Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабы 6-тармағына сәйкес Алматы облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына келесі кандидаттардың тіркелгенін хабарлайды:
Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы, 1967 жылы туған, Балқаш ауданының әкімі, Балқаш ауданы Ақдала ауылында тұрады.
Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы, 1960 жылы туған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Астана қаласында тұрады.
Ертас Нұрлан Ертасұлы, 1980 жылы туған, Жамбыл ауданының әкімі, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында тұрады.
Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы М.Айтова