Меню

Страницы

Статья

«Мал шаруашылығынрін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жоспары»

Алматы облысында облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 29 қарашадағы шешімімен «Мал шаруашылығынрін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жоспары» (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.

Жоспардың мақсаты – ірі қара мен қойдың асыл тұқымды басын көбейту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау.

Жоспар аясында Серіктестік/Оператор қарастырылған қаражат есебінен ірі қара мен қойдың асыл тұқымды басын сатып алады және одан әрі Алматы облысында тіркелген заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке қосалқы шаруашылықтарға, (бұдан әрі - АӨК субъектілері) Жоспармен бекітілген жеңілдетілген шарттармен жүзеге асырылады.

 Серіктес/Оператор ретінде қатысуға мүдделі/қызығушылық танытқан заңды тұлғалар 2022 жылдың 10 желтоқсанына дейін Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі 13, жүгіну қажет.

Серіктеске/Операторға қойылатын негізгі талаптар: кепілзаттың болуы, төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық, банктер мен басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен салық берешегінің болмауы, теріс несие тарихының болмауы, мал шаруашылығы саласындағы тәжірибесі, ірі қара мен қойдың асыл тұқымды басын ұстауға қажетті инфрақұрылымның болуы, жем-шөппен қамтамасыз ету немесе оларды сатып алуға қаражаттың болуы.

Мүдделі тұлғалардың өтініштерін қабылдау мен іріктеуді Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы жанындағы комиссия жүзеге асырады.

Барлық сұрақтар бойынша Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласуға болады.

 

Дата публикации
07 декабря 2022
Дата обновления
07 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы