Еңбек инспекциясының негізгі міндеттері-Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Облыста өнеркәсіп саласында барлығы 1600-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірі - 29, орта - 69, қалған 1579-ы шағын кәсіпорындар. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейтіндердің саны - 80 мыңнан астам адам, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің саны - шамамен 60 мың адам.
2022 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп көлемі 388,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңнен 70 млрд. теңгеге артық (318,2 млрд. теңге), НКИ - 106,5% (ҚР бойынша НКИ - 105,8%).
Алматы облысында 40-тан астам тауар өндіруші экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асырады. Экспорт бойынша негізгі сауда әріптестері Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан, Қытай болып табылады.
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары республикадағы, алыс және жақын шетелдердегі түрлі халықаралық көрмелерге белсенді қатысады.