Меню

Страницы

Статья

Қарасай ауданы әкімі аппаратының жұмысын тексеру нәтижесі бойынша АНЫҚТАМА

 

Қаскелең қаласы                                                                 2022 жылғы «4» қазан

(Актіні толтыру орны)                                                                     уақыты 18:30 сағ.

      

  1. Мемлекеттік органның атауы: «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

  2. Бақылау және қадағалау жүргізуге негіз болған актінің датасы мен нөмірі: Алматы облысы әкімі аппараты басшысының 4.10.2022 жылғы №        бұйрығы.

  3. Тексеру/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) тегі,аты, әкесінің аты (ол болғанда) және оның лауазымы:Есбергенова Әсем Жексенбайқызы – бас маман, Асанова Айгана Есімжанқызы – бас маман, Қабиденов Амангелді Жұмабекұлы – бас маман.

  4. Тексерілетін субъектінің, объектінің атауы (заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, оған қатысты тексеру/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізутағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)), оның орналасқанжері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), аумақтың учаскесі: «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат), БСН:960540000422, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Абылай Хан көшесі, 213.

  5. Тексеру/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылыпрофилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің датасы, орыны мен кезеңі:03.10.2022ж.- 04.10.2022ж., Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы.

  6. Қазақстан Республикасының заңнамаларын және басқада құқықтық нормативтік актілерді сақтамағаны үшін (Кәсіпкерлік кодексінің    152-1-бабының 3-бөлігін ескере) келесі іс-шараларды орындауды ұйғарамын:

Тексеру кезінде:

1) Алматы облысы әкімінің аппараты 2022 жылы 23 қыркүйекте  №05-00/2829-И хатымен аудан, қала әкімдеріне, басқарма басшыларына Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезінде, сондай-ақ өңірлердегі қоғамдық-саяси жағдайды бақылау шеңберінде жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнаулы органдардың,сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшы құрамына кадрлардың лауазымдарын ауыстыруды тоқтата тұру туралы тапсырылған болатын. Алайда, аталған хатты басшылыққа алмай, Қарасай ауданы әкімінің аппараты аудан әкімінің орынбасары Айманов Қанат Сабырұлын жұмыстан босату фактісі анықталды.

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңының  46-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен таныстырылуға тиіс, оған қызметтік тергеп-тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі. Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» Қағидасының 89 тармағына сәйкес, Мемлекеттік әкімшілік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен таныстырылуға тиіс, оған қызметтік тергеп-тексеру рәсіміне жеке қатысу құқығы беріледі. Алайда, аудан әкімінің «Қызметтік тексеруді тағайындау туралы» 2022 жылғы 30 мамырдағы №12-ө н/қ өкімімен Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы Сақтаған Ж.Т., бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Нысанбаева Ж.М., заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Исмаилов Ж. таныспаған. Сондай-ақ, Жандосов ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары Ж. Исмаилов 2022 жылдың 8 ақпанындағы                  №2-ө/қ және А. Турганбаева 2022 жылғы 2 наурыздағы №5-ө/қ өкімі «ескерту» түріндегі, Бірінші Май ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы                   М.А. Жусупова 2022 жылдың 24 қаңтарындағы №1 өкімі «сөгіс» түріндегі,  Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы   Г.Д. Сатыбалдиева 2022 жылғы 7 ақпандағы №4-ө өкімі «ескерту» түріндегі,  Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары А.Б. Қабалбекова 2022 жылғы 17 ақпандағы №04-ө өкімі «ескерту» түріндегі, 2022 жылғы  18 наурыздағы №05-ө өкімі «ескерту» түріндегі   тәртіптік жазаларымен таныстырылмағандығы анықталды.

 3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының   2) тармағы 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) – лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін (декларация тапсыру айының бірінші күніндегі жағдай бойынша) тапсырады делінген. Алайда, жалпы бөлімнің бас маманы  А.Р. Джумалиева ағымдағы жылдың 5 шілдесінде №21-ө-ж/қ өкімімен лауазымға тағайындалып, 28 шілдесінде декларация тапсырған.

Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Б.Бақытұлы 2022 жылдың   13 мамырында аудан әкімінің №30 өкімімен Қарасай ауданы әкімінің орынбасары лауазымға тағайындалған. Лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін декларация тапсырмаған. ҰҚК жолданған құжаттардың тізімінде де декларация жоқ екендігі анықталды.

