Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларының, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау туралытақырыбында 08.12.2022 жылы Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің өкілінің қатысуымен жиын отырысы өткізілді.
Аталған семинарлық сабақ Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және жоғары этикалық және кәсіби стандарттарды сақтау бойынша өтіп жатқаны айтылды.
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы жемқорлықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Осы орайда, аталған семинарлық оқу сабақтары қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларының, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру болып табылады.
Баршамызға белгілі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 02 шілде 1998 жылы қабылданып, қолданысқа еңгізілген, сол кезден бастап бүгінгі күнге дейін көптеген өзгертулер мен толықтырулар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жауапкершілігін күшейту мақсатында қабылданған.
Аталған Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланыстықұқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Осы Заң сияқты демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жарялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.
Қорытындылай келе, Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ұжым болып күресіп, Заң нормаларының шеңберінде қызметімізді атқару, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қатаң бақылауға алу және заң бұзушылықтарға жол бермеу біздің ең басты міндетіміз болып табылады.