Қазіргі уақытта облыс аумағында 11 конфессияға тиесілі 429 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның: 309 - ислам, 37 - православие, 10 - католик, 63 - протестант, 9 - Ехоба куәгерлері, 1 - Кришна санасы қоғамы діни бірлестіктері.
Аталған діни бірлестіктерге қарасты облыс аумағында 427 діни ғимарат тіркелген. Оның: 309 – ислам мешіттері, 35 - православие шіркеуі, 10 - католик шіркеуі, 63 - протестанттық шіркеуі, 9 - Иегова куәгерлерінің ғибадат үйі, 1 - «Кришна санасы қоғамы» ДБ ғибадатханасы.
Облыс аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын 24 миссионер тіркелген. Оның: 22 - Рим-католик шіркеуі, 1 - протестанттық шіркеу, 1 - орыс православ шіркеуі.
Облыс аумағында ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізу үшін арнайы рұқсаты бар 10 намазхана тіркелген.
Сондай-ақ, облыс аумағында діни әдебиеттерді таратуға арналған 12 арнайы тұрақты орын бекітілген.