«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 74-бабының 1,3-тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Тоқпейісов Ғалым Қасымұлының 2023 жылғы 06 қаңтардағы өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініші негізінде 2022 жылғы 08 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып 1967 жылы туған Тоқпейісов Ғалым Қасымұлын тіркеу туралы өз шешімінің күшін 2023 жылғы 06 қаңтардағы хаттамсымен жойды.