Меню

Страницы

Статья

Тәжікстан Қазақстанның МСАК қызметін ұйымдастыру тәжірибесін алмастырады

2022 жылғы 7 қарашада Сіздерді медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамытудың басым бағыттарына және МСАК-тың көпбейінді бригадаларындағы мейіргерлердің рөлін кеңейтуге арналған дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.  Дөңгелек үстелге Қазақстан және Тәжікстан Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы және ДДҰ-ның МСАК жөніндегі Еуропалық офисінің басшысы қатысады.

2022 жылғы наурызда ДДҰ Еуропалық бюросы Алматы облысының Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ ауданаралық көпбейінді ауруханасының базасында ДДҰ МСАК демонстрациялық платформасы – инновациялық өнімді іске қосты. Өкілдері Қазақстанның МСАК-ты реформалаудағы озық тәжірибесін қабылдауға келетін үшінші ел Тәжікстан (бірінші ел Өзбекстан мен Қырғызстан болды).

Тәжікстан делегациясы өкілдерінің сапары барысында мейіргер ісінің реформаторлары қазіргі таңда оң нәтиже беретін өз жұмыстарын таныстырады және трансформация тәжірибесімен бөліседі. Делегация сонымен қатар С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мейіргер бөлімшесінің басшысымен кездесіп, мейіргер ісі мамандарының жаңа буынын оқыту мәселелерін талқылайды.

Алматы, Қазақстан 2022 жылғы 7 қараша 

Сағат 9.30-10.30 БҰҰ ғимараты, Байзақов көшесі, 303

Іс-шараға аккредиттеу және сұхбат жазу мәселелері бойынша Әсел Жабасоваға +7 777 470 43 66  телефоны арқылы хабарласуға болады.

Дата публикации
06 ноября 2022
Дата обновления
06 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы