Облыста барлығы атаулы әлеуметтік көмек алуға 14 199 отбасы (72 915 адам, оның ішінде 47 404 бала) өтініш берген, 12 027 отбасы (61 993 адам, оның ішінде 40 620 бала) бойынша АӘК тағайындау туралы шешім қабылданды, 1 648 отбасына (8398 адам) тағайындаудан бас тартылды. 10 сәуірге 11 986 отбасына 1 млрд. 690 млн. теңге төленген.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қаңтар, ақпан айларында 16 мың бала қамтамасыз етілді (26 мың пакет үлестірілді).
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша 2020 жылғы 1 сәуірге азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтар барлығы 94 003 адамға қарастырылған, соның ішінде:
- көпбалалы отбасылар, АӘК алушылар қатарындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі 22 521 бала;
- 16 жасқа дейінгі 7 738 мүгедек балалар;
- 1, 2, 3-топтағы 42 259 мүгедек;
- мүгедек баланы күтуші 8 445 ата-ана;
- халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген 13 040 жұмыссыз.
2020 жылғы 16 сәуірге жоғарыда аталған санаттағы 72 972 адамға (77,6%) 2 АЕК-дан (5 556 теңге), барлығы 480,7 млн. теңге төленген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.