Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы анықтама

2020 жылдың басына 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 408 218 адам, оның ішінде ауылдық жерлерде – 319 268 адам немесе 78,2% (қалалық жерлерде – 88 950 адам немесе 21,8%).

2020 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 605 млн.теңге бөлінді (2019 ж. – 552,9 млн.тенге), мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа – 31 млн.теңге (2019 ж. – 31 млн.тенге).

2019 жылғы 4 тоқсандағы статистика мәліметтеріне сәйкес жұмыссыз жастардың саны – 9,1 мың адамды (ҚР – 81,1 мың адам) құрайды. Жастар жұмыссыздығының деңгейі – 3,1% (ҚР – 3,7%).

2019 жылғы IV-тоқсандағы мәлімет бойынша NEET санатындағы жастар (15-28 жас аралығындағы) 7,0%-ды немесе 27430 адамды құрап отыр. І-тоқсанда бұл көрсеткіш 11,8%-ды немесе 46268 адамды құраған. Яғни 4,8%-ға төмендеу анықталды. Жалпы 15-28 жас аралығындағы жастар саны – 392 106.

Ауыл шаруашылығын дамыту және жастарды ауылдық жерлерге тарту үшін 2019 жылы аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарына 10 га дейінгі жер учаскелері бөлінді, онда жастардың әр аумағының ерекшелігі бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіреді, ал түскен қаражат ауыл жастарының бос уақытын ұйымдастыру үшін спорттық құрал-жабдықтар сатып алуға бағытталды.

2019 жылы облыс жастары ауыл шаруашылығын дамытуға қомақты үлесін қосып, шамамен 100 га жерді игерді. Аталған жұмыс 2020 жылы жалғасады.

Сонымен қатар,  отбасы институтын нығайту мақсатында «Бақыт» клубы аясында иықтарына үлкен жауапкершілік мен міндет қойылған 20 психолог штаттық бірлігі бөлінді.

2020 жыл басынан жүргізілген жұмыс нәтижесінде түрлі мәселелер бойынша 544 адам кеңес алды, оның ішінде 256 жас отбасы. Нәтижесінде кеңес алған 38 отбасы ажырасудан бас тартты.

Алматы облысының жасөспірімдер жастарының бос уақытын ұйымдастыру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама әзірленді. Мақсаты жастарды бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын қамтамасыз ету, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмедету болып табылады.

Сонымен қатар, 2020 жылы облыс орталығының үлгісі бойынша облыстың әрбір ауданында және қаласында Жастарға қызмет көрсету орталықтары ғимараттарының құрылысы басталады. Бүгінгі күні ЖСҚ әзірленді.

Облысымызда екінші рет «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты жұмыссыз, аз қамтылған 14-29 жастағы жастарға кәсіппен шұғылдануына, идеяларын жүзеге асыру мақсатында 1000 000 тенге көлемінде қайтарымсыз қаржы беру. Аталған жоба туралы өңіріміздің барлық аудан, қалаларында ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 3880 ден астам жас қатысып, 970 жоба ұсынды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығы бойынша 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жариялануына байланысты Алматы облысында жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.

2020 жылы 13 қаңтар күні Талдықорған қаласында «Біз біргеміз» атты Волонтер жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жиынға Алматы облысының әкімі Амандық Габбасұлы Баталов, ҚР Парламентінің депутаттары, өңіріміздің зиялы қауымдары, белсенді жастар және волонтерлер қатысты.

Бүгінгі таңда Алматы облысында 1600 волонтер және 23  волонтерлік ұйым бар.

28 ақпанда Волонтерлердің жұмысын үйлестіру үшін жастарға қызмет көрсету орталығында облыстық Волонтерлік штаб ашылды.

Фронт-офис өз жұмысын азаматтарды волонтерлікке тарту, көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында атқаруда. Сондай-ақ, төтенше жағдайларға байланысты 404-404 қауырт желі (горячая линия) байланыс телефоны қызмет істейді.

Қазіргі таңда облыс еріктілері авто-еріктілікті дамытып, азық-түлікті үйге тегін жеткізіп берумен айналысуда. Бұл бағытта Талдықорған қаласы бойынша «Сағадат», «Ардагер» және «Cent market» сауда орындарымен серіктестік жасалынды. Сондай-ақ, еріктілердің фронт-офисінде авто-еріктілер азық-түліктерді қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындар Каспий-голд мобильді қосымшасы арқылы төлем ақы жүргізіп, қажетті азық-түлікке тапсырыс бере алады. Бүгінгі күні бұл жұмысты жүргізу үшін 35 автоерікті тіркелді.

Алматы облысы бойынша жыл басынан бері “Біз біргеміз” акциясы аясында еріктілердің қатысуымен 1154 қайырымдылық акциялары өткізілді.

Оның ішінде аудан, қала көлемінде дезинфекциялық жұмыстарға атсалысу, азық-түлік тасымалдау, медициналық антисептик, жеке гигиеналық заттар және маскамен қамтамасыз етумен айналысуда.

Облыс бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, жалпы 5448 отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Оның 4518 – аудан, қалаларда.  Облыстағы еріктілердің атсалысуымен 30 000-ға жуық бетперде тігіліп, тұрғындарға таратылды.

Сонымен қатар, «COVID-19» короновирус инфекциясының зияндығы, оны анықтау тәсілдері мен белгілері туралы видеороликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде жариялануда. Сондай-ақ, вирустың алдын алу бойынша тазалық жүргізудің ережелері туралы ақпараттық парақшалар таратылуда.

Алматы облысы жастар ресурстық орталығы бойынша қауырт желі: 8 707 494 7223, 390040@zhetysu_zhastary

Тәулік бойы әлеуметтік желілерде хабарлама арқылы және телефон арқылы тұрғындардың сұранысын қабылдайтын желі жұмыс жасайды. Әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап байланысқандар саны – 984, қауырт желі (горячая линия) арқылы – 1836 адам.

Сондай-ақ, қазіргі кездегі төтенше жағдайға орай, жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік желілер арқылы онлайн-шаралар өткізу туралы жұмыс жоспары бекітіліп әзірленді. Бүгінгі күні жоспарға сәйкес «Zhetysu_jastary» инстаграмм парақшасында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. «Zhas talks» жобасы арқылы Алматы облыстық «Жасыл ел» штабының директоры М. Молдағалиевтің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Теңізбаевтың,  «Сөз қадірі – өз қадірің» ораторлық курс авторы, жас ақын Ж.Бұлғақовтың қатысуымен кездесулер өтті.

Онлайн-режимде мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіру, ақпараттандыру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстары да жүргізілуде. Атап айтсақ, 1 сәуір күні сағат 10.00-де «Zhetysu_jastary» инстаграмм парақшасында тікелей эфир арқылы «Американдық парламенттік форматындағы пікір-сайыс ойындарының негіздері мен ережесі» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Қатысушылар саны – 156 адам.

3 сәуірде сағат 10.00-де «Строителлингтің сыры мен шешендік өнер» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Қатысушылар саны – 115 адам.

Семинар-тренингтердің спикері облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Е.Дәулетбаев болды.

Сондай-ақ, 1 сәуірде сағат 17.00-де «Zhetysu_jastary» инстаграмм парақшасында тікелей эфир арқылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы А.Әбіләкімовтың қатысуымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Тікелей эфирдегі қатысушылар саны – 73 адам.

3 сәуір күні сағат 17.00-де Алматы облысы бойынша  «Мәңгілік ел жастары – инстустияға!» - «Серпін» жобасының жауапты өкілі Ж.Байденовтың қатысуымен «Серпін» бағдарламасы туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Қатысушылар саны – 67 адам.

Дата публикации
07 мая 2020
Дата обновления
07 мая 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы