ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бекіткен Жол картасының 2.3-тармағына сәйкес мониторингтік топ құрылды.
Мониторингтік топтың мақсаты - медициналық-әлеуметтік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуін бақылау, сондай-ақ қызмет алушылардың тұру жағдайларына мониторинг жүргізу.
Арнайы топтың құрамына «АМАNAT» партиясы облыстық филиалының, облыстық прокуратураның, Алматы облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің, еңбек инспекциясының өкілдері кіреді. Олар әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының мүгедектерге қолжетімділігі мен қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізеді, сондай-ақ қызмет алушыларды құқықтық қорғау деңгейін тексереді.
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында мониторингтік топ Қонаев қаласындағы «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-да болды.
Мониторинг барысында төмендегідеу кемшіліктер анықталды:
- ҚР ЕжХӘҚ министрінің 2018 жылғы 29 тамызындағы № 379 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкес, қызмет алушыларға жеке жұмыс жоспарын дайындау мерзімдері сақталмаған;
- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығының талаптары сақталмаған, яғни Орталық мамандарымен қызмет алушыларға жұмсақ мүкаммал толық берілмеген, дәрі -дәрмек дәрігердің тағайындау уақытынан тыс берілген, тағайындалған дәрі уақытылы берілмеген;
- қызмет алушылардың жеке істерінде қызмет алушылардың фотосуреттері, қызмет алушылардың мекеме әкімшілігіне берілген құжаттардың түпнұсқасын алғаны туралы түбіртектерде қызметкердің қолы жоқ екендігі анықталды;
- Орталықтың дәліз еденінің кейбір жерлерінде сынған плиткалар анықталды.
Жұмыс тобы анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.