Меню

Страницы

Статья

CӨСҚ бойынша 2022 жылы атқарылған жұмыстар турлаы ақпарат

Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттандыруды арттыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды.

  1. Аурудық алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша соның ішінде Дүниежүзілік, Халықаралық, Ұлттық күндер, окүндіктер мен айлықтар шеңберінде 19 012 адамды қамти отырып, 457 іс-шара (вебинар/конференция, семинар-тренинг, спорттық шаралар) ұйымдастырылып, өткізілді.

  2. «Жұқпалы аурулардың алдын алу» (ЖРВИ, жіті ішек жұқпаларының алдын алу, вакцинация) – 88 600 дана, «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу» (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және қан-тамыр жүйесі ауруларының алдын алу) – 42 150 дана, «Мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу» (электронды темекі, нашақорлықтың алдын алу) – 42 150 дана, «Дене белсенділігі және дұрыс тамақтануды насихаттау» - 42 150 дана, «Ұрпақты болу денсаулығын қорғау» (босануға даярлау, ұрпақты болу денсаулығын қорғау) – 42 150 дана, «Жарақаттанудың алдын алу» (жарақаттанудың алдын алу, жол-көлік оқиғасы) – 42 150 дана, «Психикалық денсаулық» - 42 150 дана, барлығы 341 500 дана ақпараттық-білім беру материалдарының (буклеттер, үнпарақтар) данасы тираждалды.

  3. Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша 20 баннер жасалып, 17 аудан мен 3 қалада орналастырылды. Талдықорған қаласы, Назарбаев/Біржан Сал көшесінде орналасқан ЛЭД экран арқылы «Жұқпалы аурулардың алдын алу», «Жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алу», «Мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу», «Ұрпақты болу денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау», «Стресстің алдын алу» тақырыптары бойынша бейне роликтер көрсетілді.

  4. https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu?lang=ruhttp://zdrav.zhetysu.gov.kz; http://healthlife.kz/ веб-сайттарда, https://www.facebook.com/profile.php?id=100011727999712https://www.instagram.com/Almoblzozh/ әлеуметтік желілерде: «Жұқпалы аурулардың алдын алу», «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу», «Мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу», «Дене белсенділігі және дұрыс тамақтануды насихаттау», «Ұрпақты болу денсаулығын қорғау», «Жарақаттанудың алдын алу», «Психикалық денсаулық» бойынша барлығы 638 ақпарат жарияланды.

  5. Облыстың 17 ауданы мен 3 қаласында МСАК деңгейінде СӨСҚ қызметіне талдау жүзгізілді.

Дата публикации
09 января 2023
Дата обновления
09 января 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы