Меню

Страницы

Статья

Қанат Бозымбаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу үш сағатқа жуық уақытқа созылып, жиырма тоғыз тұрғын елуге жуық сұрақ қойды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында облыс әкімі өңірді дамыту бағытындағы жоспарларға тоқталып, арнайы баяндамасында Панфилов ауданының өзекті мәселелерін шешу туралы жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді. Мәселен, 4 мыңнан астам тұрғыны бар Шолақай ауылының ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту, жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандардың санын азайту мақсатында жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді салуды қолға алу, Сүптай ауылында жаңа мектеп пен Үлкеншыған, Шолақай ауылдарында ауылдық мәдениет үйлерін салуға қаржы бөлу мәселесі көтерілді. Ауыл жолдарын жөндеуге де қаражат қарастырылады. Мысалы, 8 елді мекенді және Жаркент қаласын қамти отырып, 31,9 км кентішілік жолдарды жөндеу жоспарланған.

Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде өткен жылы 27,5 млрд. теңге бағытталса, Панфилов ауданында 819 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.

Осы жылға 5,7 млрд. теңгеге 11 спорт нысанының құрылысы жоспарланған, оның ішінде 1,1 млрд. теңгеге Үлкеншыған және Пенжім ауылдарында 190 орындық 2 спорт кешені бар.

Кездесуде қойылған сауалдардың басым бөлігі елді мекендерді абаттандыру, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру және суармалы су тарифін реттеу, электр энергиясын үздіксіз беру, өңдеу кәсіпорындарын ашу, әлеуметтік нысандарды жөндеу мен салу, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар жетіспеушілігі, жем-шөп дайындау ісіне мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде болды.

Облыс және аудан әкімдігінің ресми парақшаларында кездесуден тікелей көрсетілім ұйымдастырылды. Сұрақ жолдағысы келген азаматтар әлеуметтік желідегі көрсетілімнің астына комментарий немесе хабарлама түрінде де сауалдарын қойды.

Кездесу соңында облыс әкімі Қанат Бозымбаев жеке азаматтар үшін қабылдау өткізді.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Дата публикации
14 марта 2022
Дата обновления
14 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы