Меню

Страницы

Статья

Желтоқсан айында өткізілген Бос орындар жәрмеңкесі туралы мәліметтер

Балхаш ауданы

Ағымдағы жылдың 15  желтоқсанында  «Балқаш ауданы  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрменкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге жеке сот орындаушылар, аудандық прокуратурасы, пробация қызметі және  Балқаш ауданындағы   жұмыс берушілері мен жұмыссыз азаматтар қатысты.

Жәрмеңкеге  барлығы 10  жеке кәсәпкерлер  мен мекемелер қатысып («МДШО бар Бақтораз  Бейсекбаев атындағы орта мектеп» мкм «МДШО бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мкм, «Десерт» ИП «Нұрлыбекова», «Алматы облысы балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»  мемлекеттік мекемесі, Жастар ресурстық орталығы, Балқаш аудандық орталық аурухана,«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Балқаш филиалы, «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Бақанас ауылындағы «Саз мектебі » мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Бақанас аграралы-индустриалдық колледжі, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) 20-дан аса жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 50-тен астам адам, сонымен қатар пробация қызметі есебінде- 7 адам, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан-8,  алимент бойынша борышкерлер қатарынан-8 ,  29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -20 адам қатысты.

Жәрмеңке барысында орта мектептер 8 адам, спорт мектебі 2 адам, ИП «Десерт»- 1, Саз мектебіне -2 адам, Бақанас аграрлы-индустриалдық  колледжі – 2 адам, қоғамдық жұмыстарға – 8 адамға, пробация қызметі-1 адам, қысқа мерзімді курсына 2 адамға  жолдама берілді.

 

Райымбек ауданы     

Райымбек ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» және «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсан айының 14-і күні бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесі  өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты: ауданымыздағы жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

Бос жұмыс  орындары  жәрмеңкесіне ауданымыздың мекемелері және әр округтің шаруа қожалықтары қатысты.

Жұмыс берушілердің  саны-12 .

Ауданымыздан жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар арасында  жұмыс іздеушілер саны -21 азамат .

Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша 12 азамат тұрақты жұмысқа орынына орналасты.

 

Жамбыл ауданы

Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ағымдағы жылдың 12 желтоқсан айында бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Жамбыл ауданы бойынша  40 жұмыс беруші өкілдері атап айтқанда кәсіпорындар, медециналық орталықтар, шаруа қожалықтар, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер   қатысып, 153 тұрақты  бос жұмыс орындары ұсынылды.                                              

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, алимент борышкерлері  мен пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.   Сонымен қатар 65 азаматқа кеңес беріліп,  7 азамат тұрақты жұмысқа жіберілді.  

 

Қонаев қаласы

«Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында  Қонаев қаласы 1 шағынаудан 41 ғимаратта әлеуметтік жағынан осал топтағы және жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету мақсатында, жұмыссыз азаматтарға (29 жасқа дейінгі жастар,мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бос бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар, алимент берешегі бойынша қарызы бар азаматтар) арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 15 тен астам әр саладан жұмыс берушілер : Алматы облыстық әкімшілігі, Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті, Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «GreenLand Alatau»  «Наурыз-Агро», «Fish Prodex» ЖШС-ы, «Tornado»,«Makao» казинолары ,   халық және отбасы банкілерінің филиалдары , «Гүлдер» балабақшасы  және т.б. қатысты. Олар 60тан бос жұмыс орындарын жәрмеңкеге ұсынды.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 20 дан астам адам, сонымен, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан- 2, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -7 адам қатысып, 14 адамға бос жұмыс орындары ұсынылып,  4 адамға жолдама берілді.

 

Қарасай ауданы

«Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі, Шамалған сервистік әкімдігінде ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні, сағат 11:00-де Шамалған, Жандосов, Біріні май ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесіп, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді. Ауданымыздың 10 ірі кәсіпорындары мен Жеке Шаруашылық Серіктестіктері қатысып, 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Аталған шараға барлығы 100-ге жуық жұмыссыз азамат қатысты. Оның ішінде, 50 жұмыссыз азамат, 10 мүгедектігі бар азаматтар, 20 жас азаматтар, 20 пробация есебінде тұрған азамат.

Жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін түрде сұхбат жүргізді. 100 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасуға ниетті екендігін айтып, 40 жолдама алды. Оның 10 азаматы жас мамандар.

Ай сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңкеге жастарымыз бүгінде қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға септесті. Жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысқан шара барысында келушілермен «Бос жұмыс орындары» аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді.

«Казпочта» Акционерлік Қоғамы, «Тазалық» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, «Маолин» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, «Rakhym» Жеке Қайырымдылық қоры, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, «LAKE FARM» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, «RG Brands Kazakhstan» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, «KIDLEGACY» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі сияқты ауданымыздағы ең ірі жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысты.

Дата публикации
19 декабря 2022
Дата обновления
19 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы