Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың қараша айында өткізілген бос орындар жәрмеңкелері туралы ақпарат

Балхаш ауданы

Ағымдағы жылдың 23  қарашада  «Балқаш ауданы  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге жеке сот орындаушылар, аудандық прокуратурасы, пробация қызметі және  Балқаш ауданындағы   жұмыс берушілері мен жұмыссыз азаматтар қатысты.

           Жәрмеңкеге  барлығы 7  жеке кәсәпкерлер  мен мекемелер қатысып  «МДШО бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мкм,  ИП «Нұрлыбекова», «Алматы облысы балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»  мемлекеттік мекемесі, Жастар ресурстық орталығы, Балқаш аудандық орталық аурухана,«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Балқаш филиалы,  Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) 15-тен аса жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңке барысында алғашқы сөз кезегі Балқаш ауданы әкімдігінің   жұмыспен қамту орталығының директоры Бейсенбек С.А берілді. Өз сөзінде жұмыссыз аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бағыттары (оқу курстары, жастар тәжірибесі, мемлекеттік гранттар, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары) жайлы айтып өтті.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 30-дан астам адам, сонымен қатар пробация қызметі есебінде-5, алимент бойынша борышкерлер қатарынан-4 ,  29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -16 адам қатысты.

Жәрмеңке барысында орта мектептерге - 2 адам, спорт мектебі -2 адам, ИП «Десерт»- 1, қоғамдық жұмыстарға – 5 адамға, Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне -2 адам ,  пробация қызметі-1 адам, қысқа мерзімді курсына 2 адамға  жолдама берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан ағымдағы жылдың 23 қарашасында жұмыссыз, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

 Аталған жәрмеңкеде аудан бойынша 12-ден астам мекемелер қатысты, олар: ЖК «Камшат» , ЖК «Тюрин», ЖШС «GazTradeService», ЖШС «Алпамыс балабақшасы»,  ШҚ «Кудрет», А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп, ЖК «Мамедов», ЖШС «Рауан» балабақшасы, ЖШС «Айгерім-1»  балабақшасы, ЖК «Маметбакиев», АҚ «Фудмастер», ШҚ «Асылбек». Жұмыс берушілерден 221 бос жұмыс орындары ұсынылды.

 Жәрмеңкеге жұмыссыз 60 азамат қатысып,  жұмыссыз азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осыған байланысты, 8 азамат тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алып, 16  азаматқа ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама берілді. Ұлттық жоба шеңберінде жүргізіліп жатқан жобаларға 13 жұмыссыз азамат уақытша жұмысқа жіберілді.

 

Жамбыл ауданы

Жамбыл ауданы бойынша ағымдағы жылдың 14 қарашасында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Жамбыл ауданы бойынша  42 жұмыс беруші өкілдері атап айтқанда кәсіпорындар, медециналық орталықтар, шаруа қожалықтар, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер   қатысып, 209 тұрақты  бос жұмыс орындары ұсынылды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, алимент борышкерлері  мен пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.   Сонымен қатар 75 азаматқа кеңес беріліп,  15 азамат тұрақты жұмысқа жіберілді.  

    

Іле ауданы

  Ағымдағы жылдың 15 қараша айында Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар  жәрмеңкесі  өтті.

 Іле ауданы бойынша 15 жұмыс беруші өкілдері атап айтқанда кәсіпорындар, медециналық орталықтар, шаруа қожалықтар, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер және жастар ресурстық орталығы  қатысып, 220 тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, алимент борышкерлері  қатысты.

 Өткізілген жәрмеңкенің қорытындысы бойынша  45 азаматқа кеңес берілді, 15 ізденуші тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама берілді және 3 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

 

Қарасай ауданы

 Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі Береке ауылы мәдениет үйінде ағымдағы жылдың 23 қараша күні «Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.

Ауданымыздың 12 ірі кәсіпорындары мен Жеке шаруашылық серіктестіктері қатысып, 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Аталған шараға барлығы 150-ге жуық жұмыссыз азамат қатысты. Оның ішінде, 50 жұмыссыз азамат, 20 борышкер азаматтар, 10 мүгедектігі бар азаматтар, 50 жас азаматтар, 20 пробация есебінде тұрған азамат. Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Қарасай ауданы пробация қызметі және Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өтуіне атсалысты.

Жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін түрде сұхбат жүргізді. 150 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасуға ниетті екендігін айтып, 50 жолдама алды. Оның 10 азаматы жас мамандар.

Ай сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңкеге жастарымыз бүгінде қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға септесті. Жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысқан шара барысында келушілермен «Бос жұмыс орындары» аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді.

«KZ Recycling» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі,          «Алматинский продукт» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, «Алматинский кожевенный завод» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Калкан-7» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Clever Medical» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Eurasian Green Product» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "RG Brands Kazakhstan" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «КазЭкоFood» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, сияқты ауданымыздағы ең ірі жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысты.

 

Райымбек ауданы

 Райымбек ауданы әкімдігінің «Халықты  жұмыспен қамту орталығы» және «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен   жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың қараша айының 17-і күні  бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесі  өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты: ауданымыздағы жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

Бос жұмыс  орындары  жәрмеңкесіне әр округтің шаруа қожалықтары қатысты.

Жұмыс берушілер саны-8.

Ауданымыздан жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар арасында  жұмыс іздеушілер саны -13.

Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша 10 азамат тұрақты жұмысқа орынына орналасты.

 

Талғар ауданы

«Талғар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі жеке сот орындаушыларымен және Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп  ағымдағы жылдың 11 қарашасында Қонаев көшесі №84 мекен жайында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді.

Бұл шараға 15 ұйым 438 бос жұмыс орындарымен қатысты. Жалпы қатысқан жұмыссыздар саны 162 адам, олардың арасында алимент бойынша қарыздар бар азаматтарда болды. 92 адам әртүрлі бос жұмыс орындарына жіберілді.               

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Ұйғыр ауданы

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында аудандық кітапхана ғимаратында Ұйғыр аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп NEET жастарға арнайы Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

 Жәрменкеге ауылдық округ әкімшіліктерінің жастар нұсқаушылары және  NEET қатарындағы жастар қатысты қатысты.

 Аталған шараға қатысқан 6 жұмысберуші 61 бос жұмыс орнын ұсынды. Атап айтқанда, «Ақсу» демалыс орны 2 жұмыс орнын, «Деревушка» демалыс орны 4, «Шах құрылыс компаниясы» ЖШС 20, «Прима құс» ЖШС 5 орнын, жылыжайлар 30 орнын ұсынды.

 Сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығының мамандары 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның жұмыспен қамту  белсенді шаралары туралы, атап айтқанда қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, мемлекеттік грант, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты», қоғамдық жұмыстар сияқты шараларға қатысудың шарттары мен мүмкіндіктері туралы түсіндыру жұмыстарын өткізді.

 Ауылдық округтерде жастармен жұмыс жасайтын нұсқаушылар халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері арасында ары қарай да алдағы уақытта да тығыз ынтымақтастық жалғасатын болады.

Нәтижесінде, жәрменкеге қатысқан 32 NEET қатарындағы жастардың           17 тұрақты жұмысқа, 2 қоғамдық жұмысқа орналасуға ниет білдірді.

 

Қонаев қаласы

«Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі ағымдағы  жылдың 25 қарашасында  Қонаев қаласында 1 шағынаудан 41 ғимаратта әлеуметтік жағынан осал топтағы және жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету мақсатында, жұмыссыз азаматтарға (29 жасқа дейінгі жастар,мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бос бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар, алимент берешегі бойынша қарызы бар азаматтар) арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 20 дан астам әр саладан жұмыс берушілер : Алматы облыстық әкімшілігі, Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті, Алматы облысының мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «Кнауф ГипсКапшагай»,  «Наурыз-Агро», «Fish Prodex» ЖШС-ы, «Tornado»,«Makao» казинолары ,   халық және отбасы банкілерінің филиалдары , «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, пиццерия Party Food  және т.б. қатысты. Олар 300ден бос жұмыс орындарын жәрмеңкеге ұсынды.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 30 дан астам адам, сонымен, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан- 1, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -15 адам қатысып, 41 адамға бос жұмыс орындары ұсынылып,  7 адамға жолдама берілді.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде жұмыс берушілерге  жұмыспен қамтудың белсенді шаралары  (оқу курстары, жастар тәжірибесі,  қоғамдық және әлеуметтік жұмыстар) туралы өтінім беру туралы ақпарат берілді.

 

Дата публикации
24 ноября 2022
Дата обновления
24 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы