2022 жылы 23 маусымда облыс әкімі М.Сұлтанғазиевтің Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесуінде 15 мәселе көтеріліп, аталған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.
1) пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді мемлекетке қайтару жолымен жұмыс істейтін фермерлерге беру. орындалды
Аудан бойынша жалпы пайдаланымдағы жайылымдық алқаптың қажеттілігі 351,0 мың га құрайды, АЕМ жеке аулаларында 338 мың бас есебінен (ІҚМ -53,4 мың бас, ұсақ мал - 280,4 мың бас, жылқы - 4,3 мың бас). Ағымдағы жылы халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында 37 974 га жер бөлінді. Пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару нәтижесінде айналымға 49 337 гектар жер учаскесі қайта енгізілді. Сонымен қатар, сот шешімі бойынша 2,6 мың га ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.
2) Жеке кәсіпкер мемлекеттік органдар тарапынан қысымға ұшырауда. орындалды
Қарғалы ауылы, Құлантөбе көшесі, 15-үй мекенжайында орналасқан В.В. Неред (жеке кәсіпкер) тиесілі үйі мен құрылыстары бар жер учаскесі, Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймағында орналасқан (су қорғау белдеуі 35 метр, су қорғау аймағы 500 метр). 21.11.2011ж. Алматы облысы Әкімдігінің «Ұзынқарғалы өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» №246 қаулысы күшіне енгеннен кейін, құстарды инкубациялауға арналған екі ғимарат сарайды В.Неред 2019 жылы құрылысын жүргізіп аяқтаған.
Көршілердің ұжымдық шағымы негізінде Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы (БАБИ) жеке кәсіпкер В.В. Нередке қатысты су қорғау аймағында екі жаңа құрылыстың құрылысы мен жұмыс істеу жағдайы мәселелері бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру негізінде іс сотқа жіберілді. Өзі салған екі сарай құрылысын бұзу туралы сот шешім шығарды.
Қазіргі уақытта Жамбыл ауданының әкімдігі жер учаскесін бөлу және "Жеке кәсіпкер В.В Неред" қызметін Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінен тыс, елді мекен шегінен тыс жерге көшіру мәселесін қарастырды.
2022 жылы 24 қарашада аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскелерін беру бойынша конкурс өткізді, онда аудандық жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде В.Нередтің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін Қарғалы ауылдық округінің жерінен 4,5 га жер учаскесі берілді.
3) Қарғалы ауылының автомобиль жолдарын жөндеу. орындалды
2022 жылы Қарғалы ауылының автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеуге 137,1 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде Жұрынов, Молдабек көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
4) Үш ауысымды мектептерді жою. Қайназар ауылының орта мектебіне қосымша жапсаржай салу мәселесі. орындалуда
Ағымдағы жылдың басында ауданда үш ауысымды мектептердің саны 10 мектепті құрады, осы мәселені шешу бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:
- 2022 жылы Көкдала ауылындағы бастауыш мектептің үш ауысымдық мәселесін шешу үшін, 110 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді;
- Ұзынағаш ауылында 6,3 млрд. теңгеге 1500 орындық жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде;
- Ұзынағаш ауылында (Ақжар) 3,8 млрд. теңге сомасына 600 орындық ОМ құрылысына, Ынтымақ орта мектебіне 2,8 млрд. теңге сомасына 300 орындық жапсаржайға мемлекеттік сараптамалары бар;
- Қарғалы ауылында 900 орындық жаңа мектеп құрылысының ЖСҚ әзірленуде және Қайназар № 1 орта мектебіне қосымша (ЖСҚ-на 93,3 млн. теңге бөлінді);
- 8 жаңа мектеп құрылысы "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасыны енгізілді, жер учаскелерінің мәселесі шешілген.
5) Қарғалы, Қайназар, Ынтымақ ауылдарына дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу туралы. орындалуда
Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаевтың атына 07.07.2022ж. хат жолданды. Қарғалы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға арналған жер учаскесі қаралды.
Ынтымақ ауылының спорт алаңын жайластыруға 2022 жылы 25 млн. теңге бөлінді. Нысан пайдалануға берілді.
6) Қазыбек-бек ауылы аумағының бос жерлерінде өнеркәсіптік объектілердің ашылуы. Орындалу барысында.
Генеральный план индустриальной зоны составлен на 18,6 млн. тенге. На технико-экономического обоснование выделены 79,0 млн.тг, работы полностью не завершены.
"Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану құқығына жер учаскесін бекіту туралы" 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 319 қаулысына сәйкес, ауданы 900 гектар жер учаскесі "Алматы облысының индустриялық аймақтарының басқарушы компаниясы" ЖШС-не Қазыбек бек станциясында индустриялық аймақ құру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға (25 жыл) берілді .
Қажетті инфрақұрылым жүргізілгеннен кейін осы аймақта 2000 жаңа жұмыс орнына 50 жаңа кәсіпорын орналастыру үшін жер учаскелері берілетін болады.
Индустриялық аймақтың бас жоспары 18,6 млн. теңгеге жасалды. Техникалық-экономикалық негіздемеге 79,0 млн. теңге бөлінді, жұмыстар толық аяқталған жоқ.
7) Қарғалы-Алматы бағыты бойынша автобус қатынасымен қамтамасыз ету мәселесі. Орындалу барысында.
Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына "Қарғалы-Алматы" және "Мыңбаев-Алматы" қоғамдық көлік маршруттарын субсидиялау туралы мәселені қарау үшін 2022 жылғы 1 шілдедегі № 76-7-10/766-және/1141 хат жолданды. Осы басқарманың ақпараты бойынша, Алматы қаласының әкімдігімен "Қарғалы - Алматы" бағыты бойынша қоғамдық көлік беру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.
8) Ұзынағаш ауылындағы ауыз су мәселесі. Орындалу барысында.
Аудан бойынша АЕМ орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 96,7% құрайды (61 АЕМ-нің 59-ы).
Жаңа тұрғын алаптары бар АЕМ саны сумен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілмеген - 14, осыған байланысты аулаларды қамтамасыз ету деңгейі-80,2% құрайды.
Ауыз суды жеткізу ауданның 2 елді мекенінде, 3,3% (Ащысу, Бозой) жүргізіледі.
2022 жылы 5 АЕМ сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына 1,3 млрд. теңге бөлінді (Ақсеңгір, Еңбекшіарал, Қастек, Ащысу және Сарыбастау) Ұзынағаш ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына 5,9 млрд.теңге сомасына мемлекеттік сараптама (3 кезек) бар, 2023 жылға арналған республикалық бюджетке инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілген. Сумен жабдықтау жүйелері құрылысының ЖСҚ әзірленуде 7 АЕМ (Бозой, Ынтымақ, Шолаққарғалы, Жамбыл, Сұңқар, Қарғалы 4 кезек, Қасымбек 2 кезек).
9) Бүгінгі таңда 5 АЕМ газдандырудың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, жобалаудың аяқталу мерзімі - 2023 жылғы сәуір. Мемлекеттік сараптаманы алғаннан кейін бюджеттік өтінім берілетін болады. 1. Ұзынағаш ауылы сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау 2. Сүзгі станциясынан жағымсыз иістер мәселесі, Ұзынағаш ауылының кәріз желілерін салу туралы. Орындалу барысында.
Ұзынағаш ауылын сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысына (3 кезек) 5,9 млрд.теңге сомасына мемлекеттік сараптама бар, 2023 жылға арналған республикалық бюджетке инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілген.
Ұзынағаш ауылының кәріз жүйелерінің құрылысына 7,6 млрд. теңге сомасына мемлекеттік сараптама бар. Жоба бойынша ауданы 130 га сүзгі станциясы және ұзындығы 81 километр кәріз желілері салынады.
10) Газдандыру 5 АЕМ (Б.Қыдырбекұлы, Ақсеңгір, Жайсан, Көкдала, Қазыбек бекеті). Орындалу барысында.
Бүгінгі таңда 5 АЕМ газдандырудың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, жобалаудың аяқталу мерзімі - 2023 жылғы сәуір. Мемлекеттік сараптаманы алғаннан кейін бюджеттік өтінім берілетін болады.
11) Суармалы судың жетіспеушілігі, Қазыбек бекетінің ирригациялық желілерінің проблемасы. Орындалу барысында.
18,9 млрд теңге мемлекеттік сараптамасы бар. Республикалық бюджетке бюджеттік өтінім берілді, қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ.
12) Ынтымақ ауылының мемориалдық ескерткіші мен мәдени ошақтарын жөндеуді қажет етеді. 2. Ынтымақ ауылында саябақ, спорт алаңының және пошта ғимаратының болмауы. 3. Ынтымақ ауылы мен Ұзынағаш ауылы көшелерін жарықтандыру. Орындалу барысында.
Ескерткішті ағымдағы жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлу туралы бюджеттік өтінім берілді.
Ынтымақ ауылының спорт алаңын жайластыруға 2022 жылы бюджеттен 25 млн теңге бөлінді. Жұмыстар жүргізілуде, жобаны тапсыру мерзімі 2022 жылғы 25 желтоқсан. Орындалды.
Ұзынағаш ауылының көше жарығын орнатуға 254,74 млн. теңге, Ынтымақ ауылына 95,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде.
13) Ауданның электрондық картасын құру бойынша ұсыныс. Орындаулу барысында.
ТҮКШ, сәулет және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жобасын зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді. Бюджетте қаражаттың болмауына байланысты жобаны ауданның бюджеттік комиссиясы мақұлдамаған. 2023 жылға арналған бюджетті қарау кезінде ұсыныс енгізу жоспарлануда.
14) Үлкен ауылындағы «Солнышко» балабақшасын коммуналдық меншікке қайтару. Тиімсіз деп танылды.
«ЭнергоНаладка» ЖШС ескі балабақша ғимаратының меншік иесімен және қаржы басқармасымен осы ғимаратты сатып алу туралы келіссөздер жүргізілді. Бағалау сомасы 1 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте объектіні сатып алғаннан кейін күрделі жөндеу жүргізу қажет. Жоғары құнға байланысты осы объектіні сатып алу тиімсіз деп танылды.
15) Велоспорт секциясын ұйымдастыру үшін ұзындығы 17 км. бос тұрған ескі республикалық автомобиль жолын пайдалану туралы. Қажеттілігі жоқ.
Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп осы жобаны зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде велоспорт секциясын ұйымдастыру үшін, аталған жолдың стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты тиімсіз деп танылды.