          4) Лауазымдық нұсқаулықтарға аудан әкімінің 2022 жылғы 05 қаңтардағы №2 ө н/қ, 11 сәуірдегі №8 ө н/қ, 13 мамырдағы №11 ө н/қ, 20 шілдедегі №15 ө н/қ, 12 тамыздағы №18 ө н/қ өкімдерімен ағымдағы жылдың өзінде 5 рет өзгерістер енгізілген. Нәтижесінде 2022 жылғы 5 қаңтардағы №2 ө н/қ өкімімен жергілікті атқарушы органдардан 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функциясы орталық уәкілетті органның ведомствосы – Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне берілуіне байланысты Қарасай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік жер инспекторы лауазымының атауы Қарасай ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жұмысы бойынша бас инспекторы деп өзгертілсін және лауазымдық нұсқаулық жаңа редакцияда белгіленсін делінген. Осы өкімде аталған лауазымның ғана емес аппарат қызметкерлерінің барлығының лауазымдық нұсқаулықтары бекітілгені анықталып отыр. Осыған орай, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 20 бұйрығының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын толығымен ретке келтіру қажет.

          5) Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығының талаптары сақталмай Ұмтыл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы А.Д.Әскербектің бейімделу жоспары 2022 жылдың 19 шілдесінде жасалып,  21 шілдеде бекітіліп, таныстырылған. Райымбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы М.А. Қалменовтың сынақ мерзімі 2022 жылдың 18 мамырында басталған, бейімделу жоспары 2022 жылдың 1 тамызында таныстырылып, бекітілген. Сондай-ақ, Айтей ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы А.Е. Болатбектің сынақ мерзімі 2022 жылдың              1 сәуірінде басталғанымен бейімделу жоспары 7 маусымда бекітіліп, таныстырылған. Үш айлық сынақ мерзімінің уақыты дұрыс қойылмаған. Бейімделу жоспарлары талапқа сай емес. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

          6) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы №28 бұйрығының талаптары сақталмай,  Т-2 нысанындағы жеке карточкаларды толтыру кезінде де, біраз кемшіліктерге жол берілген. Атап айтқанда, әскери қызметке жарамдылығы, жынысы, мекеме атауы, диплом нөмірлері, әскери атақтары және т.б. мәліметтер толығымен толтырылмаған. Аппарат пен бөлім басшыларын қоса алғанда барлығы 30 әскери міндетті болса, оның ішінде 19 әскери қызметкерде ғана Т-2 нысанындағы жеке карточкалары бар.

               7) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының  2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығының 12 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметші өмірбаянды өз қолымен жазылады. Бұл ретте мемлекеттік қызметші әрбір парақты қолымен дәйектеген жағдайда өмірбаян мәтінің компьютерлік техникада теруге жол беріледі.

Алайда, Қарасай ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Б.Б.Сағындыковтың өмірбаян мәтіні компьютерлік техникада терілген, бірақ әрбір парақта қолы қойылмаған. Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, және спорт бөлімінің басшысы Дуйсенова К.А. өмірбаян мәтінінде қолы қойылмаған және уақыты көрсетілмеген. Ұмтыл ауылдық округінің әкімі С.К.Умбеталиевтің өмірбаян мәтінінде қолы қойылмаған және уақыты көрсетілмеген. А.Р. Джумалиева              2022 жылдың 5 шілдесінде жұмысқа қабылданған, 31 тамызда ҰҚК тексеру нәтижесі келіп, 8 қыркүйекте лауазымға тағайындалғанымен әлі күнге дейін ант қабылдамаған. Ж. Беркімбаеваның, Ж.Ноғайбаевтың анттарында ант қабылдаған күні, С.Жарқымбаевтың, Ж. Сақтағанның, А.Аульбековтың өмірбаяндарында толтырылған күні жазылмаған. А.Н. Булекбаевтың антда  қол қоймаған.

8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңының  30-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшіге оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын сәйкестендіру картасы берілуі тиіс. Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының  2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығымен бекітілген «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану» қағидасының  3-тарауының 21-тармағына сәйкес, жұмыстан шыққан кезде сәйкестендіру картасы осы мемлекеттік органда соңғы жұмыс күні кадр қызметіне немесе кадр қызметінің міндетін атқару жүктелген адамға тапсырылады.

Сәйкестендіру карталарын тапсырған кезде мемлекеттік органның сәйкестендіру карталарын беруді және қайтаруды есепке алу журналында сәйкестендіру картасын беруге және есепке алуға жауапты адамның қолы қойылады.

Алайда, тексеру барысында персоналды басқару қызметі қызметтен босатылған (басқа қызметке ауысқан) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (Айманов К.С., Ізбасар А.К., Тысиков В.В., Мырзабай Ә.Қ.) сәйкестендіру карталары кері қабылданбағаны анықталды.

Сонымен қатар, Қарасай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сәйкестендіру карталарын беру мен қайтаруды есепке алу журналы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығымен бекітілген «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану» қағидасының 2 қосымшасына мүлде сәйкес емес. Беттері нөмірленбеген, тігілмеген, мөр басылмаған, жауапты қызметкердің қолы жоқ.

9) ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 6-бабының 4-тармақшасына сәйкес  кадрлар іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады делінген. Алайда, қағаз жүзіндегі өкім мен Е-қызмет жүйесіндегі өкімдердің күндері мүлде сәйкес келмейді. Атап айтсақ, аудан әкімінің орынбасары Б.Бақытұлы 2022 жылдың 13 мамырында тағайындалса, Е-қызмет жүйесінде 18 мамырда тағайындалған, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы     Ж.Б. Беркімбаева  2 наурызда тағайындалса, Е-қызмет жүйесінде 3 наурызда тағайындалған, жалпы бөлімнің бас маманы А.Р. Джумалиева 2022 жылдың 5 шілдесінде тағайындалса, Е-қызмет жүйесінде 12 шілдеде тағайындалған. Бұл факті мемлекеттік қызметкерлер Е-қызмет жүйесінде дер кезінде лауазымға тағайындалмайтындығын көрсетіп отыр.

10) Е-қызмет ықпалдастырылған жүйесіне қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (СКУД) арқылы аудандық құрылыс және ауылшаруашылығы бөлімінің қызметкерлері ғана қосылған.

          11) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің  2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығымен бекітілген «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес. Көрсетілетін қызметті берушіге және портал арқылы өтініш берген кезде техникалық немесе технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күн болу керек. Алайда көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімі сақталмаған. Өтініш 15 қыркүйек күні түскен, ал оң жауабын 30 қыркүйек күні берген.

12) Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметі бойынша кестеде «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» бойынша 2 мемлекеттік қызметтің мерзімі бұзылған.

Қарасай ауданының мемлекеттік органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы талдау жүргізілді.

Қарасай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметі.

Іс - шаралардың жүзеге асырылуын бақылау мақсатында Қарасай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 115 қаулысымен Қарасай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық өңірлік комиссия (бұдан әрі-ВАК) құрылды және бекітілді. ВАК құрамына аудан әкімдігінің 11.10.2018 ж. № 442, 06.04.2020 ж. № 149, 16.07.2020 ж. № 211, 06.10.2020 ж. № 312, 20.01.2021 ж. № 34, 03.02.2021 ж. № 45 қаулыларымен тиісті өзгерістер енгізілді 10.01.2022 ж. № 2, 02.03.2022 ж. № 76, 20.05.2022 ж. № 177, 07.07.2022 ж. № 304, 06.09.2022 ж. № 372.

ВАК құрамына аудан әкімі-комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары-комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы кірді – комиссия хатшысы, Комиссия мүшелері: аудандық мәслихат хатшысы, аудан прокуроры, ҰҚКД аудандық бөлімінің, аудандық полицияның басшылары, "AMANAT" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық кәсіпкерлер палатасы, аудандық орталық аурухана аудандық филиалының директоры, аудандық ішкі саясат, мәдениет және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар,экономика және қаржы бөлімдерінің басшылары, Білім және БАҚ. Комиссияның жалпы саны 14 мүшені құрайды.

Зерттеуге ұсынылған ВАК-тың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарларын Қарасай ауданының әкімі Ж. Далабаев бекіткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері  жөніндегі  комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның    2 рет отырысы өткізілді,  онда 5 мәселе қаралып,   30 тапсырма берілген..   Комиссия отырыстарында:   (29 наурыз, 11 шілде)   

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында жүргізілген ақпараттық-насихаттық  жұмыстар  туралы. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі  жұмыстың орындалысы туралы. «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының жұмысы туралы. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан  тұрғын үй бөлу жөніндегі тұрғын үй комиссиясының қызметінде ашықтық қағидаттарын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы.  Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар туралы мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалды.   Қарау қорытындысы бойынша ВАК-та нақты ұсынымдар қабылданады, олардың мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі.

Өңірдегі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жақсарту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға:

- аудандағы сыбайлас жемқорлық жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізу;

- ВАК жұмысын жоспарлау кезінде жоғарыда аталған мониторингтің нәтижелерін, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін міндетті түрде ескеру қажет;

- 2023 жылға Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелерді тыңдауды жоспарласын.       

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары.

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында "құжаттар" бөлімінде: өңірлік жоспар және оның орындалуы жөніндегі ақпарат, аудан әкімі аппаратының, бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтамалар мен іс-шаралар жоспарлары орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары "AMANAT"партиясының аудандық филиалымен тығыз байланыста жүргізілуде. Партияның аудандық филиалы жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылып, жұмыстар жүргізуде.

Аудандық "NAQTY" газетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы материалдар тұрақты түрде жарияланады. Ағымдағы жылы 48 мақала жарияланған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қарасай ауданы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 26 іс-шара, 8 кездесу, 2 дөңгелек үстел және 3 семинар өткізілген.

Әлеуметтік желілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта түрлі іс-шаралар өткізуге Бюджетттен бұл мақсатқа 2 млн теңге қаралған "Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 2 маусымда "Шабыт және К" ЖШС-мен 1,2 млн. теңгеге (бұдан әрі-ЖШС) шарт жасалыпған.

Қызметтік техникалық ерекшелікке сәйкес құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықтарды зерделеу және талқылау, халықтың құқық бұзушылықтарға "нөлдік" төзімділігін қалыптастыру да кемінде 1000 адамды қамти отырып айына халықпен кемінде 2 кездесу (барлығы 25 кездесу – ауылдық округтерде) өткізу жоспарланған.

Өткізілген іс-шаралар туралы арнайы пресс-релиздер дайындау, әлеуметтік желілерде, баспа басылымдарының беттерінде, сайттарда жариялануы тиіс (бұл сілтемелер ай сайын жіберілуі тиіс). Алайда, мониторинг көрсеткендей іс-шаралардың ресми түрде өткізілгені,   ЖШС-нің Instagram-дағы жаңа парақшасында бір ғана жазылушысы бар, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткізілген барлық 11 кездесу жарияланғаны анықталды. Бұл ретте  10 кездесу ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесулер туралы мәлімделген техникалық ерекшеліктің орнына Қаскелең қаласының аумағында өткізілген.

ЖШС Тапсырыс берушім іс-шараларды өткізу үшін білікті мамандардың тізімін ұсынбаған.

Өткізілген іс-шаралар туралы облыстық немесе республикалық телеарналардың эфирінде тоқсан сайынғы сюжет әзірленбеген және шығарылмаған.

Көрсетілген тақырып бойынша ұзақтығы 60-120 секунд болатын қазақ тілінде 2 тақырыптық бейнеролик және орыс тілінде 2 тақырыптық бейнеролик дайындау (сценарийді Тапсырыс берушімен келісу қажет), электрондық жеткізгіштерде (интернет-ресурстарда) және өңірлік телеарнада орналастыру міндетті шарт болған.

ЖШС Тапсырыс берушінің талаптары мен мақсаттарына сай келмейтін 1 бейнеролик әзірленген. Осы бейнеролик бүгінгі күнге дейін Тапсырыс берушімен келісілмеген, тиісінше Қарасай ауданы бойынша интернет – ресурстарда жарияланбаған.

"Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімі "ММ ұсынған ақпаратқа сәйкес аудан бойынша 11 баннер ілініп, 520 буклет дайындалған.

Алайда, бүгінгі күні қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілердің ресми беттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат және ақпараттық плакаттарды тарату бойынша жұмыс жүргізілмеген.

Мемлекеттік органдарға ұсынымдар:

Тиісті ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың ресми сайтында мемлекеттік биліктің атқарушы органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ресми сайттарының бөлімдерін орналастыруға және толтыруға міндетті ақпаратты, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде орналастыруға міндетті. Жоспарлар мен өзге де құжаттарды жариялау кезінде мөрлері, қолдары бар сканерленген нұсқаларын орналастыру қажет.

Айына 2 кездесу өткізуге, мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 бейнеролик әзірлеуге және 500 парақшаны таратуға қатысты қызметтік техникалық ерекшеліктің барлық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шараларының бірі-сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу болып табылады. Осы бағыт бойынша Қарасай ауданының мемлекеттік органдары жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулардың талдамалық анықтамаларын зерделеу бойынша егжей-тегжейлі мониторинг жүргізілді.

Жыл басынан бері  Қарасай ауданының әкімдігінде 7 бөлімде ішкі талдау жүргізілген. Аудан әкімі аппараты мен 11 қала, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Ұсынылған талдамалық анықтамаларды зерделеу барысында Талдамалық анықтамалардың жалпы мазмұны жалпылама сипатта болатындығы, яғни оларда белгілі бір кезеңде мемлекеттік органның атқарған жұмысы туралы статистикалық және қысқаша ақпарат көрсетілетіндігі анықталды.

Жалғыз жағымды жайт-Қарасай ауданының бөлімдерінде бірден 2 тілде талдамалық анықтамалар жасауы. Бұл мекемелердің  жеке бастамасы, бірақ 2 тілде анықтама жасауға нақты талаптар жоқ.

Жүргізілген ішкі талдауларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, бірақ жалпы жұмысты жақсарту бойынша 14 ұсыным әзірленген, оның 11 – і орындалды, 3-і орындалуда. Барлық ұсыныстар  " кезекші " сипат жасалған..

Бұдан басқа, жүргізілген мониторинг шеңберінде мемлекеттік органдар өз ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сыбайлас жемқорлықтың туындау алғышарттарын анықтауға мүдделі болмаған кезде осындай факт атап өтіледі. Кейбір органдар сыбайлас жемқорлық алғышарттарының қай жерде көрінетінін "көрмейді".

Іс жүзінде мемлекеттік органдар есеп үшін "ішкі талдау" жүргізеді, бірақ нақты тәуекелдер мен сыбайлас жемқорлық алғышарттары анықтамаларда мүлдем көрсетілмейді.

Анықталған фактілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырудағы формальды тәсіл туралы куәландырады.

Мемлекеттік органдарға ұсынымдар:

Мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ықтимал теріс фактілеріне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген қолданыстағы үлгілік Қағидалардың нормаларын нақты сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қажет.

Сондай-ақ талдау жүргізу бойынша жұмыстың сапасы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өзге сарапшыларды тарту ұсынылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу.

Қарасай ауданы бойынша 3 квазимемлекеттік сектор субъектісі бар:

- "Үшқоңыр" фольклорлық-этнографиялық ансамблі " МКҚК;

- "Таусамалы қызметі" ШЖҚ КМК;

- "Аудандық мәдениет үйі" КМҚК.

2021 жылдан бастап барлық ұйымдарда комплаенс – қызмет енгізілген.

Комплаенс-қызметтің негізгі функциялары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысының алдын алу, іскерлік әдеп кодексінің талаптарын бұзуды болдырмау, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.

Тиісінше, комплаенс-офицер лауазымы дербес болуы немесе басшылық лауазымдарға жүктелуі тиіс.

Алайда, «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамблі» МКҚК-да бұл функция өзінің тікелей міндеттерімен қоса  бас есепші Елеусізова Аидаға жүктелген. 

Мемлекеттік органдарға ұсынымдар:

Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша ықтимал формальды тәсілдерді болдырмау мақсатында дербес лауазымды айқындау немесе басшы лауазымға жүктеу бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер функциясын орындау бойынша жауапты тұлғаны қайта қарау қажет.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желісі бойынша

2009 жылдан бастап тұрғын үйге кезекте түрлі санаттағы 7785 азамат тұр.

Жүргізілген талдауға сәйкес соңғы 13 жылда 53 пәтер берілді, ағымдағы жылы көп балалы отбасыларға 80 жалдамалы  тұрғын үй беру жоспарлануда.

 

Дата публикации
05 октября 2022
Дата обновления
27 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы