Меню

Страницы

Статья

БАЛАЛАР ҰША АЛМАЙДЫ

Құрметті ата-аналар! Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерден балаларды терезелері ашық бөлмелерде тіпті қысқа уақытқа қараусыз қалдырмауды сұрайды, себебі бұл қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Терезеден құлау-балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Жыл сайын көктемгі-күзгі кезеңнің басталуымен жас балалардың терезелерден құлау фактілері тіркеледі. Көбінесе бұл оқиғалар ауыр жарақаттармен немесе балалардың өлуімен аяқталады. Терезеден құлау көптеген жағдайлар ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда орын алады, сондықтан осы кезеңдегі баланың өмірі үшін жауапкершілік (және тек қана емес) үлкендерге жүктеледі.

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетін қауіпсіздіктің негізгі ережелері:

- бала терезесі ашық немесе баланың оны өз бетінше аша алатын мүмкіндігі бар бөлмеде қараусыз болмауы керек;

- жақтаулары мен терезелердің фурнитурасы жарамды болуы тиіс;

- егер баланы ұзақ уақыт бөлмедегі жалғыз қалдыруға тура келсе, ал терезені толығымен жабуды қаламасаңыз, ағаш жақтаулары бар жағдайда, желкөзді ашыңыз, ал терезенің өзін шпингалетке төменнен және жоғарыдан жабыңыз;

- пластикалық терезесі бар жағдайда, жақтауды "жоғарғы желдету" режиміне қойыңыз, кішкентай бала мүмкін терезені аша алмас;

- ешқашан антимоскит торына сенбеңіз! Олар терезеден құлаудан аман сақтап қалу үшін арналмаған;

- бала терезеге шыға алмауы үшін терезенің жанына жиһаз қоймаңыз;

- өздігінен немесе тым жеңіл ашу мүмкіндігін болдырмау үшін терезелердің фурнитурасын және жақтаулардың беріктігін тексеріңіз;

- "төменнен" емес, "жоғарғы" (алдыңғы желдету) жағдайынан терезелерді мүмкіндігінше ашыңыз»;

- терезелерге арнайы құрылғыларды (шектегіштерді, бұғаттауларды, бекіткіштерді және т. б.) қойыңыз немесе бекітілген тұтқаларды, оларды баланың терезені өз бетімен аша алмайтындай етіп бұрап алып тастаңыз;

- балалардың ашық терезелердің жанында ойнауына жол бермеңіз! Баланың құлауына байланысты ашық терезе қаупі туралы айтыңыз.

Есіңізде болсын! Тек ата-аналар тарапынан балаларға деген ықылас қана қайғыдан құтылуға көмектеседі!

Балалар денсаулығын бірге сақтаймыз!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
08 мая 2020
Дата обновления
08 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы