2022 жылдың 7 шілдесі күні ZOOM бейнеконференция байланысы арқылы облыста орналасқан 14 зооқорғау ұйымдарының жетекшілерінің қатысуымен нормативтік-құқықтық актілер туралы елдің арасында түсіндіру бойынша кездесу өткізіліп, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы мен осы заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілердің талаптары талқыланды.
01.09.2022ж. бейнеконференция байланысы арқылы жануарларды қорғау ұйымдарының мүшелерімен және Қонаев қаласы мен аудандардың ветеринариялық станциялары мамандарымен «1CERT» ЖШС –і арқылы «TANBA» атты жануарларды ақпараттық есепке алу қызметімен алдағы уақытта үй жануарларын тіркеу, қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру, жануарлар баспаналарының есебін жүргізу және жануарлар баспаналарының қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша кездесулер өтті.
30.09.2022ж. Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97 Заңын орындау мақсатында, зооқорғаушылармен облыста орналасқан панажайлардың нақты тізімін қалыптастыру туралы кездесу өтті.
Сонымен бірге, жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерімен тығыз жұмыс істеу үшін және жұмыстарды сапалы орындау және азаматтардың шағымдарын уақтылы қарастыру мақсатында басқарма тарапынан сенім телефоны мен ватсаб желісі қосылған (8705 552 04 56) чат ашылған.