Қонаев қаласының бюджеті 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді есепке алмағанда 1757,1 млн.теңге сомасында бекітілді.
Халықтың қатысуы бюджетін орындауға 175,7 млн.теңге қарастырылған, бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарының 10%-ын құрайды.
Қонаев қаласы әкімдігінің ресми сайтында ағымдағы жылды 1 ақпанында тұрғындардан жобалық ұсыныстарды қабылдаудың басталғаны туралы ақпарат жарияланған.
Нәтижесінде тұрғындардан жалпы сомасы 204 млн.теңгені құрайтын 11 жобалық ұсыныс келіп түсті, олар талдау нәтижелері бойынша іріктеу критерийлеріне сәйкес келеді және қала әкімдігінің сайтында және БАҚ-да дауыс беруге жарияланды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша барлық 11 жобалық ұсыныс қажетті дауыс санын алды, одан кейін дауыс беру нәтижелері мен сараптамалық кеңестің шешімі қала әкімдігінің сайтында жарияланды.
Барлық жобалар бойынша қала әкімдігі шығын сметасын әзірледі.
Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу порталында 10 жобаға тендер жарияланды.
Тендер қорытындысы бойынша 10 жоба бойынша мердігерлер анықталып, келісім-шарттар жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуда.
Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 31 қазандағы N 470 ережеге өзгерістер енгізу кезінде халықтың қатысуы бюджеті шеңберінде қаржыландырудың бағытын кеңейту және көлемін ұлғайту мәселесі қаралатын болады.