Меню

Страницы

Статья

«Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсе бойынша қысқаша ақпарат

2018 жылдың басынан бастап Алматы облысының аумағында "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі табысты жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жобалық кеңсенің маңызды бағыттарының бірі - мемлекеттік қызметшілер мен халық арасындағы барлық мүмкін болатын кедергілерді жою болып табылады.

Осы бағыт шеңберінде "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің алаңында жүзеге асырылған сәттен бастап тұрақты негізде Алматы облысының әкімі, оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды кезекті және кезектен тыс қабылдау жүргізуде, кеңсе шеңберінде азаматтарға заң консультациялары берілуде, сондай-ақ азаматтар жүгінген мәселелер  оңтайлы шешімін табуда.

Алайда, елде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін, Алматы облысының әкімдігі қашықтықтан жұмыс форматына көшіріліп, "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ұйымдастыратын барлық бастамалар, соның ішінде азаматтарды қабылдау Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаментінің жаңа қызмет көрсету орталығының алаңында ANTIKOR ORTALYGY өткізіле бастады.

"Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі азаматтарды онлайн-қабылдау, заңгерлік кеңестер "ANTIKOR.LIVE", "Адал көмек" жобалары арқылы жүзеге асыруда. Күн сайын тікелей эфирге белгілі заңгерлер, түрлі сала мамандары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары шақырылады. Тікелей эфир арқылы шақырылған қонақтар азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, заң кеңестерін беруде және азаматтарға өз бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндауда.

Әлеуметтік желілерде жаңа тікелей эфир шыққаннан кейін бұл жаңалық интернет-пайдаланушылар арасында оң пікір қалыптастыруда, соның ішінде азаматтар арасында жоғары белсенділікті көрсетуде.

Интернет-пайдаланушылар мұндай жаңашылдықтар мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қол жетімділігін куәландыруда жәнеүйден шықпай-ақ жауаптар мен заң кеңестерін алуға мүмкіндік беруде.

Дата публикации
13 мая 2020
Дата обновления
13 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы