Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы қыркүйек айында өткізілген бос орындар жәрмеңкелері бойынша ақпарат

  Балхаш ауданы                               

Балқаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде жұмыссыз азаматтарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында «бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.

Жәрмеңкеге  барлығы 15 жеке кәсіпкерлер  мен мекемелер қатысып («МДШО бар Бақтораз  Бейсекбаев атындағы орта мектеп» МКМ, «МДШО бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп» МКМ, «Десерт» кулинариясы, «Алматы облысы балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ, Жастар ресурстық орталығы, Балқаш аудандық орталық ауруханасы, «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ Балқаш филиалы, Бақанас ауылындағы «Саз мектебі» МКҚК, Бақанас аграралы-индустриалдық колледжі, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі), 40-тан аса жұмыс орындары ұсынылды.

Жәрмеңке барысында жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыссыз аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бағыттары (оқу курстары, жастар тәжірибесі, мемлекеттік гранттар, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары) бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 70-тен астам адам, сонымен қатар, пробация қызметі есебінде - 7, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан - 8,  алимент бойынша борышкерлер қатарынан - 10,  29 жасқа дейінгі жастар қатарынан -26 адам қатысты.

Жәрмеңке барысында орта мектептерге 10 адам, спорт мектебіне 2 адам, саз мектебіне 2 адам, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжіне 2 адам тұрақты жұмысқа қабалданып, халақты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарға 12 адамға, күміс жас жобасына 1 адамға  жолдама берді.

         

Еңбекшіқазақ ауданы

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2022 жылдың 16 қыркүйегінде жұмыссыз, жұмыс іздеп жүрген азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеде аудан бойынша 20-дан астам мекемелер қатысты, олар: «Сарыарка» ӨК, ЖК «Riza», ЖШС «Alzhan Group», Нуринский , АҚ «Адал», ЖШС «Дионис», Ақ «ДСУ-13», ЖК Мамедов, ЖШС «Бахус Глобал». Жұмыс берушілерден 378 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 300 азамат ат салысып, қатысқан жұмыссыз азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 102 азаматқа тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама берілді, оның ішінде 6 азамат жастар практикасына, 12 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алды. Сонымен қатар жәрмеңкеге Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы мамандары шақырылып, орталық тарапынан 3500 бос жұмыс орындарының тізімі ұсынылған. Аталған жәрмеңкеге мемлекеттік грант алып өз бизнес идеяларын жүзеге асырылған азаматтар да шақырылды.    

 

Талғар ауданы

«Талғар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру бойынша жоспар тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде  Талғар қаласында жәрмеңке өткізді.

Жәрмеңкеге Талғар ауданындағы жұмыс іздеп жүрген азаматтар, жұмыссыз жастар қатысып, қызығушылықтарын білдірді.

Жәрмеңкеге 23 мекеме қатысып, 59 мекеме ұсынған 205 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы, онлайн түрде қалай бос жұмыс орындарын қарау керектігі және жұмыспен қамтудың белсенді іс -шараларына қатысу мүмкіндіктері де түсіндірілді. 

Жәрмеңке барысында 58 жұмыссыз азамат толық кеңес алып, оның ішінде 32 жұмыссыз азамат өздеріне лайықты, тұрақты жұмыс орындарын тауып, Талғар ауданындағы жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына жолдама алу және сұхбаттасу мүмкіндіктерін алды. 

 

Райымбек ауданы

Райымбек ауданы әкімдігінің «Халықты  жұмыспен қамту орталығы» және «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» КММ-нің ұйымдастыруымен   жоспарға сәйкес ағымдағы  жылдың  қыркүйек  айының 27-сі   күні  бос жұмыс орындарының  жәрмеңкесі  өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты: ауданымыздағы жұмыс іздеп жүрген азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

Бос жұмыс  орындары  жәрмеңкесіне аудандық мекемелер, округ әкімдері, шаруа қожалықтар қатысты. Барлық жұмыс берушілер саны -15.

Атап айтқанда: Қ.Шорманов, Шәлкөде, Уалиханов, Барманбекұлы, Жаменке атындағы орта мектептер сонымен қатар аудандық кітапхана, аудандық тұрғын үй және авто жол бөлімі, аудандық аурухана, аудандық СЭҚ, аудандық  «Ұлттық сараптау орталығы», аудандық статистикалық бақылау  орталығы  және  «Қарлығаш»  бөбекжай  балалар бақшасы, аудандық  прокуратура уәкілі, аудандық сот орындаушысы, пробация қызметінің инспекторы  т.б.

Ауданымыздан жәрмеңкеге қатысқан тұрғындар арасында  жұмыс іздеушілер саны -35.

Ақылы қоғамдық жұмысқа -2 адам тартылды. Олар Ветеринариялық станцияға жіберілді.Ақылы қоғамдық жұмыс атқарып жүрген 5 азаматқа тұрақты жұмысқа жолдама берілді.

Сондай-ақ  пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған қоғамнан оқшаулаумен  байланысты емес  жаза түрінде сотталған  1 азаматқа  бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде аудандық ауруханасына квота есебінде тұрақты жұмыс ұсынылды.

Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша 6 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

 

Қарасай ауданы

  Қарасай аудандық мәдениет үйінде ағымдағы жылдың 21 қыркүйегі күні «Қарасай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізілді. Ауданымыздың 30 ірі кәсіпорындары мен  Жеке шаруашылық серіктестіктері қатысып, 400-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Аталған шарағабарлығы 350-ге жуық жұмыссыз азамат қатысты. Оның ішінде,30 борышкер азаматтар, 70 жас азаматтар, 20 пробация есебінде тұрған азамат. Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Қарасай ауданы пробация қызметіжәне Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өтуіне атсалысты.

Жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін түрде сұхбат жүргізді. 170 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасуға ниетті екендігін айтып, 130 жолдама алды. Оның 30 азаматы жас мамандар.

 Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңкеге жастарымыз бүгінде қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықтауға септесті. жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысқан шара барысында келушілермен «Бос жұмыс орындары» аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді.

«Kagazy Recycling» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, «Алсад Казахстан» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, Хамле Компани LTD Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Казпочта Акционерлік қоғамы,Алматинский кожевенный завод Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Компания Маолин» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, RG Brands Kazakhstan (RGBK) Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты ауданымыздағы ең ірі жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысты.

 

Іле ауданы

    Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ағымдағы жылдың 16 қыркүйек айында өткен бос жұмыс орындар  жәрмеңкесін өткізді.

   Іле ауданы бойынша 30 жұмыс беруші өкілдері атап айтқанда кәсіпорындар, медециналық орталықтар, шаруа қожалықтар, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер және жастар ресурстық орталығы  қатысып, 718 тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, алимент борышкерлері  қатысты.

         Өткізілген жәрмеңкенің қорытындысы бойынша  85 азаматқа кеңес берілді, 78 ізденуші тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама берілді және 3 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

 

Қонаев қаласы

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында облыста жыл сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Осы мақсатта аталған жылдың 2 қыркүйегінде Конаев қаласының Орталық мешітінде Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қарасай, Талғар аудандарының, Қонаев қаласының жұмыс берушілерінің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Олар 59 жұмыс берушіден 787 бос жұмыс орындарын бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде ұсынды.

Сондай-ақ,

«Есік мемлекеттік дендрологиялық паркі» МКҚК (19 жұмыс орны – ғылыми бөлім меңгерушісі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, бригадир, есепші, токарь, инженер-механик, сату бөлімінің меңгерушісі, жүргізушілер, темір ұстасы, тракторшы, сантехник, тазалаушы, т.б.). );

«Food master» ЖШС (6 жұмыс орны – құю машиналарының операторы, тиеуші, экспедитор машинисті, есепші, инженер);

ТОО «Централ Азия Фуджоу Металл» (1 жұмыс орны – жұмысшы);

 «Райымбек Агро» ЖШС (25 жұмыс орны – сүт өнімдерін өндеу)

«Pure Pak» ЖШС (15 жұмыс орны –  сүт өнімдерін өндеу)

«Алель агро» ЖШС ( 51 жұмыс орны -  құс етін өндіру және өткізу);

«Алюминий оф Казакстан » ЖШС (22 жұмыс орны – металл бұйымдарын өндіру);

«Лайд оф Фужер» ЖШС (25 жұмыс орны – полиэтилен өнімдерін өндіру);

«Боралдай нан» ЖСШС (35-ші жұмыс орны – нан өнімдерін өндіру);

«Kelun – Kazpharm» ЖШС  (2 жұмыс орны);

«Азия Агро Фуд» ЖШС (20 жұмыс орны – жүк тасушы) және т.б

Сондай-ақ, көпсалалы колледж бен 12 білім беру мектебінің түлектеріне 20-дан астам кәсіп пен мамандық ұсынылды.

Жәрмеңкеге қатысушылар саны шамамен 420 адамды құраса, оның 60 пайызы жастар.

Нәтижесінде 397 адам жұмыс берушілерге жүгініп, барлығы 397 адам әңгімелесуден өтті, оның ішінде 125 адам тұрақты жұмысқа жолдама алған, қоғамдық жұмыстарға 12 адам, қысқа мерзімді курстарға 9 адам жіберілді.

 

Жамбыл ауданы

Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұымдастыруымен  ағымдағы жылдың 19 қыркүйек айында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

   (      Жамбыл ауданы бойынша  55 жұмыс беруші өкілдері атап айтқанда кәсіпорындар, медециналық орталықтар, шаруа қожалықтар, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер   қатысып, 176 тұрақты  бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, алимент борышкерлері  мен пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.   Сонымен қатар 115 азаматқа кеңес беріліп,  27 азамат тұрақты жұмысқа, 2 қоғамдық жұмысқа жіберілді.  

 

 

 

 

 

Ұйғыр ауданы

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Ұйғыр аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы аудандық мәдениет үйі ғимаратында Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Жәрменкеге аудан әкімінің орынбасары К. Багбаев, Ұйғыр ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ш. Имиров, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы             В. Амирдинов, жеке сот орындаушылары Р. Мураслимова және Б. Ахаев, ауданның кәсіпкерлер палатасының басшысы М. Амангельды және пробация қызметінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, аталған іс-шараны аудандық «Қара Дала» және «Іле шұғыласы» газеттерінде жариялау үшін БАҚ өкілдері де шақырылды. Және де жергілікті блогер жәрмеңке өтетін жерден тікелей трансляция жүргізді.  Сілтемесі https://www.instagram.com/tv/CikCW_qBxd-/?igshid=YmMyMTA2M2Y= бойынша.

Аталған шараға қатысқан 12 жұмысберуші 297 бос жұмыс орнын ұсынды. Атап айтқанда, «Прима Құс» ЖШС 250 жұмыс орнын, «Qazak Geography» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқаруымен «Таунтон Плюс» ЖШС 6 жұмыс орнын, «Alser» тұрмыстық техника дүкені 1, Халық банкінің филиалы 1, «Асар» супермаркеті 4, «ECO Park» 8, «Талгар» демалыс аймағы 3, «Изумруд» демалыс аймағы 5, «Омір Су» демалыс аймағы 3, «Мираж» демалыс аймағы 4, «555 AUTO SPA» ЖК 2, Шонжы жүн өңдеу зауыты 10, «Камирдинова» ЖК 5 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрменкеге жұмыссыз аудан тұрғындары, алимент бойынша берешегі бар азаматтар және пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар шақырылды.

Нәтижесінде, жәрменкеге қатысқан 197 жұмыссыз азаматтардың 45 тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдірді, ал 11 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 5 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін болады.

Сонымен қатар қатысқан жұмыссыздардың 31 жастар қатарынан, 83 әйелдер, 7 мүгедектігі бар азаматтар.

 

 

Дата публикации
29 сентября 2022
Дата обновления
29 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы