қорытындысы 31.12.2021 ж. № APE-0183/21 алынды).
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 6 903,573 млн. теңге. Жоба бойынша ауданы 130 га және кәріз жүйесінің 81 шақырымы болатын сүзгі алаңы салынады. Жаңа кәріз жүйесі 100 бюджеттік және әкімшілік ғимараттар мен 5000 аулаларға қызмет көрсетуді жоспарлануда. 2022 жылғы 27 қыркүйекте Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына құрылыс-монтаж жұмыстарына бюджеттік өтінім берілді.