Ашық әрі сенімді әңгімелесу барысында талғарлықтарды толғандыратын проблемалық мәселелер көтеріліп, оларды шешудің оңтайлы және тиімді жолдары қарастырылды.
Облыс агломерация үшін кез келген тақырып салмақты әрі өткір болып табылады. Азаматтардың белгілі бір топтары үшін олар өте маңызды саналады. Бұл бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарына, көп балалы аналарға, аз қамтылған азаматтарға, ерекше қажеттілікті керек етеін адамдарға қатысты. Әкіммен кездесу кезінде тұрғындар ауылдық округтерде интернеттің жиі болмайтынын, жолдардың жөндеуді қажет ететінін, Талғар және Алматы қалаларымен автобус қатынасының нашар екенін, сондай-ақ, жергілікті бірқатар мектептің жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауға дайын емес екенін жеткізді.
Талғар белсендісі Ирина Ким облыс басшысына кейбір ауылдық округтерде аз қамтылған отбасыларға заңды жеңілдіктерге қол жеткізудің қиын екенін айтты. Сонымен берге оларға балаларға арналған мектеп формасын алу, асханаларда тегін тамақтану, атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын дәлелдеу қиынға соғады. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтардың мәселесі де өткір мәселенің бірі. Десек те, Талғар қоғамшылы Галина Арзамасованың айтуынша, бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдары бар. Олар уәкілетті тұлғалар арасынан арнайы комиссияның құзыретіне жатады, оларды жеке тәртіппен атаулы әлеуметтік көмек беру құқығын беру арқылы жүзеге асырады. Бірақ, көбіне бұл заңды құрал жұмыс істемейді. Әйелдің айтуынша, бұл бюрократия мен бюрократизмнің салдары. жеткізді.
Сонымен бірге көптеген талғарлық, әсіресе ауыл тұрғындары тұрғын үй немесе жер телімдерін алу кезегінің баяу жүріп жатқандығына, малшыларға жайылымдық жерлердің жетіспейтіндігіне наразылықтарын білдірді. Галина Арзамасова Талғар мектеп оқушылары он бес жасқа толғаннан кейін қала маңындағы Алматы автобус бағыты бойынша жеңілдікпен тегін жол жүру құқығынан айырылатынын айтты. Жергілікті зейнеткерлер де осындай проблемаға тап болады. Бұл осы жолаушылар тасымалын субсидиялаудың болмауына байланысты. Марат Елусізұлы Талғар белсенділерімен кездесуінде көтерілген мәселелер аз болмады. Соған қарамастан аймақ басшысы әр мәселеге мұқият назар аударып, құлақ асты. Ол сол жерде қызметкерлеріне жоғарыда көтерілген проблемалық мәселерге қатысты нақты тапсырмалар берді.