Алматы облысының аумағында 1764 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде:
• 497 жалпы білім беретін мектеп, оның 50-і жекеменшік;
• 1146 мектепке дейінгі білім беру ұйымы (101-і мемлекеттік, 980-і жекеменшік, 64-і мектеп жанындағы шағын орталық, 1-і жекеменшік шағын орталық);
• 41 колледж;
• қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы 4 білім беру ұйымы;
• 34 қосымша білім беру ұйымы;
• арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау жөніндегі 3 орталық;
• 9 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК);
• 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК);
• 3 арнайы мектеп-интернат;
• 2 кешкі мектеп;
• 12 оқу-өндірістік комбинат (ОӨК).