Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы қазанда өткізілген бос орындар жәрмеңкелері бойынша ақпарат

Балхаш ауданы

Ағымдағы жылдың 26  қазанда «Балқаш ауданы  әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрменкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге жеке сот орындаушылар, аудандық прокуратурасы, пробация қызметі және  Балқаш ауданындағы   жұмыс берушілері мен жұмыссыз азаматтар қатысты.

Жәрмеңкеге  барлығы 10  жеке кәсәпкерлер  мен мекемелер қатысып («МДШО бар Бақтораз  Бейсекбаев атындағы орта мектеп» мкм «МДШО бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» мкм, «Десерт» ИП «Нұрлыбекова», «Алматы облысы балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»  мемлекеттік мекемесі, Жастар ресурстық орталығы, Балқаш аудандық орталық аурухана,«Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Балқаш филиалы, «Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Бақанас ауылындағы «Саз мектебі » мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Бақанас аграралы-индустриалдық колледжі, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) 20-дан аса жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңке барысында алғашқы сөз кезегі Балқаш ауданы әкімдігінің   жұмыспен қамту орталығының директоры Бейсенбек С.А берілді. Өз сөзінде жұмыссыз аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бағыттары (оқу курстары, жастар тәжірибесі, мемлекеттік гранттар, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары) жайлы айтып өтті.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 50-тен астам адам, сонымен қатар пробация қызметі есебінде- 7 адам, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан-8,  алимент бойынша борышкерлер қатарынан-8 ,  29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -20 адам қатысты.

Жәрмеңке барысында орта мектептер 8 адам, спорт мектебі 2 адам, ИП «Десерт»- 1, Саз мектебіне -2 адам, Бақанас аграрлы-индустриалдық  колледжі – 2 адам, қоғамдық жұмыстарға – 10 адамға, пробация қызметі-1 адам, қысқа мерзімді курсына 5 адамға  жолдама берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы

 Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан ағымдағы жылдың 22 қазанында жұмыссыз, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеде аудан бойынша 15-тен астам мекемелер қатысты, олар: ЖК «Камшат» , ЖК «Тюрин», ЖШС «GazTradeService»,  ЖШС «Эксклюзив Бурсервис», ЖШС «Детский ясли сад Алпамыс»,  ЖШС «Ясли сад Айгерім-1», ЖК «Маметбакиев». Жұмыс берушілерден 72 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 103 азамат ат салысып, қатысқан жұмыссыз азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 9 азаматқа тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама берілді,  15  азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алды.  Аталған жәрмеңкеге мемлекеттік грант алып өз бизнес идеяларын жүзеге асырылған азаматтар да шақырылды.    

 

Жамбыл ауданы

Жамбыл ауданы бойынша ағымдағы жылдың 14 қазан айында өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы төмендегіні мәлімдейді:

 Жамбыл ауданы бойынша  51 жұмыс беруші өкілдері атап айтқанда кәсіпорындар, медециналық орталықтар, шаруа қожалықтар, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер   қатысып, 84 тұрақты  бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, алимент борышкерлері  мен пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.   Сонымен қатар 95 азаматқа кеңес беріліп,  14 азамат тұрақты жұмысқа, 3 азамат қоғамдық жұмысқа  жіберілді.  

Іле ауданы

Ағымдағы жылдың 20 қазанында Іле ауданы Өтеген батыр ауылы «Погресс» политехникалық колледжде жұмыссыз адамдарды  жұмыспен  қамтудың  белсенді  шараларына тарту мақсатында  «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі  өтті.

Іле ауданы бойынша  2 767 адам жұмыссыз ретінде жұмыс  іздеп жүрген  адамдар тіркелген. Олардың басты мақсаты тұрақты жұмысқа орналасу.

«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі Іле ауданы  әкімдігінің халықты  жұмыспен қамту орталығы   ұйымдастырды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне ауданның 100-ден астам жұмыссыз азаматтары қатысты. Оның ішінде жұмыссыз жастар, мүгедектігі бар жұмыссыз азаматтар, пробация бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айырылу орнынынан босатылғандар, алиментке берешегі бар жұмыссыз азаматтар және т.б. санаттағы азаматтар бар.

Жәрмеңкеге ауданның  - 35 жұмыс берушілері -512 бос жұмыс орындарын ұсынды, оның ішінде  - 12 мекеме жәрмеңкеге тікелей қатысып үлесін қосты. Жұмыс берушілердің ішінде денсаулық сақтау, білім беру мекемелері, «Ремстройтехника» ЖШС, «Шин Лайн» ЖШС, «Райымбек Агро» ЖШС, «Pure Pak» ЖШС, «Qazaq Glass Company» ЖШС, «Galans Botlers» ЖШС, «Медиатекс -Н» ЖШС, «Green Service» ЖШС, «РСУ -1» ЖШС,  «Пивзавод №1» ЖШС, ЖК «Караой»,   «Paknar» ЖШС -гі  жұмыс берушілер жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген азаматтармен тікелей сөйлесіп жұмысқа қабылдауға мүмкіндік алды.

 Жәрмеңкеге  қатысушыларға   2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі арналған  Ұлттық жоба бойынша түсінтіру жұмыстары жүргізілді. 

Ұлттық жоба аясында қоғамдық жұмыстарды,  әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын ұйымдастыру, кәсіптік оқыту арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру, бірінші жұмыс орындары, күміс жас және ұрпақтар келісім шарты жобалары арқылы жұмыс орындарын субсидиялау, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды  іске асыруға 400 АЕК-ке дейін мемлекеттік гранттар қарастырылған.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі  қорытындысы  бойынша  - 34  адам тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алды,  Бастау бизнес жобасымен оқуға -1 адам сұраныс  беріп  жұмыссыздыққа тіркелді, -3 адам жастар практикасына жолдама алды. Жәрмеңкеге қатысушылар мекеме өкілдерімен тікелей әңгімелесу арқылы ұсынылатын жұмыс түрімен, қызметкерге қойылатын жұмыс берушінің талаптарымен танысыуға мүмкіндік алды.

 

Қарасай ауданы

Қарасай ауданы, Қарасай аудандық мәдениет үйінде ағымдағы жылдың 27 қазан күні «Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізілді. Ауданымыздың 24 ірі кәсіпорындары мен Жеке шаруашылық серіктестіктері қатысып, 200-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Аталған шараға барлығы 180-ге жуық жұмыссыз азамат қатысты. Оның ішінде, 20 борышкер азаматтар, 10 мүгедектігі бар азаматтар, 50 жас азаматтар, 20 пробация есебінде тұрған азамат. Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Қарасай ауданы пробация қызметі және Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өтуіне атсалысты.

Жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін түрде сұхбат жүргізді. 180 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасуға ниетті екендігін айтып, 50 жолдама алды. Оның 10 азаматы жас мамандар.

Ай сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңкеге жастарымыз бүгінде қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға септесті. Жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысқан шара барысында келушілермен «Бос жұмыс орындары» аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді.

«KZ Recycling» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі,  «Алсад Казахстан» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, Казпочта Акционерлік қоғамы, «Компания Маолин» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Каз Эко Фуд» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,             "Жаде" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Торг Строй» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,  «АзияАгроФуд» Акционерлік қоғамы, «Отбасы банк» Акционерлік қоғамы, "ID Senim R" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,  "ID Senim R" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Steppe Agro Meat" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Алматы нан" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Даулет-Дорстрой" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты ауданымыздағы ең ірі жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысты.

 

Кеген аданы

Кеген ауданы жұмыспен  қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 10 қазанында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін  өткізді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 9 жұмыс беруші және 36 жұмыссыз қатысты. Ауданда «Ұлттық жоба»  бойынша  10  құрылыс нысанында 215  жұмыс орны, мекеме, жеке кәсіпкерліктен 8 бос  жұмыс орны жарияланды.

 Жұмыссыз азаматтар арасында 7 азамат  тұрақты жұмысқа орналасып, 2 азамат қоғамдық жұмысқа жіберілді.

Райымбек ауданы

Райымбек ауданы әкімдігінің «Халықты  жұмыспен қамту орталығы» және «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» КММ-нің ұйымдастыруымен   жоспарға сәйкес     ағымдағы жылдың қазан айының 21-і  бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесі  өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты: ауданымыздағы жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

Бос жұмыс  орындары  жәрмеңкесіне аудандық мекемелер, округ әкімдері, шаруа қожалықтар қатысты. Барлық жұмыс берушілер саны -7.

Атап айтқанда: Аудандық білім бөлімі, аудандық аурухана, шаруа қожалықтары т.б.

Ауданымыздан жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар арасында  жұмыс іздеушілер саны -15.

Ақылы қоғамдық жұмысқа - 4 адам тартылды. Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша 4 азамат уақытша жұмыс орынына орналасты.

 

Ұйғыр ауданы

Ағымдағы  жылдың 28 қазанында Ұйғыр аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы аудандық мәдениет үйі ғимаратында Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Жәрменкеге аудан әкімінің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы В. Амирдинов, ауданның кәсіпкерлер палатасының басшысы М. Амангельды және ауылдық округ әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. Аталған шараға қатысқан 9 жұмысберуші 52 бос жұмыс орнын ұсынды. Атап айтқанда, «Прима Құс» ЖШС 20 жұмыс орнын, «Южный» минимаркеті 2, «ECO Park» 5, «Alma Park» демалыс    аймағы 4, «МИГ» кафесі 4, «Ашимов» ЖК 5, «Qimbat taxi» ЖК 5, Шонжы жүн өңдеу зауыты 4, «Камирдинова» ЖК 3 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрменкеге жұмыссыз аудан тұрғындары, алимент бойынша берешегі бар азаматтар және пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар шақырылды.

Нәтижесінде, жәрменкеге қатысқан 63 жұмыссыз азаматтардың  27 тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Сонымен қатар қатысқан жұмыссыздардың 11 жастар қатарынан, 35 әйелдер, 3 мүгедектігі бар азаматтар.

 

Қонаев қаласы

«Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 27қазанында  Қонаев қаласында 1 шағынаудан 41 ғимаратта  жұмыссыз  азаматтар мен жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне: Балабақшалар («Искорка», «Балауса», «Ақдидар», «Нұр Бөбек», «Балдаурен», «Green Land Alatau», «LST Market», «Fish Prodex» «Лаки Бинго»ЖШС-ы, «Tornado»казиносы, №1 Алтынсарин атындағы мектеп, № 2 гимназия, Заречный ауылындағы мекеме және т.б. қатысты.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан50 ден астам адам, сонымен, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан- 2, 29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -12 адам қатысып, 32 адамға бос жұмыс орындары ұсынылып,  8 адамға жолдама берілді.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде жұмыс берушілерге  жұмыспен қамтудың белсенді шаралары  (оқу курстары, жастар тәжірибесі,  қоғамдық және әлеуметтік жұмыстар) туралы өтінім беру туралы ақпарат берілді.       

 

 

Дата публикации
27 октября 2022
Дата обновления
27 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы